ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 139
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.3 Корпоративті ақпараттық жүйелер. ERP жүйесі
Корпоративті ақпараттық жүйелер (КАЖ) – деп компанияның қызметін қамтамасыз ету және басқарудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру үшін қолданылатын тәсілдермен шешімдердің белгілі бір жиынтық жүйесін айтады.
КАЖ-ның негізгі міндеті кәсіпорын ресурстарын есепке алумен басқаруға, бизнес үрдістерді автоматтандыруға бағытталған ақпараттық жүйесін құру болып саналады [17].
КАЖ жүйенің мына талаптарына жауап береді: кешенділігі, жүйелілігі, күрделілігі, ашықтылығы, сенімділігі, ауқымдылығы, қауіпсіздігі, ұтқырлылығы және ендірумен қолдану уақытында бағдарламашы тарапынан техникалық көмек көрсету. Сонымен, КАЖ қызметкерлердің бағдарламаны қолдану жұмыстарын ұйымдасытыру, материалдар ағындарын басқару, ғимараттарды тиімді жабдықтау, жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру, тұтынушы сұраныстарын анықтау, тұтынушылармен өзара тиімді әрекеттесу жұмыстарына жауап береді.
КАЖ-ның қызметтері:
-
мәліметтер қоры моделін ақпараттық ресурстарды жинақтау нәтижесінде құру; -
мәліметтерді сақтау, жады ресурстарын басқару; -
ақпараттардың ағымдық жағдайына баға беру; -
сақталған мәліметтер қорын өндеу, талдау жұмыстары; -
қолданушының ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру; -
кез-келген уақытқа алдын-ала орындау міндеттерін жоспарлау; -
қаражаттық есеп алу мүмкіндігі; -
тапсырыстардың дұрыс орындалуын, даму сатысын бағалау; -
басқару.
Қазіргі уақытта ақпараттық-бағдарламалық басқаруға аналитикалық, яғни жаңа шешімдерді қабылдауға бағытталған жүйелер қолданылуда. КАЖ-ның мәліметтер қорын талдау мен сақтаудың жаңа технологиялары бар:
-
Data Warehouse (мәлімметтер базасы); -
OLAP (деректерді өңдеу аналитикасы); -
Data Mining (деректерді іздеу).
OLAP пен Data Mining технологиялары тығыз байланыста, осындай кешенді технологиялар пайдаланылуда.
КАЖ-ның басқару деңгейлері 4-суретте анық бейнеленген:
4-сурет. КАЖ басқару деңгейі тұрғысынан 3 топқа жіктеледі
1.Ағымдағы бизнес үрдістерді құрудың ақпараттық жүйесі тауарларды есепке алушы қолданушылар мен кәсіп басшыларына қолданылады. Қаржылық үрдістерді өңдеу жүйелеріне ақпаратты өңдеу, құжаталмасу, есептеулер жатады. Тауардың физикалық өндірудегі түріне баға беретін үрдістерді басқару жүйесі, кеңсені автоматтандыру жүйесіне интернет, электронды пошта, телефон-факс, шығару құрылғыларын орнату жатады.
2.Шешімдерді қабылдау ақпараттық жүйесі. Қолданушыға реттелген, анықталған, ағымдағы ақпараттарды беру жүйесі. Шешімдерді тұжырамдау барысындағы жобалау шешімдері. Басшылық деңгейінен сыни тұжырымдарды талқылаудың ақпараттық жүйесі.
3.Жоспарлы артықшылықтарды құру ақпараттық жүйесі. Кәсіпкердің жеткізушілерге тиімдісін және тұтынушылар арқылы сатылым көлемін еселеуге, бәсекелестерден бір қадам алда болуын мақсат етіп қойып, жоспарлау.
КАЖ-ды ең алдымен жүйе, содан соң бағдарламалық жасақтама. Көбінесе бағдарламашылар MRP, MRP II, ERP, CSRP, CRM, B2C және B2B жүйелерін біріктіретін жүйе деп есептейді [18].
