Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 1399

Скачиваний: 80

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің көз сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.

Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған 2 лотокты, залалсыздандырылған пинцетті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғыштармен және таңғыш материалмен көзді жууға арналған кішкене стаканды алып, лотокқа салыңыз.

2. Дәрі қобдишасынан 0,05% калий перманганат ерітіндісін алыңыз.

3. 0,05% калий перманганат ерітіндісін кішкене стаканға құйыңыз. Басын еңкейтіп, кішкене стаканды ерітіндісімен тығыз бетке қысып, қабақтарымен жыпылдату (қысу) қозғалысын жасап, көзді жуыңыз. Ысқылауға (уқалауға) болмайды!

4. Крафт пакетіндегі залалсыздандырылған көздің сыртқы бұрышынан мұрынға қозғалыспен, көзді сорғызыңыз. Ысқылауға болмайды!

5. Пайдаланған салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

6. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).
Ескерту: көз тамызғыштары пайдаланғаннан соң 2% сода ерітіндісінде 15 минуттай немесе дистилденген суда -30 минуттай қайнатылады. Көзді сумен жууға да болады.
НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ БАЙҚАУСЫЗДА

МҰРЫН ҚУЫСЫНЫҢ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА ТҮСКЕНДЕ

ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің мұрын қуысының сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған 2 лотокты, пинцетті, апаттық дәрі қобдишасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін таңғыш материалмен алыңыз, лотокқа салыңыз.

  2. Дәрі қобдишасынан 1% протаргол ерітіндісін алыңыз.

  3. Крафт пакетіндегі тамызғышты 1% протаргол ерітіндісінің флаконына салыңыз.

  4. Қолыңызға лотокты алыңыз.

  5. 1% протаргол ерітіндісін мұрынға тамызыңыз, басын төмен түсіріңіз (ішіндегі зат лотокқа ағады). Жұтқыншаққа ерітіндіні түсірмеуге тырысыңыз.

  6. протаргол ерітіндісін мұрынға қайталап тамызып, басты төмен түсіріңіз, ішіндегі зат лотокқа ағады.

  7. Залалсыздандырылған дәке тампонымен мұрынды құрғату

  8. Қолданған дәке тампонын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  9. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).



Ескерту: лотокты қолданғаннан соң регламенттелген залалсыздандыру ерітіндісінде залалсыздандырады, ал көз тамызғышын 2% сода ерітіндісінде – 15 минут немесе дистилденген суда 30 минут қайнатады.

  • мұрын қуысының сілемейлі қабығын тазарту үшін, 0,05% калий перманганат ерітіндісі, су қолданылуы мүмкін.

НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ

КИІМІНЕ ЖӘНЕ ЗАҚЫМДАЛМАҒАН ТЕРІСІНЕ БАЙҚАУСЫЗДА

ТҮСКЕНДЕ ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу

Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің киіміне және зақымдалмаған терісіне науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде

Дайындаңыз: 70% этил спирт ерітіндісін, дәке салфеткаларын, сабынды суды, сүлгіні, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Ластанған арнайы киімді оң жақ бетін ішіне қаратып шешіңіз.

2. Оны көрсетілген әсер ету уақытына дезинфектантқа батырыңыз.

3. Жеке киімнің ластанған жерін дезинфектантқа суландырған салфеткамен көрсетілген әсер ету уақытына жабыңыз, соңынан ыстық суда жуыңыз.

4. 70% этил спирті ерітіндісімен мол суландырылған салфетканы қолыңызға алыңыз. Осы салфетканы қолдана отырып, жеке киімнен қол саусақтарымен шымшу қозғалысы мен, биологиялық сұйықтықтың қолдағы енген жерінен кетіріңіз.

5. 70% этил спирт ерітіндісіне суландырылған салфеткамен уланған учаскесін сүртіңіз (ысқыламаңыз).

6. Тері учаскесін сабындап сумен жуыңыз.

7. Жуылған тері учаскесін қағаз сүлгімен кептіріңіз. Ысқылауға болмайды.

8. 70% этил спирті ерітіндісімен мол суландырылған салфеткамен биологиялық сұйықтықтың қалдығын теріден қайтадан кетіріңіз. Ысқаламаңыз.

9. Қолданылған дене салфеткаларын қауіпсіз контейнерге тастаңыз.

10. әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы акті және журналды толтырыңыз).

БАЙҚАУСЫЗДА ЖҰҚПА ТҮСКЕН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРМЕН

ҚОЛ САУСАҚТАРЫН ЖАРАҚАТТАҒАНДА ЖАСАЛАТЫН

МЕЙІРБИКЕЛЕР ІС-ӘРЕКЕТІ
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу



Қолдану көрсетілімдері: жұқпа түскен құрал-саймандармен қол саусақтарын жарақаттағанда

Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған биксті, 2 лотокты, залалсыздандырылған карнцонгті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолыңызды сабындап, ағынды суда жуыңыз;

2. Қолғапты шешіп, жарадан қанды сығып шығарыңыз;

3. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

4. Дәрі қобдишасынан крафт пакетін таңғыш материалмен алып, лотокқа салыңыз.

5. Дәрі қобдишасынан 70 % этил спирті және 5 % йод ерітінділерін алыңыз.

6. 70% этил спиртіне мол суландырылған залалсыздандырылған мақта шариктерімен жарақат бетін тазартыңыз (өңдеңіз).

7. Қан кетуді тоқтатпай, сабындап сумен жуыңыз.

8. Залалсыздандырылған мақта шариктерімен жарақат бетін құрғатыңыз.

9. Жарақат бетін 70% этил спиртімен қайталап тазартыңыз, сосын 5% йод ерітіндісімен өңдеңіз.

10. Жарақат бетіне бактериоцидті пластырьді (жабысқақ таңғыш) салыңыз.

11. Бактериоцидті пластырьден таңғыш салған соң резеңке саусаққап киіңіз. Қажет болған жағдайда залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

12. Қолданылған күтім заттарын және таңғыш материалды қауіпсіз жараға арналған контейнерге салыңыз.

13. Әкімшілікке хабарлаңыз (өдірістегі төтеннен болған жағдай туралы акті және журналды толтырыңыз).

НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ

ҚОЛҒАБЫНА ТҮСКЕНДЕ ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ

ІС-ӘРЕКЕТІ
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің қолғабына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дезинфектантқа суландырған салфеткамен қолғапты тазартыңыз.

  2. Қолғапты шешпей тұра ағынды суда сабынмен қолыңызды жуыңыз.

  3. Қолғапты шешіңіз.

  4. Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.

  5. Тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз.

  6. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

КӨЗДІҢ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫН ТАЗАРТУ ҮШІН, АСПАДАҒЫ

АНТИСЕПТИКАЛЫҚ ЗАТТЫ ДАЯРЛАУ
Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған пинцетті, лотокты.
Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғышпен және таңғыш материалмен, антисептикалық затты езуге арналған залалсыздандырылған ыдысты алып, лотокқа салыңыз.

  2. перманганат калий бар пакетті ашыңыз және дистилденген суы бар ампуланы даярлаңыз.

  3. Езуге арналған ыдысқа 50 г перманганат калийді салып, үстінен 10 мл дистилденген суды құйыңыз, 0,05% перманганат калий ерітіндісі болады.

  4. Ыдысты тығынмен жауып, антисептикалық зат толық ерігенге дейін шайқаңыз.


МҰРЫН ҚУЫСЫ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫН ТАЗАРТУ ҮШІН,

АСПАДАҒЫ АНТИСЕПТИКАЛЫҚ ЗАТТЫ ДАЙЫНДАУ
Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын: аспадағы антисептикалық затты (флакондағы -0,1 г протарголды, 10 мл - дистилденген суды), залалсыздандырылған 2 лотокты, пинцетті, антисептикалық затты езуге арналған ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғышпен және таңғыш материалмен, антисептикалық затты езуге арналған залалсыздандырылған ыдысты алыңыз, лотокқа салыңыз.

  2. Протарголы бар флакончикті ашыңыз.

  3. 0,1 г протарголы бар ыдысты (флакончикті) алып, үстінен 10 мл дистилденген суды құйыңыз немесе антисептикалық затты езуге залалсыздандырылған ыдысты қолданыңыз.

  4. Ыдысты (флаконды) тығынмен жауып, антисептикалық зат толық ерігенге дейін шайқаңыз.


Ескерту: аспадағы марганец қышқылы калийді қолданғанда 50 мг марганец қышқылы калий және 10 мл дистилденген суды алу қажет.

Ш. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты

қабылдау
Науқастың дене салмағын өлшеу
Мақсаты: диагностикалық.

Қолдану көрсетілімдері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау, науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді бақылау.

Қарсы көрсетілімдері: ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі.

Дайындаңыз: еденге орнатылатын таразыны, сырқатнаманы, қолғаптарды, 30х30 см зарарсыздандырылған клеенканы, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, клеенканы, тазартуға арналған шүберекті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және емшара барысымен таныстырыңыз.

  2. Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  4. Таразының тілдері ноль қалпында болуы керек.

  5. Таразының алаңына клеенканы төсеңіз.

  6. Науқасқа таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киімімен.

  7. Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз.

  8. Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз.

  9. Науқасқа өлшеу нәтижесін хабарлаңыз.

  10. Науқасқа таразыдан абайлап түсуге көмектесіңіз.

  11. Клеенканы жинап алыңыз,оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз.

  12. Қолғаптарды шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.

Науқастың бойын өлшеу
Мақсаты: науқастың физикалық дамуын бақылау.

Қолдану көрсетілімдері: науқасты алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.

Дайындаңыз: бой өлшегішті, таза зарарсыздандырылған 30х30см клеенканы, клеенканы сүртетін шүберекті, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  2. Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.

  3. Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.

  4. Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.

  5. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.

  6. Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.

  7. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.

  8. Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.

  9. Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.

  10. Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ерітіндісінде 2 рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.

  11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту: бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз.
Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
Мақсаты: аурухана ішілік жұқпаның таралуын алдын ала ескерту, жұмыртқаларды, сіркені және биттерді дененің шашты бөліктерінен жою.

Қолдану көрсетілімдері: бит және сіркенің болуы.

Қарсы көрсетілімдері: тері ауруларында, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға жүргізуге тыйым салынады.

Дайындаңыз: биттеуге қарсы қолданылатын жиынтықты: медициналық халатты, орамалдарды, (полиэтилен, шүберек, сірке су қышқылының 6% ерітіндісін, тістері жиі тарақты, педикулицидтердің біреуін («Ниттифор», «Антибит» лосьондарын, «Педилин» сусабынын), дәке тампондарды, лупаны, қырыну кешенін, киім-кешекті, зарарсыздандыру камерасына жіберуге арналған қапты, клеенканы, резеңке қолғаптарды, цинкпен қапталған шелекті және астына қойғышты, стационарлық науқастың медициналық картасын, жұқпалы ауру туралы жедел хабар беретін форманы (Ф-058/у), жұқпалы ауруды есепке алатын журналды (Ф-060/у).