Файл: авимед кпсалалы колледжі Техникалы жне ксіптік білім беру Мамандыы 09160100 Фармация.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 426

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Linimentum, i n – с±йық жағылма (линимент)

Pasta, ae f - сығынды

Emplastrum, i n - жапсырма (пластырь)

Suppositorium, i n - балауыз

Pulvis, eris m - ±нтақ

Tabuletta, ae f - дәрумен (таблетка)

Tabuletta, obducta – қапталған дәрумен

Dragee - драже

Solutio, onis f – ерiтiндi

Suspensio, onis f - суспензия

Emulsum, i n - эмульсия

Pilula, ae f - пилюля

Tinctura, ae f – т±ндырма

Infusum, i n – т±нба

Decoctum, i n – қайнатпа

Sirupus, i m – сироп

Species, ei f – өсiмдiктер жиынтығы

Capsula, ae f – капсула

Extractum, i n - экстракт

 

II. Дәрiлiк заттар мен препараттардың атауларын оқыңдар

Valocordinum, cocarboxylasum, morphinum, testoenatum, finalgon, mycosolon, sarcolysinum, bicillinum, rifothyroinum, amycazolum, mammophysinum, oestronum, erythromycinum, aevitum, valosedan, diiodthyrosinum, polyoestradiolum, pharyngosept, adriamicillinum, kanamycinum, cholosasum;

Oligovitum, rifamycinum, novurit, sulfazinum, pantocidum, pyocidum, streptodecasum, norsulfazolum, urodanum, cephalexin, ceporex, adrenalinum seu epinephrinum, gonadotropinum, somatotropinum, histidinum, novocainum, haemodesum, enterodesum, haemophobinum, panangin, quadevitum;

Synoestrolum, gentamycinum, syntgomysinum, leocainum, phenobarbitalum, barbamylum, leucogenum, laevomycetinum, mycoheptinum, myelosanum, glycerinum, glucosum,asthmatinum, anaethesinum, hydrocortisonum.
III. Дәрiлiк заттардың латыншасын жазыңдар

Стрептоцид, парацетамол, гепарин, фибриноген, стугерон, панкреатин, окупресс, лидаза, апрессин, гидролизин, диклоксациллин, дикаин, корвалол, инсулин, нитроглицерин, резорцин, валидол, неодикумарин, папаверин, акрихин, пантоцид, ангиотензинамид; тетрациклин, пенициллин, хинин, брунеомицин, оливомицин, амидопирин, пиромекаин, кардиовален, ораза, рутин, роцефин.


20. Тақырыбы: Етістік (Verbum). Сабақты және салт етістіктер

Сабақтың жоспары:

    1. Етістік (Verbum) жасалу жолдары.

    2. Сабақты етістік жасалу жолдары.

    3. Салт етістігі жасалу жолдары.

Заттың қимылы мен амалын, жай-күйін білдіретін сөздердің тобын етістік деп атайды.

Латын тілінде етістіктің келесі грамматикалық категориялары бар: жағы (persōna), көптелуі (numĕrus), шағы (tempus), райы (modus), етісі (genus).

1. Латын етістігінің үш жағы бар:

persōna prima – I жақ

persōna secunda – ІІ жақ

persōna tertia – ІІІ жақ

Латын тілінде жіктеу барысында есімдіктер қолданылмайды, тек салыстырған жағдайда ғана қолданылады. Сондықтан lego етістігін оқимын деп емес мен оқимын деп аудару қажет. Тағы ескеретін жағдай сөздікте етістіктердің бірінші жақтағы жекеше түрдегі формасы беріледі.

2. Екі көптелуі бар:

numerus singulāris – жекше түрі Мысалы: lego мен оқимын

numerus plurālis – көпше түрі Мысалы: legĭmus біз оқимыз

3. Қимыл іс-әрекет белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болады. Мұны етістіктің шағы деп аталатын түрі білдіреді. Қимыл, іс-әрекеттің орындалатынына, орындалуға тиістілігіне, орындалғандығына қарай латын етістігінің алты шағы бар. Шақтар екі топқа бөлінеді: инфект жүйесінің және перфект жүйесінің шақтары болып.


Инфект жүйесінің шақтары аяқталмаған істі сипаттайды да, оған келесі шақтар жатады:

praesens – осы шақ; етістіктің осы шағы қимыл мен іс-әрекеттің дағдылы түрде болып тұратынын және қазіргі кезде орындалып жатқандығын білдіреді.

imperfectum – нақ өткен шақ;

futurum I (primum) – бірінші келер шақ; келер шақ істің сөйлеп тұрған уақыттан кейін істелетіндігін көрсетеді.

