Файл: 1 сра жауабы азастан халы Ассамблеясы оамдаы тратылы пен келісімні сенімді, берік іргетасына айналды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 2373
Скачиваний: 34
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
26сұрақ
XVIII-XIX ғасырларда Қазақстанның тарихы мен географиясы жөнінде құнды деректер қалдырған зерттеушілер мен олардың еңбектерін сипаттаңыз.
Қазақстан Ресей империясының құрамына қосылғаннан бастап өлкеде ғылыми зерттеу үдерістері басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелерден басқа, жеке адамдар да айналысты. Олар қазақ халқының шығу тегі, қалыптасуы, қазақ фальклоры, табиғаты, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы негізінде іргелі еңбектер жазды.
Орыс ғалымдары өз зерттеулерінде өлкені отарлау мүддесін басшылыққа алды. Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы» атты еңбекті жазды. Онда автор табиғат жағдайын, пайдалы қазба байлықтарын және сауда жолдарын көрсетіп берді. Ол Ресейдің Орта Азия халықтары және қазақтармен сауда-экономикалық байланыстар орнатудың мүмкіндіктер мен оның пайдалы екенін дәлелдеді.
1768-1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедицияның бірін П.С. Паллас басқарды. Осы еңбегінің нәтижесі ретінде «Ресей империясының әртүрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат» атты 3 бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді.
Зерттеуші И.Г.Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция ұйымдастырды. 1796 жылы ол «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың тұрмыс-салттары, тұрғын жайлары, киімдері және басқа да есте қаларлық дүниелерінің сипаттамасы» деген еңбегінде қазақтарды «ақыл-ой жағынан қызыққыш және былуге құмар» деп сипаттайды.
Кіші жүз аймағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей ғылым академиясының корреспендент- мүшесі П.И. Рычков құнды еңбектер жариялады.Осы еңбектері үшін «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Оның еңбектері: «Орынбор тарихы», «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы»
18 ғасырдың аяғында 1795 жылы И.Г. Андреевтің «Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы» еңбегі жарық көрді.
өзінің еңбегінде Орта жүздің тарихы мен шекарасы туралы құнды деректер қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері кеңінен суреттеледі. Сондай -ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткендігі туралы айтылады.
.
27 сұрақ
XX ғасырдың I жартысындағы арнаулы орта және жоғары білім беру саласын реформалау барысында жүргізген іс-шараларын сипаттаңыз.
1920-30 жылдардағы ең басты міндеттердің бірі халық арасында сауаттылықты тарату мен жалпыға бірдей міндетті бастауыш мектепті енгізу болды.1917 жылы қазан айында Қазақстанда жаппай сауатсыздықты жою және халыққа білім беру жүйесін дамыту
1922 – 23 ж. ұлт мектептерін төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шаралар іске асырылды, қазақ тілінде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде “Физика”, “Грамматика”, “Педагогика”, “Алгебра”, “Мектеп гигиенасы”, т.б. бар. Бұл оқулықтарды жазуға Байтұрсынов, Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Асфендияров, Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты.
1924 жылы сәуірде «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының Қазақстандық бөлімі өз жұмысын бастап, 1925 жылы каникулдар мен оқу жүйесінің басталуының бірыңғай жүйесі енгізілді. Республика аумағындағы мектептер Кеңестік Еңбек мектептері болып қайта құрылды.
.
1929 ж. республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тілі болып келген араб әліпбиінен латыншаға көшуі оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен соққы болып тиді. Араб әліпбиімен шыққан мәдени бай мұралардың көбі отқа өртелді.
1929 жылы Қазақтың жазу емлесін өзгерткен алғашқы Кеңестік Реформа жүзеге асырылып,көптеген пікірталастардан кейін қазақ әліпбиін Латын қарпіне көшіру жүзеге асырылды. Білім беру жүйесінде қазақ жазуын Араб әліпбиінен Латын әліпбиіне көшіру қиыншылықтарға ұшыратса , Кирилл әліпбиіне көшіру одан да ауыр соққы болып,Қазақ жазуын реформалау салдарынан үш рет сауат ашуға мәжбүр болды.
Білім беру саласы қаржылық және материалдық тапшылықтарға қарамастан А. Байтұрсынұлы халық,Губерниялық Атқару комитеттері мен болыстық және ауылдық билік орындары мектептерін өздері ашып ,оларды ұстауға кететін шығынды өздері көтеру және аса кедей отбасылар балаларын тегін оқыту мәселелерін көтерді. Сауатсыздықты жою мен ағартудың негізгі ошағы Қызыл Отау болды,ол шамамен Оқу үйі сияқты қызметтерді атқарды.
