ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 382

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. кең спектрлі антибиотиктер

  2. стероидты емес қабыну препараттары

  3. витаминдер жиынтығы

  4. антисекреторлы заттар мен прокинетиктер

  5. тамыр ішіне иммуноглобулиндер

  1. 15 күндік ер бала. Өмірінің 5-ші күнінен бастап жасанды тамақтандырылады. Әкесінде – тағатәрізді бүйрек, гипертония; анасында пиелонефрит бар. Нәрестені өмірінің 15-ші күні емшектен бас тартты, салмақ қосуы нашар, фебрильді температура, аздаған диарея. Нәжісі ботқа тәрізді, күніне 5-6 рет патологиялық қоспасыз. Бүйрек УДЗ-де оң жақта пиелоэктазия. Пневмония жоққа шығарылды. Сіздің ең ықтимал болжам диагнозыңыз:

  1. дизентерия

  2. сальмонеллез

  3. дисбактериоз

  4. жедел пиелонефрит

  5. ротавирусты гастроэнтерит

  1. Ерте жастағы балаларда гипотрофия типті дистрофияның І дәрежесінде репарацияалды кезеңді (тағамға толеранттылықты анықтау кезеңінің ұзақтығын) көрсетіңіз:

  1. 1-3 күн

  2. 4-5 күн

  3. 6-7 күн

  4. 8-9 күн

  5. 10-14 күн

  1. Бала Д., 1 жаста. Ауруы дене қызуының 38,9С дейін көтерілуімен жедел басталды, жөтел, айқын мұрын бітелуі, конъюнктивит белгілері пайда болды. Объективті: жұтқыншақтың артқы қабырғасында ірі түйіршіктелу, гиперемия. Сіздің алғашқы диагноз:

  1. тұмау инфекциясы

  2. парагрипп инфекциясы

  3. микоплазмалы инфекция

  4. аденовирусты инфекция

  5. инфекциялық мононуклеоз

  1. 1,5 айлық балаға шақыру жасалды. Анасының байқауынша, баланың өмірінің екінші аптасынан бастап фонтанды бірнеше қайта құсық болған, өт қоспасынсыз, құсық қышқыл иісті. Клиникалық қарау кезінде тері жамылғысы таза, бозғылт. Тері асты шел қабаты әлсіз жетілген. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс, ТЖ минутына 30 рет. Жүрек тондары ырғақты, анық, ЖСЖ минутына 132 соққы. Іші жұмсақ, «құм сағат» пішінді, бауыр мен талақ ұлғаймаған. Нәжісі аз, зәр бөлінуі еркін. Осы баладағы құсықтың ең ықтимал себебін көрсетіңіз:

  1. ішек инвагинациясы

  2. өңеш аномалиясы

  3. пилоростеноз

  4. пилороспазм

  5. ішек дисбиозы

  1. Бала қабылдауда, дәрігер қарауынан кейін АБКДС вакцинациясын жүргізу жоспраланып отыр. Анасы вакцинациядан кейінгі реакциялар туралы сұрап отыр. АбКДС вакцинациясына болуы мүмкін жалпы реакцияны сипаттап беріңіз:

  1. 7 күннен кейінгі қызба

  2. аяқ-қолдың жеңіл құрыспалық тартылуы

  3. катаральды белгілердің болуы

  4. алғашқы 2-3 күндегі қысқа уақытты қызба

  5. вакцинациядан кейінгі диарея болуы


  1. Нәрестенің біріншілік патронажында қандай анамнездер қарастырылады?

  1. ауру анамнезі, өмір анамнезі

  2. акушерлі-гинекологиялық, биологиялық

  3. генетикалық, биологиялық, әлеуметтік

  4. биологиялық, генеологиялық, әлеуметтік

  5. биологиялық, әлеуметтік

  1. Жалпы тәжірибе дәрігерінің қабылдауында 12 жасар бала, гемоглобин көрсеткіші 85 г/л, ТК - 0,69, сарысулық темір 5,2 ммоль/л. Дәрігер темір препаратын тағайындады. Бұл препаратты қандай формада және тәуліктік дозада тағайындаған жөн?

