ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.11.2021

Просмотров: 1467

Скачиваний: 9

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
  1. Науқас К. 40 жаста клиникаға мынандай шағымдармен келді: оң жақ мықын аймағының ауру сезімі, құсу, лоқсу. 10 сағат бұрын ауру сезімі эпигастрий аймағында басталған, лоқсу болды. Но-шпа таблеткасын ішкенен кейін ауру сезімі басылды. Содан кейін ауру сезімі оң жақ мықын аймағына түсті. Науқастың айтуы бойынша алдында ауру сезімі асқазанда болатын бірақ ношпа таблеткасынан кейін басылатын. Анамнезінде 10 жыл бойы асқазан және он екі елі ішек ойық жарасымен ауырады. Бірнеше рет амбулаториялық және стационарлық ем қабылдаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта . АҚҚ 120\80 мм. рт. ст. пульс - 88. Тері жабындылары бозғылт түсті, таза. Іші үрленбеген , жұмсақ эпигастрий аймағында, оң жақ мықын аймағында ауру сезімді . Оң жақ мықын және шап аймағында іш бұлшық еттерінің қатаюы және Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоциттері - 10 мың. ЖҚА қалыпты. Гинеколог тексерген: гинекологиялық аурулар жоқ. Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз.

  1. Науқас С. 32 жаста клиникаға ауыр жағдайда мынандай шағымдармен түсті: іштің бүкіл аймағындағы ауру сезіміне, көп рет құсумен. Ауру жедел басталды. 3 күн бұрын ауру сезімі оң жақ мықын аймағында пайда болды. Медициналық көмекке бармай үйінде анальгин қабылдаған. Жалпы жағдай ауыр . АҚҚ 100\60 мм рт ст пульс - 140 рет 1 мин. Тілі құрғақ, қоңыр жабындымен жабылған. Іші үрленген, тыныс алу актісіне қатыспайды. Пальпаторлы іштің бүкіл аймағында ауру сезімді. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Үлкен дәрет 3 күн бойы жоқ. Дене температурасы - 38,4о. Лейкоциттері -15 мың. Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз?

  1. Науқас С. 32 жаста клиникаға ауыр жағдайда мынандай шағымдармен түсті: іштің бүкіл аймағындағы ауру сезіміне, көп рет құсумен. Ауру жедел басталды 3 күн бұрын ауру сезімі оң жақ мықын аймағында пайда болды. Медициналық көмекке бармай үйінде анальгин қабылдаған. Жалпы жағдай ауыр. АҚҚ 100\60 мм рт ст пульс - 140 рет 1 мин. Тілі құрғақ, қоңыр жабындымен жабылған. Іші үрленген, тыныс алу актісіне қатыспайды. Пальпаторлы іштің бүкіл аймағында ауру сезімді. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Үлкен дәрет 3 күн бойы жоқ. Дене температурасы - 38,4о. Лейкоциттері -15 мың. Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз?

  1. Науқас В. 22 жаста мынандай шағымдармен түсті: іштің букіл аймағындағы ауру сезіміне. Ауру сезімі 22 сағат бұрын оң жақ мықын аймағында пайда болып содан кейін бүкіл іш аймағына таралған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Пульс- 120 рет 1 мин. Тілі құрғақ, сұр жабындымен жабылған. Іш қуысы тыныс алу актісіне қатыспайды. Пальпаторлы іштің бүкіл аймағы қатайған. Щеткин - Блюмберг симптомы оң. Бауыр тұйықтылығы сақталған, аускультативті ішектің шуылдары естілмейді. Сіздің диагнозыңыз? Іс-әрекетіңіз?

  1. 25 жастағы келіншекте кенеттен ауру сезімі сол жақта іштің төменгі бөлімінде пайда болды. Ауру сезімі тұрақты және тік ішекке беріледі. Соңғы 2 айда әйелдер кеңесінде емделген. Обьективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 38о С. пульс 102 рет минутына. Тілі ылғалды. Іші тыныс алу актісіне қатысады. Пальпаторлы іштің төменгі бөлігінде, іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттері айқын қатайған, ауырады. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің төменгі аймақтарында оң. Ровзинг, Ситковский оң. Тік ішектің алдыңғы қабырғасын пальпациялағанда ауру сезімі байқалады. Қынаптық зерттеуде, жатыр мойнын ығыстырғанда іштің төменгі бөлігінде ауру сезімі күшейеді. Сіздің диагнозыңыз? Не істейсіз?


