Файл: ІІ. Негізгі блім 1тарау. Бастауыш сыныпта сан есімді оыту дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 234

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

МАЗМҰНЫ

I.КІРІСПЕ........................................................................................................... 3

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САН ЕСІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1. Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту және оның маңызы туралы түсінік....................................................................................................................... 5

1.2. Сан есім туралы жалпы түсінік.......................................................................8

1.3 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінен сан есімді оқыту əдістемесі...........16

2-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САН ЕСІМДІ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

2.1.Бастауыш сыныпта сан есімді меңгертуде жаңа технологияларды қолдану...................................................................................................................19

2.2.Сан есімдерді деңгейлік тапсырмалар негізінде оқыту.............................. 24

2.3.Бастауыш сыныптарға сан есімді меңгеру біліктерін қалыптастыруға арналған тапсырмалармен жұмыс.......................................................................26

III. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ..............................................................................30

IV.ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................33

V.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................35

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі
: еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға үмтылыстан туған үрдіс. Мұндай үрдістен білім беру салалары да шет қалған жоқ. Соның әсерінен қазақтілін оқыту үлдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы үйымдастыруға алып келді. Бұл үрдіс окушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана - сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жақты дамытуға арналған.

Бұл білім беру саласында окушыға жаңа көзқараспен карауды үйретті. Мұндай көзқарас оқушының жеке басының дамуына, тұлға ретін қалыптасуына, әдеби тілде сөйлеуіне, оқытуды демократияландыру мен ізгілендіруге ықпал етті. Сондыктан бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту ісі қазір әдіскер ғалымдардың басты назарында. Өкінішке орай казір окушылардың сөйлеу және жазу дағдысындағы мынадай кемшіліктер кездесуде :

•Бастауыш мектепте оқушыларға қазақ тілінің морфологиялык жүйесінен ұғым беру кезінде мұғалімдер қажетті дерексіз ұғымды меңгертуге көп күш салып, бұл ұғым балалардың сауатты сөйлеу мен жазу дағдысын калыптастыруға негіз болуы қажет екеніне мән бермейді. Яғни тілді оқытудағы басты максат - оның коммуникативтік (карым-қатынас) мүмкіндігін меңгерту екені ескерілмей, «заттың атын білдіретін сөздерге», «заттың санын білдіретін сөздерге», т.б. оқушылардың сұрақты дұрыс қойып, сөйлем ішінен таба білгеніне қанағаттанып жүрміз.


•Бастауыш сыныптарда тілді окытып, үйретудің әр түрлі салалары арасында айқын байланыс жоқ. Морфологиялық ұғымдар беру жұмыстары кезінде оқушылардың сөздік қорын байыту мақсаты ескерілмейді, сөздердің мағыналык бойларына сай оларды дұрыс колдану мәселесі үнемі қадағаланбайды. Немесе «Сөйлем», «Сөйлем мүшелері» тақырыптарын өткенде окушылардың тілдің морфологиялық жүйесінен алған білімдері пысықталып, пайдаланылмайды.

  • Календарлық жоспардағы байланыстырып сөйлеуді дамытуға бөлінген сағаттар өтіліп жаткан материалдардан бөлек, көбінесе суретке қарап шығарма жаздыру, мазмұндама түрінде өткізіледі.Бастауыш кластарда бұл сабақтарды оқушылардың өсе түскен білім мен дағдысына сай бірте-бірте күрделендіріп өткізудің қалыптасқан әдістемелік жүйесі жоқ.

•Қазіргі төртжылдық бастауыш сыныптарда оқушыларға казақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту барысындағы қолдалынып жүрген әдістері де жаңа талап тұрғысынан қайта қарап, жаңарату қажет болып жатыр. Дәлірек айтқанда, бұрынғы бір бағытта (мұғалім тарапынан) оқыту жүйесін өзгертіп, оқушылардың өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеу (ойлану, табу) қабілеттерін дамыту мәселесін басты нысан етіп алған дұрыс.

Зерттеу базасы: Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы.

Зерттеу нысаны:  бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту процесі алынды.

Зерттеу пәні: бастауыш сыныптың қазақ тілі пәні оқулығы.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сыныпта сан есімді оқыту тапсырмалары арқылы оқушылардың тілдік қабілеттерін жетілдіру.
Зерттеу міндеттері:

  • Бастауыш сыныпта сан есімді түсіндірудің оңтайлы жолдарын анықтау;

  • Оқушылардың сан есім туралы білімдерін дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру;

  • Ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.

Зерттеу болжамы: егер бастауыш мектепте сан есімді оқытуды әдістемелік жүйемен жүргізсек, онда тапсырмалар аркылы оқытуға байланысты алынған ғылыми кағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.

Зерттеу әдісі: ғылыми жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.

