ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 385

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. 1 жасар қыз балаға шақыру, дене қызуының 38,3°С көтерілуіне және катаральды синдромға шағымданады. Бір апта бұрын Ұлттық күнтізбеге сәйкес иммунизация жүргізілген. Анамнезінде, 1 жасқа дейінгі алдын ала егулері уақытында алынған. Қарау кезінде жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза, орташа ылғалдылықты. Араны қызарған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Ішкі мүшелері патологиясыз. Қандай вакцинаны енгізгенде, осындай арнамалы реакция болуы мүмкін?

  1. гепатит В-ға қарсы

  2. гепатит А-ға қарсы

  3. қызылшаға қарсы

  4. полиомиелитке қарсы

  5. БЦЖ вакцинасын

  1. Қабылдауда 8 айлық баласымен келген анасы. Қарау кезінде шағым айтпады. Анамнезінде: бала бірінші жүктіліктен, жүктіліктің бірінші жартысы гестозбен өткен. Уақытында босанған. Туғандағы салмағы 3200 г, бойы 50 см, Апгар шкаласымен бағалау 8/8 ұпай. Нәрестелік кезеңі қалыпты өткен. Қазіргі салмағы 8700 г, бойы 69 см. Жүйке іс-әрекетінің дамуы: бала өздігімен отырады, аяғын тірейді, тіреуге сүйеніп жүреді, бірнеше буындарды дауыстап айтады. Терісі ылғалды, таза, серпімді. Тері асты шел қабаты жеткілікті жетілген. Үлкен еңбегі 0,8x0,8 см, шеттері қатты. Тынысы пуэрильді. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСЖ – минутына 125 соққы. Іші кеппеген, пальпацияда ауырсынбайды. Бауыры қабырға доғасынан 0,5 см шығыңқы, эластикалы. Талағы пальпацияланбайды. Нәжісі сары түсті, гомогенді, күніне 2 рет. Несеп бөлінуі қалыпты. Баланың денсаулық тобын анықтаңыз:

  1. бірінші

  2. екінші

  3. үшінші

  4. төртінші

  5. бесінші

  1. Іріңді-қабыну ауруларының туындау қаупі бар нәрестелерді бақылауда жетекші бақыланылатын белгілерге жатады:

  1. аса тершеңдік

  2. дене температурасы

  3. дене салмағы мен бойын қосуы

  4. кіндік қалдығы мен терісінің жағдайы

  5. жүрек соғысының жиілігі




  1. Балаға 4 ай, анамнезі ауыртпалықсыз, емханадағы екінші алдын ала егілуі «Пентаксим» екпесімен жүргізілген. Оның алдындағы екпелерін, соның ішінде, гексаксим және превенарды жақсы көтерген. Екпеден кейінгі күні анасы дәрігерге баласының дене қызуының 38,0ºС көтерілуіне, мазасыздыққа, екпе орнындағы гиперемия мен тығыздыққа шағымданды. Қарау кезінде дене температурасы 37,8ºС. Мүшелер мен жүйелер жағынан патологиялар жоқ. Нәжісі ботқа тәрізді. Екпе орнында орташа ауыртпалықты, диаметрі 2×3 см болатын инфильтрат, 4 см-ге дейінгі гиперемия анықталды. Анасына бұл жағдайды түсіндіріңіз:


  1. Салқын абцесс

  2. Поствакцинальды асқыну

  3. Екіншілік инфекция қосылуы

  4. Поствакцинальды реакция

  5. Жедел респираторлы инфекция

  1. Дене қызуының 37,3°С-қа көтерілуі мен сол жақ құлағының ісінуіне шағымданған 2 жасар ер балаға шақыру жасалды. Балаға 9 күн бұрын КПК (қызамық-паротит-қызылша) вакцинасымен иммунизация жасалған, оның алдында 1 ай бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Анамнезінде: бір жасқа дейін атопиялық дерматит сипмтомдары анықталған, сол себепті жекеленген график бойынша екпелер алынған. Осыған дейін анасы КПК вакцинасынан жазбаша түрде бас тартқан; бір ай бұрын екпе жүргізуге ақпаратты келісім берген. Гепатит В, туберкулез, пневмококкты инфекцияға, полиомиелитке қарсы және АбКДС вакцинацияларын жақсы көтерген. Қарау кезінде жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза, орташа ылғалдықты. Араны қызарған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сол құлақ маңы безінің ісіңкілігі мен аздаған ауырсынуы, сол жердегі тері қыртысының қалыңдағаны байқалды. Ішкі мүшелері патологиясыз. Менингеальды белгілері жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