  1. Науқас 40 жаста клиникаға қанағаттанарлық жағдайда, жедел аппендициттің типті клиникалық көрінісімен түсті. Бірақ операция кезінде құрт тәрізді өсінді өзгермеген. Іш қуысында көп мөлшерде мөлдір серозды сұйықтық болды. Іш қуысын ревизиялағанда дивертикул Меккелі жоқ. Париетальді іш пердеде, аш ішекте және тоқ ішекте және шажырқайда көптеген ақшыл төмпешіктер анықталды. Науқаста қандай ауру? Немен дифференцациялау қажет? Қалай емдеу керек ?

  1. Науқас 16 жаста суицидтік жағдайда инені жұтып кояды, хирургияға ауырғаннан кейін 1 тәуліктен соң түсті. Тілі құрғақ, жабындымен жабылған. Пульс 100 рет 1 мин АҚҚ 100\60 мм. рт ст. Іші аздап үрленген, пальпаторлы оң жақ мықын аймағында қатайған ауырады. Щеткин Блюмберг симптомы оң. Желі дұрыс шықпайды. Сіздің тактикаңыз.

  1. Науқас 55 жаста, 5 тәулік бұрын жедел гангренозды перфоративті аппендицит және жергілікті іріңді перитонит диагнозымен операция жасалынған. Операциядан кейінгі уақыт жараның іріңдеуімен жүрді. Оң жақ мықын аймағынан операциядан кейінгі жарадан жоғары жерде инфильтрат анықталды, терінің қызаруы, ісігі, пальпация кезінде ауырады. Лейкоцитоз 12 мың, t-38,5 °C. Сіздің диагнозыңыз? Тактикаңыз.

  1. Науқас А. 34 жаста жедел флегманозды гангренозды аппендициттен кейін 7 тәулікте қалтырау, тік ішекте ауру сезімі, тенезмдер және кіші дәретінің жиілеуімен ауру сезімі байқалды. Тік ішекті тексергенде кіші жамбас қуысында инфильтрат анықталады. Жылы ромашкалық клизмадан және антибиотик емін қабылдаған соң 3 күннен кейін, науқастың жағдайы жақсармады. Тік ішекті қайта тексеруде инфильтраттың жұмсаруы байқалды. Дене қызуы гектикалық деңгейге жетті. Сіздің диагнозыңыз? Емдеу тактикаңыз?

  1. Науқас У. 58 жаста 2,5 тәулік бұрын эпигастрий аймағында ауру сезімі пайда болып кейін оң жақ мықын аймағына түсті. Бір рет құсты және жүрек айныған. Науқас үйінде анальгин ішкен және іш қуысына грелка қойған, содан кейін ауру сезімі басылған. 2 тәулікте ауру сезімі қайта басталып, бүкіл іш қуысына таралған, көп рет құсқан. Науқастың жағдайы ауыр. Есі шатасқан, эифориялық. Пульсі 128 рет мин., АҚҚ 95/60 мм. рт. ст. Тілі құрғақ. Іші қатайған барлық жерінде ауырады, бірақ оң жақ мықын аймағында қаттырақ. Щеткина-Блюмберг симптомы барлық аймақтарда оң. Дене қызуы 37,2ºС. Лейкоцитоз – 18 х 109/л. Перитониттің себебін көрсетіңіз? Оперативті қатысудың ерекшелігін көрсетіңіз?

  1. Науқас 36 жаста ауруханаға жедел түрде ауру басталысымен 3 сағаттан соң түсті. 5 жылдан бері он екі ішектің ойық жара аурумен зардап шегеді. Ішінің қатты ауру сезіміне шағымданады. Оң жақ бүйірімен екі аяғы ішіне бүгілген күйінде мәжбүрлік қалыпта жатыр. Тері жабындылары бозғылт,пульсі 160 рет мин. АҚҚ 90/60 мм.сб. Іші демалу актісіне қатыспайды. Пальпация кезінде алдыңғы іш қабырғасында тақтай тәрізді кернелуі, барлық аймағында ауыру сезімі байқалады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Жалпы шолу ренгенографияда диафрагманың оң жақ күмбезі астында орақ симптомы бар. Диагнозы? Емдеу тактикасы.


