ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 100
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазбаға дейін кейбір корғандардың орта шеніндегі тастары көрініп жатты.
№34 қорған. Дөңгелек пішінді, көлемі-16 м, биіктігі 50-60 см. Таудың жақпар тастарымен өзеннің ірілі-ұсақты малта тастарынан және топырақ аралас үйіндіден тұрады. Орталығында диаметрі 1 м болатын ойыңкы шұңкыр бар. Қорғанның тас үйіндісінің арасынан екі жерленген адам анықталды, оның бірі дұрыс сақталмаған. Оның жанынан тас қайрақ табылды. Екіншісі нөлдік деңгейден-1,90 тереңдікте басы ССш-қа қаратылып, аяқтары бүгулі, оң жақ бүйірімен жатқызылған күйінде кездесті жерленгеннің басында тас жастық болды.
Қабір шұңқыры ОБ-СШ бағытында созылып, самырсыннан жасалған қима-тағанда бастары ОБ-қа қаратылып 2 адам жерленген. СБ қабырғаны бойлай бастары СШ-қа қаратылып бірінен соң бірі 2 жылқы жатқызылған. Жерленгендердің оң жақтарында койдың омыртқалары мен құйымшағы және темір пышақ анықталды. Адам бас сүйектерінің маңайында әйнекті және көзілдірікті моншақтар шашылып жатты. Екі жылкының маңдайларынан алтын жапырақшалы маска тәріздес зат қалдықтары алынды.
Адам қаңқаларының аяқ жақтарында Алтайдың ежелгі көшпенділеріне тән өрнектермен безендірілген екі керамикалық ыдыс анықталды.
Бірінші ыдыс биік және тар мойынды, ернеу жағы тарылып келеді. Орта тұсы шар тәріздес, біраз ассиметриялы. Ыдыстың биіктігі-28,5 см, ернеуінің диаметрі-11,2 см. түбі-9,3 см. Ыдыс мойынынын жоғарғы жағында, ыдыс мойынының контурын бойлай жолақ сызылған. Жолаққа ұштары төмен қаратылған үшбұрыштар жабысып тұр. Үшбұрыштардан төмен қарай ыдыс тамға тәріздес белгілермен өрнектеле сызылған. Мұндай өрнектер сарматтардың тамғаларына өте ұқсас.
Екінші ыдыста біріншіге ұқсас мойыны биік және тарлау, орта тұсы шар тәріздес ыдыс. Ыдыстың биіктігі-27 см, ернеуінін диаметрі-11 см. түбі-8.5 см. Бұл ыдыста алғашқы ыдысқа тән белгілермен өрнектелген. [26,8]
2. 2 2001-2003 жылдардағы археологиялық қазба және барлау
жұмыстары
1998-1999 жылдардағы таңданысты ірі жаңалықтардан соң, Қазақ Алтайындағы байырғы замандардың ескерткіштеріне деген қызығушылық артқаны белгілі. Ежелгі және ортағасырлық көшпелілердің мәдениеті туралы жаңа мәліметтерді табу қажеттігіне байланысты 2000-20002 жылдары археологтар, антропологтар, архитекторлар, этнографиямен қатар тоңтану-климотология, топырақтану, биология, патоморфология және өзге ғылым саласындағы мамандардың қатысуымен Берел қорымындағы комплексті зерттеулер жалғаса түсті. Қазба жұмыстарына ҚР Білім және ғылым министрлігі Археология институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің (бүгінгі күнде СМПИ) мамандары мен студенттері қатысты.
Қазба жұмыстары 2000 жылы аяқталған отыз төртінші және жиырма бесінші қорғандар, 2001 жылы аяқталған отыз үшінші қорған туралы алғашқы қысқа сипаттамалар баспа бетінде жарияланды.
Жиырма бесінші және отыз үшінші қорғандар қалану ерекшеліктерімен заттық деректерімен түркі заманының ескерткіштерімен байланысты, Берел қорымындағы қорғандардың уақытнамалық шеңбері кеңейе түсті.
Ерте темір заманындағы жерлеу. Ғұрыпының және материялдық мәдениеттің түркі заманына дейін сабақтастық жалғастығы туралы түсініктер ұлғайды. [25, 64].
№36 қорған бұл оба кезінде жер қабатына отырып, бетін шым басқандықтан, көрінбей жоспарға түспей қалған болатын. №11 қорғанның СБ жағында орналасқан шым басқан қабаты алынған соң, тұғыр тастармен бекітілген негізгі конструкция анықталды, қорған диаметрі -11м., 1,5-2м. тереңдікте қақпақ тас ролін атқарған ірі тастар кездесе бастады. Қабір шұңқырының орта тұсында биікті 1,20 м. тас “стела” анықталды. 3,55 м. тереңдікте жұмыр тастар, одан кейін ағаш қима-таған қалдықтары кездесті. Қабір шұңқырының шығысында тонаушылардың ізі толық байқалды. Ішкі құрылысы тастарды бір-біріне жапсарластырып қалаған.
