Файл: 1 сра жауабы азастан халы Ассамблеясы оамдаы тратылы пен келісімні сенімді, берік іргетасына айналды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 2381
Скачиваний: 34
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1931-1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақстанда ағарту, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық салаларында ұлттық зиялылар қалыптасты. Сонымен қатар, Қазақ КСР-де жоғары оқу орындары саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
Кәсіптік білім беретін оқу орындарының көбеюі Қазақстан зиялыларының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Жаңадан ашылған жоғары оқу орындарында М.Әуезов, О.Жандосов, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, Т.Жүргенов, С.Аспандияров тағы басқа қазақтың зиялы қауымдарының өкілдері қызмет атқарды. ХХ ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ.Жұбанов, С.Аспандияров, Ж.Аймауытов, А.В.Затаевич, А.Байтұрсынов, Ә.Диваев, А.П.Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М.Е.Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды.1935 жылы профессор С.Аспандияровтың еліміздің тарихы жөнінде «Қазақстанның көне заманнан бері тарихы» атты ғылыми еңбегі жарық көрді.
44.сұрақ Қазақ этногенезінің үндіирандық кезеңін сипаттаңыз.
Қазақтардың этногенезінің қалыптасуы көшпелілер өркениетінің пайда болуымен тығыз байланысты болды. Қазақ этногенезінің ерте кезеңдерін зерттеу Қазақстан аумағындағы түрлі археологиялық мәдениеттерді қалыптастырушылардың тілдерін анықтаумен тікелей байланысты. Зерттеушілердің көпшілігі «ертеде иран тілдері мен тайпаларының таралу облысы Оңтүстік Шығыс Еуропа облыстарынан Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан» деп санайды. Үндіеуропалықтармен, дәлірек айтсақ, үндіирандықтармен (арийлермен) қола дәуірінің жақсы зерттелген кезеңі Андрон мәдени қауымдастығының уақытымен байланыстырылады. Андрондықтардың үндіирандық екендігі туралы болжам жазбаша (Авеста, Ригведа, басқа да Ведалар) және лингвистикалық мәліметтермен расталады.
Енді антропологиялық тұрғыдан қарастырсақ, андрондықтар еуропеоидтардың екі типінде кездеседі. Ұзын бас сүйекті, сопақтау бетті жерортатеңіздік тип олар мекендеген жердің батыс бөлігінде болды. Ал дөңгелек бас сүйекті, жалпақ бетті және қыр мұрынды андрондық түр шығысында таралды. Андрондықтар мекендеген аймақтың солтүстігінде оралдық типтің, ал шығысында монғолоидтік типтің айқын белгілері (прототүркілермен қарым-қатынас ықтималдығы) орын алған.
Жалпы алғанда, палеоантпропологиялық зерттеудің нәтижелері қола дәууіріндегі Қазақстан халқын Шығыс нәсілі тармағының ешқандай қоспасы жоқ таза еурепеоидтық деп сипаттауға мүмкіндік береді. Қазақ халқының генетикалық байланыстарының аса маңызды қабаттарын анықтауда бірқатар шартты типологиялық қауымдастықтар келтіріледі:
А) жалпытарихи тұрғыда: ежелгі-ертедегі-ортағасырлық-жаңа-қазіргі;
В) лингвистикалық тұрғыда: ертедегі еуропа-иран-алдыңғы түрік-түрік-қазақ;
С) этникалық тұрғыда: үнді-иран-түрік-қазақ;
D) антропологиялық тұрғыда: еуропеоидтық – еуропеоидтық-монғолоидтық – монғолоидтық-еуропеоидтық.
Қорытындылай келе, қазақ этногенезінде үндіирандық кезең ежелгі және ертедегі кезеңді қамтиды. Қазіргі қазақтарға тән фендік келбет кеш дегенде ХІІ-ХІV ғасырларда екі үлкен нәсілдің – автохтондық еуропеоидтық және сырттан келген монғолоидтық нәсілдердің жергілікті жерде және ұзақ уақыт бойы өзара әсері негізінде қалыптасқан деп қорытынды жасауға болады.
55 сұрақ
Қазақстан аумағында көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына әсер еткен факторларды сипаттаңыз.
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына әсер еткен фактор
Табиғатта құрғақшылық болып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады
Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады.
Мал басының өсуі, оның үстіне қыста да тебіндеп жайылатын жылқы мен қой санының көбеюі жайылым ауыстырып, көшіп отыруды қажет
Қазақстан жерінде қола дәуірінің кезінде-ақ үй маңындағы мал шаруашылығы қалыптасты. Б.з.д. 2-мыңжылдықтың орта кезіне жататын жерлеу орындарында, кейінірек қоныстарда қой, жылқы сүйектері көптеп кездеседі. Кейбір шөбі қалың, өзен-көлді аймақтарда орналасқан қоныстарда, мысалы, Шағалалы, Сарғары қоныстарында сиырдың сүйегі басым, ал Трушниково қонысында ұсақ мал мен мүйізді ірі қараның сүйегі табылған.
Бұдан 3 мың жыл бұрын Қазақстан жерінде құрғақшылық күшейді. Далалы, жартылай шөлейт, таулы аудандарда мал өсіру шаруашылықтың негізгі түріне айнала бастады. Алдымен жартылай көшпелілік, содан соң көшпелі мал шаруашылығы қалыптаса бастады.
Археологиялық және этнографиялық материалдар Қазақстан жерінде ежелден бастап XX ғасырдың басына дейін мал шаруашылығының үш түрі қалыптасқанын көрсетеді. Көшпелі мал шаруашылығы Маңғыстау, Батыс, Орталық Қазақстан аймағында басым болған. Бұл аймақтарда қыстаусыз көшпелілермен қатар қыстауы бар көшпелілер де болған. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы деректерге қарағанда, көшпелілік Маңғыстау, Темір уездеріндегі адайларда, Атбасар уезін жайлаған бағаналыларда, ІҚазалы, Ырғыз, Торғай, Қапал уездерін мекендеген кейбір руларда жақсы сақталған. Батыс, Орталық Қазақстанның кейбір жерлерінде тастан, балшықтан, ағаштан салынған қыстауы болмаса да, қыста ұзақ уақыт көшпей, бір жерді паналап отыратын көшпеліліктің түрі болған.
Қазақстанның кейбір жерінде ерте заманнан-ақ жартылай көшпелі мал шаруашылығы да қалыптасқан. Жартылай көшпелі деп көктем, жаз, күз мезгілінде жайылымның ыңғайына қарай жылжып көшіп отырып, қыста дайын қора-жайы бар қыстауларда қыстайтын мал шаруашылығын айтады. Мал шаруашылығының бұл түрі сақ-үйсін заманында-ақ дала мен таулы аймақтарда қалыптаса бастады. Мұндай аудандарға Жетісудың, Шығыс Қазақстанның тау етектеріндегі аймақтар жатады. Бұл аймақты мекендеген халық малды жазда биік таулы жайлауда бағып, қыста тау етегінде, тау қойнауындағы қыстауларда қыстатып күн кешкен. Кейде олардың қыстаулары Алтай, Тарбағатай сияқты биік таулармен сілемдесіп жаткан аса биік емес, қары аз Қаратауда болатын. Жартылай көшпелілікпен айналысқан көшпелілер қыстау маңындағы ұсақ өзен, бұлақтардың жағасына егін салатын. Олардың негізгі дақылдары: тары, арпа, бидай. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан тайпаларда қой, жылқымен қатар сиыр малы да өсірілді.
Орта ғасырларда Ертіс бойы мен Жетісудағы отырықшы қоныстарда, кішігірім қалаларда суармалы егіншілік болған. Жартылай көшпелілерде егіншілік, отырықшылықтың белгілі бір нышаны болғанымен, негізгі шаруашылығы — мал бағу, ал тұрмысы көшпелілікке бейім болды.