1940 ж. латын әліпбиінен кириллицаға көшу елдегі ағарту ісін тағы көп жылға шегеріп тастады.
Мұғалім кадрларын дайындау жоғарғы мектеп жүйелерін құруды талап етті.
Қазақстандағы бірінші жоғарғы оқу орны Абай атындағы Қаз ПИ 1928жылы Алматыда ашылды. 1935 жылы Абай есімі берілді.
1929-1931 жылдары Алматы зоотехникалық - малдəрігерлік, ауылшаруашылығы және медициналық жоғары оқу орындары ашылды. 1931-1932 жылдары Орал жəне Қызылорда педагогикалық институттары ашылды. 1934 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Қазақ кен-металлургия институтының ашылуы республикада инженер-техник кадрларын даярлаудың негізін қалады. Кейіннен Оралда, Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер инстуттары ашылып, олар педагогика институттары болып қайта құрылды.
Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40 мыңдай адам оқыды. Алайда ғылыми-техникалық кадрлар жетіспеу мәселесі шешімін таппады. Республиканың жоғары білім жүйесінің қалыптасуына көмек көрсеткен қайраткерлер - С.Асфендияров, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Əуезов, Қ.Жұбанов.
28 сурак
ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақтың музыка және театр өнерінің жетістіктерін сипаттаңыз.
Жауап: Драматургия және театр өнері.
.
Алғашқы премьералар М. Әуезовтың «Еңлік Кебек», «Абай», «Қозы Көрпеш Баян сұлу» спектакльдерімен ашылды. Қазақ драма театры аз уақыт ішінде маңыз аларлық жетістіктерге жетті. Орыс және шетел классиктерінің пьесалары аударылды. 1933 жылы аударма пьесаларының алғашқысы болып В.Киршонның «Нан», Н.Погодиннің «Менің досым» спектакльдері көрсетілді. Кейінірек Гогольдің «Үйлену», «Ревизор», Шекспирдің «Отеллосы» тұрақты репертуар қатарына енді.
.
Музыка. Этнограф, композитор А. Затаевич 2300 ден астам халық әндері мен күйлерін қағазға түсірді. «Қазақ халқының 1000 әні мен күйі», артынан «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтар бастырды. 1932 жылы композиторға Қазақстанның Халық әртісі атағы берілді. Бұл жинақтар «ғасырлардың, мүмкін мыңжылдық мәдениеттің аса құнды ескерткіші» ретінде бағаланды.
Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев өзінің табиғи дарынымен Еуропаның өркениетті тыңдаушыларын тамсандырды. Ол 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік қолданбалы өнер көрмесіне, 1927 жылы Майндағы Франкфуртта өткен Дүниежүзілік музыка көрмесіне қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
1935 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. Оны музыка фольклорын жинаушы, композитор Ахмет Жұбанов басқарды. Филармония құрамында халық аспаптары оркестрі, хор капелласы болды. Оркестрді Л.Хамиди басқарды. Олар халық шығармашылығынан басқа орыс және шетел классикасын орындады.
Опера және балет театрының дүниеге келуі.
1932 жылы музыкалық драма техникумы ашылды. 1933 жылыонда музыкалық студия пайда болды. 1934 жылы 13 қаңтарда кқрермендер назарына ұсынды. 17 қаңтарда студия Қазақ мемлекеттік музыкалы театры болып қайта құрылды. Осыдан кейін ұлттық фольклор желісінде жасалған қойылымдар тез көбейе бастады. Сол жылы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. Оған А. Жұбанов басшылық етті. Жаңа музыка театры «Қыз Жібек», «Жалбыр» сияқты опералық спектакльдерді қоя бастады. Олардың музыкасын Ленинград консерваториясының түлегі Е. Брусиловский халық әуендерінің арасынан теріп алып құрап шықты. Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібекті» операға арнап, либретто түрінде қайта жазып шықты. 1937 жылы операның талаптарын толық ескере отырып жазылған. Осы қойылыммен музыка театрының опера және балет театрына айналуы рәсімделді. Осылай қазіргі Абай атындағы академиялық опера және балет театры дүниеге келді. Бұл қазақ мәдениеті тарихында өшпес із қалдырған құбылыс ретінде өнерсүйер қауымның есінде сақталып қалды.
29 сұрақ. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы шежіренің маңыздылығын сипаттаңыз.