Перфект жүйесінің шақтары керісінше аяқталған істі сипаттайды. Оған жататын шақтар:

perfectum – өткен шақ; қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта болғанын көрсететін етістіктің түрі өткен шақ деп аталады.

plusquamperfectum – бұрынғы өткен шақ

futurum II (secundum)- екінші келер шақ

  1. Үш райы бар:

modus indicatīvus – ашық рай; осы шақ, келер шақ, өткен шақ мағаналарының сөйлемде анық көрінуі ашық рай деп аталады.

modus conjunctīvus – қалау райы; іс-әрекетті орындаушы адамның талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағанасында айтылатын етістіктің түрін қалау райы деп атайды.

modus imperatīvus – бұйрық райы; істің бұйыру мағанасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.

  1. Етістіктің істеушіге (субъектіге) және істелетін затқа (объектіге) қатысына байланысты мағналық және тұлғалық жағынан құбылуын (өзгеруін) етіс дейміз. Қазақ тілінде етістердің өзіндік мағанасы және морфологиялық көрсеткіштеріне қарай бес топқа бөлінсе, латын тілінде екі етіс бар: genus activum – өздік етіс, genus passivum – ырықсыз етіс.

Істі кімнің істегендігі көрсететін етістіктің түрі өздік етіс деп аталады. Өздік етіс табыс септігіндегі тура толықтауышты қатыстырып та,қатыстырмай да айтыла береді. Мысалы: Magister puerum laudat. Ұстаз баланы мақтайды

Істі кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілген етістіктің түрі ырықсыз етіс деп аталады. Мысалы: Puer laudātur ā magistrō. Бала мұғаліммен мақталады.

Сабақты және салт етістіктер

Етістік – қыр-сыры мол, күрделі сөз табы. Етістіктердің бірқатары табыс септікті сөздерді тілейді де, енді бірқатары оны меңгере алмайды.

Табыс септікті форманы меңгеруге қабілетті етістіктерді сабақты етістік (переходные глаголы) дейміз де, табыс септікті меңгере алмайтын етістіктерді салт етістік (непереходные глаголы) дейміз.

Латын тілінің етістігі төрт жіктеуге бөлінеді. Төрт жіктеуге де жатпайтын ерекше етістіктер де кездеседі.

Қазақ тілінде тұйық етістіктер немесе етістік атаулары (infinitīvus) етістіктің түбіріне –у жұрнағы қосылу арқылы жасалса, латын етістігінің infinitīvus формасы

-re жалғауына аяқталады. Төрт жіктеудің барлығында етістіктің infinitīvus формасы -re жалғауына аяқталып, осы жалғаудың алдында тұрған әріп арқылы жіктеулерге топтастырылады, етістіктің осы шақтағы түбірі анықталады. Яғни инфект түбірінің соңғы дауысты дыбысына байланысты төрт жіктеу бойынша етістіктерді бөлеміз. Үшінші жіктеуге жататын етістіктерде -re жалғауымен бірге ĕ жұрнағын алып тастау қажет етістіктің түбірін анықтау үшін.

Бірінші жіктеуге жататын етістіктердің түбірі -ā аяқталады. Мысалы: amā-re жақсы көру;

Екінші жіктеуге жататын етістіктердің түбірі -ē аяқталады. Мысалы: vidē-re қарау, көру;

Үшінші жіктеуге жататын етістіктердің түбірі u немесе дауыссыз әріптің біріне аяқталады. Мысалы: leg-ĕ-re оқу; (үшінші жіктеуге жататын етістіктің түбірін анықтау үшін -re жалғауымен бірге ĕ жұрнағын алып тастау қажет)

Төртінші жіктеуге жататын етістіктердің түбірі -ī аяқталады. Мысалы: audī-re тыңдау.

Сөздікте етістік бірінші жақ жекеше түрдегі формасында беріледі де, аудармасы infinitīvus формасында болады. Мысалы: orno - әшекейлеу, scribo- жазу, accuso – кіналау.

Жаттығу

1. Төмендегі етістіктердің түбірін тауып, жіктелу формаларын анықтаңыз:

Үлгі:

Инфинитиві

аудармасы

Түбірі

Жіктелу формасы

accusāre

кінәлау

accusā

1

Amāre жақсы көру, agĕre істеу, әрекет ету, accusāre кінәлау, audīre тыңдау, clamāre айқайлау, condĕre негізін салу, credĕre сену, dăre беру, debēre міндетті болу, dicĕre сөйлеу, docēre оқыту, ducĕre жетелеу, жеткізу dormīre ұйықтау, errāre қателесу, finīre аяқтау, habēre ие болу, laudāre мақтау, laborāre жұмыс істеу, legĕre оқу, mittĕre жолдау, monstrāre көрсету, movēre жылжыту, numerāre санау, narrāre әңгмелеу, ornāre әшекейлеу, scribĕre жазу, sentīre сезу, servīre қызмет ету, tenēre ұстау, timēre қорқу, valēre дені сау болу, vidēre көру, vincĕre жеңіске жету, venīre келу, vivĕre өмір сүру, arāre жер жырту.

21. Тақырыбы: Етiстiктiң грамматикалық категориясы.

Сөздiк формасы, негiзi. Белгiсiздiк рай.