ERP өндірістік жүйелерді автоматтандыруға және жұмыс үрдістерін ұйымдастыруға арналған ақпараттық жүйелер болып табылады. 1990 жылдар gartner group компаниясының талдаушысы Ли Уайли “ERP” терминін ұсынған болатын. Enterprise Resource Planning (ERP) жүйесі қазіргі таңда танымал жүйе болып табылады. Тауарлар қорын, қаржылық ресурстарды, қызметкерлердің жұмысын және сатылым үрдістерін жоспарлы түрде өндіріс орындарындағы немесе қойма ғимараттарындағы барлық бизнес-үрдістерді толыққанды басқару мүмкіншілігі бар жүйе десек те болады. APICS ұйымының пайымдауынша ERP жүйесі екі бағытта қолданылуы мүмкін. Алғашқысы, тұтынушы өтінімдерін қабылдау, жинау, сату мен есепке алу үрдістерін басқару, жоспарлау, бағалауға арналған ақпараттық жүйе. Келесі бағыт сауда саласындағы қызмет көрсету орталарындағы сатылым үрдістерін тиімді, ұтымды ұйымдастыруға арналған дюстрибютор, логистика бөлімдеріне тауарды қабылдап алу, сатылымның кең көлемділігін ұйымдастыратын, қызмет көрсету деңгейімен тұтынулар арасындағы жақсы қарым-қатынасты орнататын ақпараттық жүйелер. Сонымен, ERP жүйесі ақпараттық жүйені жоспарлап қана қоймай, оны іске асыруды қамтамасыз ететін жүйе.
Кәсіпкердің ERP басқару жүйелерін дұрыс жоспарламауынан неше түрлі шығындарға ұшырауы әбден мүмкін. Егерде қойманы автоматтандыру дұрыс ұйымдастырылмаған болса, онда қайта жоспарлау қажет. Дұрыс ұйымдастырылмаған қойма саудасы тек шығындар әкеледі. Қызметкерлер ақпараттарды бағдарламаға енгізу кезінде қате ақпараттарды байқаусызда енгізуі мүмкін. Мұнда арнайы бағдарламада оқытылған, білікті кадр мамандары жұмыс жасауы қажет. Бұл кейбір қателіктердің алдын алады, себебі қателіктерді уақытында түзету мен өз бетімен тығырықтардан шыға білу қасиеттері меңгеріледі. Кадр қызметкерлерінен бөлек, IT-бағдарламашысы болуы шарт. Бағдарламалық, техникалық ақауларды уақытында түзете білу жұмыстың үздіксіз қозғалып отыруына септігін тигізеді. Тағы бір маңызды жоспарлардың қатарына бюджетті дұрыс бағытта қолдануын жоспарлау жатады. Дұрыс жоспарланған қаржы есебі, шығындардың аз көлемде болуын қамтамасыз етеді. Мысалы, салық, қызметкерлер жалақысы, бухгалтерлік есептердің және пайданы оң бағытта алдын ала жоспарлау кәсіптің қаржылық ресурстарын толық бақылап басқаруға әкеледі. Келесі маңызды жоспарлардың бірі – тұтынушылармен жақсы қарым-қатынаста болу мен клиенттік мәліметтер қорын одан әрі көбейтудің жолдарын жоспарлау болып саналады. Мұнда бұрынғы тұтынушылардың алдында бедел жинау мен жаңа клиенттік тұтынушыларды күнделікті іздеу қадамдарын жоспарлау. Бұндай іс-әрекеттерді жоспарлау – кәсіптің одан әрі өркендеп өсуіне, активтердің көбеюіне септігін тигізіп қана қоймай, қателіктермен келеңсіз жағдайлардың алдын алуға себепкер.
Қойма саласын автоматтандырудағы бағдарламалық қамтудың бірнеше жолдары бар. Оның біреуі кәсіпорынның өз бағдарламасын жасауы. Мұнда бағдарлама қолданыста оңай, бағасы жағынан тиімді, бірақ қауіпсіздік жағынан қиыншылықтары болуы мүмкін. Келесі жолы бағдарламалық қамтуға дайын бағдарламаны сатып алу болып есептеледі. Мұнда қауіпсіз, қолданыста кадр бөлімдерін арнайы оқыту мен көлемді түрде қаражат жұмысалады. Ең соңғы бағдарламалық жасақтама – кәсіби мамандарға жүгініп, арнайы оңай интерфейстегі бағдарламаны жасату. Мұнда әмбебап емес, тек сол мекеменің тауар өніміне байланысты мәліметтер мен есеп қисап жұмыстары жүреді. Яғни, кәсіпкердің ойындағы бағдарламалық жасақ жасалады, бірақ бұл қымбат бағада бағалануы әбден мүмкін. Қойма ішіндегі барлық бизнес-үрдістерді біріктіріп, жұмыстарды оңтайлы жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама арқылы жеткізушілерге дұрыс көлемде тапсырыс беруге болады. Мұнда қоймада тауарлар қорынан бөлек апта сайынғы сатылымды бағалап, сол сатылым көлемін қанағаттандыратын етіп тапсырыстар жасалады. Бұл апта сайынғы тапсырыс жасау үрдісі қойма ішіндегі тауарлар қорының болуына және сатылымдағы жарамдылық мерзімінің жоғарырақ болуына себепкер. Яғни тұтынушыларға жарамдылық мерзімі жақында шыққан тауарларды тұтынады. Тауарлар қорын үнемі бақылауда ұстау арқылы сатылым жұмыстарының үздіксіз жүруіне алып келеді.
Сатылымдарды басқару қоймадан қанша тауардың сатылғанын бақылау арқылы, жұмыстың тиімділігі анықталады. Арнайы сатылымдардан түскен ресурстар белгілі бір уақыт бойынша автоматты саналып, бағаланады. Арнайы бағдарламада уақыт сүзгілерін қойып, қадағалауға болады. Мысалы, бір күндік, айлық не жылдық сатылымдардың толыққанды санын көре аламыз. Ай сайын сатылым бойынша талдау жұмыстары жүріп отырса, сатылымы төмендеген тауар өнімдерін жоғарылату үшін арнайы мониторинг-жоспарлар құрылады. Сонымен, тауар өтімділігінің төмендеу себептерін анықтап, жоғарылауы үшін шешімдер ізделеді. Мысалы, бәсекелестің тауарларында көлемді жеңілдік науқан бағасы қойылса, кәсіпкер өніміне арнайы жарнамалар мен жеңілдіктерді тез арада жүзеге асыру жолдарын қарастырып, сатылым деңгейін уақытында жоғарылата білуі қажет [19].
Сатылымдардың үлкен қаражаттардағы айналымдарының болуы қойма саудасының нарықта тиімді әрі тұрақты жүргізіліп отырағанын білдіреді. Қойма саудасында үнемі жоспарлап, бағалап, қателерді анықтап, шешімдерін табу жолдарын саралап, талдау жұмыстарын тұрақты жүргізудің арқасында тауарайнылымының үнемі дамып, активтердің жоғарылауына үлесі орасан зор.
Талдау жұмыстарымен қатар, қойма ішіндегі барлық үрдістерді тиімді жоспарлы түрде жасақтау, клиенттермен жақсы қарым-қатынас құру кәсіптің дұрыс бағытта өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта көп кәсіпкерлер бір орында тұрғанға қанағат қылады. Ал үнемі ізденіс пен даму үстіндегі қоймалар бәселестікте жоғары позицияға көтеріле береді. Бәсекелестік керісінше жоспарларды жаңалап отыруды, бағалар мониторингтерін бақылау арқылы тұтынушыға көзге түсер тауары болуы үшін еңбектенуді талап етеді.
Қазіргі уақытта қоймадағы тауарларды есепке алудың арнайы әмбебап бағдарламалары көптеп кездеседі. Көбіне бұл бағдарламаларға жыл сайын қомақты қаржы төленеді. Электронды қойма жүйесін қосқан кезде қабылдау мен сатылым үрдістерін толыққанды басқаруға мүмкіндік жасайды. Тез шешім қабылдап қана қоймай, қоймадағы бар ресурстарды аз уақытта қарау мүмкіндіктерін де береді. Электронды бағдарламада арнайы есептеу бөлімі де болады. Кіріс-шығыспен пайданы үнемі қадағалап, шығынды азайтудың кірісті көбейтудің амалдарын қарастыруға да болады. Әр түрлі сүзгі мен іздеу жолақтары да бар. Яғни, қойманы ашық түрде бақылауға, сараптауға, есептеуге өте қолайлы. Автоматтандырылыған қоймалардың жұмысы өте жылдам, әрі жоғары деңгейлі қызметтер көрсете алады. Қойма жұмысын ұтымды ұйымдастыру ең алдымен арнайы бағдарламамен, бизнес-үрдістерді автоматтандырумен жүзеге асырылады.
2 ҚОЙМА ЕСЕБІНДЕ ТАНЫМАЛ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ЖАСАУ ПРИНЦИПТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қойма түсінігі мен түрлері. Қоймадағы тауарларды есепке алу
Қойма түсінігіне толықтай тоқталатын болсақ, белгілі бір аймақтағы тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға негізделіп жабдықталған, әрі тауарды сақтауға арналған құрылыс-аймақ немесе ғимарат болып саналады. Жалпы мұны кез-келген өнімдерді, материалдарды немесе тауарларды қабылдап, оларды сақтау орындарына орналастырып, содан тұтынушыларға сатуға жинақтайтын бизнес-үрдістер деуге келеді. Қазіргі таңда қоймалық бизнеспен көптеген өндірушілер, саудагерлер, экспорттаушылар, импорттаушылар және т.б. айналысады. Қойма қызметі белгілі бір аймақтың тұтынушыларының сұраныстық ауытқуын азайтып, дайын өнімдердің немесе шикізаттардың тауарайналым жылдамдықтарын кеңейтуге арналған материалдық ресурстар болып табылады. Қоймалар бір-бірінен ауданы, құрылымы, өлшемі, жабдықталуы бойынша ерекшеленеді. Құрылымына қарай қойманың 3 түрі болады [20]:
-
ашық – арнайы жабдықталған алаң; -
жабық – төрт қабырғасы және төбесі бар жабық ғимараттар; -
жартылай жабық – бір, екі немесе үш қабырғалы төбесі бар құрылыстар.