Қабір шұңқырының көлемі - СО-3,70 м, БШ-3,10 м. Адам сүйектері әр түрлі деңгейде кездесті. Анатомиялық қалыпта тек оң жақ - қолы жатты. Сүйек жанынан пышақ тәріздес темір зат табылды.
Бұл қорғандағы біз үшін маңыздысы аттың жерленуі болды. Жылқыға арнайы сындырылып тегістелген тастардан табан жасалып, жан-жағы жалпақ тастармен бекітілген тас жәшік жасалған. Тас жәшіктің беткі тастары ашылып 3,60 м тереңдікте әшекейленген ат қаңқасы көрінді. Әшекейлердің барлығы скиф-сібірлік аң стилінде сүйектен жасалып, кейбір алтынмен қапталған. Кейбір әшекейлер-декоративті өрнектеу мәнеріндегі, сақтардың да, ғұндардың да бейнелеу өнеріне тән бейнелері бар, ерттеу сәті енді ғана туып отырған керемет әсем туындылар.
№ 31 қорғанның тас үйіндісі кішірек, диаметрі 12 м. ғана болатын оба
келбеті дөңгелекке жақын, шығыс бөлігінің қаламасы біршама мүйістеле біткен.
Қорған ортасындағы мола шұңқырының орны анықталған соң, оның ішін тазалау жұмыстары жүргізілді. Бір метрге дейін бойлағанда бірнеше қатар кылып салған ірілеу тастар шығып отырды. Шұңқыр бетінен 1,4 м тереңдікте шұңкырға ойылған аттың сүйегі, одан кейінгі екінші аттың сүйектері, ал 1,8 м тереңдікте жерленген адам сүйегі көріне бастады. Қорған бетімен өлшегенде, сүйектер 2,65-2,80м тереңдікте жерленген адам сүйегі көріне
бастады. Мола шұңкырының көлемі орта-есеппен 2,85х1,75 м, тереңдігі-1,8-1,9 м. Жерленген адам мен екі аттың бастары солтүстік-шығысқа қаратылған. Адам ұзындығы екі метрге, ені бір метрге жуықтайтын, бізге шірінді күйінде жетіп отырған ағаш қима-таған ішіне оң жамбастана, аяғы біршама бүгулі күйінде жерленген. Сүйек тұрқының ұзындығы-1,8 м. Қима-тағанның екінші қабырғасына жақын, адамның ауызымен деңгейлес 25-30 см қашықтыта жіңішке мойынды, бүйірі шығынқы, тұрқы биік керамикалық ыдыс қойылған. Ыдыс келбеті-соңғы сақ заманына бәлкім б.з.д ІІІ ғ. жатады. Адамның алға қарай жіберілген қос қолына жұмсақ, бәлкім былғары, алтынмен тұтас қапталған ыдыс ұстатылып, оның контуры қойдың омыртқа сүйектерімен және алтын фольга мамырандыларымен белгіленіп тұр. Адам қаңқасының астынан ұзындығы 30 см болатын қанжар алынды. Оның сабы қысқа болып келген. Мұндай темір шоттар Юстыд қорғандарының барлығында дерлік кездескен. [27, 77-83].
Қима-таған сыртында, алқым-бауырларымен адам жерленген
жаққа қаратылып, аяқтары бүгілген күйінде арасын үлкен жалпақ тас бөліп, екі ауыздықталған ат қойылған.
Бұл қорған б.з.д ІV-ІІІ ғасырлардағы сақтар саяси бірліктеріне қараған Қазақ Алтайының ежелгі көшпелілер мәдениетінің жарқын бір көрінісі.
Қорғанның мола шұңқырында сақталған ағаш шіріндісінің үлгілері радиокөміртегілік талдауға алынды. Қорғаннан алынған материалдар қазіргі күнде зерттелу үстінде.
№32 қорған. Қазбаға дейін беткі қабатын түгел дерлік шым басып жатты. Шым кабаты тазаланғаннан кейін, диаметрі 16 м тас үйінді анықталды. Қорғанның орта тұсында көлемі 2,87x2,36 м болатын сопақша келген тонаушылықтың ізін білдіретін ойық бар. Қорған негізінен тұғыр тас құрылыстары арқылы қаланған. Тұғыр тастар саны 80. Қорғанның беткі жағынан көлемі: ұзындығы-21 см., ені-5 см, қалындығы-2,2 см болатын жұмыр тастан жасалған қайрақ анықталды. Қорған қабат-қабат бойынша зерттелді.
