Файл: Мазмны 1 Блім кмелетке томаандар арасында ы бзушылыты алдын алу бойынша жмысты йымдастыру.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 275
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
20___ ж. «___»_______________ қолдар
РЕЙДТІК КАРТАНЫҢ СЫРТ ЖАҒЫ.
РАСТАУ.
Мен, ___________________________________ , тұрғылықты мекен-жайым ________________
(Көршінің ТАӘ)
мектеп педагогтерінің ____________________ отбасына келгенін, үйде ешкімнің болмағанын растаймын.
_____________________ ___________________
(күні, уақыты) (Қолы)
201____ жылдың _________ айында
№___ ЖББМ бойынша
кәмелетке толмағандар арасында
қылмыс пен құқық бұзушылықтың жай-күйі туралы ақпарат
МОНИТОРИНГІ №.
| Білім беру ұйымының атауы | |
1. | Қолайсыз отбасылардың саны | 0 |
| ондағы кәмелетке толмаған балалар саны | 0 |
2 | Қаңғыбастылыққа бейім оқушылардың саны | 0 |
3 | ІІБ тіркеуінде тұрған оқушылардың саны | 0 |
4 | Мектепішілік бақылауда тұрған оқушылардың саны | 0 |
5 | Аудан/қала әкімі жанындағы КТІ және ОҚҚ комиссиясында қарастырылған материалдардың саны | 0 |
6 | Қылмыс жасаған оқушылардың саны | 0 |
7 | Құқық бұзушылық жасаған оқушылардың саны | 0 |
8 | Мұғалімдер қанша рейд өткізді, оның ішінде: айына: жылына: | 0 |
9 | ІІБ инспекторы қанша рейд өткізді, оның ішінде: айына: жылына: | 0 |
| рейдтерде анықталған кәмелетке толмағандардың саны: айына: жылына: | 0 |
| рейдтерде анықталған қолайсыз отбасылардың саны: айына: жылына: | 0 |
10 | Құқықтық білім бойынша барлығы қанша дәріс оқылды: айына: жылына: | 0 |
| Соның ішінде мұғалімдер өткізді: айына: жылына: | 0 |
| прокуратура қызметкерлері, айына: жылына: | 0 |
| құқық қорғау органдары, айына: жылына: | 0 |
11 | Құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша қанша Кеңес өткізілді айына: жылына: | 0 |
| қанша іс қаралды айына: жылына: | 0 |
| қаншасы қайта қаралды (бақылау) айына: жылына: | 0 |
12 | Қанша үйірме жұмыс жасайды | 0 |
| ондағы балалар саны | 0 |
| оның ішінде қиын балалар | 0 |
13 | Қанша спорт секциялары жұмыс жасайды | 0 |
| ондағы балалар саны | 0 |
| оның ішінде қиын балалар | 0 |
14 | Қамқорлықтағы балалардың саны | 0 |
Мектеп директоры АЖТ
орынд. әлеуметтік педагог
А.Ж.Т.
Телефоны
Құқық бұзушылық Кеңесі мамандарының функционалдық міндеттері:
Білім беру ұйымы директорының орынбасары:
-оқу жылы бойы жүргізілетін алдын алу Кеңесінің құжаттамасын бақылайды;
- педагогтерге – құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің мүшелеріне қажетті әдістемелік көмекті көрсетеді;
- қараусыздық пен құқық бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастырады;
- превентивтік білім беру бағдарламаларының енгізілуін бақылайды және таңдалған бағдарлама бойынша жұмысты қадағалайды;
- оқушылардың демалысын және балаларға арналған қосымша білім беруді (үйірмелік жұмысты) ұйымдастырады;
- «тәуекел тобы» (педагогтердің аса назар аударуын талап ететін оқушылар) деректерінің базасы бойынша жұмысты қадағалайды.
Мұғалімдер:
- талқыланатын мәселелерге деген педагогикалық көзқарасты қалыптастырады;
- «тәуекел тобы» оқушыларының деректер базасын құруға қатысады, мінездемелер береді;
- превентивтік оқыту бағдарламаларын іске асыруға белсене қатысады;
- қараусыздық пен құқық бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған шараларды өткізуге қолдан келер барлық көмегін көрсетеді.
