Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м. Уезов атындаы оТстік азастан университеті.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 425

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Инклюзивті білім беретін мектеп сыныптарындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеуде қандай мақсаттар таксономиясын негізге алуға болатындығы сол сынып оқушыларының үлгерімі мен сабақ үстіндегі өзара әлеуметтік қарым-қатынас орнату белсенділіктеріне байланысты анықталады.

Топтық тапсырмаларды орындау кезіндегі белсенді өзара әлеуметтік қарым-қатынас білім алушылардың өз мүмкіндіктерін толық ашуына және бір біріне қолдау көрсетуіне бағытталған. Сондықтан, мұндай жұмыстарды белсенді ұйымдастыру мүмкіндігі бар инклюзивті білім беретін мектеп сыныптарында критериалды бағалау жүйесін қалыптастыру негізіне жоғары эвристикалық мақсаттарды алуға болады. Бұл ерекше білім беруде қажеттілігі бар оқушылардың өз мүмкіндіктерін толық ашуына және алдағы уақытта жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Қалыптастырушы бағалауда жиі қолданылатын өзін-өзі бағалау және өзара бағалау тәсілдері, инклюзивті оқыту сыныптарындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы тиімді әдістердің бірі. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау білім алушылардың жауапкершілігін арттырып, өз нәтижесін зерделеуге жетелейді және жиынтық критериалды бағалау нәтижесінде білім деңгейлерінің жоғарылағанын көрсетеді.

Жалпыға міндетті білім беру стандартын игеру жалпы білім беретін мектептерде қамтылған ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардан да талап етіледі, сондықтан инклюзивті білім беру жағдайындағы критериалды бағалау жүйесі де бірыңғай болуы тиіс.

Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі:

− оқу бағдарламасының мазмұнымен салыстыру арқылы білім алушылардың тиісті білім деңгейін меңгергенін бағалау. Ол екі деңгейден тұруы тиіс: критериалды бағалаудың бірінші деңгейі базалық мазмұнды қамтиды, екіншісі - ілгері деңгей (кәсіпалды және кәсіби), кәсіби дайындықты көздейтін негізгі білім мазмұны аясын қамтиды. Инклюзивті білім берумен қамтылған балалардың басым көпшілігі интеллектісі сақталған балалар және олардың арасында білім алуда биік жетістіктерге жеткен балалардың бар екенін ескерсек, екінші ілгері деңгей оларға қолжетімді; − әрбір оқушының жалпы үлгеріміндегі өзгерістерді анықтаумен қатар, оның әр саладағы танымдық белсенділігінің динамикасын қадағалап отыру шарт (ақпаратты қабылдау, ақпаратты өңдеу, өз ойын шығармашылық тұрғыда жеткізу және бейнелеу, т.б.); Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушының оқу барысындағы қиындықтары мен қажеттіліктерін, оқу үлгеріміндегі ауытқушылықтардың себебін күнделікті бақылай отырып, оқушының білім деңгейі мен МЖМБС талаптары арасындағы алшақтықты барынша азайту;


− оқушының үлгерімі жайлы ақпарат нақты әрі мазмұнды болуы қажет, сонымен қатар тек мұғалім ғана емес, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушы да өз үлгерімі туралы ақпараттан хабардар болуы тиіс. Тиісінше оқушы өз бағасын мұғалімнің бағасымен салыстыра отырып, өз қабілетіне сенім пайда болады және мұғалімнің объективтілігіне көзі жетеді; осы әрекет баланың өзіне деген сенімсіздігінің алдын алады және алдағы уақытта өз қабілетін толық ашуына ықпал етеді;

− әсіресе ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау көп деңгейлі, көп балды, дүниежүзілік бағалау тәжірибесіне бейімделген болуы тиіс, себебі мұндай оқушылар сараланған көзқарасты қажет етеді;

− белгіленген уақыт аралығында балл жинау механизмін енгізу арқылы оқу процесінің бірізділігін қамтамасыз ету; қажет болған жағдайда ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушыларға қосымша уақыт беріледі;

− мұғалім, оқушы, ата-ана, сынып жетекші, сонымен қатар мектептің педагогикалық ұжымы мен басқармасы арасында тығыз байланыс орнатылуы қажет. Бұл ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушының оқу процесіндегі мәселелеріне жедел түрде назар аударуға және қажет болған жағдайда қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін керек болып табылады;

− ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушы үшін мектеп бағдарламасының тиісті деңгейлері бойынша қойылатын талаптар жалпы орта білім алатын барлық оқушы үшін білім деңгейіне қойылатын талаптармен бірдей болуы тиіс.