Қабір шұңқырында (ұзындығы СШ-ОБ-3,5 м, ені-2,3 м) көлемі: ұзындығы-2,5 м, ені-0,7 м болатын астау-табыт анықталды. Оның ішіндегі адам сүйектері тонаушылар іс-әрекеттерінен жан-жаққа мамылған. Астау-табыттың ішінен бірнеме алтын жапырақшалар мен бір қола әшекей алынды. Қима-тағанның сыртында, солтүстік қабырғаға таман ауыздықталған бір жылқы жаты. Жылқының каңқасы қабырғадан ағаш тақтайма арқылы бөлінген.
2003 жығы барлау жұмыстары нәтижесінде Қазақ Алтайында жаңа. археологиянық ескерткіштер табылды.
Берел ІІ қорымы 30 қорған – қоршаумен құрбан шалу орындарынан тұрады. Петроглифтер Жамбыл адылының солтүстігінде екі үлкен қорған табылап олар Жамбыл І қорғандар тобына жатқызылды. Бұнда скиф-сақ дәйуіріне жататын тасқа қашап салынған суреттер табылады. Суреттер өте нашар сақталған бұғы, тау теке, бұқа және т.б. суреттері бар.
Кездейсоқ табылған заттар: ШҚО Ұлан ауданы Тарғын ауылының тұрғының Нурлан Айтықов бақша қазу барысында қола шапқы тапқан. Бұл шапқы аң стилімен жасалған.
ІІ -ші топқа кіретін қорғандар анағұрлым І-ші топ қорғаударынан кіші биіктігі 0,1 – 0,2 м. құрылысы мен конструкциясына қарап бұл қорғандарды ерте көшпенділер мен түркі дәуіріне жатқызуға болады.
Жамбыл ІІ. Бұл қорғандар алдынғы қорғандардың жалғасы, батысқа қарай орналасқан. Негізгі үш қорғанан тұрады, барлығының формасы дөнгелек, диаметр м 5-8 м.
Жамбыл ІІІ. Бұнда үлкен төрт қорған сақталған диаметірлері 25 м. биіктігі 0,1 м. Үш қорған ССШ – ООБ бағытта тізбектеле орналасқан.
2003-2004 жылдары А. Х. Марғұлан атындағы археология институты ҚР білім және ғылым министірлігі Берел обаларында зерттеулерін жалғастырды. Экспедиция басшысы З. Самашев болды.
№ 23 қорған. Үлкен Берел қорғанан солтүстік – батысқа қарай 300 м. жерде орналасқан. Қазба басталғанға дейін қорған биіктігі 0,5 м. диаметірі 12,60 х 12,20 құрады.
Бұл қорған ішінен жылқы сүйектері, адам сүйектері, қыш құмыраның сынығы, алтын жапырақша табылды. Зерттеушілер бұл қорғаның жасын б.з.д. IV – III ғасырлар деп белгіледі.
№ 37 қорған № 1 қорғанан батықа қарай 100 м. қашықтықта орналасқан. Қазба басталғанға дейін қорған биіктігі 0,3 м. диаметіріс 10 х 12 м. болды. Қабірдін түбінде 0,97 м. тереңдікте адам қанқасы табылды, шалқасынан жатқызылып басы шығысқа қаратылған. Адам басының солтүстік жағында қыш ыдыс табылды, сол қолында домалақ амулет болды, оң қолының тұсында темір бұйындар пышақ, жебе бастары болды. Аяғында темір үзенгі, ауыздық, белдік табылды. Скелеттің солтүстік жағында қойдың белдеме және қабырға сүйектері табылды. Табылған заттарға сүйене отырып бұл қорғанды Түркі дауіріне б.з. VIII ғасырға жатады деп шамалауға болды.
№ 38 қорған Қазба басталғанға дейін биіктігі белгісіз болды. Зерттеу барысында бұл қорған құрбан шалатын орын екендігі анықталды. Қорған көптеген қоршаулардан тұрады. Қазу барысында жылқы басының сүйектері табылды. Бұл объектіні түркі дәуірінің құрбан шалу орны деп шамалап б.з. VIII ғасырға жатады деп айтуға болады.

ШҚО Қатон-Қарағай – ауданы Жамбыл аулының маңында үш топқа бөлінген қорғандар тобы табылды.
Жамбыл І. Жамбыл аулының солтүстігінде орналасқан 15 – қорған – қоршау табылды және олар екі топқа бөлінген. І – ші топқа екі үлкен қорған енген. Олардың диаметірі 15, және 20 метр, биіктігі екі метр және оданда биік. Екеуінің төбесінің ортасында тонау іздері яғни шұнқырлар бар. Бұл қорғандардың батысында үш құрбан шалу орындары бар, олардың диаметірі 2-3 метр.