Сабақтың жоспары:

    1. Етiстiктiң сөздiк формасы

    2. Бұйрық рай (Imperativus)

    3. Шартты рай (Conjunctivus)



Латын тiлiнде етiстiктер түрге, жаққа, шаққа және райға бөлiнедi. Етiс-



тiктiң 3-жағы, 2-түрi (жекеше және көпше), 6-шағы (тек осы шақты өтемiз), 4-райы бар (Infinitivus-белгiсiздiк рай, indicativus-қалыпты рай, imperativus-б±йрық рай, conjunctivus-шартты рай). Латын тiлi етiстiгiнiң екi түрi бар: активтi және пассивтi. Активтi түрi бастауыштың iс-қимылды бiлдiредi, ал пассивтi түрi сол қимылдың әрекетiн көрсетедi. Етiстiктiң 4 жiктеуi бар. Олар негiзiнiң соңғы әрпiне, қарай 4-жiктеуге бөлiнедi.

I. II. III. IV.

- а - е дауыссыз -i.

немесе –и-

Етiстiктiң сөздiк формасы екi бөлiктен т±рады.

1. Ќалыпты рай активтi түрi осы шақ 1-жақтағы формасы.

2. Белгiсiздiк райдың -re-жалғауы (алдындағы дауысты дыбыспен берiледi). Сөздiк формасының соңында санмен жiктеуi көрсетiледi. Жiктеу түрiн -re-жалғауының алдында т±рған дауысты дыбыс арқылы анықтайды. Мысалы:

signo, are I-белгiлеу

habeo,ere II-бөлу

addo, ere III-қосу

diluo, ere III-араластыру

аudio,ere IV-тыңдау
NB. Көңiл бөлiңіз.

II-және III жiктеулерде е дауысты дыбысы ±зақтығымен ғана ажыратылмайды, 2-жiктеуде ол негiз қ±рамына кiредi, ал 3-жiктеуде ол негiз қ±рамына кiрмейдi, тек байланыстырушы қызметiн атқарады. Етiстiктiң негiзiн белгiсiздiк (инфинитив) формасынан I, II, IV жiктеулерде re жалғауын, ал III жiктеуде ere жалғауын алып тастау арқылы анықтаймыз.


Инфинитив (белгiсiздiк) формасы мен етiстiктiң


I-IV жiктеулерiнiң негiзiн анықтау

Сөздiк формасы

Жiктеуi

Инфинитив (белгiсiздiк)

Алып тастау керек

Негiзi

Do, dare

Habeo, ere

Addo, ere

Diluo, ere

Finio, ire

I

II

III

III

IV

Dare

Habere

Dddere

Diluere

Finire

Re

Re

Ere

Ere


Re

Da

habe

add

dilu

fini


Бұйрық рай (Imperativus)
Б±йрық рай тiкелей б±йрықты бiлдiрiп, 2-шi жақта қолданылады. Рецепте б±йрық рай, тек жекеше түрде қолданылады. I-II-IV жiктеулерде, ол осы шақтағы негiзiмен бiрдей болады, ал III жiктеуде негiзге -e дауысты дыбыс жалғанады. Етiстiк б±йрық райы көпше түрде I-II және IV жiктеулерде осы шақтағы негiзге -te жалғауы жалғану, ал III жiктеуде негiзге -te жалғауы i-байланыстырушы дыбыс арқылы жалғанады.

Бұйрық райдың жасалуы




Сөздiк формасы

Негiзi

Б±йрық рай

Жекеше түрi

Б±йрыќ рай

Көшпе түрi

Singo, are I

Misceo, ere II

Recipio, ere III

Audio, ire IV

Signa

Misce

Recip

Aodi

Signa-белгiле

Misce-араластыр

Recip-ал

Audi-тыңда

Signate-белгiлеңдер


Miscete-араластырындар

Recipite-алыңдар

Audite-тыңдаңдар


Шартты рай (Conjunctivus)
Рецепте латын тiлiндегi шартты рай тек қана iс-қимыл жасауға итермелеу мағынасын беретiн түрi ғана қолданылады. Ќазақ тiлiнде шартты райдың б±л формасы – «Берiлсiн, аралыстырылсын» деген мағынада берiледi.

Шартты рай жасалған кезде етiстiк негiзi өзгередi: I жiктеуде - а дауысты дыбысы –е дауысты дыбысына ауысады, ал II-III және IV жiктеулерде негiзге –а дауысты дыбысы жалғанады. Сосын өзгерген негiзге шартты райда өздiк жалғаулары жалғанады. Медицина терминологиясында шартты рай тек ІІІ жаќта ќолданылады.

Шартты райдың негiзінiң жасалуы

Етiстiк мағынасы

Етiстiктiң сөздiк формасы

Негiзi

¤згерген негiзi

Белгiлеу

аралыстыру

қайталау

тындау

Signo, are I

Misceo,ere ІІ

Repeto, ere ІІІ

Audio, ire ІV

Signa

Misce

Repet

Audi

Singe

Miscea

Repeta

Audia