  1. Пероральды форма, 50 мг

  2. Парентеральды форма, 100 мг

  3. Парентеральды форма, 50 мг

  4. Пероральды форма, 100 мг

  5. Пероральды форма, 60 мг

  1. Анасы 7 жасар қызымен қабылдауға келді. Шағымы: баладағы оң қабырға астының мерзімді сыздап ауыруы. Ауырсынудың ұзақтығы 20-30 минут, тамақ ішкеннен кейін және физикалық жүктемеден соң пайда болады, өздігінен басылады, бұл жағдайды соңғы 7 ай бойы байқап келеді. Тұқымқуалаушылық: анасында – созылмалы холецистит, семіздік; нағашы әжесінде – өт тас ауруы. Баланың осы күнге дейін анамнезі ерекшеліксіз. Қарауда: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан 1 см-ге шығыңқы, талағы ұлғаймаған. Ортнер, Кери, Мерфи симптомдары – оң мәнді. Нәжісі қалыпты. Өт жолдарының УДЗ-і: өт қабы вертикальды орналасқан, сопақ формалы, қабырғасының қалыңдығы - 2 мм, сынамалы астан кейінгі өт қабының жиырылуы - 20%. Өт қабының денесінде бұралу анықталады. Ең ықтимал диагноз:

  1. Өт қабының дисфункциясы, гипомоторлы тип. Өт қабының бұралуы

  2. Өт қабының дисфункциясы, гипермоторлы тип. Өт қабының бұралуы

  3. Созылмалы холецистит, өршу сатысы. Өт қабының бұралуы

  4. Созылмалы гастродуоденит, өршу сатысы. Өт қабының бұралуы

  5. Созылмалы панкреатит, өршу сатысы. Өт қабының бұралуы




  1. Нәресте, 15 күндік ер бала. Үйге шақыру жасалған. Шағымы дене қызуының көтерілуі. Несебі лайланған. Зәр анализінде – лейкоциттер көп мөлшерде. Нәжісі ботқа тәрізді, күніне 5-6 рет, патологиялық қоспасыз. Ең ықтимал алғашқы диагноз қалай?

  1. энтероколит

  2. дисбактериоз

  3. нейротоксикоз

  4. несеп жолының инфекциясы

  5. ішектік инфекция





  1. Балаға 1 жас 3 ай. Тамақты нашар жейді, шикі қамырды ұнатады. Терісі мен кілегей қабаттары бозғылт. Ішкі мүшелер бойынша өзгерістер жоқ. Зерттеу жүргізгенде: Нв – 85 г/л, эрит- 3,7х1012/л. Қан анализінде одан да басқа тән өзгерісті таңдаңыз:

  1. гематокриттің жоғарылауы

  2. ретикулоциттің төмендеуі

  3. тромбоциттің төмендеуі

  4. реңдік көрсеткіштің төмендеуі

  5. лейкоциттің жоғарылауы




  1. 3 айлық бала жалпы тәжірибе дәрігерінің қабылдауында. Дене салмағы – 5300г., бойы – 62 см. Мүшелер бойынша өзгерістер жоқ. Анасы баласындағы белсенді гуілдеудің жоқтығына шағымданады. Баладағы осы жәйтті түсіндіріңіз:

  1. балада аутизм

  2. есту өткірлігінің төмендігі

  3. қалыпты жағдай

  4. ОЖЖ патологиясы

  5. психомоторлы дамуында қалыс қалу




  1. жастағы балада айқын токсикоз, аралас сипаттағы ентікпе, дене қызуының 38оС-қа көтерілуі байқалады. Перкуссияда оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың тынықталуы. Аускультацияда: әр жерден сырылдар, оң жақ жауырын астында – тұрақты ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Алғашқы диагноз

  1. альвеолит

  2. бронхиолит

  3. пневмония

  4. обструктивті бронхит

  5. тыныс демікпесі, ұстама




  1. Қыз бала 13 жаста, соңғы 4 айда күніне 2 – 4 ретке дейін нәжісінің сұйықталуы, әсіресе таңғы мезгілде, эмоциональды қозғыштық кезінде дефекацияға императивті шақырулар болатынына шағымданады. Нәжісі көбіне кілегей аралас, түнгі мезгілді нәжіс болмайды. Қарау кезінде, қыз бала қалыпты дене бітімді, тері асты шел қабаты жақсы жетілген. Эксикоз, токсикоз белгілері байқалмайды. Іші жұмсақ, сигматәрізді ішегі спазмдалған. Алғашқы диагноз қойыңыз.