XV ғасырдың ортасына қарай қалыптасқан қазақ этносы өзара байланысты көптеген ру-тайпадан құралды. Қазақ ру-тайпалары шежіре арқылы біріктірілген. Шежірелік дәстүр ел арасында ауызша аңыздар түрінде өмір сүрді. Шежіреде рулардың шығу тегінің бір екендігі және біртұтас туыстық жүйеге жататындығы көрініс табады. Шежіре қазақ этносының ұжымдық тарихи жады болып табылады. Әрбiр қазақ тайпасы мен руының өз шежірелері бар. Олар бiрiгiп, қазақтардың ру-тайпалық жүйесін біртұтас етiп байланыстыратын ортақ шежірені құрайды. Қазақтардың рухани мәдениетiндегi шежiре дәстүрi басқа да түркi- моңғол этностары тәрізді ауызша тарих айту дәстүрімен байланысты. Оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзушi шежірешілер ауызша ақпаратты есте сақтауға қабiлеттi, тамаша жадты иеленген адамдар болды. Олар - халықтың тарихшы-аңызшылары, тарихи фольклордын бiлгiрлерi. Шежірешілер өткен тарих туралы халық аңыздары мен әңгімелерiн жинады, жүйеледі, түсiндiрмелер бердi және оларды келесi ұрпаққа айтып жеткізді. Шежіре бағалы тарихи дереккөз болып табылады. Қазақтардың ру-тайпалық ұйымы. Көшпелі ру-тайпалық ұйымның аталған ерекшеліктерi қазақтарда да болды. Әрбір қазақ белгiлi бір рудың мүшесі болды. Рудың көшіп-қону аймағы атажұрт ретінде қабылданды. Бірнеше ру-тайпаға, ол тайпалар тайпалар бірлестіктеріне бірікті. Тайпалар бірлестіктерін кейіннен жеке хандар басқарды.
30 сурак Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Хандар.
Қазақстанның аумағын Шыңғысхан бастаған монғолдар қолы жаулап алғаннан кейін хан тағына Шыңғысханның ұрпақтары болып табылатын төре тұқымынан таралғандар ғана отыра алатын еді. Сөйтіп Шыңғысхан ұрпақтары Қазақстанды 600 жыл бойы билеп-төстеп келді. Қазақ қоғамының ең жоғары билеушісі үлкен ханмен қатар әр жүздің өз ханы болды, Атап айтқанда, патша үкіметі әр жүздің өзінде бірнеше билеуші болғанын қалады Хан тағына отыратын адамды сұлтандар қатарынан сайлаудың өзіндік ерекше тәртібі болды. Ол үшін құрылтай жиналысы шақырылатын. Оған сұлтандар, билер, батырлар және рубасылары жиналатын. Хан сайланатын сұлтанды ақ киізге отырғызып, жоғары көтеру арқылы
ұлықтайтын. Ұлықтау рәсімін халықтың ең таңдаулы деген беделді өкiлдерi жүзеге асыратын. Олар ақ киізге отырғызылған ханды бүкіл жиналған халықты аралатып, жоғары көтерген бойы алып өтетін. Содан соң ұлықтау рәсімі аяқталған бойда әлгі ақ киіз ту-талақай тілгiленiп, құрылтайға қатысқан жұртқа ұсақ кесінділер түрінде, қасиетті естелік ретінде үлестіріліп жiберiлетiн. Олар сонымен қатар ханның меншігіндеп бүкіл малды ханталапай етіп бөліп әкететін. Бүл әдеттің мәнісі хан бұдан былай халықтың есебінен күн көреді дегенді білдіретін. Хан халық алдында елді дұрыс басқаруға, шиеленісті айтыс-тартысқа толы алтыбақан алауыздыққа жол бермеуге, әділет пен адалдықтың алтанат құратынына ант беретін болған.
Сұлтандар
Шыңғыс хан ұрпақтары - төрелерді сұлтан деп атады. Олар қазақ қоғамындағы ең ықпалды саяси күш болды. Бастапқыда сұлтан сөзі жоғары билік пен оның иесі, әмірші түсінігін білдірді. Орталық Азияда, ең соңғы Әбілхайыр хандығы уақытынан бастап ол Шыңғыс хан ұрпағының атағына айналды. Шыңғыс хан ұрпақтарының балалары бұл атақ пен оған байланысты барлық құқықты туғанынан, өз жағдайы мен жеке қасиеттеріне қарамастан иеленді. Қазақ хандығында және Моңғол империясының барлық мұрагер мемлекетінде Шыңғыс хан ұрпағы ғана хан болып сайлана алды. Сондықтан қазақ ұлыстарының сұлтандары Бұхара, Хиуа және басқа мемлекеттердің билеушілері бола алатын. Сұлтандар өздерiн түркі-монғол тайпаларының бірде-бiреуiне жатқызған жоқ, руларға бөлінген жоқ. Тек генеалогиялық құқыққа ғана негізделген Шыңғыс хан ұрпақтарының саяси билігінің этникалық маңызы болған жоқ. Қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғанда, сұлтандардың құқықтық артықшылығы болды. Олар әскери қызметтен басқа ешқандай мiндеткерліктер атқарған жоқ.