Файл: 1 сра жауабы азастан халы Ассамблеясы оамдаы тратылы пен келісімні сенімді, берік іргетасына айналды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 2374
Скачиваний: 34
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қожалар - Мұхаммед пайғамбардың, төрт халифтiң - Ә6y Бәкр Осман, Омар мен Әлидің және Орталық Азияға ислам дінін таратушылардың ұрпақтары. Шыңғыс хан ұрпақтарынан айырмашылығы кожаларда бiрыңғай генеалогия болған жоқ. Қожалар көптеген артықшылықты пайдаланды. Оларға қарсы күш қолдануға болмайтын еді.
Билер - Рулар мен тайпалардың басшылары - билер ерекше құқыктарды иеленді. Би сөзі - түркілік бек сөзінің нұсқасы, моңғолдық нойон мен араб-парсылық әмірге сәйкес келеді. Билердiң ықпалы орасан болды және кейде хан ықпалынан да асып кетуі мүмкін еді. Ол басқаратын рудың көптігіне, жолының үлкендігіне, сондай-ақ бидің өз беделіне байланысты болды. Билерге қол астындағы рулар ауқымында сот, әкімшілік және әскери билiк тиiстi болды. Билер әдеттiк құқықтың білгірлері болды және сотты соған сәйкес жүргізді. Билердiң үлкен саяси салмағы болды: сұлтандармен бірге құрылтайларга катысты және мемлекеттік мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді.
Байлар- Қазақ қоғамында мүліктік жағдайы бойынша жіктелу орын алды. Көп мал мен мүлікке ие болған ықпалды, дәулетті адам бай деп аталды. Ең бай адамдар ондаған үй, жүздеген түйе, мыңдаған қой мен жылқыны иеленді. Байлар коғамда айтарлықтай көп болды, бірақ олар ерекше тапты құраған жоқ. Байлық орасан пайда әкелдi және қоғамдағы беделді анықтады.
Батырлар-Қазақтардың көшпелі қоғамында батырлар ерекше рөл атқарды. Оларды кәсіпкой әскери адамдар деп атауға болады. Олардың қоғамдағы салмағы әскери өмірдегі орнымен, сондай-ақ ханға немесе сұлтанға жақындығымен анықталды. Батырлардың беделі мен билігі тек олардың жеке қасиеттеріне – шайқастағы ерлігіне, күшіне, ептілігіне, шыныққандығына байланысты болды.
Қара халық- Қазақтардың ру-тайпалық жүйесi қатардағы көшпелі адамдарды біріктірді. Олардың әрқайсысы құқықтары бар ерiктi адам болды. Ол мұраға қалдыруға, куәгер болуға, жиындарға қатысуға және т.б. құқықтарды иеленді. Қарапайым адамды айыпсыз өлтіруге болмайтын еді. Алайда жекетұлға бостандығын қорғау ру мүшелерінің ынтымақтастығымен ғана қамтамасыз етiлдi; өлтірілген адамның туыстарында кек алу, ал тоналғанның барымта жасау құқығы болды. Ру әрбір мүшесінің құқықтарын қорғайтын негiзгi бiрлестік саналды. Сондықтан руынан қол үзген адам мүлдем қорғансыз қалып, құқықтарынан айырылған адамға айналды.Әрбір қарапайым адам жауынгер, олар кез келген сәтте жиналып, жауға тойтарыс беруге дайын болуы тиіс. Әрбір қазақтың әскери міндеті болды, оны барлық жарамды ер адамдар атқарды.
Қорытынды: Қазақтардың ру-тайпалық жүйесі маңызды рөл атқарды, өйткені ол қазақтардың этнос ретінде ұйымдасуы мен бірлесе өмір сүру тәртібін реттеді. Осылайша Даладағы тәртіп пен қазақ мемлекеттiлiгiнiң өмір сүруіне мүмкіндік жасады. Қазақтардың саяси ұйымы Үш жүзге біріккен ру мен тайпалар иерархиясы түрінде құрылды. .
31 сұрақ. Дереккөзді және тарихи білімдеріңізді қолана отырып, 552 жылы түрік қағанатының құрылуы Еуразия кеңістігіне қандай өзгерістер алып келгенін талдаңыз.
Ғұндар империясы ыдыраған соң, Орхон аймағында түркі текті теле тайпалар одағы ұйымдасты.
V ғасыр ортасында Ашына бастаған Алтайдағы түркілер осы телелердің 40 мың үйлік бірлестіктерін бағындырып, солардың күшімен өздерінің ата жаулары жужандарды (аварлардың бабаларын) жеңіп, тарих сахнасына көтерілді.
Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік каганатын құрды. Оның алғашқы билеушісі Бумын қаған еді. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жері мен Енисей қырғыздары бағындырылды. Иштеми (Естеми) қаған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті.
Билік басында ақсүйек ашына (ашина) руы тұрды. Бұл — «киелі қасқыр» деген сөз. Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды. Түріктердің туы бөрілі байрақ болуымен қатар олардың қорғаушыоң қағарлары да «бөрі» аталған. Оның алғашқы қағандары Түмен (Бумын), Мұқан, Естеми, Қара-Еске қағандар еді. Ал Батыс түрік қағанатының билеушілері Тон Жабғу қаған (618—630), Жеғуй қаған (610—618) кезінде қағанат саяси-әкімшілік жағынан дамудың ең жоғары дәрежесіне көтерілді. Қытай жазбаларында айтылғандай Бүмын (Тұмын) қағанның кіші інісі Мұқан қаған 552—554 жылдары Түрік қағанатының негізгі дұшпанының бірі жужандарды (аварларды) бағындырып, Орталық Азия билеушісіне айналады. Түрік қағанының тағы бір інісі Иштеми (Естеми) (552— 582 жж.) батысқа жылжып, Жетісу мен Қазақстанның далалық аймақтары және Сырдария, Арал теңізіне дейін жетті. Сасанидтік Иранмен одақтаса жүріп, эфталиттерді бағындырып, Византиямен сауда-экономикалық байланыстар (Земарх елшілігі) орнатады. Түрік қағанаты Қазақстан жеріндегі алғашқы ортағасырлық мемлекет болды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 14
32сұрақ.
