Файл: Философия пнінен емтихан билетіні сратары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1369

Скачиваний: 28

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


27.Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары.

Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.

Бәрінен бұрын, таным процесі субъект пен объектінің өзара әрекеттесуі ретінде қарастырылады. Таным – шынайылықтың адам санасында бейнелену процесі.Таным барысында болмыстың әртүрлі қырлары ашылып, қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстардың, сыртқы жақтары мен ішкі мәні зерттеліп, таным әрекетінің субъектісі – адам – адамды, яғни, өзін - өзі зерттейді. Танымның нәтижелері жеке адамның санасында ғана қалып қоймайды, ол ұрпақтан ұрпаққа ақпаратты материалды тасымалдаушылар арқылы жеткізіліп отырады.

Қазіргі зерттеулерде таным теориясымен байланысты мәселелерді зерттеуде мағынасы жағынан гносеология тең эпистемология (грек.т. episteme – білім, таным) термині кең қолданыс табуда. Ғылыми танымның басты құрамдас бөліктері теория және гипотеза. Ғылыми танымның теоретикалық деңгейіне теоретикалық әрекет пен теоретикалық білімнің бірлігі жатады. Ал теорияның мазмұнын оның негізгі және арнайы ұғымдары мен тұжырымдары құрайды. Ұғымдарда берілген теорияның объектілері, олардың қасиеттері мен қатынастары бейнеленеді. Ал теорияның тұжырымдарында тұтас жүйе ретіндегі пәндік аймақтың құрылымы, заңдылықтары мен тәртіптері сөйлемдер арқылы бейнеленеді. Ал гипотеза ақиқаттылығы немесе жалғандығы әлі анықталмаған пікірлер немесе ықтимал білім формасы жатады. Гипотеза міндетті түрде тәжірибе арқылы зерттеуді талап етеді. Гипотеза тәжірибе
арқылы тексеруден өтіп, нақтыланса ғана ақиқаттылығына еш күмән келтірмейтін ғылыми теорияға айналады.

28.Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары.

Таным  дегеніміз-білім  алу  үшін  шығармашылық
ізденіс.  Таным  адамның  практикалық  іс-әрекетінің  рухани  жағы  болып
табылады.  Таным  -  адам  арнайы  танымдық  мәселе  мен  есептерді  қойып,
мақсатты  түрде  қол  жеткізетін  ақпараттық  жоғарғы  деңгейі.  Таным  -
адамның  нақты  мақсатына  бағытталған  және  шығармашылы  іс-әрекетінің
әлеуметтік  процесі.  Оның  нәтижесінде  сыртқы  әлемнің  идеалды  образдары
қалыптасып,  олар  туралы  білім  пайда  болады.  Таным  теориясы  немесе
Эпистемология  -  бұл  философия  ғылымының  бір  бөлігі.  Онда  таным
табиғаты  мен  оның  мүмкіндіктері,  шегі  туралы  мәселе  қойылып  зерттеледі.
Таным  теориясы  туралы  термин  философия  ғылымына  1854  жылы  шотланд
философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе
өте  ертеден  бастап-ақ  қойылып  келеді.  Өйткені  танымнан  тыс  білім  де,
ғылым  да  да  болуы  мүмкін  емес.  Таным  теориясы  этика,  эстетика,  адам
туралы  философиялық  ілімдермен  тығыз  байланысты.

Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ субъектiнiң  өзi де  кiредi.  Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып                                                                  табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес.

Субъект және объект алғашында заттың қасиетін, күйін, әрекетін білдіретін субстанция түсінігімен мәндес ұғым болды. Философия тарихында субъект       және       объект       ұғымының        мағынасы        түбегейлі өзгеріп, онтологиялық ауқымнан шығып, гносеологиялық мәнге ауысты.

Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн таңдауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетикалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.

Таным  объектісі  материялық,  дүние  немесе
рухани  құбылыс,  сонымен  катар  субъектінің  өзі  де  болуы  мүмкін.  Таным


объектісі  мен  субъектісі  бір-бірінің  мәнділігін  шарттастырады:  субъектісіз
объект  болмайды,  объектісіз  субъект  болмайды.  Таным  үдерісінде  олар  бір-
біріне  маңыз  аларлық  ықпал  етеді.  Сонда  танымдық  қызмет  субъекті  мен
объект  қатынасы  және  олардың  өзара  әрекеттесуі  болып  шығады.  Білім  —
адамның  санасында  берілген,  өзінің  қызметінде  шынайы  дүниенің  заңды
байланыстарын  идеалды  бейнелейтін  объективті  шындық.  Материалды
дүниені  бейнелеудің  нәтижесі,  түйсіктің,  білімнің,  зауықтың,  қобалжудың
бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі —
таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады

Таным  объектісі  материялық,  дүние  немесе
рухани  құбылыс,  сонымен  катар  субъектінің  өзі  де  болуы  мүмкін.  Таным
объектісі  мен  субъектісі  бір-бірінің  мәнділігін  шарттастырады:  субъектісіз
объект  болмайды,  объектісіз  субъект  болмайды.  Таным  үдерісінде  олар  бір-
біріне  маңыз  аларлық  ықпал  етеді.  Сонда  танымдық  қызмет  субъекті  мен
объект  қатынасы  және  олардың  өзара  әрекеттесуі  болып  шығады.  Білім  —
адамның  санасында  берілген,  өзінің  қызметінде  шынайы  дүниенің  заңды
байланыстарын  идеалды  бейнелейтін  объективті  шындық.  Материалды
дүниені  бейнелеудің  нәтижесі,  түйсіктің,  білімнің,  зауықтың,  қобалжудың
бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі —
таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады


29.Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм.

