Файл: 1 сра жауабы азастан халы Ассамблеясы оамдаы тратылы пен келісімні сенімді, берік іргетасына айналды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 2385

Скачиваний: 34

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды.

Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған. Үйсін тайпаларының кіші және ұлы гуньмоларының арасында үстемдік үшін күрес жиі-жиі болып тұрды. Оған қоса мемлекет ішінде ғұндардың және Хань империясын жақтаушылардың арасында күрес орын алды. Цылим гуньмоның билік еткен кезеңі – б.з.д. 45–14 жылдар аралығы үйсін елінің дәуірлеген кезеңі болып саналды. Осы тұста ел арасындағы тыныштық пен бейбітшілік орнайды. Б.з. V ғасырында үйсіндер мемлекеті құлдырап, түрік тайпаларына қосылды.

Қаңлылар туралы алғашқы деректер б.з.б. ІІ ғасырдан бастап кездеседі. Қаңлылар үйсіндердің солтүстік-батысында орналасқан. Олар Отырар-Қаратау, Шаш алқаптарында өмір сүрген. Қытай деректерінде мемлекеттің жоғарғы билеушісі «Ваң» (патша) деп беріледі. Ол өзі өмір сүрген дәуірде саяси, әскери, шаруашылық билікті тікелей қолында ұстаған. Одан кейінгісі «Фу ваң» (орынбасар патша) билеушінің мұрагері әрі бас қолбасшы болған. Үшіншілері «Гуй рын», төртіншілері «Унху», бесіншілері «Вань Ху» деп аталады. Яғни мемлекетте жоғарыдан төмен қарай (вертикаль) түзілетін өкімет орнатылған. Жүйе үнемі жетілдіріліп отырған. Мемлекет аумағының ұлғая түсуіне байланысты ел беске бөлініп, оларды патшаның ұлдары басқарып, қытай деректерінде «Шао ваң» (кіші патша) аталған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.

Құл еңбегі ұсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеуде қолданылды. Бұдан басқа қолөнер кәсібімен, егін егумен шұғылданды. Қаңлылар арасында құлдық кең өріс алған жоқ. Өйткені көшпелі мал шаруашылығы жағдайында бір жерде жұмыс күшінің көп болуы қажетсіз еді. Б.з.-дағы ІІІ-V ғасырларда қаңлы жеріне түркі тілді тайпалардың басып кіруіне байланысты Қаңлы мемлекеті Орта Азия мен Арал өңіріндегі үстемдігінен айырылып, б.з.дағы VІ ғасырда Түрік қағанатына қарайды.

58сұрақ Қазақстан аумағындағы энеолит дәуіріндегі археологиялық мәдениеттің ерекшеліктерін сипаттаңыз.


Энеолит сөзі-мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді.Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы. Б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарды қамтиды.Мыс адамдар еңбек құралын жасауды үйренген алғашқы металл болды.Қазақстан аумағында ең алғаш мыс игеру Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазақстан өңірлерінде қалыптасты.Себебі,бұл өңірлер мыс кен орындарының тығыз орналасқан жерлері болып табылады. Қазақстан аумағында энеолит дәуірінің жарқын ескерткіші-Солтүстік Қазақстандағы Ботай-Терсек мәдениеті –адамзат тарихындағы жылқы өсірушілердің алғашқы мәдениеті. Ботай әлемдегі – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981-83,жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олардың жылқыны қолға үйретуі мен атқа салт мінуін қоныстардан табылған ат әбзелдері, тұсауға арналған ілмектер мен басқа заттар дәлелдейді және олар ағаш бөренесінен жартылай дөңгелек баспана тұрғызған,қабырғаларға ет сақтайтын орындарды ойып жасады.Үйлердің қабырғалары жануарлар терісімен қапталған.Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылған.

Ботайлықтардың жылқы асырау мәдениеті Ұлы Даладағы көшпелі өркениеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарды.Олардың бұл мәдениеті болашақтағы қазақтардың көшпелі өркениетінің тікелей негізі саналады.Осы мәдениеттің жұрнағынан қазақтардың бүгінге дейінгі мәдениетіне тән белгілерді көруге болады(жылқы өсіру,еті мен қымызын пайдалану)

Ботай мәдениеті –Ұлт шежіресінің бастауы.Ол бүгінгі қазақтардың бабалары осы жерді мекендегенінің дәлелі.

Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы –Маңғыстау өңірі.Шебір елді мекені маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған.Ыдыстарды әшекейлеу барысында тарақ тісі сияқты өрнек пайдаланған.
59 сұрақ

Қазақ хандығы кезіндегі дәстүрлі қазақ қоғамындағы құрлымының сипаттаңыз

Қазақ хандығыдағы қазақ қоғамының құрылымы идеологиясы,жығу тегі, дәстүрі,ортақ болды. Қазақ қоғамының билік институттары – ханның, билердің, құрылтайдың, улыстардың көмегімен басқарылды. Ханды Шынғыс ханның тікелей ұрпағы Жошыханнан бастап хан етіп жариялауға болатын болды. Хан сайлауында урудын жасы үлкен ер адамы басым құқықа ие болды. Ханды таққа отырғызу кезінде ақ киізбен көтеру салты сақталды. Қазақ қоғамындағы хандарыдың негізгі құқығы: 1. Барлық қазақ тайпасының басшысы ретінде елді басқару және сыртқы жаудан қорғау. 2. Хан соғыс жариялау және бітім жасау бас қолбасшы қызметтің атқаруға құқығы болды. 3. Шетелдермен келіссөздер жүргізу, сыртқы саяси бағытты белгілеу құқығы. 4. Ханның өлім жазасына кесуге және кешірім беруге құқылы болды яғни бас төреші. 5. Хан зан мен бұйрықтар шығаруға құқылы қоғамдағы тәртіпті сақтауға міндетті.



Ханның айналасында кенесшілер, әскер басылар, нөкерлер және жасақтар төлеңгіттер болды. Жасақ ханның және оның отбасын күзетуді қамтамасыз етеді. Атқосшылар күнделікті тұрмыста және хан ұйымдастырып тұратын жиын тойларға қызмет көрсетті. XVII ғасырға дейін қазақ хандары Ұлы даланы үнемі аралап жүрді хан ордасы оның шатыры тігілген жерде орналасты. Қазақ хандығында аға және кіші хандар болды. Аға хандар бүкіл қазақ еліне таралды. Олар Қасым хан, Тауке, Хақназар, Абылай т.б. Қазақ хандығына билік үшін үнемі күрес болып турды. Сұлтандар негізгі билікті мұрагерлікке алатындар. Шынғыс Хан ұрпағынан тараған сұлтандар жыл сайынғы Құрылтайға келіп, мемлекеттік істерге қатысты. Құрылтай ақсүйекттердің жиналып маңызды мемлекеттік істердің шешетін жалпы жиналыс болды. Билер мен батырлар қазақ қоғамындағы ықпалы жоғары болды. Билер халық мүддерлерін қорғайтын өзіндік бір «Ұлттық үкімет» болды. Ақсүйекттер Шынғыс ұрпақтары, қожалар, төрелерден құралды. Қалған қазақ қоғамындағы қарапайым халық қарасүйекттер деп аталды. «Хан - билер - халық» биліктің үштігі, олардың әр қайсысы қазақ мемлекеттінің нығаюы манізды рөл атқарды
60сұрақ.. Қимақ қағанаты мен Қыпшақ мемлекетінің қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы рөлін сипаттаңыз.

Қимақ қағанаты (9-11 ғ.б.) - көне қазақ мемлекеті

Қимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды. 840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Қимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады.Қимақ мемлекеті 10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Қимақ тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген.

Қимақтарда жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады" - деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіреулері христиан тектес дін - манихейлікті ұстанған. Қимақ қағанының Ертістегі ордасы Қимақияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған.


11 ғ. басында Қимақ қағанаты күйреді. Оның құлауының екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі.

656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығы мен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғасырдың соңында оларды кимек мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі.

XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарханнан кейін, кимек, қыпшақ және қуман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.

Аймақтағы этникалық саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. екінші жартысында жазба деректерде бұрын осы жерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті- қыпшақ аты пайда болды.

Ертістен Днестірге дейінгі бүкіл территорияны алып жатқан Дешті-қыпшақтың тарихи географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-территориялық бірлестікке бөлуге болады: басында тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.

Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді:

1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар;

2. VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар;

3. XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.

XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар, баяндурлар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.