  1. Поствакцинальды асқыну

  2. ЖРВИ. Регионарлы лимфаденит

  3. Эпидемиялық паротит

  4. Қалыпты поствакцинальды реакция

  5. Атопиялық дерматит, өршуі

  1. Нәресте, 7 күндік. II жүктіліктен туылған (I-шісі - 7-8 апталығында өздігінен түсіп қалған). Анасы 22 жаста, студент, тыныс демікпесімен ауырады. Жүктілік кезінде 2 рет ЖРВИ-мен ауырған. Әкесі мен анасы жағынан аллергоанамнез ауыртпалықты. Уақытында босанған, оперативті жолмен (кесар тілігі), Апгар шкаласы – 6/8 ұпай. Туғандағы салмағы 2800 г, бойы – 50 см. Емізуге 2-ші тәулікте берілген, 30-40 мин. бойы әлсіз емеді, құсады. Перзентханадан шыққан кездегі салмағы – 2550 г. Бала ана сүтімен тамақтандырылады. Емуі баяу, үзіліспен емеді, құсуы көп емес. Бала белсенді, физиологиялық рефлекстері шақырылады, бұлшық ет тонусы жоғары. Тері жамылғысы мен кілегей қабаттары таза. Кіндік жарасы таза. Үлкен еңбегі 3×3 см, кернелмеген. Тынысы бір қалыпты, өкпенің бар бөліктерінде естіледі, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, шу естілмейді. Іші жұмсақ, паьпацияда ауырсынбайды. Бауыры қабырға доғасынан 1 см шығыңқы, талағы пальпацияланбайды. Нәжісі күніне 5 рет, сары түсті, ботқа тәрізді. Диагноз қойыңыз және денсаулық тобын анықтаңыз:

  1. Пренатальды белокты-энергетикалық жетіспеушілік I дәр, денсаулық тобы I

  2. Пренатальды белокты-энергетикалық жетіспеушілік I дәр, денсаулық тобы II

  3. Пренатальды белокты-энергетикалық жетіспеушілік II дәр, денсаулық тобы II

  4. Шала туылу I дәрежесі, тыныс демікпесінің туындау қаупі, денсаулық тобы II

  5. Шала туылу IІ дәрежесі, тыныс демікпесінің туындау қаупі, денсаулық тобы IІ


  1. Қыз бала, 6 айлық, анасымен қабылдауда. Шағымы жоқ. Бала ІІІ-ші жүктіліктен, жүктілігі гестозбен, анемиямен өткен, 3-ші триместрде ЖРВИ болған. Қыз бала уақытында дүниеге келген, дене салмағы – 3050г., бойы – 52 см. Нәрестелік кезеңі ерекшеліксіз өткен. 1 айға дейін ана сүтімен тамақтанған, әрі қарай – бейімделген сүт қоспасын қабылдаған. 6 ай ішінде 4300г. қосқан. 2,5 айлығында ЖРВИ-мен ауырған. Симптоматикалық еммен амбулаторлық жағдайда емделген. Қараған кезде: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза, бозғылт, құрғақ. Кілегей қабаттары таза, бозғылт. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары ырғақты, шу естілмейді. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан +2 см. Талағы ұлғаймаған. Нәжісі күніне 2 рет, ботқа тәрізді, ақшыл-қоңыр түсті. Клиникалық қан анализі: эритр. – 3,7×1012/л, Hb-105 г/л, МСН 22 пг (N 24-33 пг); лейк.–8,5×109/л, п/я -2%, с/я -32%, л.-58%, м.-4%, б.-1%, э.- 3%, ЭТЖ - 6 мм/час, гипохромия ++, анизоцитоз +, пойкилоцитоз +. Диагноз қойыңыз, ем тағайындаңыз:
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22


  1. Теміржетіспеушілік анемия, I дәрежесі. Еківалентті темір, 22 мг

  2. Теміржетіспеушілік анемия, I дәрежесі. Еківалентті темір, 45 мг

  3. Теміржетіспеушілік анемия, I дәрежесі. Еківалентті темір, 60 мг

  4. Теміржетіспеушілік анемия, II дәрежесі. Еківалентті темір, 45 мг

  5. Теміржетіспеушілік анемия, II дәрежесі. Еківалентті темір, 100 мг

  1. Қыз бала, 3 жасар, екі күн бұрын жедел ауырып қалған: дене қызуы 39°С-қа көтерілген, мұрыны бітелген, жөтел, тәбеті төмендеген. Үйде симптоматикалық емдеген. Бүгінгі күннен бастап ентігу, шулы тыныс пайда болған. Қалада тұмау эпидемиясы. Ата-анасының дені сау. Анамнез ауыртпалықсыз, ентігу баланың өмірінде бірінші рет пайда болып тұр. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, температурасы – 38,9°С. Мазасыз, дәрігер қарауына жылаумен жауап береді. Араны қызарған, склерасында аздаған қан құйылу, мұрын арқылы тыныс алуы еркін, аздап кілегейлі бөлініс. Жөтелі сирек, құрғақ. Өкпеде қатқыл тыныс, тыныс шығаруы аздап ұзарған, тыныс шығаруда құрғақ ысқырықты сырылдар және екі жақта да бірлі-жарым ылғалды сырылдар естіледі. Тыныс жиілігі минутына 36 рет. Іші жұмсақ. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Нәжісі қалыпты. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 9,2*109 /л, лейкоформула өзгермеген, гемоглобин-116 г/л, эритроциттер – 3,4*1012/л. Диагноз қойыңыз:

  1. Жедел стенозды ларинготрахеит

  2. Жедел ларингит, стенозсыз

  3. Жедел бронхит, бронхиальды обструкция синдромы

  4. Жедел ауруханадан тыс пневмония, ТЖ 1 дәрежесі

  5. Тыныс демікпесі, атопиялық түрі

  1. Аурудан ең ұзағырақ қорғанысты қамтамасыз етеді:

  1. тірі вакцина

  2. инактивирленген вакцина

  3. химиялық вакцина

  4. емдік сары су

  5. иммуноглобулин

  1. Перзентханада БЦЖ вакцинасымен егілмеген балалар шыққан соң, емханада екпе ала алады. Туғаннан кейін қанша уақытқа дейін Манту сынамасыз БЦЖ вакцинасымен егіле алады?

  1. 2 айға дейін

  2. 4 айға дейін

  3. 6 айға дейін

  4. 8 айға дейін

  5. 1 жасқа дейін

  1. 2 айлық баланың анасы баласында 10 секундқа дейін созылатын тыныс тоқтауларының ауық-ауық болатынына шағымданады. Бала шала туылған, туған кездегі салмағы 1800г. Қарау кезінде жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс, ТЖ – минутына 36 рет. Жүрек тондары ырғақты, ЖСЖ минутына 132 рет. Іші жұмсақ. Нәжісі мен дәреті қалыпты. Баладағы тыныс бұзылысының ықтимал себебін ажыратыңыз:


  1. патологиялық апноэ

  2. физиологиялық апноэ

  3. жүректің туа пайда болған ақауы

  4. туа пайда болған пневмония

  5. бронхөкпе дисплазия



  1. 6 жасар қыз бала емханада қабылдауға кезек күтіп отырды. Сол кезде емханада жөндеу жұмыстары жүріп жатты: кабинет есіктері боялды. Кенеттен бала жағдайы нашарлады: экспираторлы ентігу. Ауа жетіспеушілігі сезімі, алыстан естілетін құрғақ ысқырықты сырыл байқалды. ТЖ минутына 58 рет, ЖСЖ – минутына 122 соққы. Анамнезінен балада бояу, әтір, терек мамығына байқалатын мұндай ұстамалар бірінші рет емес екені анықталды. БЖАИЖ критерийіне сай бұл кезеңдегі дәрігер тактикасы қандай?

  1. содамен ингаляция

  2. минералды сумен ингаляция

  3. амбробенемен ингаляция

  4. сальбутамолмен ингаляция

  5. физерітіндімен ингаляция




  1. Созылмаы бүйрек ауруларындағы анемияның себебі:

  1. тағамдағы темірдің дефициті

  2. ферритин деңгейінің төмендеуі

  3. темір сіңірілуінің бұзылыстары

  4. эритропоэтин синтезінің төмендеуі

  5. трансферрин деңгейінің төмендеуі




  1. Бала 5-ші жүктіліктен, 2-ші босанудан. Алдындағы жүктіліктері медициналық аборттармен аяқталған. Осы жүктілігі –ші жартысының гестозымен жүрген, босану кезінде кіндік бауы мойынына 2 рет оратылған. Осы балада қауіптіліктің бағытын анықтаңыз:

  1. әлеуметтік қауіптілік

  2. ОЖЖ патологиясының туындау қаупі

  3. дистрофиялық бұзылыстар туындау қаупі

  4. іріңді-септикалық аурулары иуындау қаупі

  5. анемия және рахит туындау қаупі

  1. 6 жасар бала жедел пиелонефритті басынан кешірді. Қазіргі уақытта кортикостероидты препарат қабылдап жатыр. Дәрігердің профилактикалық екпені жүргізу тактикасы:

  1. профилактикалық екпелерге тұрақты қарсы көрсеткіш болады

  2. вакцинация ауруханадан шыққаннан кейін 2-4 аптадан соң жасалады

  3. профилактикалық екпелер күнтізбе бойынша жүргізіледі

  4. кортикостероидтармен ем аяқталғанға дейін кейінге қалдырылады

  5. вакцинация кортикостероидтармен емделу кезінде жүргізіледі

  1. 2 жасар бала ЖТД-не профилакатикалық қаралуға келген. Анасының айтуы бойынша бала белсенді, тәбеті жақсы, жемістер мен көк-өністерді, балық, индейка және тауық етін жақсы жейді, қызыл етті ұнатпайды. Қарау кезінде: бала жағдайы қанағаттанарлық, тері жамылғысы мен кілегей қабаттарында бозғылттық, ауыз бұрышында ауыздық анықталады. Дене салмағы 14 кг, бойы – 84 см. Жүректің аускультациясында систолалық шу естіледі. Басқа мүшелер мен жүйелер ерекшеліксіз. Жалпы және биохимиялық анализ мәліметтері бойынша «Теміржетіспеушілік анемия, орташа ауыр дәрежесі» диагнозы қойылған. Осы балаға темір препаратының тәуліктік дозасын (мг) тағайындаңыз: