Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1433
Скачиваний: 80
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескерту:
-
ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастың жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кету қауіпі бар; -
халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек. -
Еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолданбайды.
АЛМАЛЫ-САЛМАЛЫ ТІС ПРОТЕЗДЕРІН КҮТУ
Мақсаты: тіс протездерін қолданғанда ауыз қуысының шырышты қабықтары және қызыл иектің қабынуын алдын-алу.
Дайындаңыз: ауыз қуысын күткендегі құралдарды және арнайы: протезді шешуге арналған сүрткіні (салфетканы), үлкен майлық орамалды, протезге арналған шыны аяқты, тіс щеткасын, тістік пастаны, бүйрек тәрізді лотокты, қағаз салфеткасын, қолғапты зарарсыздандыруға арналған ыдысты.
Міндетті жағдай емшара әрбір ауыз қуысын күтуде жүргізіледі.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты киіңіз. -
Науқастан тіс протезін шешуді (алуды) сұраңыз,оны арнайы шыны аяққа салыңыз. -
Шыны аяқтағы тіс протездерін, тіс щеткасын, пастаны, үлкен шыны аяқты, салфетканы, сүлгіні, раковинаға жақындатыңыз. -
Қағаз салфеткасын қолдана отырып, су құбырының шүмегін ашыңыз. -
Тіс щеткасын салқын сумен суландырып, оған тіс пастасын салып, щеткамен тіс протездерін ұқыпты тазалаңыз, оны раковина үстінде қолға ұстап отыра, өзіннен щеткіні бағыттай отыра. -
Ағынды судың астында тіс протездерін шайқаңыз. -
Тіс протездеріне арналған шыны аяқты шайқаңыз. -
Протездерді шыны аяққа салыңыз. -
Қағаз салфеткасын қолдана отырып ,су құбырының шүмегін жабыңыз. -
Науқасқа көмектесіңіз тіс протездерін киюге. -
Қолғапты шешіңіз, оларды зарарсыздандыруға арналған ыдысқа салыңыз. -
Қолыңызды жуып , кептіріңіз.
Ескерту:
-
Егер де науқас өздігінен протездерді ала алмаса, онда салфетканмен алу қажет, үлкен және сұқ саусақтармен тіс протезін мықты ұстап, шайқалу (тербелеу) қозғалыспен ептеп протездіалып, шыны аяққа салыңыз. -
Түнгі уақытта протездер шыны аяқта болуы керек. -
Егер де науқас осы уақытта оларды кигісі келмесе – шыны аяққа протездерді қалдырып, оған су құю қажет, ол толығымен протезді жабу керек.
VI. Науқастың функциональды жағдайын бағалау
Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу
Мақсаты: диагностикалық: ересек науқастың дене қызуын анықтау.
Қолдану кәрсетілімдері: организмнің функционалды жағдайын бақылау, аурухана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.
Қарсы керсетілімдері: қолтық асты аймағының қабыну процесі, пысынаушылық, қолтық асты аймағының қызаруы.
Дене қызуын өлшейтін жерлері: қолтық асты ойысы, ауыз қуысы, шат аралық қыртыстар (балаларға), тік ішек.
Дайындаңыз: медициналық термометрді, лотокты, салфеткаларды, сағатты, қара түсті қаламсапты, қызуды тіркейтін журналды, қызу парағын, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, таза термометрлерді сақтауға арналған ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. -
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. -
Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз. -
Термометрді қолға алыңыз. Оның бүтіндігін тексеріңіз. Сынап бағанасы 350С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкіңіз және қараңыз. -
Қолтық асты ойысын қараңыз: егер де қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады). -
Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртіңіз (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді). -
Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салыңыз, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұраңыз). -
Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз. -
10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарылауы бойынша анықтаңыз. Науқасқа алынған нәтижені хабарлаңыз. -
Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жазыңыз (қара түспен). -
Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзіңізді жеткізіңіз. -
Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. -
Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттын иісі кеткенше жуыңыз, салфеткамен құрғатып сүртіңіз, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салып, құрғақ түрінде сақтаңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
КәрІжілік артериясынан тамыр соғуды аныҚтау
Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бақылау.
