Файл: 1 сра жауабы азастан халы Ассамблеясы оамдаы тратылы пен келісімні сенімді, берік іргетасына айналды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 2379
Скачиваний: 34
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кеңестік кезеңде білім, ғылым, мәдениет саласы қарама-қайшылыққа толы болды. Бұл қарама-қайшылық сипаты жетістіктерге де дамуға да қатысты болды. Соғыстан кейінгі жылдары мамандар тапшылығы мәселесі қиынға түсті. 1947 жылы қараша айында өндіріс пен ауыл шаруашылығын жоғары сапалы білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін оқу орындарын салуға қаражат бөлуді қарастырған «Қазақ КСР жоғары және орта білімді ары қарай дамытудың шаралары» атты қаулы қабылданды. Мектептегі білім беру ісіне қатты көңіл бөлінді, барлық жерде сегізжылдық, ал ірі қалаларда онжылдық білімге көшу жүргізілді.
1950-1980 жылдары Қазақстан ғылымының, әсіресе жаратылыстану саласы бойынша едәуір ілгері басуы байқалды. Ол жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды. Ғылымның едәуір жоғарылауына өндірістің жылдам дамуы мен мақсатты қаржыландыру ықпал етті. Қазақстандық ғалымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандары болды. Алайда, тәуелсіз ойлауға шек қойған советтік идеология ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар идеологиялық қысымды қатты сезінді.
1970-1980 жылдары партиялық бақылау күшейді. Аса қатты шектеулерге қарамастан Қазақстан ғалымдары мен жазушылары шынай өмірден маңызды шығармалар жазды. Осы уақытқа Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Болат Аюханов, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Құдыс Қожамияров, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Сидоркин, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және басқа да көптеген өнер қайраткерлерінің шығармашылығының жоғары деңгейге шарықтаған кезеңі болып табылады. Сөйтіп, партиялық өктемдікке, шектеуге қарамай, мәдениет пен білімде, ғылымда жағымды істер атқарылды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 14
39 сұрақтың жауабы+
хх ғасырдың 20 30 жылдарындағы қазақстанның экономикалық жағдайын сипатта
Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн қоғамдық-саяси және экономикалық-әлеуметтік қатынастарда түбiрлi өзгерiстер жүзеге асырылды. Барлық жердi мемлекет меншiгiне алу, помещиктер жерлерiн тәркiлеу, жердi шаруаларға тегiн беру туралы декрет жарияланды. Кеңестiк дәуiрдiң алғашқы кезеңдерiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекеттік меншiгiне айналдыру, қоғамдастыру iсiне басшылық жасау мақсатымен социалистік мемлекеттік органдар, оның iшiнде халық шаруашылық органдары құрылды Қазақ өлкесiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекет меншiгiне алу, жердi тәркiлеу үдерiсi саяси, экономикалық, әлеуметтік өзiндiк ерекшелiктерге байланысты 20-жылдардың бас кезiне дейiн созылды. Бұл кезеңде өлкеде халық шаруашылығының барлық салалары бойынша мемлекет меншiгiне алынған кәсiпорындар саны 1 мыңға жуықтады.
Қазақ халқы Азамат соғысына (1918 — 1920) жаппай қатыспағанымен, ерiксiз араласуға мәжбүр болды. Қазақ жерi ақтар мен қызылдардың майдан шебiне айналды. Бұған қоса қазақтарға қарсы азық түлiк майданы, “Азық-түлiк армиясының” және “Соғыс коммунизм саясатының” шабуылы салдарынан халық үркiншiлiк кезеңдi бастан кешiрдi. Шаруашылығы күйреп, шаңырағы шайқалған қазақтар 20-жылдардың басында ашаршылыққа ұшырады. Азамат соғысынан кейiнгi кезеңде Қазақстанда күйзелген халық шаруашылығын Жаңа экономикалық саясат (НЭП) негiзiнде шаруашылықтарды қалпына келтiру жұмыстары өрiстетiлдi. Ең алдымен, өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң маңызды түрлерiн өндiрудi Қазан төңкерiсiне дейiнгi деңгейге жеткiзу көзделдi. Жер-су, т.б. реформалар жүргiзiлдi. Орта Азия республикалары мен Қазақстанның мемлекеттік-аумақтық жiгi межелендi. Қазақстанның аумағы 2,7 млн. км2 болып белгiлендi, халқы 5,4 млн. адамға жеттi. 1926 — 1928 жылдары қазақ ауылдарында 1370 мың гектар шабындық, 1250 гектар егiндiк жер қайта бөлiндi. 1927 — 1928 жылдары республикада халық шаруашылығын қалпына келтiру аяқталып, өнеркәсiптi индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезеңiне аяқ басты. Экономиканың аграрлы бөлiмi Кеңес мемлекетiнiң экономикалық дамуындағы ең басты мақсат – индустрияландырудың жылдамдатылуын демеуге тиiс болды. 20-жылдардың аяғында басталған ұжымдастыру шаруаларды өнеркәсiптен мүлдем алшақтатты Қазақстанда ұжымдастыру 1932 жылдың көктемiнде аяқталады деп ұйғарылды. Жосықсыз жылдамдатылған үдерiс 1925 — 32 ж. ел басқарған Ф.И. Голощекиннiң арандатушылық тәжiрибесiне айналды. Ұжымдастырудың ең ауыр зардаптарының бiрi байларды тәркiлеу болды. “Аша тұяқ қалмасын, асыра сiлтеу болмасын” деген ұранмен басталған ұжымдастыру кезiнде қазақтардың малы тiгерге тұяқ қалдырылмай сыпырып алынды. Бұның арты 1931-1933 жылдардағы ашаршылыққа алып келді .
Халық шаруашылығын дамыту мақсатында бес жылдық жоспар құрыла бастады .
1-бесжылдық (1929 — 32) тұсында Қазақстанда 40 өнеркәсiп iске қосылды,
2-бесжылдық (1933 — 37) кезiнде Қазақстанның табиғи қорларын қарқынды игеру iсi жалғастырылды.
40сұрақ
Мәтінді және тарихи біліміңізді қолданып,Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси ойдың дамуына қосқан үлесіне баға беріңіз.
Алашордалықтар қоғамдық-саяси және мемлекеттік дамудың теориялық негізін қалап,оқыз еуропалық және халықаралық стандарттарға сай практикалық үлгілерін ұсынды. Алашордалықтар Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайта өрлеу дәуірін жасады,белсенді ғылыми қыметімен халықтың сана-сезімін оятты,ұлттық еркіндік пен ұлттық мемлекеттілікті қайта өркендетуге деген рух пен үмітті оятты. Халықтың көзін ашып,қазақ елінің болашағы зор болу үшін білімді ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бар күшін салды.Алаш зиялылары оқулықтар жазып,балаларға арналған шығармалар мен өлеңдер шығарды. Қараңғылықтан шығаратын жалғыз жол білім екенін білетін зиялылар соны халыққа түсіндірмекке бар күшін салды. “Оян қазақ!” деп ұрандаған Міржақып Дулатовтың да көздегені осы еді. Алаш партиясының бағдарламасы қазақ халқының либерал-демократиялық топтарының идеялары мен ұмтылыстарын білдірді. Бұл идеялар ағартушылық пен мәдени үдерісті,экономиканы,демократиялық құқықтық базаны жаңғыртуды,теңқұқылықты,бұқараның демократиялық сайлаулар тетігі арқылы саясатқа қатысуын қамтыды. Алаш партиясының бағдарламасында демократия мен құқықтық мемлекет,төзімділік идеялары тұжырымдалды,аграрлық мәселені шешу ұсынылды,қоғам мен мемлекет өмірінің негізгі жақтары белгіленді. 1930 жылдары буржуазияшыл ұлтшылдықпен айыпталып,қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш партиясының мүшелері бәрінен бұрын өз халқына адал болды.
41 сұрақ. Қазақ қоғамындағы ру-тайпалық құрылымның ерекшеліктерін анықтаңыз.
XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері белең алды.
Қазақстанның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ.
XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады.
Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.Тарихи деректер бойынша Ұлы жүз Жетісу жерін мекен еткен. Шығысы Қаратал өзені, батысы Шу мен Қаратау, Балқаш өңірі. Бұған Қаратау қойнауы, Шыршық, Сыр, Арал өңірі қосылған. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтары негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерінде, Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент және Ташкент уездерінде мекендеген.
Орта жүз қазақтарының қысқы тұрағы – Сырдарияның орта ағысы, Қызылқұм, Мойынқұм өңірлері, Қаратаудың терістік беткейі, Балқаш көлінің солтүстігінде болған. Ал жазда Тобыл, Ертіс, Торғай, Есіл, Сарысу өзендерінің бойы мен Сарыарқа өңірін жайлаған. Орта жүз бірлестігі пайда болғаннан кейін олардың мекен еткен аумағы да кеңейген. 17 ғасырда Орта жүз жұртшылығы Орталық, Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның кең атырабын мекендеген.
16-17 ғасырларда Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың қолданысындағы кең өңірде негізінен Орта жүз қазақтары мекендеген. 18 ғасырдың басында Орта жүз жерінде Сәмеке мен Күшік хандардың дербес хандықтары, Барақ және Әбілмәмбет төрелердің дербес иеліктері жеке дара өмір сүрді.