Педагог-психолог:
- превентивтік психология саласында психологиялық-педагогикалық білімді насихаттау бойынша жұмысты жүргізеді;
- отбасыға кешенді көмек көрсетпес бұрын, сондай-ақ қол жеткізілген нәтижені қадағалау мақсатында өткізілген жұмыстан кейін психологиялық диагностиканы жүзеге асырады;
- оқушыларға, ата-аналарға консультациялық көмек көрсетеді;
- мекеменің әлеуметтік ортасын үйлестіруге қолғабыс етеді және әлеуметтік бейімделмеушіліктің орын алуын алдын алу бойынша превентивтік шараларды жүзеге асырады;
- «тәуекел тобы» оқушылары тұлғаларының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әр түрлі психологиялық көмек түрлерін (психологиялық түзету, оңалту және консультациялық) көрсету бойынша шаралар қолданады;
- әкімшілік пен педагогтерге әр түрлі психологиялық мәселелер бойынша кеңестер береді;
- педагогтермен, ата-аналармен және оқушылармен әр түрлі алдын алу жұмыстарының өткізілуін қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік педагог:
-«тәуекел тобы» оқушыларының тұлғасының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның микроортасын, өмір жағдайларын зерделейді;
-«қауіп-қатер» деректер базасын жаңа деректермен толықтырып қамтамасыз етеді (жаңа деректер болған жағдайда);
-тәуекел тобы оқушыларының қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, қиыншылықтары мен мәселелерін, қақтығыс жағдайларын, ауытқушылықтарын анықтайды және оларға уақытында әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді;
- «тәуекел тобы» оқушылары мен мектеп, отбасы, орта, әр түрлі әлеуметтік қызмет, мекемелер мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал ретінде әрекет етеді;
- құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмыс жасайтын отбасылардың әлеуметтік жағдайларын қадағалайды.
-ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге бағыттап жіберуге немесе кәмелетке толмағандарға қамқоршы тағайындауды рәсімдеуге жағдай жасайды ;
-Ішкі істер бөлімін, қамқоршылық және қорғау ұйымдарына бақылаусыздық, қаңғыбастылық, құқық бұзушылық және қоғамға қарсы әрекеттері үшін кәмелетке толмағандар туралы ақпарат немесе осының туындауының шығу себептері туралы мәліметтер береді; тәрбие беру, оқыту және (немесе) кәмелетке толмаған балаларды қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін орындамайтын немесе толық орындамайтын (немесе тәрбиелеушісінің жүріс-тұрысына кері әсерін тигізетін) ата-аналар, басқа да заңды тұлғалары туралы ақпараттар береді;
-кәмелетке толмағандар, олардың ата-аналары және басқа да заңды тұлғалары арасында құқықтық тәрбие беру бойынша жұмыстар, дәрістер, әңгімелер жүргізеді, сонымен бірге дөңгелек үстелдер мен конференцияларға қатысады;
- ай сайын Ішкі істер бөлімімен кәмелетке толмағандар ісі бойынша, білім беру ұйымдарына себепсіз келмеушілер туралы, басқа да мектепшілік есепте тұрған оқушылар бойынша тізіммен салыстыру, сәйкестендіру жұмыстарын жүргізеді;
Қатысады және қамтамасыз етеді:
- рейдтер жүргізу және білім беру ұйымдарына себепсіз келмейтін балалар мен жасөспірімдерді анықтау бойынша басқа да шараларға;
-жағдайсыз және аз қамтылған отбасы балаларының, сонымен бірге мектепішілік есепте тұрған кәмелетке толмағандардың тұрмыстық жағдайын зерттеуге ;
- құқық қорғаушылық бағыттағы балалар қозғалысы қызметін ұйымдастыруға;
-сабақтан тыс уақытта жасөспірімдердің толық қамтамасыз етілуі бойынша ұсыныстар жасайды;
- кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау комиссиясына девиантты балаларды арнайы мектеп-интернаттарға жіберіп, бағыттауға байланысты және ата-аналық құқықтан айыруға қажетті материалдарды жинақтауға.
Медициналық қызметкер:
- оқушылар мен олардың ата-аналары арасында медициналық білім базасын кеңейтеді;
- тәуекел тобы оқушыларының денсаулығының жай-күйі туралы деректерді ұсынады.
Құқық қорғау органдарының өкілі:
- оқушылар, ата-аналар, сондай-ақ педагогтер арасында заңгерлік білім базасын кеңейтеді;
- «тәуекел тобы» оқушыларымен белсене жұмыс жүргізеді;
- құқық бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған кездесулерді, сабақтарды өткізеді;
- әлеуметтік педагогпен бірге «тәуекел тобы» оқушыларының отбасыларына рейдтер жасайды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу Кеңестеріндегі қарауға ұсынылатын тақырыптар:
1. Ата-аналардың балаларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттері үшін жауапкершілігі;
2. 14-жасқа толған кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі;
3. Бала ұрлығы: мәселені шешу жолдары;
4. Балаларға қатыгез қарым-қатынас үшін жауапкершілік;
5. Балалар агрессиясы, оның себептері мен салдары;
6. Әлеуметтік нормалар және бейәлеуметтік мінез-құлық (қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік);
7. Тұлғаның қоғамдық және құқықтық жағдайы (Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары, бостандығы мен міндеттері);
8. Қылмыстық құқық. Қылмыс үшін жауапкершілік.
9. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.
10. Ішімдік өнімдері мен есірткі заттарын қолдану үшін жауапкершілік. Педагогикалық кеңесте немесе директордың қатысуымен өткен кеңесте қаралады 201_ ж. «__» ____ №____ хаттама | Мектеп директоры бекітеді |
Оқушыларды мектепішілік есепке қою және мектепішілік есептен шығару туралы ереже
І. Жалпы ереже
1.1.Осы Ереже балалар мен жасөспірімдердің бейәлеуметтік жүріс-тұрыстарының алдын алу бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады,білім беру ұйымдарында әлеуметтік қауіпті жағдайдағы және жеке жұмыс жасауды талап ететін оқушыларды ішкі есепке тұрғызу ережесін реттейді.
1.2. Мектепішілік есепте көрсетілген топтардағы оқушыларды ерте кезеңде анықтау және оларға жеке алдын алу (түзету) көмегін көрсету мақсатында жүргізіледі.
1.3.Мектепішілік есепке алу жұмысының мақсаты -алдын алу жұмысы сапасын жақсартуға қажетті барлық тиімді объективті жағдайларды жасау, білім беру ұйымдарында білім алушыларды әлеуметтік және құқықтық қорғау.
1.4. Осы ереже білім алушыларды мектепішілік есепке қою және есептен шығару ережесін реттейді.
ІІ. Негізгі мақсаттары мен міндеттері
2.1 Мектепішілік есеп мектепішілік бейімделмеуді, оқушылардағы бейәлеуметтік жүріс-тұрысты ерте кезеңде диагностикалау, білім алушыларды бақылау және оларға уақытында әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету үшін жүргізіледі.
2.2 Негізгі міндеттері:
- кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы іс-әрекеттерінің, құқық бұзушылық, бақылаусыздық, қаңғыбастылықтың алдын алу, ескерту;
- кәмелетке толмағандардың заңды құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
-әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған немесе әлеуметтік жетімдік бойынша тәуекел топтағы балаларды дер кезінде анықтау;
-сабақ оқуға ынтасы жоқ, тәртібінде ауытқулары бар жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық көмек көрсету, қолдау;
-балаларды тәрбиелеу мен оқытуда отбасыларға мекенжайлық жеке көмек көрсету.
ІІІ. Мектепішілік есепке қою және тіркеуден шығару қызметін ұйымдастыру
3.1.Мектепішілік есепке қою және тіркеуден шығару туралы шешім құқықбұзушылық Кеңестің отырыстарында қабылданады.
3.2. Мектепішілік есепке қою және тіркеуден шығару сынып жетекшісінің, әлеуметтік педагогтың, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының пікірі, айтуы бойынша жүзеге асады. (1 қосымша)
3.3.Кәмелетке толмаған тұлғаны мектепішілік есепке қою үшін құқық бұзушылық Кеңесінің отырысы болардан 3 күн бұрын директордың тәрбие ісі бойынша орынбасарына келесі құжаттар ұсынылады:
1) Кәмелетке толмаған тұлғаға мінездеме.
2) Сынып жетекшісінің алдын алу жұмысы бойынша жасөспіріммен және оның ата-анасымен (заңды тұлғасымен) жүргізген жұмысы туралы анықтама.
3) Отбасының тұрмыстық жағдайын тексеру актісі (қажетіне байланысты).
4) Көмек көрсетуін өтінген жасөспірімнің ата-анасының (заңды тұлғасының) өтініші.
3.4.Құқық бұзушылық Кеңесінің отырысында жасөспіріммен және оның ата-анасымен жүргізілетін жұмыстар жоспары талқыланады және бекітіледі,