Файл: 1. 1 Макроэкономиканы пні. 2 Макроэкономикалы талдауды масаттары, ерекшеліктері жне талдау дістері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 311
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЖҰӨ есептеу кезінде ескерілмейтін шаруашылық операциялардың түрлері:
- зейнетақылар, жәрдемақылар, стипендиялар, әлеуметтік сақтандыру және т.б. мемлекеттік трансфертік төлемдер;
- қор нарығында бағалы қағаздарды сатып алу-сату;
- қолданған тауарларды қайта сату;
- көлеңкелі экономиканың өнімдері.
Егер экономиканың даму деңгейі ЖҰӨ мен ЖІӨ-нің көлемімен анықтап, оларды халықтың тұрмыс жағдайын бағалау үшін де қолдануға болатын болса, онда ескерілмейтін шаруашылық операциялардың түрлері бұл көрсеткіштердің кемшілігі болады.
Жиынтық ұлттық өнімді үш әдіспен есептейді:
1. Қосылған құн бойынша (өндірістік әдіс).
2. Шығыстар бойынша:
ЖҰӨ= C + I + G + Xn (түпкілікті пайдалану әдісі) (1),
мұнадағы:
C –тұтыну шығындары;
I –инвестициялық шығында;
G –мемлекеттік шығындар;
Xn - шетелдің шығындары.
3. Кірістер бойынша:
ЖҰӨ = W+ r +A + R +T+Пр (бөлу әдісі) (2),
мұндағы:
W -жалақы түріндегі кірістер;
r - жинақ бойынша пайыздар;
A - амортизациялық аударымдар;
R - рента немесе жалдау ақысы түріндегі кірістер;
T - кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтар;
Пр.- пайда.
2.2 Нақты және номиналды өзгермелер. Баға индексі.
ЖҰӨ көрсеткішіне баға деңгейінің өзгеруі айтарлықтай әсер етеді, содықтан ЖҰӨ-ді номиналды және нақты деп бөліп қарастырамыз. Номиналды ЖІӨ ағымдағы жылдың бағасымен есептелінеді, ал нақты ЖІӨ – тұрақты бағамен, яғни базистік бағамен (инфляцияны ескере отырып) есептелінеді. Базистік жыл ретінде өткен кезеңдегі экономикалық көрсеткіштері тұрақты және оңды болған жыл алынады.
Нақты ЖІӨ-ді есептегенде номиналды ЖІӨ-ді баға индексіне байланысты түзету қажет. Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ / баға индексі.
1) Егер баға индексі < 1 болса, онда номиналды ЖҰӨ-ге ұлғайту жағына түзету жүргізіледі. Ол инфляциялау деп атайды.
2) Егер баға индексі > 1 болса, онда номиналды ЖҰӨ-ге азайту жағына түзету жүргізіледі. Ол деффляциялау деп атайды.
Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) - бұл тұтыну тауарлары мен қызметтердің бағасының жалпы деңгейінің көрсеткіші. ТБИ қарапайым қала тұрғынының тұрақты тұтынатын тауарлар мен қызметтерге (тұтынушы қоржыны) шыққан шығынын өлшейді.
Тұтыну бағаларының индексі = осы жылдағы нарықтық қоржынның бағасы / базалық жылдағы нарықтық қоржынның бағасы ( пайызбен). Бұл Ласпейрес индексі деп аталады.
ЖҰӨ-нің дефляторы - ағымды жылдағы номиналды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасы арқылы анықталынады. ЖІӨ-нің дефляторы базалық бағалар алынған жылдан бастап осы уақытқа дейінгі кезеңдегі инфляцияның көрсеткіші болып табылады.
ЖҰӨ-нің дефляторы = номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ. Бұл Пааше индексі деп аталады.
Фишера индексі: Pf=
Өндірушілердің баға индексі алғашқы коммерциялық келісім бағасының негізінде есептелінеді. Ол шикізаттар мен жартылай дайын өнімдердің бағаларын ескереді.
Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) мен ЖҰӨ-нің дефляторы арасындағы айырмашылықтар:
- ЖҰӨ дефляторы тауарлардың өзгермелі жиынтығы үшін есептеледі және Пааше индексі болып табылады, ал ТБИ тауарлардың өзгермеген жиынтығы үшін есептеледі және Лапейрес индексі деп аталады;
- ЖҰӨ дефляторы экономикада өндірілетін өнімдер мен қызметтер атауларының барлық тізбесі бойынша бағалардың өзгеруін көрсетеді, ал ТБИ тек тұтыну тауарларына бағаның өсуін көрсетеді;
- ЖҰӨ дефляторы өндірілетін тауарлар құрылымындағы өзгерістерді ескереді, ал ТБИ ескермейді;
- ЖҰӨ дефляторы ұлттық факторлармен өндірілген өнім бағасының өзгеруін көрсетеді,ал ТБИ импорттық тауарлар бағасының өзгеруін ескереді.
ЖҰӨ экономикалық субьектердің арасында бөлінеді. Бөлу барысында маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер пайда болады. Олар:
- таза ұлттық өнім (ТҰӨ) = ЖІӨ – Амортизация;
- ұлттық табыс (ҰТ) = ТҰӨ – жанама салықтар;
- жеке табыс (ЖТ) = ҰТ – әлеуметтік сақтандыру жарнасы, пайда салығы, корпорациялардың бөлінбейтін пайдасы + трансферттік төлемдер (TR);
- қолда бар табыс (ҚБТ) = жеке табыс – табыс салығы.
Қолда бар табыс тұтыну мен жинаққа қолданылады: (Y = C + S).
2.3 Макроэкономикалық тепе-теңдіктер
Тепе-теңдік немесе теңдестіктер - айнымалылардың кез-келген мәндерінде дұрыс теңдікті білдіретін сандық көрсеткіштер. Теңдестіктерді қарастыру үшін қарапайым жорамалдар қолданамыз:
1 . Амортизация нөлге тең болады. Бұл жалпы және таза ұлттық өнім арасында, сондай-ақ жалпы және таза инвестициялар арасында айырмашылық жоқ дегенді білдіреді.
2. Жанама салықтар нөлге тең, бұл бірінші болжаммен бірге ұлттық өнім мен ұлттық табыс арасындағы айырмашылық жоқ дегенді білдіреді.
3. Y арқылы ЖҰӨ белгілейміз және Y бір мезгілде ұлттық өнім мен ұлттық табысқа тең екенін ескере отырып, бұдан әрі Y кіріс немесе шығарылым деп атайтын боламыз.
Негізгі макроэкономикалық теңдестіктер (тождество):
1) Y = C + I - өндірілген өнім өткізілген өнімге тең;
2) Y = S + C - барлық кіріс тұтынуға және жинаққа пайдаланылады;
3) C + I = Y = C + S - сұраныстың құрамдас бөліктері кіріске тең, ал кіріс тұтыну мен үнемдеуге қолданылады;
4) I = Y-C = S - жинақ инвестицияларға тең;
5) Y = C + I + G + NX - өндірілген өнім тауарлар мен қызметтерді үкіметтік сатып алуды және таза экспортты ескере отырып өткізілген өнімге тең;
6) YD = Y + TR - TA - қолда бар табыс кіріске тең плюс трансферттер минус салықтар;
7) YD = C + S - қолда бар табыс тұтыну мен жинақтауға пайдаланылады;
8) C + S = YD = Y + TR-TA - тұтыну салықтар мен жинақтарды шегергендегі кірістер мен трансферттердің сомасына тең;
9) C = YD-S = Y+TR-TA-S - тұтыну жинақтарды шегергендегі қолда бар кіріске тең, немесе сол сияқты, тұтыну салық пен жинақтарды алып тастағанда плюс трансферттер кірісіне тең;
10) S - I = (G + TR - TA) + NX - жеке сектордың инвестицияларынан (S - I) артық жинақ мемлекеттік бюджет тапшылығына (G + TR-TA) тең.
Негізгі ұғымдар:
Жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ).
Жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ).
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ).
Ұлттық табыс (ҰТ).
Жеке табыс (ЖТ).
Қолда бар табыс (ҚБТ).
Номиналды ЖҰӨ.
