Файл: Информатика жне апараттыкоммуникациялы технологиялар кафедрасы Білім беру бадарламасы 6В01514 Информатика.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 362
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Саралаудың келесі түрлері болады:
-
региональды– мектептердің типіне қарай (арнайымектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер, жеке меншік мектептер, комплекстер); -
мектепішілік (деңгейлер, профильдер, бөлімдер, тереңдетілу, басымдылығы, ағымдары);
-
параллелдерде (әр түрлі деңгейдегі топтар мен сыныптар: гимназиялық, лицейлік, сыныптар және т.б.); -
Сынып аралық(факультативтер, түрлі жастағы топтар); -
Сыныпішілік немесе пәнішілік (сынып ішіндегі топтар).
Даралау дегеніміз мұғалім оқу тәрбие үрдісінде жеке қабілеттеріне сай дара моделдер негізінде, жеке тұлғалық ерекшеліктерді ескере отырып топқа немесе жеке оқушыға әсер беретін педагогикалық принцип. Даралау барлық педагогикалық технологияларда, әсіресе жобалау технологиясында өнімді қолданылып келеді.
Оқытудағы даралау келесі бағытта жүзеге асырылады:
Мазмұндық вариативтілік:
-
базалық компонент; -
мектептік компонент; -
білім берудегі тұлғалық компонент – оқушылардың сұранысына сәйкес пәндердің, курстардың әр түрлілігі.
Білім беру үрдісін ұйымдастыру:
-
даралық таңдау сабақтары; -
сабақтар; -
дараланған жоспар (мастер-сынып); -
интенсив (ағылшын тілі); -
жеке дара оқыту; -
семинарлар; -
практикумдар; -
дәрістер; -
консультациялар; -
экскурсиялар; -
тренингтер.
Білім беру үрдісінің формалары:
-
ұжымдық; -
топтық; -
даралық; -
жеке даралық -
бригадалық.
Білім беру үрдісінің әдістері:
-
проблемді-ізденіс; -
проблемді; -
экспериментальды; -
жобалық; -
аналитикалық; -
өз бетімен; -
фронтальді.
Әр адам өзі жалғыз және қайталанбайтын тұлға. Оқыту мен тәрбие үрдісінде оның даралығы мен қайталанбайтындығын ескеру қажет.
-
Мұғалiмнiң сабаққа дайындалуы және оны өткiзу әдiстемесi
Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір сабаққа сәйкес нақтыландыру, әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру.
Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік процесі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет.
Бір сабақты жоспарлау – мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру; арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу.
Сонымен, мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз – тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары – оны қабылдауы, түсінуі, т.б.
Сабақтың осындай алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте соғұрлым аз болады. Осындай мұқият талдаудан кейін және сабақтың құрылысын тиянақты ойластырғаннан кейін мұғалім сабақтың жоспарын жасайды.
Сабақтың конспектісі, әсіресе жас мұғалімдер үшін, толық және жан-жақты жасалады. Мұндай конспект мұғалімге тек бір сыныптағы ғана емес, сонымен бірге барлық параллель сыныптардағы жұмысы кезінде де қажет болады.
- 1 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 ... 16
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру.