18 ғасырдың 40-жылдарында Орта жүз Ресей патшылығына бодандыққа түсуге мәжбүр болды. Жоңғар хандығы күйреген соң Абылай сұлтан Орта жүз қазақтарын жеке хандыққа біріктіріп, 1771 жылы үш жүзге хан сайланды. 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында Орта жүз жұртшылығы біршама өсіп, олардың мекен ететін аумағы кеңейе түсті. Нәтижесінде 1815 жылы Орта жүзде екінші хандық қалыптасып, Бөкей хан сайланды. Кейіннен патша үкіметі Орта жүздегі хандықтарды жойып, олардың орнына 1824-1859 жылдары Қарқаралы, Көкшетау, Аякөз, Ақмола, Аманқарағай, Баянауыл, Үшбұлақ, Көкпекті, Құсмұрын және Атбасар сияқты он сыртқы дуанды құрып, оны төрелер басқаратын етті.
• Ұлы жүз – Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы Жетісу өңірі.
Ұлы жүздің рулары: албан, суан, дулат, жалайыр, қаңлы, сарыүйсін, шапырашты, ысты, сіргелі, ошақты, шанышқылы.
• Орта жүз – Солтүстік, Шығыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігі. Орта жүздің рулары: арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей және уақ.
• Кіші жүз – Батыс Қазақстан аумағы.
Рулары: жетіру деп аталатын тама, табын, телеу, жағалбайлы, рамадан, кердері, керейт және он екі ата Байұлына жататын адай, беріш, байбақты, тана, таздар, шеркеш, масқар, ысық, қызылқұрт, есентемір, алаша, жаппас және алты ата Әлімге жататын шекті, қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей.
42 сұрақ
Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы рөлі өте үлкен. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының бойында Тараз, Бұхара, Шаш, Отырар, секілді қалалар орналасқан. Жібек жолының саяси – эхкономикасы күннен күнге артқан. Бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды. Сол кездерде Ұлы жібек жолында көптеген халық бір біріне сауда жасасып, дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Қысқаша айтқанда Батыс пен Шығысты байланыстырған.
Егер Жібек жолымен Батыстан Шығысқак қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып,Тұрбат асуы арқылы Испиджабқа, Сайрам(Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Испиджабтан құлдарды, бөз маталардығ қару-жарақтарды, семсерлерді, мыс пен темірді әкеліп сатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен.
43-сұрақ. ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы білім мен ғылымның дамуын сипаттаңыз.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін, ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды. Ең алдымен ересектер арасында «Сауатсыздықты жою» көзделінді. Халық арасында сауатсыздықты жою үшін арнайы мемлекет тарапынан қаражат бөлінді. Мектептер оқу құралдары және ұстаздармен қамтамасыз етілді. 1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Оның мүшелері жер-жерлерді аралап, халықтың арасында сауатсыздықты жоюға зор үлес қосты.1921-1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды. Білім беру ісіне тек Қазақстанда 1921-1927 жылдары бір адамға шаққанда 68,9 тиын жұмсалды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28% сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10 пайыз ғана болды. Мұнда айта кететін мәселе, араб тілінде жазып, оқи білетін қазақтар бұл тізімге ілікпеді. 1930-1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет жан-жақты қолдау көрсете бастады. 1931 жылы Қазақстанда 15-50 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді. Мысалы, 1928 жылы ағарту ісіне 12 млн сом жұмсалса, 1940 жылы бұл көрсеткіш 682 млн сомға дейін жетті.Сауатсыздықты жою ісі бойынша Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Бұның себебі әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. 1936 жылы жер-жерде ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500 мыңнан астам адам оқыды. 1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40% жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, Алматы, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Орал, Лениногорск және тағы басқа қалалар сауатты қалаға айналды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А.Байтұрсынов суретті әліппе, Ж.Аймауытов ана тілі, С.Асфендияров Қазақстан тарихы оқулықтарын жазды.Қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ.Мүсірепов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Қ.Кемеңгеров, Ә.Бөкейханов, С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов көп еңбек сіңірді. Мысалы, Қ.И.Сәтбаев орта мектепке арнап алгебра оқулығын, Ә.Бөкейханов география оқулығын жазды. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. Соғыстың алдында республика мектептерінде 44 мың мұғалім жұмыс істеді. С.Ақышев, С.Көбеев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев, Л.И.Довранская, Н.В.Волков тағы басқа білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды. Сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей оқу міндетінің енгізілуі индустрия мен аграрлық салаға қажетті мамандардың көбеюіне ықпал етті. 1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды. Ал 1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институт ашылды. 1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды. 1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды. Сондай-ақ, 1934 жылы Қазақстандағы тұңғыш университет С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Осы жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-техник кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.