Файл: ІІ. Негізгі блім 1тарау. Бастауыш сыныпта сан есімді оыту дістемесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 235
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Реттік сан есімдер құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара реттік сан есім бір сан есім арқылы жаслады. Жаздың бірінші жаңбыры құйындата келіп төгіп жіберді (Майлин).
Күрделі сан есімдерге бірнеше сан есімдердің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Бір мың тоғыз жүз жиырма жетінші жылы демалысқа келгенімде... (Момышұлы)
Қолданылу стильдік ерекшелігіне қарай реттік сан есімдерін жасайтын жұрнақтар ондық, жүздік, мыңдық сандарға қарағанда, бірлік сандарға жиі жалғанатыны байқалады.
Синтаксистік қызметі жағынан реттік сан есмінің зат есімнің алдында келіп, анықтауыш болады. Бұл- оның негізгі қызметі. Тентекті тәртіпке шақыру – бірінші парыз (Иманжанов). Екінші мәселе: жұмысшыларды топқа бөлу (Майлин) деген сөйлемдердегі бірінші, екінші сан есімдері парыз, тілек секілді зат есімдерді реттік жағынан анықтап тұр.
Реттік сан есімдер сөз тудырушы жұрнақтар қабылдап, басқа сөз табына айналып кетеді.Мұндай сөздер көп емес. Олар –лей жұрнағы арқылы жасалған екіншілей сөзі (үстеу), -лік жұрнағы арқылы жасалған біріншілік сөзі (зат есім). Бір сынаған адамды екіншілей сынама. (Махамбет). Әлем біріншілігінде алғашқы бестікке ілініп... («Алматы ақшамы»)
Жинақтық сан есім – заттың жинақталған сандық мөлшерін білодіріп, нешеу? Деген сұраққа жауап беріп, сан есімдерге –ау, -еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жаслады. Үшеуі тізелерін қосқанда, найзалы баран атты атының басын тартыңқырап, анау екеуімен қатарласа берді (Сейфуллин). Адам баласы екі нәрседен: бірі-тән, бірі- жан. Достарың мың болса да, аз деп біл, дұшпаның біреу болса да, сақтан (Мақал) деген сөйлемдердегі екеуі, біреу, үшеуі сан есімдері жинақтық жағынаны білдіріп тұр.
Жинақтық сан есімдер бір мен жеті аралығындағы сан есімдерге –ау, -еу жұрнақтары жалғануы арқылы жаслады: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау,, жетеу. Мұнда екі, алты, жеті сөздеріндегі қысаң –ы, -і дыбыстары түсіріліп қолданылады.
Жинақтық сан есімдердің бір ерекшелігі, әдетте, зат есімдерсіз жеке қолданылып, заттық мәнге ие болып, әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей білдіріп тұрады. Алтау ала болса, алдындағыны алдырып, төртеу түгел болса, төбедегіні түсірер. Екеуі көп отырмай, үйге қайтты («Ғашық Наме»). Біреуі-сол сұмдардың Құсан залым (Байзақов).
Синтаксистік тәсілмен жинақтық сан есімдер қосарланып немес ара сөзімен бірігу арқылы үстеу сөз табына айналып ктеді: екеу-екеу, екеуден-екеуден, екеуара т.б. Балауыз шамның түбінде екеуден-екеу күңкілдесіп отырғанбыз (Сәрсенбаев)
Жинақтық сан есімдер құрамы жағынан тек дара түрінде ғана қолданылады.
Топтық сан есімдер заттар мен құбылыстардың санын топтап көрсетіп, қаншадан? Нешеден? Деген сұрақтарға жауап беріп, есептік, болжалдық сан есімдерге шығыс септігінің көнеленген қосымшаларының жалғануы арқылы жасладв. Біз екі-үштен бөлініп кеттік (Керімбеков). Беті шиқандай екі еркек, қасында бір-бірден бала жігіт бар (Мүсірепов).
Топтық сан есімдер морфологиялық жағынан дара және күрделі болып бөлінеді.
Дара топтық сан есім есептік сан есімдерге көнеленген шығыс септігінің жалғануы арқылы жасалады. Екі ана үш рет екеуден туған (Мұқанов)
Күрделі топтық сан есімдер бірнеше есептік сан есімдердің тіркесіп, соңғысына көнеленген шығыс септігінің жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Екі моторлы қайыққа алты адам үш-үштен бөлініп мініп, айданға бет алды (Тілегенов).