Отырықшы мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстандағы, Сыр, Шу, Талас, Арыс өзендері бойында, Қаратаудың оңтүстік беткейінде қалыптасып, таралды. Көшпеліліктің біз атаған үш түрі бірінен соң бірі келмеген, әр заманда, әр аймақта көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылықтары қатар өмір сүрген.
Орта ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда қала мәдениеті жақсы дамып, халықтың көпшілігі отырықшылыққа айналды. Бұл жағдай Жетісудың да біраз аумағына таралды. Монғол шапқыншылығынан кейін Оңтүстік Қазақстанда қола мәдениеті, отырықшы егіншілер экономикасы күйреген кезде, бұл өңірде де жартылай көшпелі мал шаруашылығы қайтадан жаңа қарқынмен дамыды.
XVII—XVIII ғасырлардағы шығыста жоңғарлармен, батыста қалмақтармен соғыс қазақ халқының шаруашылығына өз әсерін тигізді. Көші-қон жолдары, бағыттары өзгерді, жайылым бірде тарылып, бірде кеңіді, мал басы азайды. Жоғарыда келтірілген екі мысал этносаяси жағдайлар халықтың шаруашылық құрылымының, бағытының өзгеруіне әкелетіндігін көрсетеді.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 14
56. сұрақ. Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің империясының үлгісі ретінде Ғұндар мемлекетінің саяси құрылымын сипаттаңыз.
Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты болды. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.
Қорытып айтқанда, ежелгі замандағы ғұндар батысқа қоныс аударудан бұрын ежелгі қазақ тайпаларымен тығыз байланыста болған. Олар бір мезгіл үйсін, қаңлы, тағы басқа тайпаларды билеген. Солтүстік ғұндар батысқа қоныс аударғанда үйсін, қаңлы, алан жерлеріне келіп, одан соң шығыс Европаға қарай ауған. Осы кезде ғұндардың бір бөлігі осы өңірлерде қалып, үйсін, қаңлы, алан ұлыстарымен тоғысып, оларға сіңісіп кеткен.
V-ғасырда Еділ мен Днепр аралығындағы ғұн одағы ыдырағаннан кейін, бұлардың бір бөлігі қайта толқып, қазақ даласына келіп, олардың кейінгі ұрпақтары оғыз, қыпшақ, қарлұқ атанып кеткен. Бұл тайпалардың бір бөлігі қазақ халқының құрамына қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Сол себепті ежелгі ғұндарды қазақ халқын құраған қайнардың бірі деуге болады.
57 сұрақ. Қазақстан аумағындағы Қаңлы, Үйсін мемлекеттерінің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырларда Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Қаңлы мемлекеттері қалыптасты. Үйсіндер мен қаңлылар туралы мәліметтер көбінесе қытай жазбаларында кездеседі. Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.д. II ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен) қаласы, Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Қытай жазбаларында үйсіндер «егіншілікпен де, бау-бақшамен де шұғылданбайды, шөбі мен суы мол жерлерді таңдап, малмен бірге бір орыннан екінші орынға көшіп жүреді» деп сипатталған. Сырдария бойындағы аймақта Қаңлы мемлекеті б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырларда құрылған. Бұл сол кезеңдегі көшпелілер үстемдігінің күшеюінен болған. Қытай деректерінде үйсіндердің 630 мың халқы, 288 мың әскері, ал қаңлылардың 120 мың түтін яғни 600 мың халқы болған деп мәлімдейді. Екі басты қаласы – жазғы және қысқы астаналары болғандығын жазады.
Үйсіндерде халықтың едәуір бөлігінде қару болмауы ерекше назар аударады. Қаруланған халықтың орнына ұлы және кіші гуньмолардың жасақтары пайда болды. Бұл жасақтар олардың билігіне сыртқы соғыстар кезінде ғана емес, халық толқулары кезінде де тірек болып отырды. Ал мұның өзі мемлекеттік өкімет элементтерінің айқын дәлелі болатын. Үйсіндер неке одақтарын жасасу арқылы басқа мемлекеттермен одақтастық қатынастар орнатты.