  1. Науқас Ж., 63 жаста, ішінің толғақ тәрізді ауыруына, ішінің кебуіне, нәжісінің жүрмеуіне шағымдануымен келіп түсті. Ауырғанына тәулік болған. Қарап тексергенде іші кепкен, ассиметриялы, шолпыл шуы анықталады, ішінің барлық аймағы тимпанит, перистальтика анықталмайды. Сифонды клизма жасау кезінде 0,5 л артық сұйықтық енгізілмеді. Науқастың диагнозы қандай? Науқастағы мүмкін болатын симптом қандай? Хирург тактикасы?

  1. Науқас А., 67 жаста, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуы, ішінің кебуі мазалайды. Екі тәулік бойы ауырады. Анамнезінде: ұзақ уақыт іш журмеуі мазалайды, 10 кг салмақ жоғалтқан. Қарап тексергенде іші кепкен, ассиметриялы, ішінің барлық аймағында тимпанит, перистальтикасы әлсіз. Науқастың диагнозы қандай? Қандай зерттеу әдісі бірінші ретте қажет? Қандай оперативті ем қажет ?

  1. Науқас М., 64 жаста стационарға келіп түсті. Анамнезінде ауырғанына 1 апта болған. Объективті қарап тексергенде: уыттану синдромы мен су-тұз алмасуы бұзылуы есебінен науқастың жалпы жағдайы ауыр. Ішін қарап тексергенде: Валь, Шланге, Скляров, Спасокукоцкий симптомдары оң. Науқастағы мумкін болатын диагноз қандай? Операция алды дайындық мөлшері?

  1. Науқас К., 72 жаста, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуымен, ішінің кебуімен, нәжіс пен желдің шықпауы шағымдарымен келіп түсті. Ауырғанына үш тәулік болған. Соңғы уақытта іші жүрмеуі мазалаған және дене салмағы төмендеген. Тексеріліп қаралмаған. Жоғарыдағы шағымдармен стационарға келіп қаралған. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, шолпыл шуы анықталады, ішінің барлық аймағында тимпанит, перистальтикасы анықталмайды. Жоғарыдағы қандай ауру болуы мумкін? Қандай зерттеу әдісі бірінші ретте қажет?

  1. 25 жастағы ер кісі хирургия бөлімшесіне ішінің қатты толғақ тәрізді ауырсынуына, құсу, нәжісінің жүрмеуіне және желдің шықпауымен келіп тусті. Анамнезінде аппендэктомия бар. Спортпен айналысу барысында шұғыл ауырған. Қарап тексергенде: науқас уайымдаулы, бозарған, суық тер басқан. Пульс 100 рет минутына. АҚҚ 100/70 мм с бб. Іші керілген, ауырсынулы. Рентген зерттеуінде көптеген Клойбер тостағаншалары деңгейлері анықталады. Қандай емдеу тактикасы осы жағдайда оптимальды болып табылады?

  1. Науқас Ш., 74 жаста, қабылдау бөлімшесіне ішінің толғақ тәрізді ауырсынуымен, ішінің кебуімен, бес тәлік бойы нәжісінің журмеуімен келіп түсті. Анамнезінде: жиі іші жүрмеуі, дефекация кезінде шырыш және қан шыққан. Алдын тексерілмеген. Қарап тексергенде: іші біріңғай кепкен, перкуторлы тимпанит, перистальтикасы анықталмайды, пальпацияда ауырсынулы. Per rectum: ампула бос. Мүмкін диагнозы қандай? Диагностика әдістері? Хирургтің тактикасы? Операция көлемі?

  1. Әйел кісі 64 жаста, соңғы айда дене салмағының төмендеуі, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі, бас айналуына, екі күн бұрын ішінің төменгі оң жақ квадратының ауырғанын сезген. Содан кейін науқас дәрігерге қаралған. Объективті: көзге көрінетін тері жабындысының, іш кофигурациясының өзгерісі байқалмайды. Пальпаторлы: ішінің төменгі оң жақ квадрантында ісік тәрізді консистенциясы тығыз, шеткі шекаралары тегіс, аурсынусыз, аз қозғалмалы, диаметрі 6 см шамасында. Жалпы қан талдауында – анемия. Диагнозы қандай? Диагностикалау әдістері?


