Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 1333
Скачиваний: 10
-
«Зерттеушілік құзыреттілік», «құзыретті оқушы» ұғымдары нақтыланып, анықтама берілді; -
Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану пәнінде зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. -
Бастауыш сынып оқушыларының жобалық білім беру мазмұнында зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері қарастырылды. -
Жобалық білім беру мазмұнында жаратылыстану пәнінде бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі ретінде арнайы зерттеу сабақтарының құрылымы құрастырылды және үлгісі берілді; жаратылыстану оқу пәні бойынша «Жас зерттеуші» бағдарламасы дайындалды, сабақтың үлгісі берілді; бастауыштың 2-4 сынып оқушыларына арналған «Жоба жазып үйренемін» жұмыс дәптері құрастырылды және тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы оның тиімділігі тексерілді.
-
Бастауыш білім беру кезеңіндегі оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруды теориялық негіздеу мен ғылыми- тәжірибелік алғышарттарын анықтау және бастауыштағы жаңа білім беру жүйесінің тәжірибе жинақтауымен байланыстылығы; -
Жобалық білім беру мазмұны жүйесінде жаратылыстану пәнінде бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігінің мазмұндық моделін ұсыну; -
Бастауыштағы жобалық білім мазмұны аясында зерттеушілік әрекеттің заңдылықтарын түсіну арқылы оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру негізіде шығармашылыққа бейімдеудің жолдары; -
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыруда теориялық материалдар тәжірибелік жаттығулармен бекітіліп, жаратылыстану пәні бойынша «Жас зерттеуші» бағдарламасы жасалып, осының аясында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Жоба жазып үйренемін» жұмыс дәптері құрастырылып, ұсынылды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: тұлғаныңіс-әрекеттеқалыптасуытуралыфилософиялық,педагогикалық,психологиялықтұжырымдамалар;ғалымдардыңбастауышсыныпоқушыларыныңзерттеушілікқұзыреттіліктерінқалыптастырутуралытұжырымдамалары,зерттеушілікқұзыреттіліктіқалыптастырутуралығылыми тұжырымдамалар.Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: Зерттеужұмысымыздың нәтижелері бастауыш білім беру кезеңінің педагогикалықүдерісінұйымдастырудаоқушылардыңзерттеушілікқұзыреттілігінқалыптастыруүдерісіндепайдаланылуымүмкін.Бастауыштағыжекепәндердіоқытуүдерісіндеоқушылардыңзерттеушілікқұзыреттілігінқалыптастыруғақатыстығылыми-әдістемелікұсыныстарментұжырымдамалық ой-пікірлері жеке жаратылыстану пәндерінде ғана емес,басқадапәндердіоқытудадазерттеушілікқұзыреттіліктііскеасырудақолданыстабуымүмкін.Зерттеу нәтижелерін аппробациялау: Диссертациялық зерттеудің негізгі ережелері мен нәтижелері әлеуметтік-педагогикалық пәндер кафедрасының отырыстарында талқыланды. Эксперименттік зерттеудің барысы мен нәтижелері туралы есептер әдістемелік семинарларда баяндалды.Зерттеудің жарияланымдары:1. Project activity as a means of cognitive interest in younger schoolchildren Международная научно-практическая конференция "Наука в современном мире: Актуальные тенденции и инновации" Москва, март 2022, 37-42 с. Молдабекова С.К.2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру «ZIAT» Ғылыми - әдістемелік орталығы. Сборник материалов Республиканской дистанционной педагогической конференции "Особенности организации образовательного процесса в учреждениях дошкольного, общего среднего и специального образования" апрель 2022, 149-152 с. Молдабекова С.К.Магистрлік диссертацияның құрылымы мен көлемі:
Диссертация кіріспеден, зерттелетін салаға талдау жүргізілген үш тараудан тұрады және орындалған жұмыстардың сипаттамасы, қорытындылар, Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар берілген. Магистрлік диссертацияның көлемі 97 парақты құрайды, сурет пен кестелерден тұрады.
1 ЖОБАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ
1.1 Жобалық іс-әркетті қалыптастырудың мәні қалыптастырудың мәні
Жобалық білім беру мазмұнының аясында жүзеге асырылатын педагогикалық үдерісте оқушылар өздігінен орындайтын оқу әрекетімен айналыса отырып, танымдық жұмыстарын жүзеге асыру басымдық бағытқа ие болады және осының негізінде жаңашылдық тәсілдерді кеңінен қолдану мұғалімнің кәсіби қызметіндегі басты орынға шығады. Бұнда оқушы білімдердің пайда болуы мен заңдылықтарын және оны өзінің өмірлік тәжірибесінде қалай қолдану керектігін жете түсінуге үйренеді. Мәселен, бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында білім беру үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі - міндетті оқу пәндерінің аясында, сондай-ақ сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың зерттеушілік іс- әрекетін ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын құрастыру қажетті болып табылады [1].