Сан есімнің негізгі қызметі – мағынасы жағынан заттың нақты санын білдіру болғандықтан, әдетте, сөйлемде сан есім анықтауыш қызметін атқарады. Сонымен бірге сан есім белгілі жағдайда сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін атқара алады. [9, 69бет]
1.Сан есім заттың мөлшерін, санын, ретін, бөлшегін білдіретіндіктен, зат есімнің алдында келіп, анықтауыш болады. Ондайда сан есім өзі анықтайтын зат есіммен орын тәртібі арқылы қабыса байланысады. Жұмысқа араласып адам бола бастағаны 2-3 жылдан бері ғана (Момышұлы). Ортасында бес үйлі бар көп үйлі ауыл (Әуезов).
Сан есім ілік септігінде тұрып та, матаса байланысып анықтауыш бола береді. Мұқаң екеуміздің арамызда алтын көпірдей жалғайтын – ұлы Абайдың рухы еді (Қаратаев). Екеуінің осы тұрысы – қылмысты адамның сыртынан бақылаған күзеттегі қарауыл секілді (Майлин).
2.Сан есім атау септігінде тұрып, бастауыш қызметін атқарады. Екеуі де жарасымды қалжың сияқты (Мүсірепов). Үшеуіміз жүргенде, толып жатқан күш едік (Махамбет).
3.Сан есім сөйлем аяғында келіп жіктеліп, баяндауыш болады. Екінші – ұят, сосын шындық - үшінші (Баласағұни)
4. Сан есім барыс, табыс,жатыс, шығыс, септіктерінің бірінде тұрып, өзінің бағынып тұрған сөздеріне меңгеріле байланысып, жанама, тура толықтауыш қызметін атқарады. Аңдыстырған екеуін, Құдайым-ай! (Абай).
5.Сан есімдер септік жалғауын қабылдамай-ақ, етістік алдында тікелей келіп, пысықтауыш болады. Үстінен «бес», «төрт» деп сатылай толтырылған жиырма бес көк аттестат қолымызда отырды (Нұршайықов)
6.Сан есім зат есіммен немесе қатыстық сын есіммен тіркесе келіп, сөйлемнің күрделі мүшесі, тіпті кейде үйірлі мүшесі де бола алады.
Бұл шатыр төрт бұрышты, кеңдігі жүз адым, биіктігі үш найза (Жұмабаев). Қазақ әдетінде, қырықтан асқан әйел құдай жолына берілу керек (Майлин).
2.2. Сан есімдерді деңгейлік тапсырмалар негізінде оқыту
Бүгінгі күннің басты талаптарының бірі – қоғамда білімді, саналы, жан-жақты дамыған азаматтарды тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі орта мектептерде өзгерістің тереңдігімен білімді де, тәрбиені де қайта қарап, жаңа жоспарлар түзілуде. Заман мұғалімдерге жоғары талаптар қояды. Білім берудің бүкіл жүйесін қайта құрудағы басты тұлға – мұғалім. Солай екен, оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру ұстаздан ыждағаттылықты талап етеді. Оқытудың тиімділігін арттырып, жастарды дербес өмір сүруге, еңбекке даярлау үшін заман қазір мұғалімнен творчестволық негіздерді нығайтуды, оқушыларға білімді игеруде бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, барлық әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырғанда ғана сапалы білім, сапалы тәрбие беру жүзеге асады.
Мектепте педагогикалық тәжірибе барысында 4-сыныпта сан есім тақырыбы бойынша өткізілген сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Сан есімді қайталау. «Өрмекшi» ойыны
Сабақтың мақсаты: бiлімдiлiк – сан есiмнiң жасалу жолдарын оқып үйрену, оқушы дүниетанымын, ой - өрiсiн дамыту, жеке тұлғалық қасиеттердi жетiлдiру; дамытушылық – топпен жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру; тәрбиелiк - өзара сыйластыққа, бiрiн – бiрi тыңдай бiлуге, сауаттылыққа, тұлға ретiнде қалыптасуға баулу. [11, 23 бет]
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңi.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3.Жаңа сабақ. «Өрмекші» ойыны.
Сыныптағы оқушылар төрт – төрттен топтарға бөлiнедi. 1, 2, 3, 4 деген белгiлердi омырауларына тағады. Алдымен отырған үстелден 3 деңгейдегi сұраққа дайындалып, үлгергенiнше жауап жазып қалдырады. 1-үстелдiң тапсырмасын орындап болған соң (белгiлi уақытта), келесi үстелге барып, келесi сұрақтарға жоғарыдағыдай жауап жазып қалдырып, осылай сабақ барысында 4 үстелдi айналып, сұрақтарға жауап бередi.
Әр үстелдегi тапсырманы орындауға 10 минут берiледi. Соңында жазылған парақшаларды жинап алып, мүғалiм тексерiп бағалайды. Әрбiр дұрыс жауап 10-дық ұпаймен бағаланады. Ең көп ұпай жинаған оқушыға ынталандыру сыйлығы тапсырылады.
Әрбiр дұрыс жауап I деңгей үшiн 10 ұпаймен
II деңгей үшiн 10 ұпаймен
IІІ деңгей үшiн 10 ұпаймен бағаланады.
I деңгей.
1-тапсырма
1. Сан есім деген не?
2. Сан есім зат есімнің қандай мағыналық белгілерін білдіреді?
3. Күрделі сан есімдер қалай жасалады?
4. Сан есім мағынасына карай қандай түрлерге бөлінеді?
5. Есептік сан есімнің ерекшеліктері неде?
6. Реттік сан есім нені білдіреді және калай жазылады?
2-тапсырма
Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазындар.
5, 7, 3, 20, 180, 1000, 34, 71, 82, 120.
3-тапсырма
Дара сан есімдерді бір бағанға, күрделі сан есімдердіекінші бағанға жазындар.
Отыз, тоқсан, елу, жетпіс жеті, алпыс тоғыз, жүз елу үш, он сегіз, жиырма төрт, мың екі жүз елу сегіз, алты, үш, қырық екі, жиырма жеті, он үш, тоқсан, тоғыз, екі, алпыс, үш, төрт-бес, екіден бір, алпыс-жетпіс, бес-бестен, он-оннан, екі-үш, бір бүтін үштен екі.
II деңгей.
1– тапсырма. Мақал-мәтелдердiң құрамындағы түсiрiлген сан есiмдердi жаз.
Қызға …үйден тию. …ала болса, ауыздағы кетер.
Ер жiгiттiң …сөйлегенi өлгенi. Бiлектi …жығар, бiлімдi …жығар.
2 – тапсырма. Халық даналығындағы 3,5,7, 9 сандарына байланысты ұғымдарды айтыңдар.
3 – тапсырма.Сөйлемдерден сан есімдерді тіркескен сөзіменбірге теріп алып, сөзбен жазындар.
40-50 жылдар қазақ тіл білімінің жаңа деңгейге көтерілу, өсу дәуірі болды. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын алфавитін қолданған қазақ халқы орыс графикасына негізделген жаңа алфавитті қабылдады. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясының құрылуы ғылымның әр түрлі салаларының дамуы үшін зор рөл атқарды.
IІІ деңгей. 1 – тапсырма. Көп нүктенiң орнына тиiстi сан есiмдерді қойып жаз.
Бiлектi …дi жығар, бiлімдi … ды жығар; …кiсi …жақ, қыңыр кiсi …жақ. …ала болса, ауыздағы кетедi, …түгел болса, төбедегi келедi; …сомың болғанша, …досың болсын; …атасын бiлген ер …жұрттың қамын жер.
2– тапсырма. Берілген дара және күрделі сан есімдерді қатыстырып, сөз тіркесін құрап жазындар.
Жиырма, үш жүз елу, он екі, отыз үш, тоқсан, жетпіс, мың, сегіз жүз елу үш, жиырма алты, қырық бес, алты жүз отыз екі, жүз елу сегіз, жеті, он жеті, бес жүз тоқсан, алпыс.
3– тапсырма. Төмендегі сан есімді сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастырындар. Сан есімдердің мағыналық, құрамдық ерекшелігін айтындар.
Алты жүз елу дәптер, бір мың екі жүз оқушы, жиырма төрт мектеп, сегіз жүз жетпіс оқулық, алты-жеті бала, жиырма-отыздаған адам, жүздеген-мындаған оқырмандар, жүзге таяу ағаш, балалардың бесеуі, үш-үштен бөлініп, екі-екіден жұптасып, екі жолаушы, жиырма бес ата-ана.
Тақырыпқа байланыстыра отырып жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланып, айтар ойымызды оқушылармен бірлесе отырып шешіп отырсақ, сабақтың құны артады.
Жаңа педагогикалық технологияға негізделген сабақ оқушылардың білім дәрежесін, үлгерімін жақсартып, дағдыларын қалыптастырады. [10, 78 бет]
2.3.Бастауыш сыныптарға сан есімді