Рашид-ад-Диннің жазуына қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған себеп Хорезм шахы Мұхаммед II шешесі Туркан-Хатун осы ұран тайпасынан болған. Моңғол шапқыншылығының қарсаңында қыпшақтармен Хорезм шахының арасындағы жақсы қатынас болған тәрізді. Сонымен қатар қыпшақ әскер басшыларының көпшілігі де ұран тайпасынан болған.


Қыпшақтардың құрамына көрші жатқан түркі тілдес тайпалар да қосылған. Қыпшақтардың саяси салмағының күн санап өсіп бара жатуына байланысты, тайпалар мен этникалық топтар, өздерінің бір этносқа жататынын саналы түрде сезе отырып, қыпшақ атын алады. Алайда қыпшақ жұртының құрылып, қалыптасуының аяққы кезеңін моңғол басқыншылығы үзіп тоқтайды.

61 Сұрақ:

Махмұт Қашқаридің ортағасырлық кезеңдегі ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттаңыз.

Сұрақтың жауабы:

Махмуд Қашқаридың атын бізге, біздің заманы-мызға жеткізген оның ұлы мұрасы ''Диуани лұғат-ат-түрк''. Сондықтан Қашқари жайындағы, оның тарихи ерлігі жайындағы мәселені - сол еңбегі, оның мәні мен маңызы, онда сөз болған шешуін тапқан ғылымдық мәселелерден бөлектеп қарауға болмайды. Осы екеуін бірлікте алып, жарыстыра әңгімелегенде ғана бұдан тоғыз жүз жылдай бұрын өмір сүрген, еңбек еткен ұлы ғалымның нағыз бейнесін еске аламыз.

М. Қашқари еңбегі негізінен сол дәуірдегі түркі тайпаларының тілдік құрылыстарын жүйе-жүйемен баян-дауға арналған. Бірақ кітаптың берер мәліметі онымен ғана шектелмейді. Қашқари еңбегін қазіргі заманда, тек қана тіл мамандары оқып, зерттеп қоймай, сонымен қатар, әдебиетші, тарихшы, этнографтар мен географтардың да үңіле қарап, жете зерттеп, жүргені кездейсоқ жай емес. Қашқари еңбегінің әдеби маңызы жайлы неміс оқымыс-тысы М. Хартман ''Диуани лұғат-ат-түрк'' - халықтық әдебиеттің үлгісі, соның негізінде құрылған'' дейді де, осыдан екі-ақ жыл бұрын жазылған ''Құдатқу білігті'' (''Бақыттылық жайлы ілім'') - сарай әдебиетінің нұсқасы деп табады. Бұл ''Диуани лұғат-ат-түрк'' түркі халық-тарының ескі әдебиетінің тарихында аса сирек кездесетін әдебиет үлгісі екендігін анықтаған ғалымның пікірі.

Махмуд Қашқари еңбегінде, жоғарыда көрсетіл-гендей, сол заманғы түркі тайпалары жайында мәлімет беріледі. Ол мәліметтер қай халықтың қандай тілде сөйлейтіні жайында ғана емес, олардың орналасу тәртібі, қай тайпаның қайдан келгендігі, қандай территорияны мекендейтіні, әдет-ғұрыптық ерекшеліктері және т. б. болып келеді. Осыған байланысты М. Қашқари өмір сүрген дәуірдің кейбір тарихи жағдайларын еске түсіре кеткен мақұл. М. Қашқари ХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етті. Бұл дәуір тарихта қараханидтер деген атпен белгілі М. Қашқаридың өзі де осы қараханид патшалығы әміршілерінің біріне туыстық жақындығы барын айтады. Х ғасырда басқа тайпалар арасында үстемдік алған Қарлұқ тайпалар одағы Жетісу өңірінде негізгі түрік халықтарынан шыққан қараханидтер, яғни Илекхан династиясының бастауымен өздерінің қуатты мемлекетін құрады. Қараханидтер мемлекеті тарихта түркі халық-тары арасындағы алғашқы мұсылман династияларының бірі еді. Мемлекеттің орталығы әуелі Баласағұнда (Қырғызстанның Тоқмақ қаласы) болады, кейін Қашқар қаласына ауысады. Қарақанидтер мемлекетінің нағыз дәуірлеген кезі Х-ХІ ғасырлар болса керек.