  1. Науқас Г. 22 жаста, ішінің оң жағында тартып, толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданады. 2 жыл бұрын ішінің тұйық жарақатына байланысты құрсақ қуысының мүшелеріне операция жасалған, ішек жыртылуын тігіп кеткен. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Пальпаторлы көбіне ішінің оң жағы ауырсынады, перитонеальды симптомдар теріс. Ішіндегі ауырсыну қозғалғанда күшейеді. Науқас мәжбүрлі қалыпта болуға тырысады. Науқаста жеңілдік әкелмеген аздаған улкен дәрет болған. Өздігінен клизма қабылдаған, Эффект болмаған. Терең пальпацияда оң жақ мықым аймағында операциядан кейінгі тыртыққа берілетін ауырсыну анықталған. Соқыр ішек аздап керілген, аздап ауырсынады. Іш бұлшық еттері қатаймаған. Құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында патологиялық өзгерістер жоқ. Ішек стимуляциясы және сифонды клизма оң нәтиже берген. Іштегі ауырсыну басылған. 2 тәулік өткен соң науқас қанағаттанарлық жағдайда уйіне шығарылған. Қандай ауру жайлы және ішек өтімсіздігінің қандай түрі болуы мумкін? Зерттеу әдістері?

  1. Науқас 66 жаста. Жедел ішек өтімсіздігі бойынша операция жасалуда. Науқаста жедел ішек өтімсіздігінің бірінші белгілері 3 тәулік бұрын пайда болған. Операция үстінде сигма тәрізді ішекті бітеген ісік табылған. Ісіктен проксималды тоқ ішек кенет керілген, сұйықтықпен және газбен толған. Ісіктен дисталды, сигма тәрізді ішек бос. Көзге көрінетін метастаздар жоқ. Науқасқа қандай оперативті ем көрсетілген?

  1. Науқас Л.,23 жаста, 3 сағат бұрын ішіне аяқпен соққы алған. Іштегі ауру сезімге, ауыздың құрғақтылығына, лоқсуға, әлсіздікке шағымданады. Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. АҚҚ. 120/60 мм.сын.б., пульс 110 рет мин., толуы қанағаттанарлық, ритмді. Тілі құрғақ, сұр жабындымен қапталған. Іші тыныс алу актісіне қатыспайды. Пальпациялағанда іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің айқын қатаюы анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы бүкіл аймақтарда оң. Перкуторлы тимпанит анықталады, бауырдың тұйықтығы жоғалған. Аускультацияда бірең-сараң әлсіз ішек қозғалыстары анықталады. Сіздің диагнозыңыз? Науқасты жургізу тактикаңыз?

  1. Науқас Т., 29 жаста іштің бүкіл аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі бұдан 22 сағат бұрын басталып, оң жақ мықын аймағында орналасып, кейіннен бүкіл ішке таралды. Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Пульс 120 рет мин. Тілі құрғақ, сұр жабындымен қапталған. Іші тартылған, тыныс алу актісіне қатыспайды. Пальпациялағанда іштің бұлшық еттері бүкіл аймақтарда айқын қатайған. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перкуторлы тимпанит анықталады. Бауырдың тұйықтығы сақталған, аускультацияда ішек қозғалысы тыңдалмайды. Сіздің диагнозыңыз? Не істейсіз?

  1. Науқас Ш.,65 жаста, 3 тәулік бойы оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, оның оң жақ иыққа берілетініне, лоқсуға, құсуға шағымданады. Ауру сезімі тамақты қабылдағаннан кейін күшейеді. Кешке температурасы 38*С, әлсіздік. 5 сағат бұрын науқастың жағдайы нашарлап, іштің бүкіл аймақтарында ауру сезімі, қорқыныш сезімі, ентігу, құсу пайда болды. Объективті: тері жабындылары бозғылт, суық термен жабылған, температура 39,5*С, пульс120 мин. Тілі құрғақ. Іші кебіңкі. Пальпаторлы ауру сезімі бұлшық еттердің қатаюы, көбіне іштің оң жақ бөлігінде, осы аймақта Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз?


  1. Науқас В. 36 жаста. Анамнезінде он екі елі ішектің ойық жара ауруы. 2 апта бұрын қыжыл, аш қарынға эпигастрий аймағында ауру сезімі күшейе түсті. 2 сағат бұрын эпигастрий аймағында пышақ сұққандай ауру сезімі, жеген тағаммен бір рет құсу пайда болды. Бүкіл іш аймағындағы кескендей ауру сезіміне, ішінің ауруына байланысты тыныс алудың қиындауына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, бет әлпеті күйзелісті, мәжбүрлік қалыпта бүйірінде аяғын ішке қарай тартып жатыр. Пульс 86 рет мин, АҚҚ. 100\60 мм с.б.б. Жүрек және өкпе жағынан нормадан ауытқулар жоқ. Тілі таза, құрғақ. Іші тартылған, тыныс алу актісіне қатыспайды, пальпацияда қатайған және бүкіл аймақтарында ауру сезімді. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Бауырдың тұйықтығы жоғалған. Диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз?

  1. Жас әйелде Д., сол жақтағы іштің төменгі бөлігінде аяқ астынан ауру сезімі пайда болды. Ауру сезімі тұрақты сипатқа ие, тік ішекке иррадиацияланады. Соңғы 2 жылда әйелдер кеңесінде емделді. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, температура 38* С, пульс 102 рет мин.. Тілі ылғалды. Іші тыныс алу актісіне қатысады. Пальпаторлы іштің төменгі бөлігінде, іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттері айқын қатайған. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің төменгі аймақтарында оң. Ровзинг, Ситковский симптомдары теріс. Тік ішектің алдыңғы қабырғасын пальпациялағанда ауру сезімі байқалады. Қынаптық зерттеуде, жатыр мойнын ығыстырғанда іштің төменгі бөлігінде ауру сезімі күшейеді. Сіздің диагнозыңыз? Не істейсіз?

  1. Науқас 30 жаста клиникаға қанағаттанарлық жағдайда, жедел аппендициттің типті клиникалық көрінісімен түсті. Бірақ операция кезінде құрт тәрізді өсінді өзгермеген. Іш қуысында көп мөлшерде мөлдір серозды сұйықтық болды. Париетальді іш пердеде, аш ішекте және тоқ ішекте және шажырқайда көптеген ақшыл төмпешіктер анықталды. Науқаста қандай ауру? Немен дифференцациялау қажет? Қалай емдеу керек?

  1. Аппендэктомиядан кейін 7 тәулікте науқас мынандай шағымдармен келді: іштің ауру сезіміне, тенезмдер, дене қызуының жоғарлауымен. Тік ішекті саусақпен тексергенде алдыңғы қабырғасы салбыраған. Сіздің диагнозыңыз, емдеу тактикаңыз?

  1. Аппендэктомиядан 3 сағаттан кейін науқаста бір мезетте әлсіздік, бас айналу, АҚҚ төмендеуі, қызыл қан көрсеткіштерінің төмендеуі болды. Қандай асқыну дамыды? Емдеу тактикаңыз.

  1. Науқас Ж. 76 жаста 3 сағат бұрын кенет іштің төменгі аймағында ауырсынуға шағымданды, суық тер ағып, жүрек айныды. Анам­не­зінде белгілі болғандай, ол 3 күн бойы іш қатумен қиналған, кей кезде үлкен дәреті қара қанмен шыққан. Соңғы жарты жылда іш қатуы жиілеген, науқас біртіндеп іш керілуін байқаған. Соңғы 4 күнде үлкен дәреті болмаған, жел шығуы тоқтады. Объ­ек­тивті қарағанда: тілі құрғақтау, терісі бозғылттау. Тәбеті төмендеген. Пульсі 96 рет мин. Пер­кус­сияда – іші тим­па­нит, біршама керілген, және ауырсынуы төменгі аймағында, көбіне сол жағында, сол жерде іштің тітіркенуі оң мәнді. Болжам ди­аг­ноз.