Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 403
Скачиваний: 10
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жүргізу мен ұйымдастыру - жобалық білім мазмұнына үйлесімді зерттеушілік құзыреттілігіне қол жеткізудің басты шарттарының бірі. Яғни, бастауыш білім беру кезеңіне енетін оқушылар жеке ізденушіліктері арқылы білім алуға, өзін-өзі дамытуға, сабақта және сабақтан тыс танымдық әрекет барыстарында оқу-зерттеу және ғылыми-дүниетанымдық жұмыстарын кезең- кезеңмен, кешенді түрде жүргізуілуі арқылы қалыптасатын зерттеушілік құзыреттіліктерін дамыту бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби қызметінің негізгі бөлшегінің бірі болып табылады.
Модельдегі анықталып, берілген құрылым оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру үрдісінде барлық құрамдас бөліктердің қажетті өзара байланысы мен өзара шарттылығын көрсетеді.
Жобалық білім беру мазмұны аясында бастауыш білім беру кезеңіндегі оқушылардың зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі өзекті бола түсті. Қазіргі педагогикалық үдерісте құзыреттілік тұрғыдан келу мәселесі жеткілікті дәрежеде қарастырылғандығы бар болмаса да, бастауыш сыныптардағы жеке пәндер бойынша мәселен, «жаратылыстану пәнінің оқу материалдары негізінде» жеткілікті дәрежеде теориялық және әдістемелік негіздемесі жоқ деуге болады. Бұл бастауыштағы жеке пәндер бойынша зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негіздемесі мен әдіс-тәсілдері қажеттілік деңгейде зерттеліп, зерделенбегендігінің бар екендігінен болып отырған мәселе ретінде білеміз [90].
Жүргізілген зерттеулер көрсетіп отырғандай, мұғалім оқушыларға білім мен іскерлікті ақпаратты «дайын күйінде» беру арқылы да немесе оқушыларға ұғымдар мен олардың анықтамаларын жаттатып, мәтіндерді бірнеше қайтара мазмұндату арқылы да қалыптастыруына болады. Алайда оқушылардың ойын
дамыту үшін және олардың қоршаған әлемнің біртұтастығын ұғынып, табиғатты зерттеудің түрлі тәсілдерін меңгеруі үшін өзге де технологиялар қажет, солардың бірі мәселелік (проблемалық) оқыту болып табылады.
Проблемалық оқыту оқушының білім алуда немесе басқа да шаруаларды тындыруда жеке-дара қарекет ету дәрежесіне, белсенділігінің сипаты мен дамуына оң өзгеріс жасап, мәнді түрде әсер етеді. Оқушы субъектке айналады және өзбетінше әрекет ету қабілеті дамитын болады.
Жобалық іс-әрекет арқылы танымдық белсенділікті арттыру мақсатында эксперимент жұмысы ұйымдастырылды.
Эксперимент жұмысымыздың алғашқы кезеңінде осы мақсаттарға сүйене отырып, жоғарыда анықталған эксперименталды және бақылау сынып оқушыларының білім деңгейін анықтадық.
Кесте 1. - Білім деңгейінің диагностикалық картасы
Білім деңгейінің анықтау картасының қорытындысы бойынша эксперименттік және бақылау сыныбының білім деңгейін сапалық көрсеткіші % есебімен төмендегідей болды.
Эксперименттің екінші кезеңінде оқушылармен жаңа сабақ өтіп, әртүрлі шығармашылық тапсырманы ұсындық.
Мәселен оқу мақсатын анықтап алғаннан кейін, оқу элементтерінің мазмұнын, көлемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақытты, жұмыс түрін анықтадық. Қосымша материалдар, көрнекі құралдар, тапсырмалар іріктірілді. Ал біз бақылай жүріп, әлсіздерге көмектесіп, күштілерді мадақтап, әр оқушымен жеке байланыс жасадық. Мүмкіндігінше әр тапсырманың алдында оқушылар білімінің деңгейін анықтап, дәл уақытында түзету жасауға тырысқан жөн.
Кесте 2. - Эксперимент басында оқушылардың білім деңгейі
Екі сыныпты салыстыра отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады: екі сынып та сабақтың әртүрлі әдіс-тәсілдермен өтуін ұнатады (60-70 %) және оларды мұғалімнің сабақ беруі қызықтырады. Ал жазба жұмыстарын, әртүрлі тапсырмаларды орындауды онша жақсы көрмейді (20 %). Одан гөрі эксперимент сыныбының оқушылары бақылау сыныппен салыстырғанда практикалық сабақтардың қажет екенін есептейді (70-30 %).
Іс тәжірибенің қорытынды кезеңінде екі сынып та тест жұмыстарын, сынақ, бақылау тапсырмаларын жүргізе отырып, іс тәжірибе кезеңіндегі материалды қаншалықты меңгергенін және оқушылардың жалпы білім деңгейінің дамуын келесі интеллектуалдық ерекшеліктеріне (оқу материалын түсінуі, талдауы, ойлау икемділігі, ойлау шапшаңдығы) сүйене отырып, келесі критерийлер арқылы анықтап, қорытынды шығардық.
Сурет 1. - Эксперимент басында оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіші
Ескерту: [автормен жасалынған]
Кесте 3. - Білім деңгейінің диагностикалық картасы
Сонымен, бұл деңгейлердің проценттік көрсеткіші эксперименттік және бақылау сыныбында төмендегідей шықты.
Эксперимент нәтижесі бойынша 3 «А» сынып оқушыларының білім, білік, икем дағдыларының деңгейі 3 «Б» сыныбымен салыстырғанда қаншалықты жоғары жетістіктерге жеткенімізді салыстырмалы түрде құрылған суреттен көруімізге болады.
Сурет 2. - Эксперимент басында оқушылардың білім деңгейінің көрсетікші
Ескерту: [автор жасаған]
Бұл суретте 3 «А» сыныбында жүргізілген эксперимент жұмысымыздың нәтижесін көре аламыз. Қорытындылай келе, жоғарғы сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығының артуы; өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы; шығармашылық тапсырмаларды орындай алуы; ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау әрекетінің дамуы, жалпы алынған нәтиже шығармашылық іс әрекетті енгізуге болатынын көрсетті.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерлікгің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып отырған кезде бүгінгі мектеп алдьнда оқушыларға білім берумен қатар, олардың ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр. Осы жерде оқушының танымдық сұранысын туғызатын, оның іс-әрекетінің шығармашылық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін шығармашылық
тапсырманы шығарудың мәні зор.
Кесте 4. - Білім деңгейінің көрсеткіші
Шығармашылық тапсырмаларды мазмұнына, шығару тәсіліне, функциясына, қиындық дәрежесіне қарай классификациялау мәселенің негізгі жағын - тапсырманы шығарушы оқушының іс-әрекетінің сипатын ескермейді. Барлық шығармашылық тапсырмалар тапсырманы шығарушы сипатына қарай шығармашылық тапсырмалар және жаттығу болып бөлінеді.

Білім деңгейі | Критерийлер |
Жоғары | Оқу материалын толық меңгеру, өз бетінше білімін жетілдіру, сұрақтарға тиянақты жауаптар дайындау, шығармашылық тапсырмаларды орындай алу, үй тапсырмасын еркін орындау, пікір сайысына белсенді түрде қатысу, әрбір мәселе туралы пікірінің болуы, өз жұмысын бағалай білу. |
Орташа | Оқу материалының көлемінде жеткілікті білім қорының болмауы, сұрақтарға жауап беруге, үй тапсырмасын орындауға, шығармашылық тапсырмаларды орындауға қиналу, пікір сайысында белсенділік таныта алмау, басқаның пікірін жиі мақұлдайды. |
Төмен | Оқу материалы туралы ұғымы төменгі дәрежеде қалыптасқан, өз бетінше ешбір тапсырманы орындай алмайды, баядау, дәлелдеу қабілеті толық қалыптаспаған. |
Ескерту: [автормен жасалынған] |
Білім деңгейінің анықтау картасының қорытындысы бойынша эксперименттік және бақылау сыныбының білім деңгейін сапалық көрсеткіші % есебімен төмендегідей болды.
Эксперименттің екінші кезеңінде оқушылармен жаңа сабақ өтіп, әртүрлі шығармашылық тапсырманы ұсындық.
Мәселен оқу мақсатын анықтап алғаннан кейін, оқу элементтерінің мазмұнын, көлемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақытты, жұмыс түрін анықтадық. Қосымша материалдар, көрнекі құралдар, тапсырмалар іріктірілді. Ал біз бақылай жүріп, әлсіздерге көмектесіп, күштілерді мадақтап, әр оқушымен жеке байланыс жасадық. Мүмкіндігінше әр тапсырманың алдында оқушылар білімінің деңгейін анықтап, дәл уақытында түзету жасауға тырысқан жөн.
Кесте 2. - Эксперимент басында оқушылардың білім деңгейі
Оқушы тізімі | Деңгейлер | ||||||||
| Жоғары | Орташа | Төмен | ||||||
3 «А» | 25 | Оқушы | % | Оқушы | % | Оқушы | % | ||
7 | 32 | 12 | 40 | 6 | 28 | ||||
3 «Б» | 25 | 7 | 28 | 12 | 40 | 8 | 32 | ||
Ескерту: [автормен жасалынған] |
Екі сыныпты салыстыра отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады: екі сынып та сабақтың әртүрлі әдіс-тәсілдермен өтуін ұнатады (60-70 %) және оларды мұғалімнің сабақ беруі қызықтырады. Ал жазба жұмыстарын, әртүрлі тапсырмаларды орындауды онша жақсы көрмейді (20 %). Одан гөрі эксперимент сыныбының оқушылары бақылау сыныппен салыстырғанда практикалық сабақтардың қажет екенін есептейді (70-30 %).
Іс тәжірибенің қорытынды кезеңінде екі сынып та тест жұмыстарын, сынақ, бақылау тапсырмаларын жүргізе отырып, іс тәжірибе кезеңіндегі материалды қаншалықты меңгергенін және оқушылардың жалпы білім деңгейінің дамуын келесі интеллектуалдық ерекшеліктеріне (оқу материалын түсінуі, талдауы, ойлау икемділігі, ойлау шапшаңдығы) сүйене отырып, келесі критерийлер арқылы анықтап, қорытынды шығардық.
Сурет 1. - Эксперимент басында оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіші
Ескерту: [автормен жасалынған]
Кесте 3. - Білім деңгейінің диагностикалық картасы
Деңгей | Критерийлер (деңгейдің сипаттық мазмұны) |
Жоғары | - оқыған материалдарды талдай алады; - түсінігін топтап, жүзеге асыра алады; |
Орташа | - оқу материалының көлемінде жеткілікті білімінің болмауы; - тапсырманы шығаруда білімін пайдаланады, бірақ жеңіл-желпі қателіктер жібереді; |
Төмен | - өз бетінше тапсырманы орындай алмайды, тапсырманы шығаруда қателерді көп жібереді; - оқушы дайын шешімге ортақтасуға тырысады. |
Ескерту: [автормен жасалынған] |
Сонымен, бұл деңгейлердің проценттік көрсеткіші эксперименттік және бақылау сыныбында төмендегідей шықты.
Эксперимент нәтижесі бойынша 3 «А» сынып оқушыларының білім, білік, икем дағдыларының деңгейі 3 «Б» сыныбымен салыстырғанда қаншалықты жоғары жетістіктерге жеткенімізді салыстырмалы түрде құрылған суреттен көруімізге болады.
Сурет 2. - Эксперимент басында оқушылардың білім деңгейінің көрсетікші
Ескерту: [автор жасаған]
Бұл суретте 3 «А» сыныбында жүргізілген эксперимент жұмысымыздың нәтижесін көре аламыз. Қорытындылай келе, жоғарғы сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығының артуы; өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы; шығармашылық тапсырмаларды орындай алуы; ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау әрекетінің дамуы, жалпы алынған нәтиже шығармашылық іс әрекетті енгізуге болатынын көрсетті.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерлікгің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып отырған кезде бүгінгі мектеп алдьнда оқушыларға білім берумен қатар, олардың ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр. Осы жерде оқушының танымдық сұранысын туғызатын, оның іс-әрекетінің шығармашылық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін шығармашылық
тапсырманы шығарудың мәні зор.
Кесте 4. - Білім деңгейінің көрсеткіші
Оқушы тізімі | Деңгейлер | ||||||
| Жоғары | Орташа | Төмен | ||||
5 «А» | 25 | Оқушы | % | Оқушы | % | Оқушы | % |
12 | 48 | 11 | 44 | 2 | 8 | ||
5 «Б» | 25 | 10 | 40 | 9 | 36 | 6 | 24 |
Ескерту: [автор жасаған] |
Шығармашылық тапсырмаларды мазмұнына, шығару тәсіліне, функциясына, қиындық дәрежесіне қарай классификациялау мәселенің негізгі жағын - тапсырманы шығарушы оқушының іс-әрекетінің сипатын ескермейді. Барлық шығармашылық тапсырмалар тапсырманы шығарушы сипатына қарай шығармашылық тапсырмалар және жаттығу болып бөлінеді.
-
Түсіндірмелі-иллюстрациялық әдісте оқушылар мұғалімнің берген дайын ақпаратын әр түрлі құралдардың көмегімен қабылдап, ұғып, есте сақтайды. Бұл әдісте әңгімелеу, түсіндіру, оқулықпен жұмыс жасау, демонстрациялау сияқты тәсілдер пайдаланылады. -
Болжамдар әдісінде оқушыларға тапсырма беріледі, олар мұғалім қойған сұраққа немесе мәселеге берілетін жауап нұсқаларын құрастырады. Нұсқалар құрастырудағы басты мәселе негіздеме таңдау болып табылады. Оқушылар мәселе бойынша бастапқы позицияларды немесе көзқарастарды ұсынады. Болжам құрастыру үшін түрлі ғылыми, түрлі санатты тұғырларды меңгереді. Бұдан соң, логика мен ішкі түйсікке сүйене отырып, сұраққа берген өз жауаптарының нұсқаларын анағұрлым нақты және толық тұжырымдауды үйренеді. Болжамдар әдісіне сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларына жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған