Файл: Мазмны 1 Блім кмелетке томаандар арасында ы бзушылыты алдын алу бойынша жмысты йымдастыру.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 278
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- зорлық жасау (жыныстық түрде қауіп төндіріп, не зорлық жасағанда);
- адам денсаулығына ауыр жарақат салғанда (ҚР ҚК 103-бабы) және орташа жарақатта (ҚР ҚК 103-бабы), яғни, дене жарақатын келтіргенде,
Жазада қарастырылғандай қылмыстық жауапкершілік тағайындалып – бас бостандығынан бірнеше жылға айырылады да, кіші жастағы қылмыскерлерге арналған колонияларға жіберіледі.
Сондықтан, біз Сенің осы жадынамаға аса мән бергеніңді қалаймыз, алғаш кезде тек «балалық, шалалықтан» басталатын жай қылықтар ауыр қылмыстарға алып келетінін есіңе саламыз.
Қылмыскер атанғанша, Заңға және адамзаттың жылдар бойы жинаған тәжірибелерінен тұратын нақты ережелерге бағынып, жақсы және дұрыс өмір сүрген дұрыс.
ОҚЫ, ОЙЛАН, ЕСІҢЕ САҚТА, ТӘРТІПКЕ КЕЛ.
САҒАН ТАБЫС ТІЛЕЙМІЗ!
Қиын жағдайдан қалай шығуға болатындығы туралы және
қауіпсіздік ережелері бойынша оқушыларға жадынама
Қылмыс – қылмыстық құқықпен тыйым салынған қоғамға қауіпті әрекет. Оның өзіндік біршама белгілері бар.
Қылмыс – бұл қашанда қоғамдағы қауіпті әрекет.
Қоғамдық орын – адамдардың жиналатын кеңістігі не аймағы, бұл жерге әркім емін-еркін немесе ақылы түрде кіре алады.
Қазіргі таңдағы өмір түрлі қауіпті және қиын жағдайларға толы. Қараңғы подъездерде, көлік аялдамаларында, электр пойызы кіре берісінде немесе тыныш саябақтарда түрлі қылмыстар жасалып жатады: өлім, адам зорлығы, денеге ауыр жарақат салу, тонау, ұрып-соғу және тағы басқалары.
Әрине, барлығы бізге байланысты емес, дегенмен, біз өзімізге қатысты, біраз қарапайым ережелер мен талаптарды ұстанатын болсақ, яғни,өзімізді сақтықпен ұстасақ, өз өмірімізді, денсаулығымызды, абыройымызды сақтап қалу және қорғауға мүмкіндігіміз жоғары.
Балаға үйрету қажет:
- бөгде адамдарға пәтердің есігін ашпауды (тіпті олар әке-шешесінің жақын достарымыз десе-дағы);
- бөгде адамдармен сөйлеспеуді (кішкентай балалармен аялдамада, қоғамдық көлікте, балабақшада тез танысу оңай);
- бөгде адамнан сыйлық не тәтті-дәмді алмауды (көбінесе – қылмыскердің өзінің құрбанын оңай таңдауының бір жолы);
- танымайтын адам келгенде ата-анасын, не достарын айқайлап шақыру керек;
- не ұсынса да ешкімнің үйіне қонаққа бармау керек (жаңа мультфильм немесе кино көруге, компьютерде ойнауға);
- лифт немесе подъезге бөгде адамдармен кіруге болмайды (балаңызды «Мен ата-анамды күтемін» деген сөздермен «қаруландырыңыз»);
- шұғыл жағдай туындағанда өзіне назар аудартудан қысылмауға үйретіңіз (балаңызға «Көмектесіңіздер! Бұл бөтен! Мен онымен бармаймын!» деген сияқты сөздер менсөйлемдерді үйретіңіз)
Балалар мен жасөспірімдердің
қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері
Балалар мен жасөспірімдер міндетті:
1. Қоғамдық орындарда – көшеде, гүлзарларда, барлық аулаларда, саябақтарда, театрларда, кинотеатрларда, спорт алаңдарында, қалалық және басқа да қоғамдық көліктерде қоғамдық тәртіпті сақтауға, жолда жүру ережелерін білуге;
2. Ересектермен, кәрі жастағы адамдар мен кішкентай балаларға, мүгедектерге сыпайылықпен қарауға;
3. Мемлекеттік және қоғамдық мүлікке дұрыс қарауға;
4. Қоғамдық орындар мен көшелерде тазалық сақтауға;
5. Жолдастарын жағымсыз қылықтан сақтандыруға;
6. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің ересектердің бақылауынсыз жүруіне жазғы уақытта сағат түнгі 23.00.-ге дейін рұқсат етіледі, ойын-сауық орындарында 22.00-ге дейін (Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабы).
Балалар мен жасөспірімдерге тыйым салынады:
1. Қоғамдық тәртіпті бұзатын көшедегі шерулерге қатысуға;
2. Көшеде, қалтарыстарда, гүлзарларда, жағажайларда және басқа да қоғамдық орындарда сауда жасауға, спиртті ішімдік ішуге, құмар ойындар ойнауға;
3. Көше, аула, подъезді және басқа да қоғамдық орындарды ластауға;
4. Газондар мен жасыл желектерді құртуға, үйлер мен подъездердің қабырғасын шимайлауға, сонымен қатар басқа да мемлекеттік және қоғамдық орындардың жертөлелерінде, шатырларында, подъездерінде жиналуға;
5. Жолдың көлік жүретін жерінде коньки, шана, шаңғы тебуге, ойын ойнауға;
6. 14 жасқа жетпегендерге жол үстінде велосипедпен, ал 16 жастан кішілерге мопед, мотоциклмен жүруге рұқсат етілмейді;
7. Шомылуға тыйым салынған жерлерде – өзендерде, тоғандарда шомылуға;
8. Темір жолдың рельстеріне бөгде заттар қоюға.
5 Б Ө Л І М
Білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу Кеңесінің қызметін нормативті-құқықтық қамтамасыз ету
2002 жылдың 08 тамызындағы № 345-ІІ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» Заңы (2014 жыл 29 желтоқсанында өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
4-бап. Балалардың тең құқылығы. 1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
1. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар.
2. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады.
19-бап. Баланың демалуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
1. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы.
2. Ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар өздерiнiң қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне сәйкес баланың күтiлуi мен жан-жақты дамуына қажеттi өмiрлiк жағдайларды қамтамасыз етедi.
3. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын пайдаланатын өзге де ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлердi құрады және оларды қолдап отырады.
4. Мемлекет балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады. 5. Балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытты өткізетін өзге де ұйымдарында, лагерьлері мен санаторийлерінде құдайға құлшылық етуді, дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге, сондай-ақ діни ілімдерді таратуға бағытталған іс-әрекеттерге жол берілмейді.
35 бап. Бала және дін
1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, бiлiм беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.
2. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Балаларды дiнге тарту жөнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.
36 бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi көмек көрсетiлуге тиiс.
4. Баланың заңдыөкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады.
5. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген баланың тұрғын жайынан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуына тыйым салынады.
.
37-бап. Балаларды алкагольді өнімдер мен темекі бұйымдарының зиянды әсерлерінен қорғау
1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi.
2. Балаға алкоголь өнімін, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
3. Алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын өндiруде немесе сатуда бала еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.
4. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет мекемелерiнде, сондай-ақ балаларға арналған iс-шараларды жүргiзу кезiнде шылым шегуге, темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
5. Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында алкоголь өнiмiн сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы (ҚР Президентінің 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 жарлығы) (2014 жылдың 05 тамызында өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
19-1бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары
1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары олардың тарапынан жаңа құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сондай-ақ оларды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою мақсатында кәмелетке толмағандардың құқықтық санасына және мінез-құлқына мақсатты түрде жүйелі әсер ету үшін қолданылады.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары:
1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары олардың тарапынан жаңа құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сондай-ақ оларды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою мақсатында кәмелетке толмағандардың құқықтық санасына және мінез-құлқына мақсатты түрде жүйелі әсер.ету.үшін.қолданылады. 2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары: 1).профилактикалық.әңгімелесу2) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралыұсыныс; 3).профилактикалық есепке алу және бақылау; 4) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беруұйымдарына.жіберу; 5).тәрбиелік.ықпал.ету.шаралары; 6).қорғау.нұсқамасы; 7).әкімшілік.жаза.қолдану; 8).сот үкімі бойынша қабылданатын шаралар болып табылады. 3. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары осы шаралар қолданылатын кәмелетке толмағандардың жеке ерекшеліктері және олар жасаған құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейі ескеріле отырып.айқындалады. 4..Мүдделі адамдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін. 5. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады. 6. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын есепке алу орталық атқарушы органдар белгілеген тәртіппен олардың құзыреті шегінде жүзеге асырылады.