Білім берудің жаңа стандартының мақсаттары: білім беру саясатын жүзеге асыру; нәтижеге бағытталған оқу жұмыстарының сапасын көтерудегі міндеттерді нақты қою; білім алушылардың /мектептердегі сатылы-кезеңдік және мектептен кейінгі білім алу деңгейіне қарай/ міндеттері мен құқықтарын тәртіптеу; білім алушылардың денсаулығын сақтау және білім алушылардың жеке тұлғалық болмысының дамуына, қосымша білім алуға мүмкіндіктер жасап, қолайлы жағдай мен көмек көрсету; орта білім берудің меншік нысанына, түріне бөлмей бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудегі сабақтастықты назарда ұстау; орта білім беру мекемелерінің жұмысын
бақылаужүйесініскеасыру;ортабілімберумекемелерінмемлекеттік қазына есебінен қаржыландыруға және қаражатты орынды, әрімақсаттыбағыттапайдалануынқадағалау.Білімберустандартыныңаспектілері:еліміздегіпедагогикалықтәжірибеніңозықүлгілерінсақтаужәнеәлемдік,еуропалықбілімберужүйесіменықпалдасудыжүзегеасыру;кешенді жәнепәндікбілімберудіұйымдастыру арқылы білім, білік, дағды бекіту негізінде білім алушылардыңқұзыреттіліктерін арттыру; білім алушылардың барлығына теңдік дәрежедегікөзқарастыұстануменмүмкіндіктержасау;ортабілімберужүйесіноқушылардың жас кезеңдеріне үйлесімді құру және іске асыру; білім берудіңжаңашылдық педагогикалық тәжірибесін жетілдіру.ҚазақстанРеспубликасындажалпығаміндеттіортажәнесондай-ақарнайы кәсіптік, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім алудағы білімберу мазмұнындарының құрылымында да жүргізіліп жатқан жаңартулар өмірбойыбілімалуғадайынболужәнетабыстыөмірсүругеқажеттіқұзыреттіліктердімеңгергенжекетұлғанықалыптастыруғабағытталған.Ақпараткөздерінебейімделеотырып,өзін-өзідамытудыңсубъективтібасымдықтарынтанибілугеқабілеттітұлғаныдайындаудатүйіндіқұзыреттіліктерді,әсіресезерттеушілікқұзыреттіліктерінмеңгертугебағытталған бастауышбілімнің өзіндікорны ерекше.Бастауыш білім беру стандартында басшылыққа алынған ұстанымдыққағидалар: оқыту және тәрбие берудің бірлігі; ұлттық және адамзатқа ортаққұндылықтардыбасшылыққаалу;білімберубағыттылығыоқушыныңтұлғалық болмысының қалыпты дамуы және рухани-адамгершілік, әрі жекезияткерлік қасиеттерінің жетілуін қамтамасыз ету; оқушының білім алудағыоқунәтижелерініңөсу
көрсеткіші психологиялық және педагогикалық заңдылықтар жүйесімен іске асырылуы; оқушылардың оқу жұмысының нәтижесін айқындаудағы бағалаудың әділеттілігі; оқу бағдарламалары арқылы мектептердегі білім берудің сатылы-кезеңдік деңгейлерінде білім берудің сабақтастығын ұстану; оқушыларға қолайлы біліми (оқыту) танымдық оқу ортасын құру; үштілділік жүйедегі білім беруді іске асыру, т.с.с.
Білім стандарты мазмұнының сатылық жүйесіндегі сабақтастығы мен толықтырылуы – дидактикалық талаптардың орындалуы болып табылады. Бұл - мемлекеттің даму жағдайындағы қоғамдық-гуманитарлық, эстетикалық білімдер мен тәрбие, жаратылыстану-математикалық және техникалық ғылымдар мен ақпараттық жүйе саласының өмірлік тәжірибеде орын алуына байланысты екендігі. Білім стандартының мазмұндық құрылымының жетілдірілуі қазіргі уақыттағы білім мен тәрбие беру бағытында туындаған өзекті мәселелерді басшылыққа алып «Заманауи берілетін білім беру мазмұны және қалай оқу және оқыту керек?» - сұрақтардың түйінін шешуге бағытталады.
Жаңа білім стандартының ерекшелігі – орта білім берудің мазмұндық жүйесімен қатар рухани құндылықтардың өзегі ретінде үздіксіз және өмір бойы білім алудың енгізілуі. Мысалы, бастауыш білім берудің стандартында: білімдерді кешенді беру арқылы оқушылардың жеке өмірлік тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана алуға үйрету, сыни ойлауға бейімдеу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, жаңашыл тәсілдер негізінде оқу жұмысын ұйымдастыру, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді қолдану және оқушыларға ұйымдастырылатын педагогикалық үдерісте оқыту мен тәрбиелеудің технологияларын жетілдіре шығармашылдықпен пайдалану, тілдік қарым-қатынас дағдыларын қолдану әрі жетілдіру, оқушылардың жеке, өз бетінше және