Файл: ІІ. Негізгі блім 1тарау. Бастауыш сыныпта сан есімді оыту дістемесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 236
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4) Күрделі сандардың құрамы қанша сөзден құралғанына қарамастан, олар сөйлемде бір сөздің қызметін атқарады, бір сөйлем мүшесі болады. Мысалы: Бір тәулікте мыңтөрт жүз қырық минут бар («Білім жөне еңбөк«). Осы сөйлемдегі мың төрт жүз қырық күрделі сан атауы анықгауыш болып тұр.
Күрделі сандардың ғылымда проф. А. Ысқақов дәлелдеген екі түрлі жасалу жолы бар:
1) дара сандардан жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санның үстіне басқа бір санды қосу жолымен, яғни белгілі бір санға (қосылғышқа) келесі бір қажетті санды (қсгсылғышты) қосып айту жолымен жасалады. Бұл Жол- қосылмалы жол деп аталады. Мысалы, сексен сегіз, тоқсан аптыт.б. Осы күрделі сан атаулары сексен, тоқсан сандарына сегіз, алты сандарын қосып айту арқылы жасалған.
2) Дара сандардан жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санды (көбейгішті) басқа бір санға (көбейткішке) көбейту жолымен, яғни белгілі бір санды кепесі бір қажетті санға көбейту, еселеу жолымен жасалады. Күрделі сандарды жасаудың бұл жолы көбейтілмелі жол деп аталады. Мысалы, бес жүз, он мың күрделі сан атаулары бес, он сандарын жүз, мың сандарына кебейту арқылы жасалған.
Күрделі сандардың құрамында осы екі жолмен жасалған сандар араласып келетін де кездері болады. Мысапы, бес мың сегіз жүз қырық бес деген күрделі санның құрамындағы бес мың (5×1000), сегіз жүз ( 8х 100)-көбейтілмелі сан да, қырық бес (40+ 5)- қосылмалы сан. Күрделі сан есім-дердің мұндай түрі арапас күрделі сан есімдер тіркесі деп аталады .
Күрделі есептік сандарға тән тағы бір ерекшеліколардың құрамындағы жеке сандардың орнапасуына байланысты, яғни мұндай сандар құрамында алдымен жоғары дәрежелі сандар, одан кейін төмен дәрежелі сандар қойылып айтылады. Мысалы, жетпісекі, бесмыңжиырмабест.б.
Бұл ерекшелікті А. Байтұрсынов оқулығынан да кездестіреміз. Ғалымның өз сөзімен айтқанда, «он бір дегенде әуелі үлкенін айтып, сонан соң кішісін айтамыз: ол «онның« «бірден« үлкендігінен. «Жүз елу« дегенде, әуелі «жүзді« айтып, сонан соң «елуді« айтамыз: ол «жүздің« «елуден« үлкендігінен .
Сан есімнің мағыналық топтары
Сан есім сөздер заттың сандық мөлшерін түрліше атайтынына қарай, бірнеше мағыналықтопқа жіктеле алады. Ғылыми грамматакаларда көрсетіліп жүргендей, сан есімдердің бір тобы зат есіміиен тіркесіп, оны анықгап, есебін, ретін, мөлшерін білдірсе, біразы жинақтылық ұғымды, бөлшектік үлесті, шамалық, болжалдық мағыналарды білдіреді. Осындай ерекшеліктеріне қарай, сан есім алты топқа бөлінеді: есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, топтау сан есімі, болжалдық сан есім және бөлшектік сан есім.
Есептік сан есім
Есептік сан есім мағыналықтоптардың ішіндегі саны жағынан ең көбі және бұлар «заттың нақгыл ы санын және абстракт сандық ұғымды білдіреді .« Мысалы, Тоқсан бес жыл бұрын арқаға аға сұлтандық тәртіп орнады (X. Есенжанов). Екі жауынгер салтаттылы арбаныңартында келеді .
Осы сөйлемдердегі тоқсан бес, екі сан есімдері жыл, жауынгер сөздерін сан жағынан анықгап, есептік сан есім болады.
Есептік сан есімдер үнемі зат есіммен тіркесте қолданыла бермейді-Зат есімсіз қолданылғанда абстракт сандық ұғымды білдіреді: Үшке бесті қосқанда сегіз болады. Бұл сөйлемдегі сан есімдер зат есім тіркесінсіз, абстракт мәнде қолданылған.
А. Ысқақов « еселтік сандарға сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады,«-дей келіп, ол сандарды дәрежесіне қарай бірлік сандар, ондық сандар, жүздік сандар және мыңдық сандар деп, төрт топқа жіктеген. Осы топтар құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдерге бірлік, ондық сан атаулар, жүз, мың сөздері жатады. Ал жеке сандардың тіркесуі арқылы күрделі есептік сан есімдер жасалады. Мысалы, сексен тоғыз, сегіз жүз тоқсан тоғыз т.б.
