Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 405
Скачиваний: 10
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Жаратылыстану» оқулығынан «Төменгі сатыдағы өсімдіктер» 12-13 б. тақырыбы бойынша тапсырмалар ұсынуға болады.
Мақсаты: болжамдар жасай алу және оларды фактілердің көмегімен тексеру қабілетінің қалыптасуын тексеру.
-
Адамдар балдырларды қайда қолданады? -
Балдырлардың түсі немен байланысты екенін болжа? Өзіңнің болжамыңның дұрыстығын тексеру үшін 12-13 беттегі «Балдырлардың түрлері» мәтінін оқы. -
Нақты болжамды «+» белгісімен, ал расталмаған болжамды «–» белгісімен белгіле.
4-сыныпқа арналған «Жаратылыстану» оқулығының 40-41 бетттеріндегі «Қандай жануарлар жойылып бара жатыр?» тақырыбын өткен кезде мәтіннен болжамды растауға арналған фактілерді табу іскерлігінің қалыптасуын тексеру мақсатында ұсынылатын тапсырма:
-
Неге кейбір жануарларды жойылудың шегінде тұр деп айтады? -
Оқулықтың 41 бетінде берілген мәтіндегі фактінің көмегімен дәлелде және болжамды растайтын фактілерді теріп жаз.
Оқушыларға ұсынылған осы сияқты көптеген тапсырмалардың түрлерінен мысалдар келтіруге болады.
Болжамды құрастыру іскерлігіне арнайы түрде жаттығуға болады. Қарапайым жаттығу ұсынайық: Қанеки, бірге ойланайық: Құстар оңтүстікке қалайша жол табады? Неліктен аспанда жұлдыздар пайда болады? Неліктен көктемде ағаштар бүршік жарады? Неліктен су ағады? Неліктен жел соғады? Неліктен жаңбырдан кейін аспанда кемпірқосақ пайда болады? Неліктен гүлдер әр түрлі болады? Қалайша металл ұшақтар ұша алады? Неліктен күн және түн болады?
Болжамдар бұл жағдайда мынадай болуы мүмкін, мысалы: «Құстар жолды күн және жұлдызға қарап анықтайды», «Құстар жоғарыдан
өсімдіктерді көреді – ағаштар, шөптер және басқалар – олар ұшу бағытын көрсетеді», «Құстар жылы ауа ағымдарын тауып, сол бойынша ұшады»,
«Мүмкін олардың ішінде ұшақтар мен әуе кемелерінде болатындай ішкі табиғи компастары бар».
Ерекше, шындықпен жанаспайтын, айрықша болжамдар да болады, оларды көбінесе «арандататын идеялар» деп атайды. Біздің жағдайымызда ол мынадай идея болуы мүмкін: «Құстар оңтүстікке міндетті түрде жол табады, себебі олар ғарыштан арнайы белгілерді қабылдап алады».
Болжамдар, болжаулар, сондай-ақ арандатушылық идеялар бізге ойша және шынайы эксперимент жасауға мүмкіндік береді. Болжам ұсынуды үйрену үшін сұрақ қоя отырып, ойлануды үйрену қажет. Мұны қандай жағдайларда қолдануға болады?
Болжам ұсынуға және арандататын идеялар ұсыну қабілетін жаттықтыратын бірнеше жаттығулар ұсынып көрейік. Болжам жасауда біз көбінесе келесідей сөздерді қолданатынымызды атап өтуге болады:
-
болуы мүмкін; -
болжамдаймыз; -
болсын делік; -
мүмкін; -
егер де ...
Осы тірек-сөздерді қолдана отырып, төмендегі сұрақтарға неше түрлі болжамдар ұсынып көрейік. Сондай-ақ, бірнеше арандататын идеялар ойлап табайық.
Неліктен жануарлардың балалары (қонжықтар, теңбілшелер, бөлтіріктер, түлкішектер) ойнағанды жақсы көреді?
Неге көктемде қар ериді? Неге қыста қар жауады?
Неліктен кейбір жыртқыш аңдар түнде, ал кейбіреуі күндіз шабуылдайды?
Неге жазда ыстық болады?
Неге гүлдер қанық түстерге боялған? Неге жазда тауда қар ерімейді?
Неліктен су тасқыны болады?
Неге қыста қар жауып, жазда жаңбыр жауады?
Неге ай Жерге
құламайды?
Неге ұшақ аспанда өз артынан із қалдырады?
Болжамдар әдісі «егер ... болған жағдайда не орын алуы мүмкін» түріндегі прогноматикалық міндеттерді шешу барысында дамиды. Болашаққа саяхат әдісі, болжау, алдын-ала меңзеу, гипотеза жасау дағдыларын дамыту тәсілі кез келген білім беру саласында тиімді болып табылады.
