ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 386
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
эндемиялық зоб -
диффузды токсиқалық зоб -
қалқанша безінін дербез аденомасы -
біріншілік гипотиреозі -
екіншілік тиреотоксикозы
-
1 типі қант диабеті бар науқас ет тағамдарын жақсы көрмейді. Оның орынына қандай тағамдар жеуге болады
-
сүт, айран, простокваша, йогурт -
балық, құс, ірімшік, жұмыртқа -
нан, жармалар, картоп, макарон тағамдары -
қияр, қызанақ, орамжапырақ, шалғам, баялды, асқабақ -
сары май, шемішке май, қаймақ, қоюланған сүт
-
25 жастағы науқастың 3 ай бойы аузы құрғайды, шөлдейді, ДМИ-25. Тері жамылғысы мен көзге көрінетін кілегей қабаттары ылғал. Аш қарында гликемия 8-10 ммоль/л, тамақтан соң 8-12 ммоль/л. Осы пациентте қандай анализ диабеттің типін нақты анықтауға көмектеседі
-
ТТГ-рецепторлар антиденелері -
С-пептидке қан анализі -
ИРИ –ге (иммунды -реактивті инсулин) -
пероральды глюкозотолеранттық тест -
холестерин және ЛПТТ қан анализі
-
Стандартты таңғы астан кейін 2 сағаттан соң (немесе 75 г глюкоза жүктемесінен кейін) анықталған қан плазмасындағы глюкозаның ең төменгі қандай деңгейі пациентте қант диабетінің бар-жоғын көрсетеді?
-
≥3,58 ммоль/л -
≥6,05 ммоль/л -
≥7,7 ммоль/л -
≥11,0 ммоль/л -
≥16 ммоль/л
-
30 жастағы пациентте жүдеу, периорбитальды ісіну, офтальмопатия, конъюнктивит, экзофтальм, тахикардия, артериялық гипертония, қан сарысуындағы тироксин (Т4) деңгейі жоғары, тиреотропты гормон (ТТГ) төмен. Бұл қай ауруға тән:
-
гипотиреоз -
тиреотоксикоз -
гиперпаратиреоз -
гипопаратиреоз -
гипофиз дисфункциясы
-
30жастағы науқас, ауыл тұрғыны, шаршағыштыққа, тоңғыштыққа, ұйқышылдыққа, іш қатуға шағымданады1 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 ... 22
. Науқас тежелген беті қуқыл, ісіңкі, аяқтарында ісік. Дауысы қарлыққан. Қан сарысуындағы темір мен тироксин (Т4) деңгейі төмен, тиреотропты гормон (ТТГ) жоғары. Қан гемоглобині 98 г/л, түс көрсеткіші – 0,8. Мұның бәрі қай ауруға тән:
-
гипотиреоз -
тиреотоксикоз -
гиперпаратиреоз -
гипопаратиреоз -
гипофиз дисфункциясы
-
30 жастағы пациентте ай тәрізді бет, қан қысымының жоғарылауы, қан глюкозасы, олигоменорея, іш аймағындағы стрия, бұлшықет әлсіздігі, остеопороз құбылыстары және магистраль мен аяқ-қолдардың терісінде қайталанатын көгеру бар. Қандағы тромбоциттердің құрамы- 300•109/л. Бұл неге тән:
-
қант диабеті -
акромегалия -
Кушинг синдромы -
Аддисон ауруы -
тромбоцитопения
-
Тұмаудан кейін 18 жастағы жасөспірімде шөлдеу, полиурия, жалпы әлсіздік, қандағы қант деңгейі - 16 ммоль/л, зәрде -5%, зәрде ацетон пайда болды. Науқастағы диабеттің түрі:
-
екіншілік қант диабеті -
1 типті қант диабеті -
2 типті қант диабеті -
инсулинге тәуелді 2 типті қант диабеті -
жастардағы 2 типті қант диабеті (MODY)
-
1 типті қант диабетімен ауыратын науқастардың диетасындағы ақуыздардың, көмірсулар мен майлардың рационалды арақатынасы:
-
ақуыздар 16%, көмірсулар 60%, майлар 24% -
ақуыздарі 25%, көмірсулар 40%, майлар 35% -
ақуыздар 30%, көмірсулар 30%, майлар 40% -
ақуыздар 10%, көмірсулар 50%, майлар 40% -
ақуыздар 40%, көмірсулар 30%, майлар 30%
-
Динамикалық тексеру кезінде қант диабетінің компенсация дәрежесінің ең сенімді критерийі қандай көрсеткіш болып табылады?
-
с-пептид -
гликозилденген гемоглобин -
орташа тәуліктік гликемия -
гликемиялық тербелістердің орташа амплитудасы -
қандағы контринсулярлық гормондардың деңгейі
-
1 типті қант диабеті бар науқастың аш қарынға гипергликемиясы немен байланысты?