Есептік сан есімдер зат есіммен тіркесіп, оны анықгап тұрғанда, морфологиялықжағынан еш өзгеріскетүспейді.
Есептік сан есімдер өзге сөз таптарынан жасалмайды. Ал есептік сан есіммен сөзжасамның әртүрлі тәсілдері арқылы жаңа сөздер жасалатындығы оқулықгарда қысқаша көрсетіліп жүр. Мысалы, А. Ысқақовтыңоқулығында бесбармақ(ет), елубасы, алты бақан сияқты зат есім сөздер, екіұшты, өкі ұдап, екі жүзді сияқты сын есім сөздер, үшеу ара, екі талап сияқты үстеу сөздердің сан есім арқылы жасалатындығы және бір сөзінің лексика-семантикалықжәне грамматикалықерекшеліктері жайында айтылған . Сондай-ақакадемиялықграмматикададаесептіксанесімніңтұрақгы тіркестер құрамында кездесетіндігі, бір сан есімінің қолданылу, стильдік ерекшеліктері сөз болған. Сан есім сөздердің мағынасының кеңуі арқылы жасалған туынды сөздер, олардыңдаму, қалыптасу жолдары, сан есім негізінде басқа сөз таптарына жататын туынды сөздердіңжасалуы және оныңсебептері, олардың даму жолдары Г.Шаһарманның зерттеу еңбегінде жан- жақты қарастырылған
Реттік сан есім
А. Байтұрсынов оқулығында реттік сан есімге «нәрселердің ретін көрсететін сан есімдер« деген анықгама берілген. Мысалы, Бұдан гөрі маңыздырақекінші мәселе бар (Н. Ғабдуллин). Ол кезде Әділбек жасырақтау еді- жетінші класта оқитын (сонда). Осы мысалдарда екінші, жетінші сан атаулары өздері тіркесетін зат есімдердің алдында келіп, мәселенің, кластың рет санын көрсетіп тұр.
Ә. Хасенов реттік сан есімге «реттік сандар заттың (яғни зат есімнің) ретін, тәртібін білдіреді ,«- деген анықтама берген. Кейінгі грамматикаларда да реттік сан есім жайындағы пікірлер осы бағытта айтылған: «Қазіргі қазақ тіліндегі реттік сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың орын тәртібі, реттік жүйесін белгілеу үшін қолданылады .«Реттік сан есім заттың саналу ретін, орын тәртібін білдіріп, нешінші ? деген сұраққа жауап береді де, есептік сан есімдерге дауыссыз дыбыстардан соң -ыншы, -інші, дауысты дыбыстардан соң — ншы/- нші жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады .« Мысалы. бір-інші, екі-нші, алты-ншы, тоғыз-ьіншы т.б.
Реттік сан есімдер де құрамына қарай дара, күрделі болып келеді. Мысалы, Серттескен үшінші түн де келіп жетті (X. Есенжанов). Кәдімгі Жолмұқан жуытпай өзіне он бірінші жасақшы етіп алған сарысы (сонда).
Осы мысалдардағы үшінші дара реттік сан есім болса, он бірінші екі санның тіркесуі арқылы жасалған күрделі реттік сан есім және оларға қосымша соңғысына жалғанған.
Реттік сан есімдер негізінен заттың рет санын, қатар санын білдіретіндіктен, олар үнемі зат есімнің алдынан келіп тіркеседі. Мысалы, бірінші жүлде, бесінші қабат, тоғызыншы үй, он сегізінші қатар т.б.
Реттік сан есім зат есімдерше түрленіп, заттық мағынада да қолданылады. Мысалы, Екіншісі де оның жанынан тізерлей отырып, шоққа қолын созды (X. Есенжанов). Ол екі қойдың бірін қақпадан кіргеннен- ақ көрді, ал екіншісін көзіне түсіре алмады (сонда).
Сан есімнің синтаксистік қызметі
Сан есімді дербес сөз табы ретінде қарастырған Ә.Хасенов зерттеуінде де, оқулықтарда да сан есімнің негізгі синтаксистік қызметі- сөйлемде анықтауыш болу. Мысалы, Қазір Нұра өзенінің суына сегіз су бөгендері салынып, өзен мол береке ұйтқысы болып отыр («Білім және еңбек» журналынан). Мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы үлкен емен ағаштың саясында өзінің өткізген өмірін ертектей айта отырып, Дубный досын есіне түсірді (Қ. Әбдіқадіров). Осы сөйлемдерде сан атаулары өздері анықтайтын есім сөздерінің алдында келіп, анықтауыш болып тұр.
Сондай - ақ сан есім оның ішінде көбінесе жинақтық сан атаулары ілік септігінде тұрып та анықтауыш болады. Мысалы, Үшеудің жараса кеткенін қара (Ғ. Мүсірепов)!
Сан есім заттанып, атау септігінде тұрып, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Мысалы,
Қырға тарттың құйын боп екеуіңде,
Құла кетті торының жетегінде (М. Мақатаев).
Адасармыз, адассақ, қарамай-ақ,
Кел, екеуіміз кезейік жалаңаяқ (сонда). Алшағыр, Сүгірәлі екеуің барақ салып жатқандарды шақырып әкеліңдер (Ғ. Мүсірепов).
Сан есім сөйлем соңында келіп, баяндауыш болады. Мысалы, Бағып жүрген сиырларымның ішінде тарғыл аласы он жеті, қызыл шұбары- он үш, қарасы-тоғыз, құбақаны-бесеу (С. Мұқанов).
Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып, өзі бағынып тұрған сөзге меңгеріле байланысып, жанама толықтауыш болады. Мысалы, Қазір мұның да жасы елу екіні өтіп, елу үшке аттаған
(Б. Тоқтаров). Олардың бірін өлтіріп, бірін жараладықта, ілгері кеттік (Т. Бигелдинов). Бойы, көркі, сөзі, өнері, тәрбиесі бөлек Мүкарама екеуінен бір басқыш жоғары тұрды (X. Есенжанов).
Сан есімдер септік жалғауын қабылдамай- ақ етістік алдында тікелей келіп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Жидебайдан үш көшіп, Есенбайға жетті… (М. Әуезов). [6, 42-45 бет]
1.3 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінен сан есімді оқыту əдістемесі.
Сан есімдер мағынасы мен қызметі жағынан сын есімдерге өте ұқсас, демек, сын есімдер зат есімнің әрқилы сапасын, сынын, қасиетін, түр-түсін білдірсе сан есімдер тобындағы сөздер зат есімнің алуан түрлі сан мөлшерін, шамасын білдіреді. Сан есімдер ішінара есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік, топтау сан есімдер болып бірнеше салаға бөлінетіні сараланып түсіндіріледі. Сан есімдердің лексика-семантикалық мағыналары, морфологиялық қасиеттерін және әрбір сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметін түсіндіру сын есімнің ерекшелігін оқыту жолымен ұштастырылып оқытылады. Сын есім мен сан есімнің грамматикалық белгілерінің ұқсастықтары көп. Бұл ұқсастықтар сөз таптарына тән үш түрлі принциптің үшеуіне де сын есім сан есім де ортақтасып келеді. Екінші сөзбен айтканда, сын есім заттың сынын білдірсе, сан есім заттың, санын білдіреді. Екеуі да зат есіммен тіркесіп сөйлемде, негізінен, анықтауыш қызметін атқарады. Ал морфологиялық жасалу жолдарының да ортақтастық жақтары мол.
Сан есімдер дара, күрделі, негізгі, туынды болып келуі - «Сөздердің жасалуы» деген бұрын өтілген тарауда айтылған таныс категория. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, сан есімді ұтымды меңгертудің жолы салыстыру, сұрақ-жауап әдістері арқылы іске асады. Сан есімдердің мөлшерлік мағынада қолданылатын: жарым, жарты, дара, жалғыз, сыңар, қос, егіз деген сөздер, сол сияқты центнер, килограмм, пұт, тонна, қадақ, гектар, кубометр, адым, шақырым, қарыс, елі, ат шаптырым, бие сауым, қас қаққанша, ет асым, шай қайнатым, қас пен көздің арасында деген сияқты мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің барын да ескеру қажет. Бұлар мағына жағынан сан мөлшерін білдіргенімен, сан есімдер тобына жатпайтын фразалық тіркестер екені аңғартылады. Сан есімдер жасалу жүйесі жағынан, семантика-лексикалық мағыналары жағынан іштей өз алдына жеке-жеке категорияларға, топқа бөлінетінін мектеп оқушыларына саралап түсіндіру көзделеді. Сан есімнің мағынасы көп: кейбір сан есім заттың дәл нақты санын білдірсе, енді біреуі ретін, үшінші бір тобы бөлшегін, төртінші бір тобы топтау көрсеткішін білдіреді Бұлардың әрқайсысының өздеріне тән мағыналық және жасалу жолы, белгілі бір қызметі болатыны айтылады. Сан есімдер мағыналарына қарай сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады. Бірақ сан есімдердің сөйлемдегі негізгі қызметі анықтауыш екені ескеріледі.