Файл: ІІ. Негізгі блім 1тарау. Бастауыш сыныпта сан есімді оыту дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 239

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақ тіл білімінде сан есім жеке сөз табы ретінде алғаш мектеп грамматикасының көлемінде қарастырылды. Қазақ мектептерінде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық А. Байтұрсыновтың оқулықтары болды. Оның «Тіл-құралдары» (үш кітап) қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген оқулықтар еді. Ғалымның 1914 жылғы бірінші Тіл-құрал» оқулығында сан есім жеке сөз табы ретінде көрсетілген. Онда сан есімге мынадай анықтама берілген: «Неше? қанша? деген сұрауға жауап болатын һәм нәрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз .» Ал 1915 жылғы екінші Тіл-құралда» сан есімге қатысты мағлұматтар кеңейтіліп баяндалған. Бұл кітапта «Сан есім нәрселердің есебін һәм ретін көрсететін сөздер,»-деген анықтама беріліп, сан есімнің есептік (оны іштей жай және жадағай деп екіге бөлген), реттік, темілдік (қазіргіше бөлшектік сан есім) деген түрлері көрсетілген. [3, 133 бет]

Қазақ тіл білімінің ғалымдары I. Кеңесбаев, К. Аханов, А. Ысқақов, Н. Сауранбаев, М. Балақаевтардың грамматикалық оқулықтарында да сан есімдердің мағыналық топтары, жасалу жолдары туралы пікірлер қамтылды.

1954 жылы шыққан қазақ тіл білімінің фонетика, лексика және грамматика мәселелерінен жан-жақты мағлұмат беретін «Қазақ тілі» атты еңбекте сан есім жайында аздаған мәлімет берілді.

Сан есім кейінірекге арнаулы диссертациялық зертгеу объектісі болып, ол жөнінде Ә. Хасеновтің жеке еңбегі (1957) жарияланды. Ғалым өз зерттеуінде түркі тілдеріндегі сан есім категориясының зерттелуіне шолу жасай келіп, сан есімдердің лексика-семантикалық ерекшеліктеріне тоқталып, лексикалық жағынан сан есімдер түркі тілдерінің туыстығын айқын таныта аларлық категорияның бірі болып табылатындығын және сан атауларының түрік тілінде сөйлейтін халықтармен бірге жасап, көне заманнан бермен қарай қолданылып келе жатқандығын айтқан. Сан есімдерді семантикасына қарай есептік, реттік, жинақтық-субстантивтік, топтық, бөлшектік, болжалды-амалдық деп алты түрге бөліп, әрқайсысына жеке- жеке тоқталған. Одан әрі сан есімнің морфологиялық ерекшеліктерін баяндай отырып, сан есім-дердің жеке сөз табы ретіндегі ең басты айырмашылығы-сан есімдер не аффикстену, не басқаша тәсілдер арқылы басқа сөз таптарынан жасалмайтындығын дәлелдеген. Сонымен бірге сан есімнің синтаксистік қызметін де сипаттаған.

1964 жылы қазақ тіліндегі есім сөздерді түгел қамтыған проф. А. Ысқақовтың»Қазіргі қазақ тілі» (морфология) атты монографиялық еңбегі жарық көрді. Осы еңбегінде ғалым сан есімді жеке сөз табы ретінде жан-жақты сипаттай келіп, сан есімдердің жасалу жолына қарай қосылмалы және көбейтілмепі болып келетіндігін тіл фактісіне сай тұжырымдаған .


Гррамматикаларда» да сан есімнің жеке сөз табы ретінде лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік жағынан қарастырылуында алдыңғы еңбектермен үндестік байқалады.

Ал сан есімнің сөзжасамы кейінгі кезде арнайы зерттелді. 1988 жылы профессор Н.Оралбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі» атты еңбегі жарық көріп, онда сан есім сөзжасамының негізгі тәсілдері, олардың сөзжасам жүйесінен алатын орны, атқаратын қызметі айтылып, сан есімнің әр семантикалық тобының жасалуы, күрделі сандардың жасалу модельдері көрсетілді.

Сан есім сөйлемдегі сөздердің барлығымен бірдей тіркесе бермейді. Олардың тікелей тіркесетін негізгі сөздері — зат есімдер, зат есімнен жасалған туынды сын есім және етістіктер. Осы тұрғыда ғалым Т. Сайрамбаев зерттеуінде сан есімнің етістікпен тіркесі жайында кеңінен айтылған. Ал А. Елешева фразеологизм құрамындағы сан есімдердің ерекшеліктеріне тоқталған .

Сан есім - оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Сан есімге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-грамматикалық мағыналары бар, яғни олар заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіреді . Олай болса, сан есім- сөздерді таптастырудың бірінші ұстанымына сәйкес яғни семантикалық сипаты жағынан сандық, мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер. Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге) тіркеспей жеке айтылғанда, абстракт сан атауы ретінде қолданылады, ал зат есіммен тіркескенде заттың нақты сандық мөлшерін көрсетеді. [4, 42 бет]

Сан есімдер - тілімізде ете көне заманнан бері қолданылып келе жатқан сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөнінде ғалымдар арасында түрліше пікір бар. Мысалы, Н. А. Баскаков сан есімдер-есімдерден бөлініп шыққан сөз табы екендігін және олар сын есім, үстеу сияқты белгі мағынасын білдіретіндігін айтқан. Ал қазақ тіліндегі сан есімді зерттеген Ә. Хасенов «Түрік тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине, бұл жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат қажеттігінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толықтыра, растай түседі… сандық семантикалы есімдер мен сөз тіркестері, түрік тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп шықты деген жорамалымызды жоққа шығармайды, қайта растайды,»-дейді. Осылайша ғалымдар сан есімнің пайда болуы жөнінде түрліше пікір айтса, кейінгі ғалымдар сан атауларының нақтылы қалай, қандай тәсілдер арқылы жасалатындығын ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді .



Олай болса, сан есімдер-өздеріне тән жасалу тәсілдері бар, өздерінің табиғи қызметінде ешбір өзгеріске түспейтін, тек субстантивтенгенде ғана түрленетін, мағыналыжағынан бірнеше топқа бөлінетін, сөйлемде белгілі қызмет атқаратын сөз табы.

Сан есім зат белгісін білдіруі жағынан сын есімге ұқсайды, сондықтан сан есім де зат есіммен тіркесте жиі қолданылады. Мысалы, Сарыбала атасымен бірге алыстағы қыр елінен он бес мың қой жинап қазынаға өткізді (Ғ. Мұстафин), Биылғы жылдың сегіз айында ғана мың адам курс бітіріп шықты . Осы сөйлемдердегі он бес мың, сегіз, мың сан есімдерінің нақты мағыналары өздері тіркескен сөздер арқылы анықталып тұр, яғни қойдың он бес мың, айдың сегіз, адамның мың екендігі нақтыланып тұр. Ал сан есімдер жеке қолданылғанда, оларда нақтылық болмайды, абстракт мағынаға ауысады, демекон бес мың, сегіз, мың деген сөздер жайындағы ұғымды ғана аңғаруға болады.

Қазақ тіліндегі сан есімдер бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың секілді жиырма шақты сөздер арқылы жасалатындығы ғылымда дәлелденген жағдай, яғни «санға байланысты неше түрлі болып жатқан абстракт ұғымдар осы жиырма сөз арқылы және олардыңтүрленуі арқылы беріледі».

Қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын бір топ сөздер бар. Бұл сөздерді Ә. Хасенов екі топқа бөліп қарастырған: бірінші-сан есімнің тура мағынасындағы, яғни дәл сан мағынасын білдіретін және солар арқылы жасалған сөздер: егіз, қос, жарты, жарым, жеке, жалқы, сыңар, жалгыз, некен-саяқ, дара және осы сөздердің әрқайсысының мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталған.

