Файл: Информатика жне апараттыкоммуникациялы технологиялар кафедрасы Білім беру бадарламасы 6В01514 Информатика.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 366
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5) «Модельдеу»: «Python (пайтон) программалау ортасында модельдер құру»;
6) «Алгоритмдер»: «Алгоритм трассировкасы»;
7) «Программалау»: «Цикл операторлары (параметрі бар цикл, алғышартты цикл, кейінгі шартты цикл)»;
8) «Эргономика»: «Электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері», «Электрондық құрылғылардың теріс әсерінен қорғау тәсілдері»;
9) «Ақпараттық қауіпсіздік»: «Желідегі пайдаланушының қауіпсіздігі: алаяқтық, интернеттегі агрессия».
Информатика сабақтарындағы пәнаралық байланыстар білім алушылардың пәндерге қызығушылығы мен оқу сапасын арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді, оқу пәндеріне кешенді көзқарас қалыптастырады, ой-өрісін кеңейтеді, білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді, бағдарламалық материалды терең түсінуге және меңгеруге көмектеседі, білім алушыларды ғылыми-зерттеу әрекеттеріне баулиды. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін жоба әдісін қолдану пәнді оқытудың тиімділігін арттырады, пәндер бойынша оқыту сапасын арттырады.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарда білім алушылардың жобалық жұмыстарының тақырыптары мен мақсаттары жоспарланған. Сондықтан оқу жылы ішінде білім алушылардың көрсетілген тақырыптар бойынша жобалар мен шығармашылық жұмыстардыңорындалуы педагогтер назарында болуы керек.
Жобалау әдісін қолданған кезде педагог дайын білім беруден гөрі білім алушылардың зерттеу, іздеу, шығармашылық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Жобалық жұмысты сабақта немесе сабақтан тыс уақытта орындауға болады. Білім алушылар жаңа білім іздеу арқылы жаңа нәтижелерге қол жеткізеді, талқылайды, жоба бойынша қорытынды шығарады, жобаны жетілдіреді, нәтижені жариялайды.
Ұзақ мерзімді жоспарда бөлімшелер мен тақырыптар тоқсандарға бөлініп көрсетілген. Тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге бөлінетін сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелер арасында сағат санын бөлу практик-педагогтердің еркінде, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс.
5-9-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән бойынша білім алушылардың академиялық тілін дамытуға айрықша назар аудару ұсынылады. Бағдарламалау тілі - ағылшын тілі, көптеген компьютерлік интерфейстер ағылшын тілінде ұсынылған. Педагог білім алушылардың назарын информатика бойынша академиялық тілді қолдануға аударуы, сондай-ақ информатиканы оқуға қажетті тілдік дағдыларға көңіл бөлуі қажет. Сонымен қатар педагогтер білім алушының бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог/жазу үшін пайдаланылатын ұғымдарды қамтитын жүйелі тілдік қолдауды жүзеге асыруы керек.
5-9 сыныптардағы Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 6, 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.
Аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша жиынтық бағалау саны кестеде берілген.
Кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»
Сынып Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан
5 сынып 1 1 1 1
6 сынып 1 1 2 1
7 сынып 2 1 2 1
8 сынып 1 1 2 1
9 сынып 2 1 2 1
ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашада №509 өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген:
Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.
Осы тармаққа сәйкес 5-9 сыныптағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
-
Оқушылардың сабақтағы жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы
Топтық жұмыс – бұл мұғалімнің жалпы және жеке тапсырмалары негізінде шағын топтарда жұмыс жүргізуді көздейтін сабақтағы оқу-танымдық әрекетті ұйымдастырудың формасы. Ол студенттер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіреді, өзара жауапкершілік және ынтымақтастық қарым-қатынасты ынталандырады.
Топтық жұмысты жүргізу үшін мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім арасында тығыз қарым-қатынас орнау қажет. Өзара қарым-қатынас оқытуға бағытталу керек:
· мұғалім мен оқушы бірігіп оқу үрдісін ұйымдастырады;
· оқушылар белсенді серіктестер болып табылады;
· оқушылар жұмысты серіктестікте ұйымдастырады;
· оқыту мәселелерді бірігіп шешу және зерттеу арқылы жүзеге асырылады;
· оқыту үрдісіне ерекше назар аударылады.
Топтық жұмысты ұйымдастыруда топ ережесінің маңызы зор. Әрбір мұғалім оқу жылы басында әр сыныпта топта жұмыс жасау ережесін оқушылардың өздеріне құрастыртуға тиіс. Ереже сыныпта көрінетін жерге ілінуі керек, өздері жасағандықтан оқушылар оның бұзылмауына ерекше назар аударатын болады. Мысалы, төмендегідей ережелер болуы мүмкін:
-бір-бірін мұқият тыңдау;
-сөйлеушінің сөзін бөлмеу;
-бір-бірінің пікірін құрметтеу;
-тәртіп сақтау;
-уақытқа бағыну;
-бір-бірінен көмек сұрау және көмектесу;
-пікір, идея, ұсыныстарды бірге талқылау;
-ортақ пікірге келіп, шешім қабылдау.
Оқушыларды топқа бөлу.
Топ құрамы әр түрлі болуы мүмкін. Мұғалімге 4-6 адамнан тұратын топты ұйымдастыруға болады. Бұл шағын топ деп аталады. Өз сабақтарымда көбінесе осындай шағын топқа бөлемін, себебі бұдан артық болса, топ мүшелері бір-біріне кедергі келтіруі мүмкін. Топ жинақтағанда үлгерімі әр түрлі деңгейдегі оқушыларды біріктіруге тырысамын, өйткені бір деңгейлі оқушылар бірыңғай жиналса, басқаларынан басым болу не артта қалу қаупі бар.
Топ ішіндегі рөлдерді бөлу.
Топ ішіндегі оқушылардың барлығы бірдей ортақ мақсатқа жұмыс істеуі үшін топта рөлдерді бөліп берген тиімді. Кейін оқушылар өздері де рөл бөлуде ат салысады. Мысалы, қазақ тілі сабағында оқушыларға ұсынылған мәтін негізінде тапсырма беріледі. Соған орай олар мәтін мағынасын талқылайды, берілген мәтіннің мазмұны бойынша топта жұмыс істейді. Топты төмендегідей рөлдерге бөлуге болады:
талқылаушы
белгілеуші
байланыстырушы
қорытындылаушы
суреттеуші
Жұмыс барысында мәтінді талқылаушы идеясын, тақырыбын айтады, белгілеуші мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, байланыстырушы қазіргі өмірмен байланыстырып бүгінгі күннен мысал келтіреді, қорытындылаушы шешімін ұсынады, суреттеуші мәтін желісі бойынша сурет салады.
Топтарды бақылау.
Мұғалім топтық жұмыста тек жұмыс барысын ғана емес, сонымен қатар топ мүшелерін де бақылауға алғаны жөн. Оқушылар жұмысын бақылай отыра, әрі қарай қалай жұмыс істеу керектігін ойластырамын. Кей кезде тапсырманы не жұмыс бағытын өзгерту де керек болады. Топтарды аралай жүріп, оларға тапсырма бойынша сұрақ қоя отырып, алға жылжуларына көмектесуге тырысамын. Осы ретте уақытты алдын-ала белгілеген дұрыс. Топтар уақытты дұрыс қадағалай алмай, тапсырманы орындауға үлгермей жатады.
Топтық жұмыстың табысты болуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бұл орайда оқушы әрбір топты, әрбір топ мүшесін назардан тыс қалдырмай, бәріне бірдей көңіл бөлуі тиіс. Олардың тапсырманы орындауда жетістікке жетулеріне мүдделі екенін білдіруі керек.
-
Интербелсенді оқыту әдістері
Интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) тиімділігін оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Шығармашылық әрекет – оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет.
Сондықтан оқыту әрекетіндемұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсендік, дербестік көрсетуі өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады.
ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқушылар, топ – топ, топ- оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
-
пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру); -
активті (белсенді) оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс); -
интерактивті – inter (өзара), akt (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.
Интербелсенді оқыту моделін пайдалану — өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.
Интербелсенді оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
«Білім беруде ғылымның және ақпараттық технологияның заманауй жетістіктерін қолданатын және бұрын білім беру үрдісінде қолданылмаған әдістер инновациялық әдіс болып саналады.
Мақсаты–оқыту сапасын жоғарылату нәтижесінде студенттердің творчестволық қабілетін және дербестігін жетілдіру.
Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:
-
Орта қалыптастыру -
Әрекет арқылы үйрету -
Өмірмен байланыстыру -
Өзінділікпен дербестікке баулу
Интербелсенді оқытудың негізгі мақсаттары:
-
Студенттер арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас орнату; -
Студентке білімді өз бетімен ізденуге бағыт-бағдар сілтеу; -
Студентке қажетті білік-дағдыларды қалыптастыру;
Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.
«Интербелсенді» негізгі сипаттамалары қандай? Интербелсенді оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интербелсендіоқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.
Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері