ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 379
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Нәрестенің 6-шы күні табиғи қыртыстар аймағындағы терінің қызаруы мен ұсақ эрозиялар байқалады. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты. Ең ықтимал диагноз
-
пысынау -
пемфигус -
баздану -
везикулопустулез -
Риттер эксфолиативті дерматиті
-
13 жасар қыз бала, іштің ауырсынуы, асқазанның толу сезімі, жүрек айну, ауамен кекіру, диетада кемшілік болса іштің өтуіне шағым жасайды. Уақытылы тамақтанбағаннан кейін 10 жасында эпигастрий аймағында ауырсыну, ауамен кекіру, кейін - іш өту мазалады. Болжам диагноз1 ... 8 9 10 11 12 13 14 15 ... 22
-
созылмалы гастрит -
созылмалы гепатит -
созылмалы холецистит -
созылмалы панкреатит -
асқазанның жара ауруы
-
14 жасар қыз баланы 2 жыл бойы эпигастрий аймағындағы ауырсыну, интенсивті, сыздап ауыру мазалайды, тамақ ішкеннен кейін күшейеді. Тілі ақ жабындымен жабылған. Пальпация кезінде іштің ортаңғы сызығы бойынша, эпигастрий аймағында ауырсыну анықталады. ЖҚА: Нв – 110г/л, эр-2,8*1012/л, Л-7,5*109/л. ЭТЖ-7мм/сағ, ЭФГДС – асқазан қабырғасының қалыңдауы, қыртысытарының тегістелуі. Диагноз қойыңыз:
-
өт тас ауруы -
асқазанның жара ауруы -
созылмалы гастрит -
жедел гастродуоденит -
12-елі ішектің жара ауруы
-
16 жасар қыз бала. Жоғары қызбамен, интоксикациямен дәрігерге қаралды. Зәр анализінде өзгерістер байқалды: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – толығымен, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, жоғары ЭТЖ. Ең ықтимал алғашқы диагноз?
-
цистит -
уретрит -
жедел пиелонефрит -
гломерулонефрит -
интерстициальды нефрит
-
7 жасар балада жүрек шекарасы көлденең ұлғайған, жүрек тондары тынықталған. Жүрек ұшында жұмсақ систолалық шу, ретсіз экстарсистолия. Екі апта бұрын ауыр формалы ЖРВИ-ді басынан кешірген. Болжам диагноз
-
туа пайда болған жүрек ақауы -
инфекциялық эндокардит -
митральды қақпақшаның пролапсы -
жедел ревматикалық қызба -
жедел миокардит
-
10-жастағы бала ылғалды жөтел, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Өкпе аускультациясында қатқыл тыныс, жөтелген кезде мөлшері азаятын құрғақ және әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенограммада түбір маңы аймағында өкпе суретінің күшейгенін көруге болады. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер- 12,0 х 109/л (т/я - 8%, с/я - 66%, л - 20%, м - 6%); ЭТЖ - 16 мм/сағ. Клиникалық диагноз
-
бронхиолит -
бронхопневмония -
созылмалы бронхит -
жедел бронхит -
обструктивті бронхит
-
Бала 2 жас 10 айда. Дене дамуы бойынша (ДД) – 1 дәрежедегі салмақ жетіспеушілігі, жүйке-іс әрекетінің дамуы (ЖІӘД) бойынша – III топ, 1- дәрежесі. Бір жыл ішінде жедел респираторлы аурулармен ауырмаған, Hb - 85г/л. Бала қай денсаулық тобында бақыланады?
-
бірінші -
екінші -
үшінші -
төртінші -
бесінші
-
8-айлық баланы қарау кезінде тығыз, сол жақ қолтықасты аймағында ауырсынусыз лимфа түйіні анықталды; флюктуация байқалады. Күнтізбе бойынша вакцинацияланған. ЖТД тактикасы – консультация алу үшін баланы қандай маманға жіберу қажет?