Автор сан есім мағыналы сөздердің екінші тобын өз ішінде тағы да екіге бөлген: 1. әртүрлі тіркестер арқылы берілетін абстрактылық ұғымдар; 2.счеттік (нумеративтік) сөздер мен сан мағыналы есімдер,

Ғалым бірінші топқа сүт пісірім, шай қайнатым, бір шай ішім, ет асым, ат шаптырым, ел жатар кез, түс ауа, күндік жер, қозы көш жер т.б. секілді тіркестерді жатқызған. Ал екінші топқа жүз бас қой, бір қап бидай, бір нар киім, екі қабат үй, үш түрлі мәселе, бір түп ағаш т. б. секілді сөздерді жатқызып, бул сөздерді счеттік (нумеративтік) сөздер деп атаған.

А. Ысқақов қазіргі қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын сөздер бар екендігі,олардың жеке-дара түрінде де, сөз тіркесі түрінде де кездесетіндігін айта келіп, жарым, жарты сөздері бөлшектік ұғымдардың, жалғыз, жалқы, сыңар, дара сөздері бірлік ұғымдардың, центнер, килограмм, тонна, қадақ, батпан сөздері салмақ өлшемдердің, қадым, қарыс, кез, метр, шақырым, ат шаптырым, қозы көш(жер) аралық өлшемдердің және ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің арасында, әу дегенше сияқты уақыт, мерзім өлшемдердің атаулары есебінде қолданылатындығын көрсеткен .


Бұл сөздердің мағынасында аздаған мөлшерлік ұғым болғанмен, олар сан есімге жатпайды. Мысалы: жарым, жарты, жалқы, сыңар, дара, қос, егіз сөздері-сын есімдер, центнер, қарабатпан, килограмм, тонна, гектар, кубометр, адым, қарыс, кез, метр ,шақырым сөздері-зат есімдер, ат шаптырым, қозы көш (жер), ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің арасында, әу дегенше-тұрақты тіркестер).

Сан есімге жатпаса да, мөлшерлік мағынада тілімізде жиі қолда-нылатын осы сөздердің ерекшеліктері академиялық грамматикада (2002) нақтыланып көрсетілген және бұл сөздер мынадай ретте топтастырылған:

— салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: қадақ, пұт, келі, батпан;

— көлем мөлшерін білдіретін сөздер: бір шымшым, біруыс, бір тілім, бір құшақг.6.

— қалыңдық өлшемін білдіретін сөздер: пышақ сырты, шынашәқ, бармақ, екіелі т.б.

— қашықгықөлшемін білдіретін сөздер: адым, таяқтастам, шақырым, қозы көш жер, ат шаптырым т.б.

— ұзындық өлшемін білдіретін сездер: тұтам, сынық сүпем, кере кез, аршын, құлашт.б.

-жарты мағынасын білдіретін сөздер: жарты, жарым т.б.

— бір мағынасын білдіретін сөздер: жеке, дара, жалғыз, жалқы;

— екі мағынасын білдіретін сөздер: егіз, қос, пар; -төрттен бір мағынасында: ширек;

— уақыт мөлшерін білдіретін сөздер: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым биенің бір сауымындай уақыт .

Бұл сөздердің барлығы да мөлшерлік мағынада қолданылғандарымен, сан есім болмайды.

Сан есімдердің морфологиялық сипаты жағынан негізгі ерекшелігі ол өзі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылып, бірақ ешқандай морфологиялықөзгеріскетүспейтіндігі ғылыми зерттеулерде, оқулықгарда анық сипатталған. Яғни, сан есімдер өздерінің өрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелетін сандық, сан- мөлшер мағыналарында қолданылганда, еш өзгеріске түспейді. Мысалы, Поездан бұдан басқа төрт адам түсті (Н. Ғабдулин), Ол жақтан келетін екі автобус сәскеде келеді (сонда). Осы сөйлемдердегі төрт, екі сан есімдері өздері тіркесетін зат есімдердің алдынан түбір күйінде, ешбір қосымшасыз қолданылып тұр.

Сан есімдер субстантивтенгенде түрленіп, «әр алуан өзгеріске түседі, демек, көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те және жіктеліп те қолданылады. «Мысалы, Мынабірбұлтжіңішкерекеліп, екігеүзіліп кетті (С. Бе-гал ин). Қармақтары балық қапқанша бір- біріне үндеспеуге серт айтысқандай екеуінде де үн жоқ (С. Омаров). [5, 24-34 бет]

Сан есімдер құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Тілімізде дара сандар көп емес, барлығы жиырма шақгы- бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жөті, сегіз, тогыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексөн, тоқсан, жүз, мың.


Күрделі сан есімдерге Ә. Хасенов «екі немесе бірнеше дара саннан құралған сан есімдер«, -деген анықгама берген. Мысалы, Қазақстан жерінде сүтқоректілердің жүз елу алты, құстардың төрт жүз жетпіс төрт, балықгыңжүз қырық түрі бар (оқулықган). Осы сөйлемдегі сан есімдер екі, үш, төрт сан атауынан құралған.

Грамматикапарда дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып екіге бөледі. Негізгі дара сан есімдерге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатқызылады. Мысалы, бір, екі, бес, жеті, сег/зт.б. Ал туынды сан есімдер әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Мысалы, бірер, бірінші, үшеу, төртеу т.б.

Осы негізгі және туынды дара сан есімдердің тіркесуінен я қосар-лануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есімдер деп аталады. Мысалы, он бес, бес- бестен, жүз тоқсан бес, жетпіс- сексеннен т.б.

Сан есімнің сөзжасамын арнайы қарастырған проф. Н. Оралбаева күрделі сан атауларын «екі я онан да көп сандардың бір- бірімен тіркесіп, құрамындағы сандардан басқа сандықұғымды білдіретін түрі «,-деп атаған. Ғалым айтып отырғандай, күрделі сан есімнің құрамында қанша сан атауы болса да, барлығы бірігіп, бір күрделі сандық ұғымды білдіреді. Мысалы: жиырма бес мың тогыз жүз тоқсан тогыз- осы жеті сан атауы бірігіп, бір ғана күрделі сан атауын білдіріп тұр. Ал күрделі сан атауының ең кемі екі сөзден тұруы «бұл- міндетті шарт, онан кем болуы мүмкін емес. Бірақ күрделі санның құрамы екіден әлдеқайда көп бола береді. Мысалға миллионға дейінгі күрделі сандардың ең көбі тоғыз сөзден тұрады: тогыз жүз тоқсан тогыз мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз».

Миллионнан асқанда күрделі санның құрамы тоғыз сөзден де көп болуы мүмкін. Бірақ, ғалым көрсетуінше, «күрделі сандардың құрамы неғұрлым көбейген сайын күнделікті өмірде оның қолданылуы сирей береді. Күрделі сандардың мыңға дейінгі түрлері өмірде көп кездеседі, көбірек қолданылады, ал миллионға дейінгі күрделі сандар олардан әлдеқайда сирек қолданылады .

Күрделі сандардың тағы да мынадай ерекшеліктері бар:

1) Оларда синонимдік қасиет болмайды, әрқайсысының мағыналары дербес болады.. Мысалы, жүз тоқсан бес, жүз тоқсан алты. Осы екі күрделі сан атауы екі түрлі ұғым білдіреді.

2) Күрделі сандар бір сөз болғандықган, қосымшапар олардың соңғы компонентіне жалғанады. Мысалы: Қала халқы жүз он жеті мыңнан асады (Н. Баяңцин). Осы сөйлемдегі төрт компоненттен тұратын күрделі санның соңғысына шығыс септігі жалғауы жалғанған.

3) Күрделі сандар біртұтас сөз болғандықган, олардың арасына еш уақытта ешбір морфема кіре алмайды, оларды бөліп айтуға болмайды. Күрделі сандар өз тұтастығын, орын тәртібін беріксаідайды. Мысалы, тоғыз мың елу екі деген күрделі сан атауы тек қана осы төрт сан атауынан жасалады, олардыңорнын ауыстырса, арасына басқа морфемаенсе, бұл уғымды бере алмайды.