Тамыр соғуын зерттейтін жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.
Тамыр соғу параметрлері: ритмі, жиілігі, толысуы, кернеу күші, көлемі.
Дайындаңыз: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз. -
Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. -
Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады. -
Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз. -
Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егер де тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі). -
Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз. -
Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз. -
Тамыр соғу толысуын бағалаңыз. -
Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз. -
Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық эдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына – сандық әдіспен жазыңыз. -
Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
-
қалыпты тамыр соғу ритмін екі қолдан бірдей сыйпалаумен табылады, ересек адамда тыныштық жағдайда тамыр соғу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады; -
тамыр соғу ритмі тамыр соғу толқының арасындағы аралық бойынша аңықтайды. Егер де күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уақытта пайда болса, онда тамыр соғуы ретті. Тамыр соғу реттілігі бұзылғанда, тамыр соғу толқынында ретсіз алмасу тамыр соғуы ретсіздігі байқалады; -
тамыр соғу жиілігін анықтау (егер де тамыр соғуы ретті болса). 1 минут ішіндегі тамыр соғу толқынының (соққынын) санын есептейді, сағат бойынша секундомерде уақытын қадағалап байқайды: -
қалыптағы тамыр соғу 1 минутта – 60-80 соққы
тамыр соғу 1 минутта 80 соққыдан көп болса – жиі – тахикардия.
тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса – жәй – брадикардия.
-
артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша тамыр соғу толысуын бағалаңыз, ол жүректің систолдық көлемімен байланысты. Тамыр соғу – толық, бос, жіп тәрізді болады; -
тамыр соғуды кернеу күші бойынша анықтайды. Кәржілік артериясын кәржілік сүйегіне қысу қажеттілігі. Тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін және тамыр соғудың кернеу күшін бағалайды: -
тамыр соғу – қанағаттанарлық кернеу күші -
тамыр соғуы күшті (қатты) -
тамыр соғуы әлсіз (жұмсақ).
ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ
Мақсаты: қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бағалау.
Мүмкін болатын асқынулар: қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады.
Дайындаңыз: тонометрді, фонендоскопты, қағазды, қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз, қандай нәтижелер болғанын науқас біле ме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек. -
Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босаңсыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары), аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді. -
Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады; манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз. -
Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз. -
Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі). -
Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше. -
Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз. -
Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) – систолалық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) – диастолалық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз. -
Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шешіңіз. -
Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазыңыз (алымы – систолалық қысым, бөлімі –диастолалық қысым). -
Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз. -
Фонендоскоптың басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз. -
Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз.
Ескерту:
Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.
Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз.
-
қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б. -
артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм с.б.; -
артериальды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.
Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу
Мақсаты: дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.
Дайындаңыз: секунді тілі бар сағатты, қызу парағын, көк стерженді қаламсапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз. -
Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз. -
Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көру қажет. -
Кәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға бір қолмен науқастың қолын алыңыз -
Екінші қолыңызбен науқастың қолын кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз. -
Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз. -
Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз. -
Науқасқа дем алу қозғалысының жиілігін есептегеніңізді түсіндіріңіз, нәтижесін айтыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз. -
Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.
Ескерту:
-
дем алу қозғалысының жиілігін науқасқа байқалмайтындай есептеңіз; -
1 минуттағы дем алу қозғалысының саны – дем алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ДҚЖ); -
дені сау ересек адамның қалыптағы дем алу қозғалысының жиілігі қозғалыссыз күйде минутына 16-20 санды құрастырады; -
тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынасында; -
дене температурасы 10С жоғарылағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиіленеді; -
Брадипноэ – 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек. -
Тахипноэ – 1 минутта 20-дан көбірек жиілік, жиі дем алу жиіленеді.
Су балансын анықтау және есептеу
Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.