Күтілетін нәтиже: курстық жұмыста ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінен алған білімін тереңдетуге және тілдік материалды дұрыс игеруіне ықпал етеді.


1-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САН ЕСІМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1.Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту және оның маңызы туралы түсінік

Қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан бастауыш мектептерде жүргізілген бақылауларымыздың қортындысы мынаны көрсетті: оку бағдарламасында берілетін білім мазмұнын әдістемелік-психофизиологиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере алмаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Нақты айтқанда, тілдің морфологиялық заңдылықтарын жете меңгермеуге байланысты бастауыш класс оқушылары жазу не сөйлеу барысында жіберген қателердің жалпы сипаты төмендегідей болып шықты:

1.Оқушылар сөздерге жалғауларды өз беттерімен дұрыс жалғай алмайды. Мысалы: Мәншүкті Кеңес Одағының батыры атағын берді. Дидардікі етігі кара. Дәптерге қабы жоқ. Ауылда барғанда түйе көрдім. Балдар бәріміз ойнадым.

2.Өз беттерінше сөйлеу және жазу кезінде жұрнақтарды дұрыс пайдалану дағдылары қалыптаспаған: Иттің кішкентай үйі бар (үйшік деудің орнына). Мысық айбаттады (айбаттанды, айбат шекті деудің орнына).

3.Оқытылған морфологиялык ұғымдарды сөйлем құрау барысында пайдалана білмейді: Мен айттым Іңкәрға. Ойнадық Ерболатпен. Бүгін мектепке барамыз бесте.

4.Сөз құрамы, біріккен сөздер туралы түсіндірілгенұғымдар жазу кезінде ескерілмейді: Таспақа көрдім. Қоспекенді (Қосмекенді) адам туралы кина көрдім. Ердөстік батыр болған. Мамам шаң солғаш алды.

5.Оқушылар жалпы есім мен жалқы есімді бір-біріменажырата білмейді: Жазда қойлар бақтым. Ауылда көлдер бар. Оларда балықтар көп. Балдар суға шомылады. Малдар су ішеді.

6.Оқушылардың сөздік қорын шағын. Білетін сөздерін өз орнын тауып колдана алмайды, т.б. Бұл аталған басты себептердің кай-қайсысы да оку бағдарламалары мен окулықтарға емес, негізінен окыту ісіне қатысты. [1, 48-50бет]

  • мұғалімнің сөзі;

  • әңгіме әдісі (кейде мүны сұрақ-жауап әдісі деп те атайды);

  • тілдік фактілерді талдау (байқату, грамматикалық талдау);

  • жаттығулар орындату;

  • көрнекі құралдарды пайлалану (сызбалар, кестелер, суреттер, компьютер, т.б.);

  • кітаппен жұмыс істеткізу;

  • топсеруен (әкскурсия).


Жоғарыда атап өткеніміздей, бастауыш класс окушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгертуде тусіндіргенді қайталап айтып беруге (реподуктивті) баулу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алған білім мен дағдының көп уақыт өтпей-ақ үмтылатыны, оқушылардың күнделікті тұрымысында пайдаланбайтыны белгілі. Сондықтан әдіскер-ғалымдар бастауыш кластарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін қолайлы әдістемелік жағдайлар жасау қажеттігін көптеп айтып жүр. Мұндай әдістемелік жағдайлардың бірнеше түрі белгілі:

  • Оқушылардың белсенді ойлау қызметін іске қосу.Бұл әдісті «проблемалық әдіс» деп те атайды.Кез келген жаңа грамматикалық ұғымды меңгеру барысында оқушылардың психо - физиологиялық қабылдау мүмкіндіктеріне карай проблемалық жағдай туғызу мұғалімінің шеберлігіне байланысты. Әсіресе берілген грамматикалық ұғымды пысықтау үшін орындалатын жаттығулырды немесе үлестірмелі қима қағаздарды қызықты әрі түрліше еnіп пайдалануға болады.

  • Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы лингвистикалық көзкарасын дамыту. Басқаша айтқанда, оқушыларға бастауыш кластарға берілетін грамматикалық ұғымдардың бәрі ең басты мақсатқа - олардың өз ойларын дұрыс, әсерлі баяндай білу қабілетін дамыту мақсатында бағындырылуы қажет. Мәселен, балалар күнделікті тәжірибесінде өз беттерімен сөйлеу немесе жазу кезінде заттын сынын білдіретін сөзді сол заттын атын білдіретін сөздің алдына қою керек екенін іштей біліп отырғаны дұрыс. «Жамилада қалам қызыл бар» деп емес, «Жамилада қызыл қалам бар» деп).

  • Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі белгілерін меңгерту. Мысалы, «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбын өткенде, окушылар бұл сұрактарды нақтылы заттардың немесе адамдардың атын білдіретін сөздерге дұрыс қояды да, дерексіз атауларға кездескенде шатасып қалады. Мысалы, уақыт, жел, күн, дауыл, т.б. сөздерді заттын атын білдіріп тұр деп ойлайды. Немесе «Не істеді? неғылды? кайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбын өткенде, «жатыр, отыр, сүрады, жанды, деген сияқты нақтылы қимыл байқалмайтын сөздерге бұл сұрақтарды коймайды. Сондықтан грамматикалық ұғымға қатысты осындай дерексіз сөздердің белгілеріне арнайы тоқталып өту қажет.

  • Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп айтуға болады. Мысалы, «Сөз таптары» окып үйрену барысында негізігі есімдердің төмендегідей сызбасын оқушылардың естеріне салып койған артық емес.

  • Жаңа грамматикалық ұғымды түсіндіру үшін оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйеніп отыру. Жаңа тақырыпты меңгертудің өткен сабактардағы мағлұматтарды ұмытпауына, оны жаңа ұғыммен байланыстыра білуіне жағдай туғызады.Екіншіден, бұрынғы дағды жаңа тақырыпты игеруді жеңілдетеді.

  • Грамматикалық ұғымдарды көрнекі құралдар көмегімен меңгерту. Бұл әдісте мұғалімнен ерекше шеберлікті талап етеді.


Тақырыптың сипатына байланысты көрнекі құралдар түрлендіріліп пайдалану қажет. Бастауыш кластарда тілдің морфологиялық жүйесін оқытуда қолданылатын көрнекі күралдарды (кесте, сызба, әріптер, не сөздер кассасы, үлістіремелі қима қағаздар және компьютерге арналған перфокарталар, т.б.) қолданылуы мақсаттарына қарай үш топқа бөлуге болады:

1.жаңа тақырыпты түсіндірер кезде балаларға тілдегі құбылысты байқатуға, проблемалык жағдай туғызуға арналған күралдар;

2.берілген ұғымды пысықтауға , балалардың іс жүзілік дағдыларын дамытуға арналған кұралдар;

3.берілген грамматикалық ұғымдарды жинақтауға арналған құралдар т.б.

Көрнекі құралдар кандай мақсатка арналса да, олардың айқын, әдемі, қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс.

Жалпы окушыларға тілдің грамматикалык жүйесін меңгерту балаларды дерексіз ұғымдар туралы ойлауға баулуды талап етеді. грамматикалық ұғымдар дегеніміз - сөздерге, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге, қосымшаларға т.б. қатысты белгілерді дерексіздене отырып жинақтап, жүйелеуі. [2, 18 бет]

Сондықтан грамматикалық ұғымдарды, оның ішінде тілдің морфологиялық жүйесін оқыту бастауыш класс оқушыларының психо физиологиялық мүмкіндіктерін анық білуді қажет етеді. Атап айтқанда, олар:

  • Балалардың қабылдау мүмкіндігінен артық ұғымдарды түсіндіруге болмайды.

  • Берілген ұғымды тым қарапайымдандырып, немесе қайта- қайта түсіндіріп, оқушылардың белсенді таным қабілетіне кедергі жасауға да болмайды. Мұндай жағдайда олардың сабаққа қызығушылығы күрт кеміп, белсенділігі төмендейтіндігін психлог мамандар ашық айтып жүр.

  • Берілген материалдардың мазмұнына орай, оқушылардың психо-физиологиялық мүмкіндіктеріне байланысты сабактың құрылымын, оқыту әдістерін түрлендіріп отыру қажет. Тиімді әдісі табылмаса, кез келген қарапайым ұғымның өзін оқушылар ауыр қабылдайды, тіпті түсінбеуі де мүмкін.


1.2. Сан есім туралы жалпы түсінік.
Есімдер тобына жататын сөз табының бірі болып саналатын сан есімнің өзіндік зерттелу тарихы бар.

Түркі тілдеріндегі грамматикалардан бастап сан есімге көңіл бөліне бастады. Бұл грамматикалардың бәрінде де сан есімдер қысқаша болса да сөз болды. Мысалы,Н.И.Ильминскийдің, А.Казембектің, М.Терентьевтің, П.М. Мелиоранскийдің, В.В.Катаринскийдің, С.В.Ястремскийдің, Н.Ф. Катановтың еңбектерінде сан есім жеке сөз табы ретінде қарастырылған.

Кеңес дәуіріндегі түркологтар еңбектерінде де сан есім жайында пікірлер бар. Мысалы, А. Боровковтың оқулығында сан есімнің екі түрі көрсетілсе, Н. П. Дыренкованың грамматикасында төрт түрі берілген. Бірақ бұл грамматикаларда «сан есімнің семантикалық жақтарына қарай бөлінуін бірінші орынға қойғанмен, ол элементарлы түрде қысқа ғана түсіндіріліп, барлық қолдану ерекшеліктері толық, жан-жақты қамтылмай баяндалған»