Қоймадағы тауарларды есепке алу дегеніміз – қойма ішіндегі өнімдердің тауарайналымын толық басқаруға мүмкіндік беретін үрдіс. Қойма саудасымен айналысатын кәсіпкердің бір немесе бірнеше қоймалары болуы мүмкін. Сонымен, егер кәсіпкердің бірнеше қоймасы болған жағдайда, тек бір ғана қойма басты қойма бола алады. Мұндай басты қоймадан келесі қоймаларға тауарларды орынауыстырулары болуы мүмкін. Әрбір қойманың жұмыс үрдістерімен қатар, нақты уақыт режимінде қоймада қанша тауардың барын, қаншасы сатылғанын, пайда мен шығындардың санын көруге болады. Қойма ішіндегі жұмыс үрдістерін орындайтын қызметкерлер бар:
-
кіші қызметкерлер – алаңдағы және ғимарат ішіндегі гигеналық тазалықты сақтайтын қызметкерлер; -
тиеп-түсіруші қызметкерлер – жүктерді қабылдау барысында тиеп-түсіру, қойманың ішінде категориялар бойынша орналастырып, тапсырыстарды жинап беру қызметін атқарады; -
қоймашы – қоймадағы жүктерді санап қабылдайды, қоймада бар тауарлардың санының түгел болуын, тапсырыстарды жіберу барысында тауарлардың артық не кем болмауын қадағалайтын қызметкерлер; -
жүргізуші – қоймадағы жиналған тауарларды тұтынушыларға тасымалдап, төлеміндерін алып бухгалтер бөліміне табыстайтын қызметкерлер; -
меңгеруші – мерзімі өтіп кеткен, жетіспейтін тауарлардың материалдық шығындарына жауапты, қойма ішіндегі жұмыс үрдістерін басқаратын, қағазайналым мен басшы алдында есеп беретін қызметкер; -
есепші – қоймаға қабылданған тауарларды, тұтынушылардың тапсырыстарын арнайы бағдарламаға енгізіп, тауарайналымдағы кіріс, шығыс пен пайданы қадағалайтын қызметкерлер; -
сауда өкілдері – қала ішіндегі тұтынушы дүкендерге қоймадағы тауарларды каталогпен ұсынып, тапсырыс қабылдап оны есепшіге өткізетін қызметкерлер; -
аудитор – қойма ішіндегі нақты уақыт режимінде тауарлардың жетіспеушіліктері мен артықшылықтарын анықтайтын қызметкер; -
басшы – кәсіпкер.
Бизнесті тиімді жүргізу үшін қоймадағы тауарларды есепке алу мен жіберу кезіндегі құжатайналымы дұрыс болуы керек. Қабылданған тауарлардың арнайы категориялар бойынша орналасу орындарын жобалаған жөн. Қоймаға арнайы тауарлардың саны мен түрлеріне тапсырыс беру қажет. Қоймаға келген жүктерді қабылдау барысында қоймашының қолында карточка деп аталатын кесте түріндегі парағы мен қаламсабы болуы міндет. Ендігі қабылданып жатқан жүктердің қорап сыртындағы арктикуль кодын, санын, мерзімін, тауардың сыртқы түрінің дұрыс болуын қадағалап арнайы карточка парағына енгізеді. Жүктерді қабылдау барысында сынған не мерзімі жақындаған тауарлар қойма ішіне қабылданбауы тиіс. Сол кезде кәсіптің артық шығындарға ұшрауына жол берілмейді. Қоймашы толтырылған парақты арнайы қойма есепшісіне табыстайды. Қойма есепшісі осы парақтағы ақпараттарды электронды қоймаға енгізеді. Қойма есепшісі келген тауарлардың карточка нөмерін, категориясын, арктикуль кодын, штрих коды мен атауын, толық түрі мен салмағын, саны мен бір қароптағы санын, келген бағасын және сатудағы үстеме пайызын көрсетуі міндет. Ал қоймашы жүктерді шашып қойма ішінде катергория мен ассортимент бойынша орналастырумен айналысады. Қойма есепшісі келесі келген тауарларды электронды қоймаға енгізген уақытта алдыңғы келген бірдей арктикульды тауарлар қосылады, сонымен қоймадағы осындай арктикульдегі немесе штрих кодтағы жалпы санын көруге болады [21].