Файл: 1. 1 Макроэкономиканы пні. 2 Макроэкономикалы талдауды масаттары, ерекшеліктері жне талдау дістері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 307

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әрбір модельде айнымалылардың екі түрі бар:

1) экзогенді (сыртқы) – сырттан модельге енгізіледі, олар модель тұрғызғанға дейін беріледі, бұл бастапқы ақпарат;

2) эндогенді (ішкі) – ұсынылған міндетті шешу процесінде модел ішінде пайда болады және оны шешудің нәтижесі болып табылады.

Эндогенді және экзогенді ретінде экономикалық айнымалыларды жіктеумен қатар, оларды уақыт бойынша өлшеу тәсілімен байланысты басқа да топтастыру маңызды. Макроэкономикалық көрсеткіштерді зерттеуде «қор» (запас) және «ағын» (поток) ұғымдары қолданылады.

Ағын - белгілі бір уақыт аралығында қандай да бір көрсеткіштің өзгеруі (бір айдағы жалақы, бір айдағы жұмысын жоғалтқан адамдардың саны, бір жылдағы өндіріс көлемі және т. б.).

Қор - нақты бір уақыт аралығына байланысты емес қазіргі уақыттағы макроэкономикалық көрсеткіштің жалпы жағдайы (мысалы, 2020 жылдағы тұрғын үй қоры, осы аталған жылдағы халықтың жинағы, жыл соңындағы жұмыссыздар саны және т.б.).

Модельдерді құру кезінде функционалдық тәуелділіктің 4 түрі қолданылады:

1. Қоғамда қалыптасқан артықшылықтарды білдіретін мінез-құлық функциялары. Мысалы, үй шаруашылықтарының тұтыну (C) мен жинақ (S) арасында өз кірісін бөлудің анықталған заңдылықтарын келесі тиісті функциялар түрінде ұсынуға болады: C = C(Y) және S = S(Y).

2. Өндірістің технологиялық жағдайларын сипаттайтын функциялар, яғни өндірісте пайдаланылатын факторлардың саны (еңбек N және капитал K) мен максималды өндіре алатын өнім арасындағы тәуелділік: Y = Y (N, K).

3. Модель параметрлері арасындағы институционалдық тұрғыда белгіленген тәуелділікті білдіретін институционалдық функциялар. Мысалы, салық түсімдерінің сомасы (T) кіріс шамаларынан (Y) және тиісті салық ставкасының институтымен (t) белгіленген функция бар: T =TYt.

4. Экономикалық құбылыстардың вербальды анықтамасына сәйкес келетін тәуелділіктерді білдіретін дефинициялық функциялар. Мысалы, игіліктер нарығындағы жиынтық сұраныс (AD) деп үй шаруашылықтарының тұтынушылық сұранысы (C), кәсіпкерлік сектордың инвестициялық сұранысы (I), мемлекет (G) және шетелге (Xn) білдіреді. Бұл анықтама мынадай ұқсастық түрінде ұсынылуы мүмкін: ad C + I + G + Xn.
1.3 Макроэкономика және экономикалық саясат.

Макроэкономикалық теория үкіметтің экономикалық саясатының теориялық негізін құрайды. Кез-келген экономикалық саясат макроэкономикалық концепциялар мен ұсыныстардың негізінде қалыптасады және жүзеге асады.


Макроэкономикалық саясат - мемлекеттің, оның институттарының, заң шығарушы және атқарушы органдардың мақсатты қызметі. Макроэкономикалық саясаттың бір ғана мақсаты болмайды және оларды жүзеге асыру барысында жаңа проблемалар туындауы мүмкін. Мысалы тұрақты экономикалық өсудің қарқынын қамтамасыз ету мен толық жұмысбастылыққа қол жеткізу инфляция дейгейін өсіреді. Сондықтан үкіметке нақты мерзімде шешуді талап ететін мәселелерді айқындау қажет болады.

Макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ете отрып, халықтың тұрмыс-жағдайын жақсарту; жалпы баға деңгейін тұрақтандыру арқылы инфляция деңгейін төмендету; еңбек ресурстарын тиімді қолдану, жұмыссыздықтың табиғи деңгейін қалыптастыру; төлем балансының, ұлттық валюта бағамының, бюджет тапшылығының, мемлекеттік қарыздың проблемаларын шешу.

Макроэкономикалық теория әдістердің, зияткерлік құралдардың, ойлау техникасының жүйеленген жиынтығы ғана емес, сонымен қатар шаруашылық мінез-құлықтың оңтайлы стратегияларын сипаттау үшін қажет. Ол қазіргі заманғы тұжырымдамалар жиынтығы ретінде, сондай-ақ нарықтық экономиканың қандай да бір қатысушыларының мінез-құлықтың жекелеген макроэкономикалық қағидаттарын себепті қолдануын анықтайды. Макроэкономикалық білімді іс жүзінде қолдану қазіргі нарықтық жүйелердегі бәсекеге қабілеттіліктің маңызды факторы болып табылады, оны үй шаруашылықтары, фирмалар мен мемлекеттер үшін өте практикалық және пайдалы етеді. Дұрыс қабылданбаған шешімдердің ең маңызды салдары макроэкономикалық деңгейде сезіледі.

Егер макроэкономикалық теория тиімді экономикалық таңдау тәсілдерін, өзара іс - қимыл жасайтын үй шаруашылықтарының, фирмалар мен мемлекеттің қоғамдастығына пайдалы әдістерді зерделеп, сипаттаса, онда макроэкономикалық саясат қоғамдық іс-әрекеттердің бұқаралық технологияларын қабылдау және іске асыру саласы, соның нәтижесінде нақты макроэкономиканың өзі жаңа сапаға ие болады.

Макроэкономика қиын болған сайын, макроэкономикалық саясат мазмұнды және әр түрлі болады. Қазіргі заманғы макроэкономикада ақша-кредит, бюджет-салық саясаты, жұмыспен қамту және жұмыссыздық саласындағы саясат, инвестиция, экономикалық өсу саясаты, технологиялық, құрылымдық, әл-ауқат, экологиялық-экономикалық, сыртқы экономикалық саясат және тағы басқалар сияқты бағыттар ерекше маңызға ие болып отыр.
Негізгі ұғымдар:

Үй шарушылығы.


Кәсіпкерлік сектор.

Мемлекетік сектор.

Шетелдік сектор.

Макроэкономикалық модел (үлгі).

Эндогенді өзгермелер.

Экзогенді өзгермелер.

Нормативтік әдіс.

Агрегаттау.

Позитивті (оң) әдіс.

Қор.

Ағындар.

2 НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

2.1 Жиынтық ұлттық өнім және жиынтық ішкі өнім.

2.2 Нақты және номиналды өзгермелер. Баға индексі.

2.3 Макроэкономикалық тепе-теңдіктер.
2.1 Жиынтық ұлттық өнім және жиынтық ішкі өнім.

Макроэкономикалық талдауда Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) ұсынатын көптеген экономикалық көрсеткіштер пайдаланылады. Ұлттық шоттар жүйесін алғашында американдық экономистер Сайман Кузнец, Ричард Стон және Василий Леонтев енгізген. Ұлттық шоттар жүйесін макроэкономикалық есеп стандарты ретінде Біріккен ұлттар одағының мүше елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы қолданады.

Экономикалық қызметтің нәтижелерін бағалайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі - жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) және жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ) болып табылады. Бұл көрсеткіштердің көмегімен ұлттық экономиканың қазіргі жағдайын анықтайды және болашағын болжайды, бір ұлттық экономиканың мүмкіншілігін екінші ұлттық экономиканың мүмкіншілігімен салыстырады.

Жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ) - белгілі бір уақыт кезеңінде (жыл) ұлттық капиталдың көмегімен өндірген барлық түпкілікті, соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. ЖҰӨ отандық кәсіпкерлердің өндірілген өнімі. Олар тек қана Қазақстанда емес, шетелде де жұмыс істеуі мүмкін. Мысалы, қазақстандық фирма Рессейде өнім өндірсе оның нарықтық құны Қазақстанның жиынтық ұлттық өнімінеде, ал Рессейдің жиынтық ішкі өнімінің құрамында есептелінеді.

Бұл көрсеткіштер ұлттық экономиканың даму деңгейін және даму мүмкіншілігін анықтау үшін қолданады. Егер экономиканың даму деңгейі ЖҰӨ-нің көлемімен анықталатын болса, оны халықтың тұрмыс жағдайын бағалау үшін де қолдануға болады.

Жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) - белгілі бір уақыт кезеңі (жыл) үшін осы елдің резиденттері өндірген барлық түпкілікті, яғни, соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.

Резиденттер болып, ұлттық тиесілігіне қарамастан осы елдің экономикалық аумағында экономикалық мүдде орталығы бар (өндірістік қызметпен айналысады немесе тұрғылықты тұрады) барлық экономикалық бірліктер саналады. Егер қазақстандық фирма шет елде тауарлар мен қызметтер өндірсе, оның өнімі Қазақстанның ЖІӨ-нің құрамында есептелмейді.


ЖҰӨ мен ЖІӨ-де тек қана ағымды кезеңде өндірілген өнімдер ғана есептелінеді. Егер тауар бұрын өндірілген, бірақ қазір сатылып жатса оны есептемейді, оны сақтауға кеткен шығынды қосылған құн ретінде есептейді.

ЖҰӨ мен ЖІӨ-де түпкілікті немесе соңғы тауарлар мен қызметтер ғана есептелінеді. Түпкі тауарлар мен қызметтер - тек соңғы тұтынуға, жинақтауға және экспортқа шығарылатын өнімдер мен қызметтер. ЖІӨ-ге аралық өнімдердің нарықтық құныны қоспаймыз. Аралық өнім - қайта өңдеуге арналған өнім. Аралық өнімдердің нарықтық құнын қосу қайта есептің пайда болуына әкеледі. ЖІӨ-нің құрамында тек қана қосылған құнды есептейді. Қосылған құн - өндірілген тауарлар мен қызметтердің құны мен өндіріс процесінде толық пайдаланылған тауарлар мен қызметтердің құны арасындағы айырмашылық.

Мысалы, фермер қойдың жүнін мата тоқитын фабрикаға сатады, матаны киім тігетін фабрика сатып алады да дайын киім тігеді. Дайын киімді үстеме сауда мекемесі сатып алып, киім дүкеніне сатады. Соңында тұтынушы дүкеннен киімді сатып алып тұтыну қажетіне жаратады. Сонымен, алғашқы өнім - жүн аралық өнім ретінде өндірістің бес сатысынан өтсе, мата 4 сатыдан, ал дайын киім 3 сатыдан өтті.
Кесте 1- Өндірістің бес сатылық процессіндегі қосылған құн


Өндірістің сатылары

Сатылған өнім құны (тг)

Қосылған құндар (тг)

Фермер

0

60

0

60

Жіп иретін фабрика

100-60

40

Киім тігетін фабрика

125 -100

25

Үстеме сауда мекемесі

175-125

50

Киім дүкені

250 -175

75

Саудадағы жалпы құн

710




Қосылған құн




250


ЖҰӨ мен ЖІӨ-нің айырмашылығы жеке елдердің арасындағы елге келетін және елден кететін төлемдердің айырмашылығын көрсететді. Егер шетелден келген төлемдер шетелге кеткен төлемдерден көп болса ЖҰӨ ЖІӨ-нен көп болады және керісінше.