Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 1436

Скачиваний: 80

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

VІІI. Қарапайым физиотерапиялық әдістер.

Сүлікпен емдеу. Оттегімен емдеу
Жылытқышты қолдану
Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері.

Қолдану көрсетілімдері: қызбаның І және ІІІ кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда.

Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.

Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.

Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.

Дайындаңыз: резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-700С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшара жасауға рұқсатын алыңыз.

  2. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700С) құйыңыз.

  3. Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынында су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.

  4. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  5. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

  6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  7. Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.

  8. Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.

  9. Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).

  10. Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз.

  11. Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.

  12. Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.

  13. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Ескерту: жылытқышты жиі немесе ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің салдарынан тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.

Мұзды мұйықты қолдану
Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.

Қолдану көрсетілімдері:
ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.

Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.

Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.

  2. Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.

  3. Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.

  4. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  6. Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.

  7. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.

  8. Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.

  9. Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.

  10. Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.

  11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.

Қыша қағаздарын қою
Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары,гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.

Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы

Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.

Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-450С), науаны, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  3. Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышаның иісі сақталуы тиіс).

  4. Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.

  5. Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жабыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).

  6. Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.

  7. 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).

  8. Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.

  9. Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  10. Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.

  11. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.




Ескерту:

  • қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;

  • қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды;

  • емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға дейін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.

АЯҚҚА ҚЫША ВАННАСЫН ЖАСАУ
Мақсаты: аяқтардың қан тамырларын рефлестік кеңейту.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары (пиодермия, терінің іріңді аурулары, нейродермит, экзема).
Дайындаңыз: 50 г құрғақ қыша 10 л жылы суға (400-450 С): емшарадан кейін аяқты жууға арналған жылы суды, сүлгіні, ақ жайманы, аяқты орауға арналған көрпені.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқастан қышаны көтере алатынын анықтаңыз. Егер де қышаны көтере алмаса, тек жылы су қолданылады.

  2. Терісін қараңыз қарсы көрсетілімдері жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз.

  3. Жылы суда қышаны ерітіп, қыша ваннасын даярлаңыз.

  4. Аяқты тізеге дейін 20-30 минутқа ваннаға салып, табанының терісі қызығанға дейін салыңыз.

  5. Емшарадан кейін аяқты жылы суда жуыңыз, сүлгімен сүртіңіз. Ваннадағы температура тұрақты 400 -450 С шамасында болуын қадағалаңыз.

  6. Аяқты ақ жаймамен және көрпемен 30-60 минутқа ораңыз (қымтаңыз).

Ыстық ылғалды компресті қою
Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.

Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауыруларында.

Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.

Дайындаңыз: ыстық (t-60-700С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  4. 8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.

  5. Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.

  6. Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.

  7. Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).

  8. Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  9. Науқасты жылы жабыңыз.

  10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.



Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.
Салқын компресті қою
Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.

Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.

Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.

Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  3. Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.

  4. Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.

  5. Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.

  6. Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызуы дененің қызуымен тез теңесіп кетеді.

  7. Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.


Ескерту: бүкіл емшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.

ЫЛҒАЛДЫ Қыздыру және дәрілік компресТерді қою
Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.

Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.

Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиялық ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.

Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.

Дайындаңыз: компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-250С суды, қайшыны, қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  3. Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.

  4. Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.

  5. Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.

  6. Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.

  7. Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).

  8. Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай болуы керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.

  9. Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).

  10. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.

  11. 2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

  12. Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.

  13. Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.