-
ішімдік қабылдауымен -
инсулиннің адекватты емес дозасынан -
тағамдағы ақуыз деңгейінің артық болуымен -
физикалық белсендігінің жеткіліксіздігінен -
кейбір гормондардың жеткіліксіздігінен
-
Семіздіктің дәрежесің анықтауға жалпы қарау мәліметтердің ең маңыздысы болып табылады:
-
бел шенбері -
жанбасының шенбері -
дене салмағының индексы (ДСИ) -
тер жамылдықтарының тургоры -
пациенттің салмағы
-
Бет әлпетінің және көңіл күйінің қандай өзгерісі гипотиреозға тән:
-
шегрен тері -
жәймендік және тежелу -
«телеграфты столб» симптомы -
Гиперактивтілігі және жыламсырау -
гиперкератоздың болмауы
-
Ауыр гипотиреозы бар егде жастағы науқасқа қандай ем тағайындау керек?
-
L -тироксинмен емдеуді аз дозалардан бастау -
санаторийге бальнеологиялық емдеуге жіберу -
L-тироксиннің үлкен дозаларынан емдеуді бастау -
диуретиктерді тағайындау -
гипотиреозды емдеуден бас тарту
-
25-жастағы пациентте гипотиреоз. Зат алмасудың қандай бұзылысы гипотиреозға тән?
-
термогенездің көбеюі -
қышқыл процесстерінің төмендеуі -
организмнің ткандерінде зәр қышқылының жиналуы -
белок алмасудың бұзылуы -
қандағы холестерин деңгейінің төмендеуі
-
56- жастағы пациент тиреостатик (мерказолил) қабылдайды. Тиреостатиктердің қандай қосымша теріс әсері бар:
-
лейкоцитоз -
гипергликемия -
агранулоцитоз -
ЭТЖ көбеюі -
гипогликемия
-
40 жастағы науқас тоңғыштыққа, ұйқышылдыққа, іш қатуға шағымданады. Объективті зерттеуде қалқанша безінің ұлғаюы анықталды және біріншілік гипотиреозге күдік туды. Осы жағдайда диагнозды растау үшін диагностиканың ең ақпараттық әдісін таңдаңыз:
-
T3 анықтау -
T4 анықтау -
TТГ деңгейін анықтау -
қалқанша безінің сцинтиграфиясын жүргізу -
қандағы Са2 деңгейін анықтау
-
35-жастағы пациентте гипотиреоз. Гипотиреоз көбінесе қандай аурудың нәтижесі болып табылады:
-
эндемиялық зоб -
аутоиммуннды тиреоидит -
диффузды токсикалық зоб -
жеделдеу тиреоидит -
спорадикалық зоб
-
Нәресте 4 күндік. Біріншілік дәрігерлік патронаж. Қарау кезінде дене қызуының 39°-қа көтерілуі, мазасыздық. Бөлме температурасы 26 °C. Бірінші жүктіліктен босанған. Жүктілік пен босану қалыпты өткен. Туғандағы дене салмағы 3600 г, бойы 50 см. Бірден айқайлаған. Апгар шкаласы 8/9 ұпай. Кіндік қалдығы 4-ші тәулікте түскен. Объективті: Тері жамылғысы таза, кілегей қабаттары құрғақтау. Кіндік жарасы өзгеріссіз. Өкпеде пуэрильді тыныс, перкуторлы дыбыс өзгермеген. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 1,5 см төмен. Талағы пальпацияланбайды. Нәжісі мен несеп бөлінуі қалыпты. Нәрестелік кезең рефлекстері жоғарылаған. Ошақты неврологиялық симптоматика анықталмайды. Сіздің диагноз:
-
Катаральды омфалит -
Нәрестелер пузырчаткасы -
Токсикалық эритема -
Транзиторлы гипертермия -
Фетальды гепатит
-
Ер бала К., 8 күндік, дәрігер патронажында нәресте денесінде көпіршіктер байқалған. Анамнезінде, бала ІІ жүктіліктен, жүктіліктің бірінші триместрі гестозбен, үшінші триместрі іріңді гайморитпен өткен. Туғандағы дене салмағы 3500 г, бойы 52 см, Апгар шкаласы бойынша 8/9 ұпай. Емшекке бірінші тәулікте салынған. Кіндік қалдығы 3-ші тәулікте түскен. Ерте неонатальды бейімделу кезеңінде физиологиялық сарғаю, токсикалық эритема болған. Перзентханадан 5-ші тәулікте шығарылған. Жағдайы орташа ауырлықта, емуі бәсең, ауық-ауық құсады, дене қызуы 37,4–37,6°C. Тері жамылғысы боз-қызғылт, мраморлы. Денесі мен санының терісінде инфильтративті негізді полиморфты, ішінде серозды-іріңді, диаметрі 2 см-ге дейінгі, гиперемияланған шеттері бар болбыр көпіршіктер анықталады. Жарылған элементтер орнында – шеттері эпидермис қалдықтарымен эрозивті беткей байқалады. Кіндік қалдығы таза. Араны қалыпты. Өкпеде пуэрильді тыныс. Жүрек тондары анық, ырғақты. Іші жұмсақ, Бауыры қабырға доғасынан 1,5 см шығыңқы, талағы пальпацияланбайды. Нәжісі сары түсті, ботқа тәрізді. Алғашқы диагноз және дәрігер тактикасы:
-
атопиялық дерматит, үйде емдеу -
желшешек, ауруханада емдеу -
эпидемиялық пузырчатка, ауруханаға жатқызу -
токсикалық эритема, үйде бақылау -
нейродермит, үйде емдеу
-
Анасының сырқаттанып қалуына байланысты баланы шұғыл түрде жасанды тамақтандыруға ауыстыру қажет. Баланың туғандағы салмағы 3200 г. Қазір балаға 3 ай. Дене салмағы 5400 г. Күніне 7 рет тамақтанады. Осы балаға тәуліктік сүт көлемін есептеңіз (мл):
-
900 -
850 -
800 -
750 -
700
-
Балаға 5 ай, дені сау ата-анадан туылған, күз айында, мерзімінде дүниеге келген. Дене салмағы 3850 г, бойы 50 см. Апгар шкаласы бойынша бағалау 7/8 ұпай. Емшекке өмірінің 2-ші тәулігінде берілген. Ана сүтімен 1,5 айға дейін емізілген, әрі қарай – жасанды тамақтандырылған. Соңғы екі айда балада мазасыздық байқалып, тершеңдік күшейді. Объективті: шүйде аймағында шашының жоқтығы, шүйденің тегістелуі, сагитальды жік пен үлкен еңбек аймағында сүйектің жұмсаруы байқалады. Бұлшық ет тонусы төмендеген. Гиперестезия. Аяғын тіремейді. Іші жалпақталған. Тіндер тургоры төмендеген. Өкпеде пуэрильді тыныс, сырыл жоқ, ТЖ – минутына 28 рет. Жүрек тондары анық, пульс минутына 120 соққы. Бауыры қабырға доғасынан 3,5 см шығыңқы, жұмсақ, ауырсынусыз. Талағы пальпацияланбайды. Іш қатуына бейімділігі бар. Сіздің диагноз:
-
Рахит Ι дәрежесі, жедел ағымы, өршу фазасы. -
Рахит Ι дәрежесі, жеделдеу ағымы, өршу фазасы. -
Рахит ΙΙ дәрежесі, жедел ағымы, өршу фазасы. -
Рахит ΙΙ дәрежесі, жеделдеу ағымы, өршу фазасы. -
Рахит ΙΙI дәрежесі, жеделдеу ағымы, өршу фазасы.
-
Дене қызуы көтерілген 12 айлық балаға дәрігер шақырылған. Ауырғанына бір күн болған. Жоғары тыныс жолдарының катаральды құбылыстарынан басталды. Жұқпалы аурулармен қатынаста болмаған. Нәжісі мен несебінің бұзылыстары жоқ. Дене қызуы 38,6°C болғанда бір рет ½ таблетка парацетамол берілген. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, қатынасқа оңай түседі. Эмоциональды тонусы жақсы. Ойнап отыр. Тері жамылғысы таза, ылғалды. Араны мен жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған. Мұрын арқылы тыныс алуы қиындау. Өкпеде пуэриьді тыныс, аздаған өтпелі сырылдар естіледі. ТЖ – минутына 35 рет. Жүрек тондары ырғақты. ЖСЖ – минутына 140 соққы. Іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Нәжісі өзгермеген. Несеп бөлінуі бір сағат бұрын болған. Түсі ақшыл сары. Температурасы - 39,0 °C. Диагноз қойыңыз:
-
Жедел пневмония -
Жедел отит -
Жедел цистит -
Жедел респираторлы вирусты инфекция -
Жедел ларинготрахеобронхит
-
Туғандағы салмағы 3000г. болған 7 күндік балаға тәуліктік сүт көлемін анықтаңыз (мл):
-
350 -
400 -
490 -
560 -
300
-
Туғандағы салмағы 3400г. болған 4 күндік балаға тәуліктік сүт көлемін анықтаңыз (мл):
-
280 -
320 -
350 -
400 -
420
-
Дене салмағы 4000г. 1 айлық балаға «көлемдік» әдіспен сүт көлемі қанша (мл) болады?:
-
300 -
400 -
500 -
600 -
800
-
БЖАИЖ стратегиясына сәйкес 2 айдан 5 жасқа дейінгі балалардың жалпы қауіптілік белгілеріне жатады:
-
еме алмайды және іше алмайды; кез келген сұйықтық пен тамақтан кейінгі құсық; осы ауру кезіндегі құрысулар; летаргиялы және ес-түссіз; -
еме алмайды және іше алмайды; кез келген сұйықтық пен тамақтан кейінгі құсық; осы ауру кезіндегі құрысулар; дене қызуы 38,5тен жоғары; -
сұйық нәжіс; кез келген сұйықтық пен тамақтан кейінгі құсық; осы ауру кезіндегі құрысулар; летаргиялы және ес-түссіз; -
сұйық нәжіс; кез келген сұйықтық пен тамақтан кейінгі құсық; осы ауру кезіндегі құрысулар; дене қызуы 38,5тен жоғары; -
еме алмайды және іше алмайды; кез келген сұйықтық пен тамақтан кейінгі құсық; сұйық нәжіс; летаргиялы және ес-түссіз;