Файл: азастан республикасыны денсаулы сатау министрлігі араанды мемлекеттік медицина университеті ш. С. Калиева, Т. К. Сагадатова.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.10.2023
Просмотров: 764
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
мамандығы, отбасылық жағдайы. Сапалық мәліметтер, тек екі қарама қарсы категорияға жатқызылады ия – жоқ, екі мағынаның біреуін қабылдайды (тірі қалды – өлді; темекі шегеді – темекі шекпейді) дихотомикалық деп атайды
(dichotomous) .
Реттік немесе ранжирленген (ordinal) – бұл көріністерді табиғи ретте орналастыруға болады (ранжирлеу), бірақ сандық көлемдер арасындағы өлшем алыстығы болмайды. Мысал ретінде науқас жағдайының ауырлығының бағасы, ауру сатысы, денсаулық жағдайының өз өзін бағалауы. Аурудың ауыр ағымы, орташа ауыр жағдайына қарағанда «төмен», ал өте ауыр жағдайы одан да – «өте төмен», бірақта қанша, қалай ауыр екенін айта алмаймыз. Реттік мәліметтер сандық және сапалық типтер арасында аралық орын алады деп айта аламыз. Оларды сандық мәліметтер ретінде қолдануға болады, бірақ олармен арифметикалық әрекеттер жасай алмаймыз сапалық мәліметтер сияқты.
Сандық немесе интервалды (interval) –сандық нақты анықталған өлшем; статистикалық мәліметтер талдауы үшін ыңғайлы болып табылады.
Сандық көріністер мынандай бола алады:
-
үздіксіз (continuous),үздіксіз шкалада барлық белгі бола алады, мысалы дене салмағы, температура, қанның биохимиялық көрсеткіштері; -
дискретті (discrete), өлшемнің нақты бір диапазонын қабылдайды, көбінесе бүтін, мысалы, өршу саны, отбасыдағы балалар саны, бір науқастағы аурулар саны, шегілген темекі саны.
Статистикалық анализдің дұрыс жолын таңдау үшін зерттелетін көріністің бөліну түрін білу керек.
Кездейсоқ шаманың таралу түрі деп кездейсоқ шаманың барлық сандық мүмкіншіліктері көлемінің жиынтық түрінде пайда болу мүмкіндігінің кездейсоқ сәйкестілігін айтады.
Бөліну түрлері (заңды) мынадай болады:
-
аналитикалық формула түрінде; -
графикалық бейне түрінде; -
кесте түрінде.
Бөліну түрлері
Қалыпты (гауссоволық, симметриялық, қоңырау тәрізді) бөлу (normal, Gaussian distribution) – кездейсоқ біріктірілген факторлардың көп емес санының зерттелетін көрініске біріккен әсерін сипаттайды (жалпы факторлардың суммасымен салыстырғанда), саны шексіз үлкен болып табылады. Табиғатта жиі кедеседі, «қалыпты» деп аталуы да сондықтан.Үздіксіз кездейсоқ өлшемдердің бөлінуін білдіреді.
Биномиальды бөліну ( Бернулли бөлінуі) (binomial distribution,
Bernoulli distribution) – оқиғалар жиілігінің бөлінуін сиапаттайды, көп реттік сынақтарда тұрақтылық көріністері бар. Сынақтар саны көп болған жағдайда қалыптыға ұмтылады. Биномиальды бөліну нұсқаның соңғы шешімі ретінде,
баламаға бөліну болып табылады, барлық жиынтық екі бөлікке бөлінеді (екі балама). Биномиальды бөліну дискретті кездейсоқ өлшемдер бөлінуін сипаттайды.
Пуассон бөлінуі – оқиғаларды сипаттайды, кездейсоқ өлшем өсімімен, оның біріккен түрде кездесу мүмкіндігі кенет азаяды. Пуассон таралуы сирек жағдайларға тән және биномиальды бөлудің соңғы нұсқасы ретінде қарауға болады. Оның ерекшелігі дикреттік шамалардың кездейсоқ таралуымен білінеді.