-
хирургке -
педиатрға -
иммунологқа -
фтизиатрға -
эндокринологқа
-
5-күндік бала біріншілік дәрігерлік патронажда қаралуда. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бұлшықеттер тонусы, тіндердің тургоры сақталған, физиологиялық рефлекстері шақырылады. Тері жамылғысы қалыпты түсті, маңдай, мұрын маңы, желке, қас аймағында қызғылт-көкшіл дақтар мен жолақтар көрінеді. Дақтар дұрыс емес пішінді және әртүрлі көлемде. Саусақпен басқан кезде қызару жоғалады, бірақ кейін қайта пайда болады, жылаған кезде күшейеді. Болжам диагноз
-
гемангиома -
пигментті дақтар -
«монғолоидты» дақтар -
телеангиоэктазия -
нейротерілік меланоз
-
Бала 7 жаста, ылғалды жөтелге, температурасының жоғарылауы мазалайды. Өкпесінде қатқыл тыныс, жөтел кезінде азаятын құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Қандай диагноз туралы ойлауға болады?
-
бронхиолит -
бронхопневмония -
созылмалы бронхит -
жедел бронхит -
обструктивті бронхит
-
Бала 3 жаста, ауырғанына 5-ші күн. Ауру дене температурасының 38о С қа көтерілуінен басталған, жөтел, мұрын бітелуі, жарықтан қорқу мазалайды. 3күннен соң айқын катаралды белгілердің фонында дақты-папулезды, қоңыр-қызғылт түсті бөртпелер пайда болған, кей жерде тұтасқан: 1-ші күні-құлақ артында, бетте, мойында; 2-ші күні-кеудесінде, қолдарында; 3-ші күні-аяқтарында. Ата-анасының бас тартуына байланысты вакцинация алмаған. Ең ықтимал диагноз?
-
қызамық -
иерсиниоз -
скарлатина -
қызылша -
желшешек
-
10 жасар ер бала тамақ ішкеннен кейінгі ішіндегі ауырлыққа, шіріген иісті кекірікке, кейде құсыққа, тәбетінің төмендеуіне, нәжісінің сұйылуына шағымданады. Қарау кезінде – тілінде ақ жабынды, эпигастрий аймағында ауырсыну анықталады. Баладағы жетекші клиникалық белгіні анықтаңыз:
-
ауырсыну -
интоксикациялық -
астеновегетативті -
диспепсиялық -
полигиповитаминоз
-
Қыз бала 7 жаста. Мектепте оқиды. Соңғы 6 ай бойы бас ауруы, әлсіздік, тамақ қабылдаумен байланысы жоқ эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Бірінші кезекте қандай диагностикалық зерттеу жүргізген жөн?
-
асқазан сөлінің PH-ы -
асқазан рентгенографиясы -
асқазан рентгеноскопиясы -
дуоденальды зондтау -
фиброгастродуоденоскопия
-
Бала 10 айлық. Аралас тамақтандырылады. Обьективті: өздігімен отырмайды, маңдай және төбеде төмпешіктері анықталады, қабырғалық «таспиықтар» пальпацияланады, Гаррисон жүлгесі байқалады. Бұлшық ет тонусы төмендеген. Бауыр қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Басқа мүшелер бойынша өзгеріс жоқ. Ықтимал диагноз және дәрігер тактикасы:
-
рахит І, өршу сатысы, жедел ағымы, Д3 препаратының дозасы 2000ХБ/тәул -
рахит І, өршу сатысы, жеделдеу ағымы, Д3 препаратының дозасы 2000ХБ/тәул -
рахит ІІ, өршу сатысы, жедел ағымы, Д3 препаратының дозасы 3000ХБ/тәул -
рахит ІІ, өршу сатысы, жеделдеу ағымы, Д3 препаратының дозасы 3000ХБ/тәул -
рахит ІІ, өршу сатысы, қайталау ағымы, Д3 препаратының дозасы 3000ХБ/тәул
-
Бала 1 айлық, дәрігер қабылдауында. Дені сау. Перзентханада БЦЖ алмаған. БЦЖ-ға қатысты жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы
-
иммунизацияға қарсы көрсеткіш -
вакцинация Манту сынамасымен -
осы уақытта вакцинациялау -
6 айында Манту сынамасынан кейін вакцинациялау -
1 жасында Манту сынамасынан кейін вакцинациялау
-
Бала 4 айлық, тамақтану түрі аралас. Қарау кезінде шап аймағында, мойынында, қолтық шұңқырында қызару байқалады. Бетінде гиперемия, ісіну, жарылу, «сүт» қабыршақты, бала мазасыз, ұйқысы нашар. Алғашқы диагноз және дәрігер тактикасы:
-
тершеңдік, үйде бақылау және емдеу -
баздану, үйде бақылау және емдеу -
стрептодермия, ауруханада емдеу -
атопиялық дерматит, үйде емдеу -
есекжем, ауруханада емдеу
-
7-жасар қыз бала жұтынғанда тамағындағы ауырсынуға, дене қызуының 39,2°С-қа көтерілуіне шағымданады. Жедел ауырды. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы таза, ыстық. Араны айқын қызарған, бадамша бездерінде іріңді жабынды анықталады. Өкпеде везикулярлы тыныс анықталады, ТЖ минутына 28 рет. Жүрек тондары ырғақты, ЖСЖ минутына 112 соққы. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Балаға адекватты ем тағайындаңыз:
-
пенициллин препараттарын бұлшық етке -
цефалоспориндер бұлшық етке -
цефалоспориндер тамыр ішіне -
аминогликозидтер бұлшық етке -
қорғалған пенициллиндер пероральды
-
10-айлық балада жоғары температура, интоксикация, тісі шығуда. Қанда - лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Зәрде – лейкоцитурия, бактериурия. «Жедел пиелонефрит» диагнозы қойылған. Амбулаторлық-емханалық кезеңде тағайындалатын препарат
-
цефазолин -
гентамицин -
фуразолидон -
амоксиклав -
ко-тримоксазол
-
8-жасар бала. Соңғы 3 жылда – түнде тыныс шығарудың қиындауымен тұншығу ұстамасы, сальбутамол ингаляциясымен басылатын. Обьективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, ТАЖ - минутына 32 рет. Өкпеде қатқыл тыныс, тыныс шығаруы ұзарған, ысқырықты құрғақ сырыл естіледі. Емдеу схемасына қосылатын препараттардың тобын көрсетіңіз
-
муколитикалық дәрілер -
антигистаминді препараттар -
бронхолитикалық препараттар -
ингаляциялық глюкокортикостероидтар -
антибактериальды препараттар
-
Дене қызуына байланыссыз орташа және ауыр дәрежелі жедел жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан кейін қанша уақыттан соң вакцинация жасауға рұқсат етіледі?
-
5-6 күн -
10-12 күн -
2-4 апта -
5-7 апта -
8-10 апта
-
2-жасар ер баланың анасы баланың жағдайының нашарлауына, әлсізденуіне, тамақтан бас тартуына, дене қызуының 38,8оС-қа көтерілуіне, ылғалды жөтеліне шағымданады. Анамнезінен баланың 7 күн бұрын мұрын бітелуі және мұрнынан бөліністің бөлінуі, сирек жөтелден басталғаны белгілі болды. Бөлімшелік дәрігермен ЖРВИ диагнозы қойылып, симптоматикалық ем тағайындалған. Жағдайы жақсарған. Бірақ, ауруының 6-шы күні дене қызуы 38,8оС-қа көтеріліп, әлсіздік, тамақтан бас тартуы, мазасыз ұйқы болған, жөтелі күшейген. Қарау кезінде, бозғылттық, жылау кезінде анықталатын периоральды цианоз, мұрын қанаттарының желбіреуі, минутына 50 ретке дейінгі ентігу, қосымша бұлшық еттер қатысуы байқалды. Перкуторлы: өкпеде перкуторлы корап дыбысы, оң жақта жауырын аралық аймақта – тынықталған дыбыс, сол аймақта аускультативті ұсақ көпіршікті сырылдар мен тыныс алу шыңында крепитация естіледі. Қалған өкпе аймақтарында қатқыл тыныс. ЖСЖ минутына – 140 соққы. Болжам диагноз бен дәрігер тактикасы:
-
Жедел респираторлы вирусты инфекция; үй жағдайында емдеу -
Жедел респираторлы вирусты инфекция; аурухана жағдайында емдеу -
Оң жақты ошақты ауруханадан тыс пневмония, ТЖ 2 дәрежесі; госпитализация -
Оң жақты ошақты ауруханадан тыс пневмония, ТЖ 1 дәрежесі; үйде емдеу -
Оң жақты ауруханаішілік пневмония, ТЖ 1 дәрежесі; госпитализация
-
ҚР Ұлттық күнтізбесі бойынша пневмококкты инфекцияның арнамалы алдын алудың бастамасы мына айлығынан басталады