Тоқ сандық жиынтық бағ алауды жоспарлау мен ұ йымдастыру жұ мыстары оқ у бағ дарламалары мен оқ у жоспарларына сә йкес жү ргізіледі. Ә дістемелік бірлестіктер жасағ ан оқ у жылына арналғ ан жиынтық бағ алаудың жоспарында тоқ сандық жиынтық бағ алаудың рә сімдері кө рсетілуі қ ажет (4. 2 Жиынтық бағ алау ү дерісі бө лімін қ араң ыз). Аталғ ан жоспар бойынша білім алушыларғ а шамадан тыс қ иындық туғ ызбауы жә не тиімсіз болмауы ү шін ә р тоқ санда ө ткізілетін жиынтық бағ алаудың кестесін қ ұ ру ұ сынылады, яғ ни, бір кү нде 2-ден артық жиынтық жұ мыстарды ө ткізу ұ сынылмайды. Тоқ сандық жиынтық бағ алаудың кестесі мұ ғ алімдерге, білім алушыларғ а, олардың ата-аналарына таныстырылады. Егер мектепте мү мкіндік болса ә р пә н бойынша бір параллельдегі сыныптарғ а бірдей кесте қ ұ ру ұ сынылады, мысалы, 5-сыныптар ү шін бір кү нде, бір сабақ ү стінде математика пә нінен жиынтық жұ мысын ө ткізу. Мұ ндай мү мкіндік болмағ ан жағ дайда, тоқ сандық жиынтық бағ алауды кесте бойынша ө ткізуге болады, алайда ақ параттың тарап кетуі жә не кө шіріп алу сияқ ты кемшіліктерді болдырмау ү шін жиынтық жұ мыстың бірнеше нұ сқ асын қ ұ растырғ ан дұ рыс. Тоқ сандық жиынтық бағ алауды ө ткізу уақ ытын жоспарлау кезінде демалыс жә не мереке кү ндерді, сондай-ақ, тоқ сандық жә не оқ у жылының аяқ талу мерзімін есепке алу қ ажет. Тоқ сандық жиынтық бағ алауды тоқ санның жә не оқ у жылының соң ғ ы кү ндерінде ө ткізу ұ сынылмайды. Тоқ сандық жиынтық бағ алауды жоспарлауда ә уелі оқ у бағ дарламасындағ ы оқ у мақ саттарына шолу жасау керек, себебі бағ алау олардың мең герілуін тексереді. Ә р мектептің ұ сынылғ ан ү лгілерді қ олдануына немесе ө з бетінше тапсырмалар қ ұ растыруына мү мкіндігі бар. Тоқ сандық жиынтық бағ алау тапсырмаларын қ ұ растыру специфика-цияғ а сә йкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірың ғ ай талаптар негізінде жү зеге асырылады. Тапсырмалар ә р тү рлі болуы мү мкін: диктант, мазмұ ндама, эссе, тест, зертханалық жұ мыстар, бақ ылау жұ мыстары, жобалар жә не т. б. Тоқ сандық жиынтық бағ алау бір параллельде бірдей жағ дайда ө ткізіледі. Тоқ сандық жиынтық бағ алауды қ айта орындауғ а (кө шіруге) рұ қ сат етілмейді. Тоқ сандық жиынтық бағ алау уақ ытында белгілі себептерге байланысты (ауруына, жақ ын туыстарының қ азасына, конференция, олимпиада, ғ ылыми, спорттық жарыстарғ а жә не т. б. қ атысуына байланысты) білім алушылар келмеген жағ дайда оларғ а мектепке келген соң екі апта ішінде тапсыруғ а рұ қ сат етіледі, ол ү шін жиынтық бағ алаудың қ осымша нұ сқ алары қ олданылады. Тоқ сандық жиынтық бағ алау материалдарын білім алушылар жұ мысты орындағ анғ а дейін қ ол жетпейтін орында сақ тау қ ажет. Тоқ сандық жиынтық бағ алау ә детте мұ ғ алімдермен ө ткізілетін болғ андық тан, білім алушылар жиынтық бағ алауды орындайтын кабинетте тек бір мұ ғ алім ғ ана болады. Мү мкіндігінше кез келген бос мұ ғ алімнің тоқ сандық жиынтық бағ алауды ө ткізуді ұ йымдастыруғ а, ө ткізуге, мысалы, бақ ылаушы ретінде кө мектесуі ұ сынылады. Тоқ сандық жиынтық бағ алауды ө ткізу кезінде мұ ғ алімнің жиынтық бағ алаудың ө ткізілуін ү здіксіз қ адағ алауы маң ызды жә не басқ а ә рекеттер жасамағ аны дұ рыс (мысалы, дә птер тексеру, компьютермен жұ мыс жасау).
Тоқ сандық жиынтық бағ алауды ө ткізу туралы жан-жақ ты ақ парат тоқ сандық жиынтық бағ алауды ө ткізу бойынша мұ ғ алімдерге арналғ ан нұ сқ аулық та берілген.
-
Кері байланыс орнату тәсілдері.
Кері байланыс дегеніміз не?
Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. «Сырт көз сыншы» дегендей, мұндай сырт пікірдің өз әрекеттеріңді реттеуге, жақсартуға тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылады. Сондықтан да кемшіліктерді тіке бетке баспай, оларды жанамалай жеткізген жөн болар? Мысалы, мынандай сұрақтар арқылы: «Неліктен Сіз бұлай жасадыңыз (айттыңыз, жаздыңыз, ұйғардыңыз, т.б.)? Мүмкін олай емес, былай болар?» немесе «Егер мына жерге мынандай өзгертулер енгізсе, не болар еді?» Негізінен кері байланыстың үш негізгі қызметін ажыратуға болады:
әрекеттерді түзету мен реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу, өзін өзі тану құралы. Сондықтан оның мазмұны жағымды, позитивті болу керек. Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес (оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтау), керісінше, не жасалуы керектігін көрсету. Сонымен, кері байланыс оқу/оқыту мен үйренудің/үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Кері байланыс арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Кері байланыс дұрыс жауап немесе бағыт таңдалынып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосады (4,98 бет).