Сандық көріністерді сипаттау келесі сатыда жүреді (ортақтастыру):
1. Бөліну көрінісінің түрін анықтау.
2. Зерттелетін жиынтыққа орталық тенденция бағасы.
3. Оның әр түрлілігінің бағасы (кеңдігі).
Жиынтық анализі зерттелетін көріністің бөліну түрінен басталады. Ол үшін алынған мәліметтер вариационды қатар ретінде көрсетіледі, графикалық түрде бейнеленеді және соған сәйкес сараптамалар жүргізіледі.
Бөлінудің қалыптыға жақын болған жағдайда, статистикалық анализдің ары қарай өтуіне параметрлік статистика қолдана аламыз, егер бөліну қалыптағыдан ерекше және белгісіз бөліну жағдайында параметрлік емес статистика қолдану ұсынылады.
Параметрлік емес тәсілдер:
-бөліну түрін алдын ала білу қажетілігі жоқ;
-алдын ала бөліну параметрлерін сараптау қажеттілігі жоқ (орта өлшемдер, стандартты ауытқу және т.б.);
-номинальды және реттік көріністер жиынтығын салыстыра алады;
-қолдану да оңай.
Параметрлік емес тәсілдерінің теріс жақтары:
-параметрлікке қарағанда әсері төмен;
-бақылау санында шектеулер бар.
Вариационды қатар (frequency table)-қандай да бір белгі өлшеміне саралап қатарларға бөлінуі. Бұл белгі саралау белгісі деп аталады, ал оның бөлек сандық белгілері варианта деп аталады және "х"пен белгіленеді. Осы нұсқаның вариационды қатарда неше рет кездесетінін көрсететін сан жиілік деп аталып "р" деп белгіленеді.
Вариационды қатарды бөлек бөлшектерге ажыратуға болады, (мүмкіндігінше) квантилдер (quantile) деп аталады. Жиі қолданылатын квантилдер кестеде көрсетілген.
18 –кесте. Вариационды қатардың квантилдері
Квантил атауы | Бөлшек сандары, қатарға бөлінетін |
Медиана | 2 |
Терциль | 3 |
Кварциль | 4 |
Дециль | 10 |
Процентиль | 100 |
Вариационды қатар түрлері :
1. Кездейсоқ көлеміне байланысты түрлері:
- дискретті;
- үздіксіз.
2. Нұсқа топтасқанына байланысты:
- топтаспаған;
- топтасқан (аралық).
3.Жиілікке байланысты, әр нұсқада вариационды қатар кездеседі:
- жай ( р =1);
- өлшемелі ( р >1).
Вариационды қатардың негізгі сипаттамасы:
1) орталық тенденцияны (central tendency) сипаттайтын көрсеткіштер немесе қатар деңгейі: орташа көлем немесе орналасу шегі (өзіндік орташа немесе құрылымдық орташа).
2) әртүрлілікті (таралуы, нұсқалар, шашырандылығын) сипаттайтын көрсеткіштер (spread) көріністер: стандартты ауытқу, дисперсия, ауқымы.
Орталық тенденция сипаттамасын және белгінің әртүрлілігін таңдауда көп жағдайда бөліну түріне байланысты. Бөлінудің қалыптыға жақын болған жағдайда, статистикалық анализдің ары қарай өтуіне параметрлік статистика қолдана аламыз, егер бөліну қалыптыдан ерекше және белгісіз бөліну жағдайында параметрлік емес статистика қолдану ұсынылады.
Орташа көлемі
Орташа көлем - ортақтастыратын коэффициент, жиынтық арасында жиі таралған белгіні сипаттайтын көлем. Орташа көлемді есептеу тек сапалы біркелкі жиынтықтағы шамалар үшін маңызы бар, осыған байланысты бір жиынтық құрамында арнайы көлем көрінісін сипаттайтын оның бөлек бөлшегі немесе жиынтық үшін бөлшектенеді.
Орта көлем түрлері:
орташа арифметикалық (mean) – есептеледі, егер нұсқалар арифметикалық прогрессияда өссе (кемісе).
орташа геометриялық – есептеледі, егер нұсқалар геометриялық прогрессияда өссе (кемісе).
Құрылымдық орта:
Мода (Мо) (mode)-вариационды қатарда жиі кездесетін нұсқа.
Мода қолданылады:
- бақылау саны аз болғанда, бақылау жағдайы аз болғанда, жиынтық құрамы ортаға әсері жоғары болғанда;
- орталық тенденцияда асимметриялық бөлуде, ортаға әсері жоғары соңғы вариант;
Медиана (Me)(median) –вариационды қатарды екі бірдей бөлікке бөлетін варианта.
Медиана қолданылады:
- орталық белгіден жоғары немесе төмен жатқанын білу қажеттілігі туғанда;
- орталық тенденцияның асимметриялық бөлудегі сипаттамасы.
Нәтижелерді бағалау және таңдаулы әдіс.
Таңдамалы бақылау - тұтас емес бақылау түрі, онда зерттелінетін бірліктер генералды жиынтықтан (population) кездейсоқ әдіспен таңдап алынады, таңдалған бөлік (таңдау) (sample) зерттелінеді, одан алынған қорытынды барлық алдыңғы жиынтыққа қолданылады.
Таңдау әдісінің оң жақтары:
- мәліметтерді жинаудың қол жетімді жалғыз тәсілі болуы мүмкін, егерде бақылау бірліктері зертеу уақытысында бұзылса немесе жоққа шығарылса;
- экономикалық тиімділігі;
- зерттеудің мерзімі қысқа, нәтижелерді алуды тездетеді;
-материалды жинау кезіндегі кездейсоқ қателіктерді азайту арқылы нәтижелердің нақтылығы жоғары;
- зерттеудің сенімділігі мен нақтылық мүмкіндігі.
Таңдау әдісінің теріс жақтары:
- зерттеу кезіндегі қателіктер кетуі, барлық бірліктер іріктеуге қатыспайтынымен байланысты;
- ресми жазбаларға сәйкес егер әрбір бақыланатын бірлікті тіркеу қажет болса, онда қажетсіз болады;
-кейбір оқиғалар үшін жеткілікті жағдай саны болмауы мүмкін;
- әлеуметтік зерттеулерде халықтың кемсітушілік сезімін тудыруы мүмкін.
Таңдау құруға негізгі шарт болып – бақылау бірліктерін іріктеудің кездейсоқтылығы, яғни генеральды жиынтықтағы әрбір бақылау бірлігіне таңдау құрамына енуге бірдей жағдайдың жасалуы (рандомизирленген іріктеу ) (randomization).
Таңдау түрлері:
1. Бақылау бірліктерін іріктеу тәсіліне байланысты (ұйымдастыру тәсіліненің жиынтығы):
- кездейсоқ: генеральды жиынтықтан бақылау бірліктерін таңдау. Кездейсоқтылық іріктеуі кездейсоқ кестелер санымен және жеребе тарту жолымен жүзеге асырылады. Қайталанатын және қайталанбайтын таңдау (генеральды жиынтықта тіркеуден кейін бірліктер қайта келеді);
- механикалық: генеральды жиынтықта екі бірдей бөлікке ажыратылады, алдын ала орнатылған ретте бақылау бірліктерін нақты номермен (мысалы, әр бесіншісі), бақылаудың керекті санын жеткізу үшін;
- типологикалық (типтік): генеральды жиынтықта сапалық біртекті зерттелетін топ бойынша ажыратылады, кейін бұл топтардан кездейсоқ іріктеу жасайды бақылау бірліктерінің саны үшін; әр типтік топтағы таңдау көлемі оның генеральды жиынтықтағы салыстырмалы тығыздығына пропорциональды (пропорциональды іріктеу), ал кейде вариация есебімен зерттелетін белгі (оптимальды іріктеу);