Нақты ЖҰӨ.
ЖҰӨ-нің дефляторы.
ЖҰӨ-ді инфляциялау.
ЖҰӨ-ді дефляциялау.
Тұтынушының баға индексі.
Өндірушінің баға индексі.
Ласпейрес индексі.
Пааше индексі.
Фишера индексі.
3 ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС. AD-AS МОДЕЛІ
3.1 Жиынтық сұраныс және оның факторлары.
3.2 Жиынтық ұсыныстың классикалық және кейнсиандық тәсілдері.
3.3.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі.
3.4 Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік және AD-AS моделіндегі тұрақтандыру саясаты.
3.1 Жиынтық сұраныс және оның факторлары.
AD-AS моделі негізгі макроэкономикалық моделге жатады. Оның көмегімен ұлттық экономикадағы баға деңгейі мен ұлттық өндіріс көлемінің арасындағы байланыстар анықталады. Макроэкономистер AD-AS моделін экономиканы тұрақтандыруға бағытталған үкіметтің фискалды және монетарлы саясатының әдістерінің тиімділігін немесе тиімсіздігін бағалай отырып, ұсыныстар жасайды.
Жиынтық сұраныс (AD) барлық экономикалық агенттердің (тұтынушылар, кәсіпкерлер, үкімет және шетел) кез-келген баға деңгейінде нақты ұлттық өнім көлеміне деген сұраныстарының қосындысы. Жиынтық сұраныстың математикалық моделі: AD = C + I + G + Xn.
Жиынтық сұраныстың ішінде үлесі өте жоғарғысы - үй шаруашылығының тұтыну тауарлары мен қызметтерге сұранысы (С), ең тұрақсызы - инвестициялық тауаларға сұраныс (I).
Үй шаруашылығы тұтыну тауарлары мен қызметтерге, ал кәсіпкерлер өндіріс құрал-жабдықтарын тұтынуға сұраныс білдіреді және шығын шығарады. Сондықтан тұтынуды жеке және өндірістік деп қарастырады. Үй шаруашылығының тұтыну тауарлары мен қызметтерге сұранысы ең алдымен олардың жеке табыстарына байланысты болады.
Инвестициялық тауарларға сұраныстың (шығындар) макроэкономикада мынандай түрлері қарастырылады: кәсіпорындардың негізгі қорларына инвестиция, үй құрылысына инвестиция, материалдық-қорларға ивестиция. Кәсіпорындардың негізгі қорларына инвестиция - олардың ғимараттарын, өндіріске қажетті құрал-жабдықтарды алуға шығатын шығындары арқылы анықталады. Үй құрылысына инвестиция - тұрғын үйлерді салу немесе сатып алу, сатып алып жалға беру шығындары. Материалдық қорларға ивестиция - кәсіпорындардың дайын өнімдерді, шикізаттарды, материалдарды уақытша сақтауға арналған шығындары. Инвестициялық сұраныс пайыз мөлшерлемесіне (r) кері байланысты.
Тауарлар мен қызметтерге мемлекет тарабынан сұраныс (мемлекетік сатып алу шығындары) жиынтық сұраныстың үшінші құрамдас бөлімі. Мемлекет қоғамдық тұтынуды қанағаттандыруға қажетті тауарлар мен қызметтерге сұраныс білдіріп шығын шығарады. Мемлекетің трансферттік шығындары G құрамында қарастырылмайды. Салықты өсіру арқылы қаржыландырылатын трансферттік төлемдердің өсуі қолда бар табысты өсірмейді, сондықтан ол тауарлар мен қызметтерге сұранысқа әсер етпейді.
Жиынтық сұраныстың төртінші құрамдас бөлімі таза экспорт (Xn). Шетелдік экономикалық субъектердің отандық тауарлар мен қызметтерге сұранысы немесе шығындары. Импорттық тауарлар мен қызметтерге сұраныс C, I, G құрамдарында қарастырылады. Сондықтан таза экспорт экспортпен импорттың айырмашылығы (EX-IM).
Жиынтық сұранысты терең және жан-жақты талдау үшін оның графикалық моделін қолданады. Оны 1 - суретінің көмегімен талдайды.