Ғасырлар бойы адамның ойы бөлініп келе жатқан мәселелердің бірі — "танымның қалай болатыны, дүниетанымұстанымында дүние таныла ма?" деген сұрақтарға жауап алу. Бүл оңай сұрақ емес. Расында, әлем шексіз, ал адам шектеулі, тұйық, ол шектеулілік тәжірибесі шеңберінде шексізді біле ала ма? Бұл сұрақ түрлі формаларда үнемі философиялық ойдың серігі болып келе жатыр. Осы сұрақтың жауабына катысты философия тарихында үш негізгі түсінік бар; олар — '''скептицизм''', '''оптимизм''' ('''гностицизм''') және '''агностицизм'''. Гностицизмді жақтаушылар танымның қазіргісі мен келешегіне оптимистік тұрғыдан қарайды. Олардың пікірі бойынша, дүниені тануға болады, адамда танымның шексіз қабілеттік мүмкіндіктері бар. Скептиктердүниенің ұстанымды танылуын жоққа шығармайды, тек танымның дәйектілігіне күмән келтіреді.

Скептизм (көне грекше: қарастыратын, зерттейтін) -

объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады;

бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану; күдікшілдік, сенбеушілік.

Агностицизм - танымды жоққа шығару,әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық ілім.

оптимизм

"Оптимизм" термині алғаш ретбіздің әлем "ықтимал әлемдердің ең жақсысы" деп пайымдаған философиялық (Г.В. Лейбництің) ілімді сипаттау үшін қолданылды. Бертін келе Оптимизм даралық не бүқдралық сананың жалпы эмоциялық үндестігін бейнелейтін неғүрлым кең мағына алды.

Скептицизм

Философия тарихында скептицизмнің туындауында дүниедегі құбылыстардың, ұғымдардың шарттылығы, ой-пікірі, адамның көңіл-күйіне және қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп болды. Ертедегі скептиктердің ішінен (софистер, Пиррон, Энисидем, т.б.) бізге еңбектері жеткені С.Эмприк (200 — 250). Скептицизмнің мәнісін ол былай түсіндіреді: “мына жағдайды көз алдыңызға келтіріңіз: көптеген асыл заттары бар үйден түнде адамдар алтын іздеп жатыр; әркім алтын таптым деп ойлайды, бірақ шынында да алтын тапса да, тапқаны алтын екенін білмейді. Сол сияқты философтар да кең үй сияқты осы дүниеге ақиқатты табу үшін енеді; егер де олар ақиқатты тапса да тапқаны шынында да ақиқат па? Мұны біле алмайды”.


Агностицизм

Агностицизм ұғымын XIX ғасыр діни сайыстарда ғылыми көзқарасты айқындаушы ретінде 1869 жылы Т. Гексли енгізген. Агностицизмнің қайнар көздері - скептицизм, Зенонның апориялары.

 

30.Милет ойшылдарының натурфилософиясы және Скифтік Анахарсистің скептицизмі.

Милет мектебі жетістіктерімен емес, ізденістерімен маңызды. Бұл шкала Грек рухының Вавилониямен және Египетпен байланысы арқасында пайда болды. Милет бай сауда қаласы болды; Милеттің көптеген халықтармен қарым-қатынасының арқасында бұл қаладағы алғашқы наным-сенімдер мен ырым-жырымдар әлсіреді. Иония біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырдың басында Дарий жаулап алғанға дейін, ол мәдени тұрғыдан эллиндік әлемнің маңызды бөлігі болды. Бахус пен Орфейге қатысты діни қозғалыс оған әсер етпеді; оның діні олимпиадалық болды, бірақ оған мән берілмеген сияқты. Талес, Анаксимандер және Анаксименнің философиялық құрылымдары ғылыми гипотезалар ретінде қарастырылуы керек және олар тропоморфтық ұмтылыстар мен моральдық идеялардың орынсыз әсерін сирек сезінеді. Олар қойған сұрақтар назар аударуға лайық болды және олардың батылдығы кейінгі зерттеушілерді шабыттандырды.

Милет мектебі алғашқы философиялық мектеп ретінде белгілі. Онда алғаш рет саналы түрде барлық нәрсенің негізгі принциптері туралы сұрақ қойылды. Мұнда бірінші кезекте Әлемнің мәні туралы мәселе тұр. Милет мектебінің кейбір өкілдері бұл мәселені басқаша шешсе де, олардың көзқарастары ортақ: олар белгілі бір материалдық принцип бойынша әлемнің негізін көреді. Бұл алғашқы грек философиялық мектебі өздігінен материализмге ұмтылады деп айта аламыз. Әрине, материалдық және рухани принциптердің өзара байланысы туралы мәселе әлі қойылған жоқ, ол кейінірек тұжырымдалды. Милет мектебінің өкілдері әлемді материалдық деп түсінді. Бұл мектеп әлемді, оның жеке құбылыстарын, жалпы принципін немесе негізін материалистік тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Ф. Энгельс "Табиғат диалектикасында": "...Аристотель бұл ежелгі философтар материяның белгілі бір түріндегі басты болмысты қарастырады дейді...»1. Олардың ойларын талдау философияның пайда болуынан бастап, бір жағынан, оның материализммен байланысы, екінші жағынан, материализмнің диалектикамен байланысы бар екенін көрсетеді. Материализмнің алғашқы тарихи кезеңіне тән белгі-оның ғылыми таныммен және сол кездегі прогрессивті әлеуметтік күштермен тығыз байланысы.