Кері байланыс жүргізудің мақсаты мен маңыздылығы
Кері байланыс қандай мақсатта жүргізіледі?
Көп жағдайда кері байланысты мұғалімдер сабақтың соңында жазбаша түрде сабақтың өтуі, оқушының көңіл күйі және оқушылардың ойын білу үшін ғана алатыны анықталған. Алайда кері байланыс дегеніміз не? Оның маңызы не екенін көбіне біле бермейміз және оған аса мән бере қоймаймыз.
Ал кері байланысты не мақсатпен алды, одан әрі қарай не істеу керек, ондағы сұрақтар мен оқушылардың сұрақтарынан кері байланыс болды ма деген сұрақтар туындап жатады. Демек кері байланыс тиімді болу үшін оқушылардан тек сабақ ұнадыма? Не түсіндіңдер? Не қиын болды? т.с.с сұрақтар қойып, оған ауызша не жазбаша жауап алудан ғана тұрмайды.
Кері байланыс арқылы оқушыларыңыз оқу мақсатына жете алды ма жоқ па, тақырыпты түсініп, түсінгенін тәжірибеде қолдана алды ма? Түсінбеген жағдайда не себепті түсінбеді, нақты неден қиналды. Түсіну үшін не істеу керек міне осындай сұрақтарға мұғалім оқушылардың берген жауаптары арқылы өзінің әрекеттерін бағалап рефлексия жасап, қай жерде нені дұрыс жасамады. Таңдаған, қолданған әдістердің тиімділігін ойланып келесі сабақта жоспарлағанда орын алған кемшіліктерді болдырмауға тырысады. Ал, оқушы тиімді кері байланыс арқылы өзіндік және өзара бағалау жасауға, өзін- өзі реттеуге, білім алуға, жауапкершілікті өз мойнына алуға дағдыланады.
1. Кері байланыс ол үдерісті басқару-үдеріс субьектілерінің көшбасшылық дағдыларын дамыту, үдерісті табысты басқаруға жағдай жасау.
2. Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді кемшіліктерді жою.
3. Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету. Тек қана мұғалімнің мақсатқа жетуі емес оқушылардын мақсатқа жетуін қамтамасыз ету
4. Үдеріс субьектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағыттау
5. Оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру
6. Оқушының әлеуметтенуін қамтамасыз ету.
7. Рефлекция жасауға ықпал ету, көмектесу
8. Оқушыларды табысқа ұмтылу сезімдерін туындату.
Міне осындай кері байланысты қолдануда мақсатқа жетуге жүзеге асады.
Сонымен кері байланыстың мақсаты: Мұғалімнің ақпараттың мазмұнын оны ұсыну тәсілдерін, оқушылардың әрекеттерін түзету және сабақта психологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған. Кері байланыс бұл мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуін нәтижесін талдау рефлексия жасау және бақылаудың ұғымы.
Кері байланыс арқылы оқушы, мұғалім не алады. Қандай дағды білік білімдерін қалыптасады:
· Оқушы өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектестін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады;
· Мұғалім оқытудағы жіберілген олқылықтар және өзінің әрекетіне, қызметіне (жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту техникалары, сабақта уақытты тиімді пайдалану т.б.) өзгерістер енгізу көмектесетін мәліметтер алады.
· Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады.
-
Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы.– оқушының алған білімін өзіндік ойлаумен ұштастыратын бірден-бір әдіс. Бұл технологияларды қолдану көркем шығармалардың мәтіні арқылы сөздің мағыналық – қисындық құрылымына назар аударуды қажет етеді. Әдеби мәтіндердің көркемдік – тілдік ерекшеліктерін ажыратуға негіз болады. Көркем туындының мазмұнын түсініп, оны талдау барысында проблемалық сұрақтарға жауап беруді қамтамасыз етеді. Дамыту технологиясы әдебиетті оқытуда оқушыны жан-жақты ізденуге, өзіндік ой-тұжырымдарын жасай алуға, сонымен қатар, тұтас көркемдік талдау жасауды үйретеді.
Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.
Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В:В Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз.
Оқушының ойлауы дамуының маңызды шарты – оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп – салдар байланыстарын табу, жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру – сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.