-
«Клок Бадис» (Төрт оқушыға кездесу белгіле) әдісі. Бұл әдіс тақырыпты талқылауға арналған. Жұмысты былай ұйымдастыруға болады. Әр оқушыға циферблат беріледі. Онда 4 уақыт – 9:00, 12;00, 3:00, 6:00 – белгіленген. Сол белгіленген төрт уақыттың тұсына әркім өздерімен кездесетін балаларының аты-жөнін жазады. Балаларды сұрақ қою арқылы таңдайды, мысалы: «сағат 09:00 де боссың ба?». Сол балалармен мұғалімнің нұсқауы бойынша тапсырмалар орындайды. Сағат 09:00 де кездесетін оқушымен үй тапсырмасын талқыласа, 12:00 де кездесетін оқушымен жаңа тақырыпты пысықтау тапсырмаларын орындауы мүмкін. Ал 03:00 де кездесетін оқушымен өзіндік жұмысты талқыласа, 06:00 де кездесетін оқушымен сабақты қорытындылауға арналған тапсырмаларды орындауы мүмкін.
Дидактикалық мақсаты: Оқушыларға сабақ барысында жұмыс істейтін жұптарын өз қалаулары бойынша таңдату, оқушылардың сабаққа қызығушылығын, жұмыстың өнімділігін арттыру.
Бұл әдістің тиімділігі: белгіленген кездесуде тақырыпты зерттеу, мәселенің жолын бірге табу, жауаптарын салыстыру, пікірлерін талқылау арқылы сөздік қорлары дамып, ой бөлісу арқылы, тақырып бойынша ой- өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Ауызша немесе жазбаша талқылау жұмысы болады. Жұппен жұмыс жасау арқылы коммуникативті дағдылары
дамиды, қарым-қатынас жасау мәдениеті қалыптасады.
-
«Тимбилдинг» әдісі тақырып бойынша өз ойларын талқылауға арналған. Оқушылар шеңбер жасап отырады. Әр топтан ортаға жауап жазатын оқушы белгіленеді. Берілген тақырып бойынша әр оқушы өз ойын топта білдіреді, топ мүшелері ол баланың ойымен келісіп немесе келіспейтіндіктерін жоғары не төмен бағытталған бас бармақтары арқылы білдіреді. Жазатын оқушы топ мүшелері құптаса – үшбұрыштың ішіне, құптамаса үшбұрыштың сыртына жазады. Кезек ретпен беріледі, яғни барлық оқушы қатысады. Сұрақ мазмұны бойынша әр оқушының айтқан екі сөзін таңдап, жазып болғаннан кейін сол сөздерді пайдаланып, топтың аты мен ұранын құрастыруға болады. Тапсырма топта орындалғаннан кейін ортақ үлкен топта талқылау жүргізіледі. Мысалы: 3-сыныптағы «Фотосинтез үдерісі» тақырыбы бойынша оқушылар төмендегідей жұмыс жасауы мүмкін.
-
Өсімдіктегі пигмент деп аталатын зат хлорофил деп аталады (ішіне) -
Өсімдіктерге көмірқышқыл газы қажет емес (сыртына)
Топтың аты: Хлорофил. Топтың ұраны: Хлорофилміз бояғыш, Табиғатты қорғаймыз.
Дидактикалық мақсаты: Топ мүшелерінің барлығының топ жұмысына, зерттеуге қатысуын жүзеге асыру.
Әдістің тиімділігі: оқушылардың бірін-бірі тыңдау, ойын дамыту, қорытындылауға мүмкіндіктері туады. Топта бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. Топпен жұмыс жасағанда, тыңдау, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Нәтижесінде өз ойы бар оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.
-
Сэйм-Бат-Дэфэрэнт (Бірдей, бірақ басқа) әдісі оқушылардың сын тұрғысан ойлау қабілетін арттыруға, зерттеу дағдыларын дамытуға, сөздік қорын молайтуға, заттар мен құбылыстарға жан-жақты қарауға, зерттеуге үйретеді, ой түйіндеуге, қорытындылауға көмектеседі.
Жаратылыстану сабақтарында кез келген тақырып бойынша ми шабуылы ретінде қолдануға болады. Оқушылар тақырыпқа байланысты берілген суреттерге қарап, негізгі берілген сөздерден басқа сурет туралы барлық ақпаратты жинақтайды.
Оқушыларға сурет көрсетіледі. Суреттің маңайында сол сурет мазмұнына сай сөздер беріледі. Балалар сол суреттегі сөздерден басқа сөздерді айтуы керек.
ҚОРЫТЫНДЫ