Сурет 1 – Жиынтық сұраныс
Жабық экономикада таза экспорт жоқ болса өндірілген жиынтық өнімді үй шаруашылығы - тұтынуға, бизнес - инвестиция жасауға, мемлекет - қоғамдық мұқтаждықтарға қолданады. Яғни, олар осы мақсаттармен ЖІӨ-ге сұраныс білдіреді және шығын шығарады: Y= C + I + G. Салық пен мемлекеттік шығындар – экзогенді айнымалылар. C, I , r - эндогенді айнымалылар. Тауарлар мен қызметтер нарығындағы тепе-теңдік: Y = C (Y-T) +I (r) +G. Тепе-тең пайыз мөлшерлемесінде тауарлар мен қызметтерге сұраныс олардың ұсынысына тең болады. Мемлекеттік шығындарды бюджет-салық саясатының экзогенді өзгермесі ретінде қарастырады.
Суреттің тік сызығында баға деңгейі, ал көлденең сызығында нақты ұлттық өнім көлемі көрсетілген. Егер басқа жағдайлар тұрақты болса AD сызығы осы екі өзгермелердің арасындағы кері байланысты көрсетеді. Бұл кері байланысты микроэкономикадағы жеке тауарға сұраныс мөлшері мен оның бағасының арасындағы байланыс сияқты түсіндіруге болмайды. Себебі мұнда жеке тауар емес жиынтық нақты ұлттық өнім, жеке баға емес жалпы барлық тауарлардың баға деңгейі қарастырылады. Сондықтан бұл кері байланыс баға деңгейінің жиынтық сұранысқа тигізетін үш әсерінің көмегімен түсіндіріледі.
1. Байлық әсері немесе нақты кассалық қалдықтар әсері (Пигу эффектісі). Баға деңігейі өссе халықтың жиналған байлығының құны түсіп, нақты қаржылық активтердің сатып алу қабілеттері төмендейді. Бұл халықты өздерін кедей ретінде сезінуге және шығындарын қысқарту туралы шешім қабылдауға әкеледі. Яғни, экономикалық субъектілер тарабынан нақты ұлттық өнімге жиынтық сұраныс азаяды.
2. Пайыз ставкасының әсері (Кейнс эффектісі). Баға деңгейі өссе тұтынушылар мен кәсіпкерлерге көп қолма-қол ақша қажет болады. Егер айналымдағы ақша массасы тұрақты болса, ақшаға сұраныстың өсуі пайыз мөлшерлемесінің өсуіне әкеледі. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі инвестициялық тауарларға сұранысты қысқарту арқылы жиынтық сұранысты азайтады.
3. Импорт әсері (Манделла-Флеминга эффектісі). Ұлттық экономикада басқа елдерге қарағанда баға деңгейі өссе отандық тауарлар мен қызметтер қымбаттайды. Отандық қымбат тауарларға сұраныс қысқарып, оның орнына елде шетелдік тауарларға сұраныс өседі. Шетелдіктердің біздің тауарларға сұранысы азаяды. Бұл импортты өсіріп, экспортты қысқартады, нәтижесінде таза экспорт (Xn) азаяды.
Осы әсерлердің нәтижесіндегі өзгерістерді AD сызығының бойымен бір нүктеден екінші нүктеге жылжу арқылы көрсетеміз.
Баға деңгейі мен нақты ұлттық өнім көлемінің арасындағы кері байланысты қарастырғанда «басқа жағдайлар тұрақты болса» дедік. Демек жиынтық сұранысқа әсер ететін бағадан басқа да факторлар бар. Олар жиынтық сұраныстың құрамындағы элементтерге әсер ету арқылы AD-ны өзгертеді.
AD-ның бағадан тыс факторлары.
1. Тұтыну шығындарының өзгерісі:
а) тұтынушының тұрмыс жағдайы;
б) тұтынушының күтуі;
в) тұтынушының қарызы;
г) салықтар.
2. Инвестициялық шығындардың өзгерісі:
а) пайыз мөлшерлемесі;
б) кәсіпкерлердің инвестициядан күтетін пайдасы;
в) салықтар;