Себебі ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар жалпы білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін жалпы мектепті аяқтағаны туралы орта білім аттестатын алады;

− мұғалім, сынып жетекші, ата-ана, мектеп басшылығы және бәрінен бұрын оқушының өзі оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда бірлескен тығыз байланыста қарым-қатынас орнатулары шарт; ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру мектептеріне түбегейлі тарту, оны қоршаған ортасының түсіністігі мен қолдауын қажет етеді;

− оқушының психикасына қамқорлықпен қарап, оқушының іс-әрекеттері мен талаптарына шыдамдылық таныту қажет, оның психикасына нұқсан келтіретін жағдайлардың алдын алу маңызды. Бұл ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушының білім алуына қолайлы жағдайлардың жасалуына ықпал етеді.


Әдебиеттер:

  1. Методические рекомендации по системе критериального оценивания учебных достижений детей с ограниченными возможностями. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 54 с.

  2. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана. НАО. 2013. – 80 с.

  3. Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе: учебное пособие.-Пермь,2010.-84 с.

  4. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал, / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 54 б.

  5. Набуова Р.А., Жубандыкова А.М. Бағалаудың өлшемдік технологиялары. Оқу құралы. – Алматы, 2019. -260 бет.

  6. Урмашев Б.А. Критериалды бағалау технологиясы. Оқу құралы. - Алматы: «ССК» баспасы, 2016. – 140б.

  7. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 58 б


11-тақырып. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері мен рәсімдері

11 дәріс
Мақсаты: инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері мен рәсімдері туралы білімдерді қалыптастыру.
Жоспары:

1. Тілдік пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау критерийлері

2. Тілдік емес пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау критерийлері

3. Бағалау рәсімі мен құралдары
Білім беру мазмұнын жаңартуға көшуге байланысты білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі де өзгереді, оқыту нәтижесін қадағалаудың жаңа формалары енгізіледі.

Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілді.

Тілдік емес пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың бекітілген өлшемшарттары оқу материалын меңгерудің түрлі деңгейлерін бағалауға негізделген.

Тілдік пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары Блум таксономиясына негізделген.


Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары білім берудің барлық деңгейлері бойынша әзірленді.

Сонымен қатар, бағалаудың өлшемшарттары мен параметрлерін анықтайтын критериалды бағалау жүйесінің ғылыми негізі, білім беру процесіне тұжырымдамалық тәсілдері «2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатта көрсетілген.

Білім алушылардың шынайы қол жеткізген нәтижелерінің жоспарланған оқыту мақсатына сәйкестігі дәрежесін орнатумен, алдын ала белгілі болған өлшемшарттарға сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау ерекше қажеттілігі бар балалар үшін де жалғасады.

Сонымен білім алушылардың тұлғасы емес, тек жұмысы ғана бағаланады; оқушының жұмысы басқа оқушы жұмысымен емес, эталонмен (өте жақсы орындалған жұмыс түрімен) салыстырылады; эталон оқушыларға алдын-ала белгілі болады. Неге оқытты соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау өлшемдері – оқу мақсаттарының нақты көрінісі.

Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін критериалды бағалау жүйесі бағалау рәсімінің сол тәртібі мен құрылымын, сонымен қатар, бекітілген бағалау өлшемшарттарын болжайды.

Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалауды құрайды.

Қалыптастырушы бағалау түрлі формада (ауызша сұрақ, жазбаша жұмыс, тәжірибелік жұмыс және т.б.) жүзеге асады және жиынтық бағалауды өткізгенше мұғалім мен оқушыларға оқыту процесін түзетуге және мүмкін болатын олқылықтар мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Оқу тоқсандары ішінде жүргізіледі.

Жиынтық бағалау тоқсанды аяқтауы бойынша білім алушылардың білімді меңгеруініңкіріктірілген деңгейімен дағдыларының қалыптасуын айқындауға арналған. Оқу тоқсаныныңаяғында жүргізіледі.

Бағалауды жүргізу тәртібі бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерінкритериалды бағалау Ережесінде көрсетілген.

Осы құжат қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізу тәртібін, тоқсандық жиынтық бағалау модерациясын жүргізу тәртібін, сонымен қатар, білім алушыларға тоқсандық және жылдық баға қою тәртібін енгізеді.

Сонымен қатар, білім алушылардың оқу жетістігін бағалау өлшемшарттары қарапайым балаларға да арналған. Сонымен, ерекше қажеттілігі бар балалар үшін де тілдік емес пәндер және тілдік пәндер бойынша екі түрге бөлінеді.

Ерекше оқыту қажеттілігі бар білім алушылардың оқу жетістігін бағалау өлшемшарттары келесі ережелерге негізделген:


- Біледі – нақты фактілерді, ақпаратты және сипаттамаларды қайта жаңғырту немесе есте сақтау қабілетінің бағасы.

- Түсінеді – ақпаратты дұрыс қайта жаңғырту, болжау немесе түсіндіру арқылы меңгерілген материалды түсіну және түсіндіруқабілетініңбағасы.

- Қолданады – проблемаларды шешу мақсатында меңгерілген материалды нақты жағдайларда және жаңа жағдаяттарда қолдану қабілетінің бағасы. Практикалық жұмыс, эксперименттер, проблемаларды шешу мен жаңа және/немесе түрлі өнімдер жасау білімді қолдануды көрсетудің тәсілдері болып табылады.

- Талдайды – түрткілер мен себептерді, ой қорытындыларын анықтау, ортақ ережелерді негіздеу үшін дәлелдер табу арқылы ақпараттық материалдарды құрамдас бөліктерге бөлу, ақпаратты зерделеу қабілетініңбағасы.

- Жинақтайды – бөліктерді (идеялар, элементтер) жаңа мәнмәтінге біріктіру, қиыстыру қабілеті, мысалы қолдағы бар мәліметтерді реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), іс-әрекет жоспары, сызбалар. Оқытудың тиісті күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу шығармашылық сипаттағы қызметті болжамдайды.

- Бағалайды – қандай да бір материалдың (пікірлер, көркемдік шығармалар, зерттеу деректері) маңызын бағалау қабілетінің бағасы.

Ерекше қажеттілігі бар білім алушылардың оқу жетістігін бағалау өлшемшарттары тілдік пәндер бойынша қызметтің 4 түріне негізделген:

- Тыңдалым – түрлі тақырыпта ауызша айтылғандардың негізгі мазмұнын түсіну; олардан негізгі ақпаратты айырып көрсету; айтушының пікірін тани білу; мәнмәтін бойынша сөздің мағынасын айқындау; түрлі стратегияларды қолдана отырып, білім алушылардың деңгейлеріне сәйкес мәтіндердің әр түрінің мазмұнын қабылдау және түсіну қабілетінің бағасы.

- Айтылым – түрлі тақырыптардағы әңгімеде сөйлесудің ресми және сөйлеу стильдерінің сөздерін қолдану; қажет ақпарат алу үшін анағұрлым күрделі сауалдар қою; өз ойын білдіру; күтпеген түсініктерге пікір білдіру; құрдастарымен тапсырманы орындау барысында қарым-қатынас жасау; арнайы лексиканы сауатты қолдану; тарихты және оқиғаларды қайта айтып беру қабілетінің бағасы.

- Оқылым – түрлі тақырыптардағы көркемдік және ғылыми мәтіндердің негізгі мазмұндарын түсіну, олардың ішінен ақпаратты іздестірудің түрлі стратегияларын қолдана отырып түйінді ақпаратты айырып көрсету; мәнмәтін бойынша сөздердің мағыналарын анықтау; автордың қатынасын және пікірін тани білу; сөздердің мағынасын тексеру және оқылғанды түсінуін тереңдету үшін қағаздағы және сандық дереккөздерді пайдалану қабілетінің бағасы.