Тарихи біліміңізді және берілген құжат үзіндісін пайдаланып, Қазақстандағы білім саласын жаңғырту үдерісін түсіндіріңіз.
Шетелде кадрлар даярлау үшін ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендияларын белгілеу туралы ҚР Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы №1394 қаулысы (үзінді)
ҚР-ның экономикасы нарықтық қатынастарға көшіп, халықаралық байланыстар кеңейген жағдайда тиісті білімі бар кадрларға деген ділгерлік барынша өсе түсті, осыған орай даярлығы неғұрлым жоғары жастарды шет елдердің маңдайалды оқу орындарына оқуға жіберу мейлінше өзекті сипат алып отыр.
Осы қызметке қаржылық жағынан қамту жасау, кандидатураларды іріктеуді жүзеге асыру және білім саласында халықаралық байланыстарды үйлестіру мақсатында қаулы етемін:
1. Дарынды жастарды АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның және Германияның және басқа елдердің маңдайалды оқу орындарында оқыту үшін ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы белгіленсін. Стипендиялардың мөлшері студенттерді шетелдердің тиісті оқу орындарында оқыту құнының деңгейінде көзделсін.
ҚР Үкіметі 1994 жылдан бастап жыл сайын осы мақсатқа арнап қажетті валюта қаражатын бөлетін болсын.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/K930001394 сайтынан алынған
Қазақстандағы білім саласын жаңғырту үдерісі ҚР білім және ғылым жүйісінің даму бағыттарында айқын көрініс тапқан. Оған дәлел ретінде «Болашақ» бағдарламасы - посткеңістік елдер тарихында алғаш рет дарынды жастар толықтай мемлекет есебінен шетелде сапалы білім алуына мүмкіндік берген бағдарлама. 2014 жылы Майамида (АҚШ) «Болашақ» бағдарламасы ең үздік стипендиаттық бағдарлама деп танылды. 2020 жылға қарай 14 мың жастар білім алып шықты. Степендиаттарға елге келгеннен кейін 5 жыл жұмыс істеу міндеттелді. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» құрылды. Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орындарында оқи алады. Бүгінгі таңда стипендияны іске асыруда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, сондай-ақ біздің ел үшін анағұрлым қажетті болып табылатын техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.. 2014-2015 жылдары шет тілі мен қазақ тілдерін білу күшейтіліп, «6+6» тілдік даярлаудың жаңа моделі іске қосылды.
Жалпы орта білім беруді жаңғыртуда 1998 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы дарынды балаларды анықтауда және қолдау көрсетуде маңызды рөл атқарады. Білім және ғылым министрлігі елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді қолға алды. Білімнің жаңартылған мазмұнының стандарттары енгізілді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» (НЗМ) жобасы жүзеге асырылды. НЗМ-де білім беру халықаралық бағдарлама бойынша жүргізіледі. Олармен бәсекеге қабілетті қазақ-түрік лицейі (ҚТЛ) де жұмыс істеді 2003-2004 оқу жылы мектеп бітірушілер үшін Ұлттық бірыңғай тест тапсыру енгізіліп, жастар үшін жоғары білімнің қолжетімділігіне мүмкіндік ашты.
Елімізде 1996 жылы Президенттің бастамасымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті құрылды. 2001 жылы ашылған Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) 2010 жылы еліміздің үздік техникалық жоғары оқу орны болып табылды.
Қорытындылай келе, «Болашақ» бағдарламасы шын мәнінде Қазақстандағы білім саласын жаңғырту үдерісін жарқын үлгісі болып табылады. Себебі, Қазақстанның болашағына үлкен оң өзгерістер әкелетін бағдарлама бола білді. Тәуелсіз Қазақстанның он мыңдаған азаматтары дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің білімін үйренумен қатар қоғамдық озық тәжірбесімен жақын танысып, талдау жасау, салыстыру ұғымдарын жұмыс барысында қолданумен қатар, елдің даму қарқынының артуы мен жандануында мол үлестерін қосып келеді
33 сұрақ. Ерте темір дәуіріндегі Ұлы Даланың ерте көшпелілер мәдениеттерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз:
. Еуразиялық ұлы даланың ежелгі көшпелілеріне сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, т.б. жатады және бұл мәдени тип әлемдік үдерістерге өзінің терең әсерін тигізді…
Қазақ мәдениетінің негізгі архетипі саналатын Көшпеліліктегі маңызды мәселенің бірі — ондағы әлеуметтік құрылым, қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктері, қауымдық тұтастықтың болуы. Еуразиядағы нарықтық коғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет аткарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. «Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау болды.
Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Қатал даланың табиғатын танып түсіну, оның ішкі заңдылыктарын терең білу, болжай білу — мұның бәрі көшпелілер мәдениетінің маңызды жақтарын көрсетеді.«Құрғақ даланы, — тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді калыптастырады». Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылык, жоғары интуициялық кабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді.