ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1371
Скачиваний: 28
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
37.Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі.
38.Ғылым құндылықтары. Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау.
39.Ғылымдардың классификациясы: Аристотель, әл-Фараби, Ф.Бэкон, 40.Г.Гегель, О.Конт.
41.Шоқан Уәлихановтың ғылым философиясы.
Шоқан Уәлихановтың аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан қысқа, бірақ шығармашылық мұрасы мол өміріндегі аяқталған немесе аяқталмай қалған көптеген еңбектері арасынан таза философияға арналған қандай да бір дүниені табу қиын. Қазақтың атақты ғалымы әрі зерттеушісі философия тақырыбына арнайы тоқталмаған сияқты. Дегенмен, Шоқан әртүрлі халықтардың тарихы мен дінін зерттеп этнографиялық және әдеби материалдарды сараптағанда философия мен дүниетаным тақырыптарын айналып өтпеген. Оның шығармаларындағы, әсіресе, қалың оқырманға беймәлім қолжазбалар мен күнделігіндегі түсініктеме мен тұжырымдамалардан Шоқан философиясы, оның дүниетанымы мен көзқарасы, құндылыққа жетелейтін бағдар-бағыты жайында әжептеуір мағлұмат алуға болады.
Осы тұрғыдан алғанда, Шоқан Уәлихановтың көшпенді қауымның діни наным- сенімі, салт-дәстүрі және мифологиясына арналған еңбектері айрықша мәнге ие. Бұлардың қатарында «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырдағы мұсылмандық туралы», әсіресе, күнделік – жазбалар сияқты құнды еңбектер бар. Шоқан күнделік-жазбаларында өзінің саяхатын жазғандай суреттеп жатпайды. Ол мұнда өзі кездестірген тайпалардың мәдениеті мен тұрмысы, діни сенім-нанымы және дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы, әртүрлі халықтар арасындағы өркениет айырмашылығы жөнінде ой толғайды.
Шоқан Уәлиханов философиясындағы діннің орны
Шоқан Уәлихановтың философиялық көзқарасы айқындалатын еңбектерді сараптай келе, оның діндар болмағанын байқау қиын емес. Шоқан өз зерттеулерінде материалистік пайымды ұстанды. Мұндай көзқарас сонау Омбы кадет корпусында оқып жүргенде жақын араласқан сол кезеңдегі алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерінің ықпалымен қалыптасқаны мәлім. Костылецкий, Ждан-Пушкин, Гонсевский сияқты Шоқанның ұстаздары оқыған ортада шапшаң тарап жатқан озық ойлы көзқарасты ұстанды. Соның ықпалымен Шоқанның дүниетанымы өмір мен тіршілік туралы ырымшыл және мистикалық түсініктерден арылды.
42. Қоғам өміріндегі ғылымның ролін бағалаудағы қайшылықтар.
Сциентизм және антисциентизм. Сциентизм-антисциентизм (лат. sсіеntіа –
ғылым) – негізінде ғылымның әлеуметтік рөлін абсолюттеу, сәйкес алғанда
ғылымның қоғамдық эталон ретінде және адамның әлемдегі бейімделуі үшін
жеткілікті жағдай ретінде ғылымның маңызын мойындайтын немесе жоққа
шығаратын қарама-қарсы дүниетанымдық көзқарастар.
Сциентизм – арнаулы-ғылыми таным ғылыми-теориялық қызметтің жалғыз
мүмкін болатын типі және құндылықты-нейтральды, рационалды, сондықтан
барлық әлеуметтік проблемаларды шешуге қабілетті бәрін қамтитын
дүниетанымды жасауға жеткілікті негіз қалайды деп есептейді. Басқаша
айтқанда ҒТР-дің игілікті әсерлеріне, ғылымның болашағына үлкен сеніммен
қарайды, оның адамзат өмірінің түбірлі мәселелерін шешудегі
мүмкіншіліктерін шексіз деп санайды.
Сциентизм өзінше мәдени және дүниетанымдық үлгі болатын
жаратылыстану мен техникалық ғылымдардың жетістіктеріне, нәтижелеріне
және әдістеріне бағдар (ориентир) жасайды, өйткені ғылым адам ақылының
дамуының жоғары сатысы деп танылады. Сциентизм өзінің теориялық
негіздеуін неопозитивизмде, ал дүниетанымдық шешуін Д.Беллдың
технократиялық социологиясында алды. Ол постиндустриалдық қоғам
концепциясын ұсынды, ғылыми-зерттеу ұйымдарының басымдылығына
(доминирование) көшу және ғылыми-техникалық мамандардың жаңа
басқарушы табының қалыптасу мүмкіншілігі бар деп есептеді.
Антисциентизм – қоғамдық прогресс идеясынан түңілуді білдіретін,
ғылымның мүмкіншіліктерінің шектеулігін көрсететін, оның және ол
туындатқан техниканың адамзатты қауіп-қатерлі жолға бастайтын күш деп
қарастыратын ұстаным (ғылымнан, техникадан, «қорқу, үрку»). Екінші
жағынан, антисциентизм адамның және оның іс-әрекеттерінің рационалды
табиғаты туралы идеяның өзін сынауға бағытталған және экологиялық
көзқарас пен табиғатқа және қоршаған дүниені дәстүрлі, техногенді емес
амалдармен игеру идеологиясына оралумен тығыз байланысты.
Антисциентизм идеялық дамуын Франкфурт мектебі шеңберінде және ғылым
43.Адам және Ғалам. Зат әлемі.
Философияның көп мәселелері ішіндегі ең өзектілерінің бірі – адам мәселесі. Адам - ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені, оның денесі болса да, ол ең алдымен – рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда адамның басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы – шексіздікке кетеді.
Адам - қайшылықты пенде. Оның бір жағынан - денесі, екінші жағынан – сана, рухы бар екенін әркім біледі. Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су, ауа, жылу, қоректену, ұрпақ жалғастыру т.с.с. қажет. Сонымен қатар, ол дүние жөнінде ойланады, өмірде өз орнын іздейді, шаттанады, қайғырады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егер де жануарды оның инстинктері итермелесе, адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға бағындырады, ол - өз-өзін бақылауға ала алатын пенде. Десек те, адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әр-түрлі шешіледі. Мысалы, Орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп, дене ретінде құлдыратып, тіпті жануарлардан да төмен қояды.
Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған биологиялық және әлеуметтік редукционизмді (негіздеу) келтіруге болар еді.
Ислам діні Алла тағала адамды саналы етіп жаратқанмен, оған табиғат әміршісі бол демей, осы фәниде басқа тіршіліктер арасынан өз орнын табуға шақырады.Адам да, қоғам да – табиғаттың төл баласы, жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі – жан – жануар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы. Қоғам табиғаттың ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі, басқаша айтқанда, қоғамның пайда болуы – материя қозғалысының жоғары, әлеуметтік түріне көшуі деген сөз. Бұл жерде мынандай бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді.
Ендеше, бұл ретте адам болса табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны өоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар табиғатпен қарым – қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін, яғни тісін, мүйізін, тұяғын, т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең бастысы – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекені таза биологиялық қажеттерден туындайды, хайуандық сипат алады, ал адам еңбегі әуел бастан – ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа сай жүзеге асырылады. Адамның ақыл – есі, ой – санасы, өзін өзге дүниеден бөліп қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін танып білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жарық өмір сүре алмайтын әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған мәдени мұраға ие болып, оларды жетілдіріп отыратын қасиеттек адамға ғана тән. Башқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек.
44.Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі.
-
Үнді мифологиясында адам – табиғаттың өсімдіктер мен жануарлары сияқты ажырамас бөлігі ретінде қаралады. Адам – дене мен жаннан тұрады. Адам Дүниеге келгенде оның бойына жан келіп кіреді және ол сол адамның кармасын анықтайды. Мысалы, егер сәбидің денесіне қылмыскердің жан-дүниесі ұяласа, онда ол өсе келе қылмысқа баруы мүмкін. Бірақ ол өзін дұрыс ұстап, әрқашанда өзінің рухани тазалығын сақтаса,- мокшаға (құтылу) – сансарадан құтылу дәрежесіне көтеріліп, бұрынғы кармасынан айырылып, аспандағы рухқа қосылып, мәңгілікке жетуі мүмкін.
-
Үнді елінің ғажап ерекшелігі – оның әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны – варна, я болмаса каста дейді. -
Негізінен алғанда, Индия қоғамында 4 каста тарихи пайда болды. Олар: -
Брахмандар (ақтар) – айналысатын істері – ой еңбегі, негізінен діни қызметкерлер, ел басқарушылар. -
Кшатрилер (қызылдар) – айналысатын істері – жауынгерлік істер. -
Вайшьилер (сарылар) – еңбек етеін адамдар, негізінен егін егу, мал бағу, қолөнермен айналысу т.с.с. -
Шудралар (қаралар) – ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар.
45.Ежелгі Үнді діни философиялық ілімдердегі адам мәселесі.
Ежелгі Үнді философиясы. Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы — Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.
Ежелгі Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна — тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Брахмандар — ой еңбегімен, кшатрийлер — әскери істермен, вайшьялар — жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар — қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік — варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.
Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі — жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды.
Философиялық ой біздің дәуіріміздің алғашқы І-ші мыңжылдықтың ортасында Ежелгі дүниенің негізгі үш орталығындағы -Үндіде, Қытайда ертедегі Грецияда шамамен бір мезгілде туды. Ежелгі шығыс елдеріндегі, ең алдымен, Үнді мен Қытай философиясының дамуы мен қалыптасу тарихы, «оларда философия толық дамымаған» — деген еуропашылдық көзқарастарды жоққа шығарады. Қазіргі уақыттары Шығыс және Батыс философиялық ойларының бір-біріне деген ықпалдары адамзат өркениетінің жаңа үлгісіндегі тұжырымдарды тудыруда.
Ежелгі шығыста адам өмірінің мәні, жағдайды өзгерту арқылы емес, оның өзін-өзі өзгерту шарттарымен байланыстырылады. Өзін-өзі өзгерту идеалы болып көнелік саналады. Шығыс философиясы әуеліде көнеліктің, кейіннен діннің «қызметшісі» және де жаңа ілім ескі теорияларды дәл, нақты оқуымен баламаланды. Шығыс философиясы әр уақытта бірсалалы болып келеді және онда онтологиялық, гносеологиялық, этикалық, психологиялық тұрғылардан қарастыру позициялары болмайды.
Шын мәнінде, үнді өркениеті, біз саналы немесе рефлексиялы түрде үлгі-нұсқа ретінде санайтын еуропалықтан айырмашылығы бар, мәдениеттің және тарихтың басқа үлгісі болып саналады. Алайда адамзаттың рухани жетуілуі — ғылым, философия, демократия батыста дүниеге келген деген түсінік біздің санамызға әбден сіңсіп кеткен.
Үнді философиясы — адам ақылының тәуелсіз жетістігі. Дін мен әлеуметтік мәселелер өмірде басты роль атқаратын болса да, ол философиямен еркін айналысуға мүмкіндік берді. Адам өмірі касталық құрылым нормаларымен шектелсе де, кез-келген пікірге қосылуға құқығы болды.