  1. жедел панкреатит

  2. жедел энтероколит

  3. созылмалы холецистит

  4. ішек тітіркену синдромы

  5. ішек дисфункциясы




  1. Қыз бала, 12 жаста. Эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсынуға, қыжылдауға, қышқылды кекіруге, іш қатуға шағымданады. 1 жылдай ауырады. Қарағанда бозғылт, мазасыз, қызыл дермографизм, көп тершеңдік. Тілі түбіріне жақын ақшыл-сары жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында аздап ауырсыну бар. Бауыры мен талақ ұлғаймаған. Болжам диагноз

  1. жара ауруы

  2. созылмалы холецистит

  3. созылмалы панкреатит

  4. созылмалы гастродуоденит

  5. өт шығару жолдарының дискинезиясы




  1. жас 6 айлық ер бала. 6 ай бұрын тәбетінің төмендеуімен бастаған. Тәулігіне 1,5 литрге дейін сиыр сүтін ішеді, ет жеуден бас тартады. Жақын арада респираторлы аурумен ауырып қалған. Қарау кезінде, баланың мазасыздығы, тері жамылғысы мен кілегей қабаттарының бозғылттығы, бұлшық еттерінің гипотониясы байқалады, шеткі лимфа түйіндері 0,5х0,5 см, жүрек ұшында интенсивті систолалық шу, бауыры +2 см. Ең ықтимал диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеуді бірінші ретте өткізу керек?


  1. эритроциттердің осмостық тұрақтылығын

  2. бруцеллезге қан анализін

  3. иммуноглобулиндер деңгейін

  4. қан сары суындағы ферритинді

  5. стернальды пункция




  1. 8 айлық балаға патронаж кезінде, сол жақ қолтық астында тығыз, көлемі ұлғайған, ауырсынусыз лимфа түйін анықталады. Пальпация кезінде флюктуация анықталады. Екпелері күнтізбе бойынша жасалған. Дәрігердің қорытындысы мен тактикасы:

  1. лимфоаденопатия, хирург кеңесі

  2. регионарлы лимфоаденит, фтизиатрға жіберу

  3. лимфа түйінінің ісігі, онкологқа жіберу

  4. лимфа түйін гиперплазиясы, хирург кеңесі

  5. жайылмалы БЦЖит, дәрігер бақылауы




  1. 5-жасар баланың денсаулық деңгейін анықтаңыз. Қарау барысында анасы шағымданбайды. Обьективті қарағанда: дене дамуы (ДД) және жүйке-іс әрекетінің дамуы (ЖІӘД) жасына сай; мүшелер бойынша патологиялық өзгерістер жоқ, физиологиялық бөліністер қалыпты

  1. бірінші

  2. екінші

  3. үшінші

  4. төртінші

  5. бесінші




  1. Бала I жүктілік, уақытында босанудан, туылған кездегі салмағы 2900.0, ұзындығы - 49см. Әйелдің қан тобы А(II), Rh(+) , баланың қан тобы АВ (IV), Rh (-). Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл. Тері жамылғысының сарғаюы 3-ші тәулікте пайда болды. Емуі белсенді, құспайды. Билирубиннің тура емес фракциясы - 90 мкмоль/л, трансаминазалар қалыпты. Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз

  1. фетальды гепатит

  2. коньюгациялық сарғаю

  3. физиологиялық сарғаю

  4. Rh сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру

  5. АВО сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру




  1. Профилактикалық қарауға келген 3 айлық баланың бетінде қышитын, қызыл бөртпелерге анасы шағымданады. Қараудан кейін дәрігер «Атопиялық дерматит, сәбилік формасы» диагнозын қойды. Белсенді иммунизация жоспары бойынша дәрігердің тактикасы:

  1. алдын ала егу аурухана жағдайында дәрігер бақылауымен

  2. вакцинация ата-ананың өтінішімен үй жағдайында

  3. баланың «дайындығынсыз» кез келген уақытта

  4. вакцинация ремиссия кезінде баланың «дайындығымен»

  5. кейінгі вакцинацияларға қарсы көрсетілім




  1. 6-күндік нәресте. Сүт бездерінің екі жақтан ісінуі байқалды, басып қарағанда ақ - сүт тәрізді сұйықтық бөлінеді. ЖТД тактикасы

  1. хирург кеңесі

  2. антибиотик тағайындау

  3. күнделікті күтім

  4. эндокринолог кеңесі

  5. сүт безінен сөл шығару





  1. 5 жасар балаға ауруханадан тыс пневмония қойылды. Амбулаторлы ем тағайындалды. Дене қызуының 39˚С-қа көтерілгені байқалды. Терісін қолмен ұстағанда ыстықтық анықталады. Гемодинамика бұзылыс жоқ. Баланың дене салмағы 20 кг. Бұл жағдайдағы сіздің тактикаңыз:

  1. аспирин 0,25г ішуге

  2. парацетамол 0,2г ішуге

  3. парацетамол 0,5г ішуге

  4. литикалық қоспа 0,5 мл бұлшық етке

  5. литикалық қоспа 0,5 мл тамыр ішіне




  1. 10 жасар қыз бала. Ішінің қатуына, 3-4 күнге дейін нәжісінің болмауына, іштің төменгі бөлігіндегі аздаған ауырсынуға, нәжісінің «қой құмалағындай» болуына, толық емес ішек босауы сезімінің жиі болуына шағымданады. Кейде іш қатулары іш өтулермен ауысып отырады (эмоциональды күймен байланыстырады). 6 ай бойы ауырады. Қарау кезінде: тері асты шел қабаты жақсы жетілген. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Лабораторлы және аспаптық зерттеулер ешқандай патология анықтамады. Баладағы диспепсиялық синдром себебін түсіндіріңіз:

  1. Крон ауруы

  2. Ішектің тітіркену синдромы

  3. Бейарнамалы жаралы колит

  4. 12-елі ішектің жара ауруы

  5. Созылмалы гастродуоденит




  1. Балаға 1 жасында қызылша, қызамық және эпидпаротитке қарсы вакцинация (ККП) жүргізілген. Бір аптадан соң дене қызуының 37,2ºС көтерілуі байқалған, бетінде, денесінде көп емес қызылша тәрізді бөртпелер бір мезетте пайда болған. ЖТД қорытындысы мен тактикасы

  1. қызылша, симптоматикалық ем

  2. ЖРВИ, симптоматикалық ем

  3. жедел пневмония, госпитализация

  4. вакцинациядан кейінгі реакция, ем қажет емес

  5. вакцинациядан кейінгі асқыну, емдеу




  1. күндік нәресте. Дене салмағы 1000,0-мен шала туылған. Перзентханадағы алдын ала егу жоспары бойынша дәрігер тактикасы

  1. вакцинация схемасы: ВГВ, БЦЖ

  2. вакцинация схемасы: ВГВ, БЦЖ, ИПВ

  3. вакцинация схемасы: ВГВ, БЦЖ, ОПВ

  4. бұл кезеңде вакцинация жасалмайды

  5. 2 апта бойы вакцинация жасалмайды




  1. 6 жасар қыз бала, жасына сай дамыған. Схема бойынша егілген (ҚР ұлттық күнтізбегі бойынша). Алғаш рет 4 жасында Манту сынамасының нәтижесі - 8 мм папула. «Туб вираж» диагнозы қойылған, соған байланысты 3 ай бойына химиопрофилактика жүргізілген. Осы кездегі алдын ала егу схемасы

  1. БЦЖ + АДС

  2. АбКДС + ККП

  3. АДС-М + ККП

  4. БЦЖ + АДС + ККП

  5. БЦЖ + АДС-М + ККП