ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 373

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. 70-90

  2. 100-300

  3. 400-500

  4. 600-700

  5. 700-800




  1. Қабылдауға 18 айлық бала дене қызуының көтерілуі, конъюнктивит белгісімен келді. Ауруының алғашқы күні. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы ылғалды, таза. Араны мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының қызаруы байқалады. Мұрын арқылы тыныс алуы қиындаған. Аускультацияда өкпеде қатқыл тыныс, аздаған өтпелі сырылдар естіледі. ТЖ - минутына 35 рет, ЖСЖ минутына 140 соққы. Басқа мүшелер бойынша ерекшеліксіз. Ең ықтимал диагноз қандай?

  1. желшешек

  2. паротитті инфекция

  3. аденовирусты инфекция

  4. риновирусты инфекция

  5. респираторлы-синцитиальды инфекция




  1. Нәрестеге патронаж жасалды. Жасы – 10 күндік. Анасы баласының қызбасына, емшектен бас тартуына шағымданады. Қарау кезінде айқын интоксикацияға байланысты жағдайының орташа ауырлығы, делсалдығы, әлсіздігі, лоқсуы анықталады. Дене қызуы - 37,8º С., терңі жамылғысы таза, сұр түстес. Өкпеде аускультативті пуэрильді тыныс естіледі. ТЖ – минутына 44 рет. Жүрек тондары ырғақты, ЖСЖ – минутына 140 соққы. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Кіндік қалдығы эпителизацияланбаған, шеттері ісіңкі, қызарған, кіндігінен сары түстес бөлініс байқалады. Нәжісі күніне 2-3 рет, патологиялық қоспасыз. Несеп бөлінуі еркін. Осы жағдайды түсіндіріңіз және дәрігер тактикасын анықтаңыз:

  1. катаральды омфалит, амбулаторлы емдеу

  2. физиологиялық жағдай, үйде бақылау

  3. іріңді омфалит, ауруханада емдеу

  4. нәресте пузырчаткасы, шұғыл госпитализация

  5. ішек инфекциясы, шұғыл госпитализация




  1. Д есімді ер бала, 12 жаста. Жалпы тәжірибе дәрігерінің қабылдауына келді. Ауруханадан «Екіншілік пиелонефрит, екі бүйректің жинақтаушы жүйесінің толық емес еселенуі, қызметі сақталған» диагнозы бойынша емделіп шыққан. Бала қандай денсаулық тобында бақыланады?

  1. І

  2. ІІ

  3. ІІІ

  4. ІV

  5. V




  1. 11 жастағы ер балаға «Билиарлы жолдың дисфункциясы» диагнозы қойылған. Гипомоторлы типтің бұзылысындағы ауырсыну сипаты?

  1. белдемелі ауырсыну

  2. іштің жоғарғы жартысындағы кеш ауырсыну

  3. кіндік аймағындағы кернелген ауырсыну

  4. оң жақ қабырға астындағы тұрақты кернелген ауырсыну

  5. іштің оң жақ жартысындағы қысқа уақытты ұстама тәрізді ауырсыну




  1. 3айлық бала. Профилактикалық қарауда дәрігер диагноз қойды: Рахит, І дәрежесі, жедел ағымы, бастапқы кезеңі. Рахиттің Іші дәрежесін емдеу үшін аквадетримнің (Д3) тәуліктік мөлшері есептеңіз (ХБ)?


  1. 2000

  2. 3000

  3. 3500

  4. 4000

  5. 5000




  1. БЖАИЖ бағдарламасы бойынша анемиямен ауыратын бала медициналық қызметкерге неше күннен кейін қайта қаралуға келетіні жөнінде анасына кеңес беріңіз

  1. 1

  2. 2

  3. 5

  4. 10

  5. 14




  1. 3 айлық балаға емханада Қазақстан Республикасының профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес екінші вакцинациясы жасалды. Екпеден кейінгі екінші тәулікте санның алдыңғы-латеральды бетінде инъекция орнында диаметрі 1 см-лік инфильтрат, қызару, және жұмсақ тіндердің ісінуі анықталады. Дәрігердің қорытындысы мен кейінгі вакцинацияны жүргізу бойынша тактикасы:

  1. вакцинацияның асқынуы, екпелер күнтізбеге сай жүргізіледі

  2. вакцинаны енгізу техникасының бұзылуы, медициналық қарсылық 2 айға

  3. болуы мүмкін жергілікті реакция, екпелер күнтізбеге сай жүргізіледі

  4. вакцинацияның асқынуы, екпелерге медициналық қарсылық 1 жылға

  5. болуы мүмкін емес реакция, барлық екпеге медициналық қарсылық




  1. жасар балада БЦЖ ревакцинациясынан кейін 2 айдан соң сол иығының орнында 15 мм-лік жаралану (изъязвление) байқалады:

  1. келлоидты тыртық

  2. қалыпты реакция

  3. гиперергиялық реакция

  4. беткей жара

  5. салқын абцесс




  1. 5 жасар бала ауруханаға экспираторлы ентікпемен жеткізілді: қашықтан естілетін шулы тыныс, дем шығаруы қиындаған, интоксикациясы бар. Өкпесінде перкуторлы қорапты дыбыс, аускультативті екі жағынан құрғақ ысқырықты және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. ЖҚА- аздаған лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Кеуде қуысының рентгенографиясында өкпе суретінің күшейгені, өкпе түбірі ұлғайғаны көрінеді. Ықтимал диагноз және дәрігер тактикасы:

  1. жедел бронхит, үйде емдеу

  2. жедел пневмония, антибактериальды ем

  3. жедел обструктивті бронхит, сальбутамолмен ингаляция

  4. плеврит, фтизиатр кеңесі

  5. жедел бронхиолит, қабынуға қарсы ем




  1. Балалардағы рахиттің бастапқы кезеңі сипатталады

  1. сүйектердегі өзгерістермен

  2. сүйектердің сынғыштығымен

  3. вегетативті жүйке жүйесіндегі өзгерістермен

  4. жүрек-қан тамыр жүйесіндегі өзгерістермен

  5. ас-қорыту жүйесіндегі өзгерістермен




  1. Балалардағы аксиллярлы дене қызуы көтерілген кезде дене қызуын түсіретін дәрілер ДДСҰ «ЖРИ ем үлгісі» тағайындауына сәйкес мынадан жоғары болғанда тағайындалады


  1. 37,50С

  2. 380С

  3. 38,50С

  4. 39,50С

  5. 400С




  1. 3 жасар балада ЖРВИ фонында ауруының 4-ші күні жағдайы нашарлап кетті, дене қызуы 37,80С дейін қайта көтеріліп кетті, экспираторлы ентігу, оральды сырыл – созылыңқы тыныс шығару байқалды, аускультативті: екі жақтан да әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Қан анализінде: L– 5,8х109/л, э– 14%, т\я– 1%, с/я– 48%, л- 29%, м- 8%, ЭТЖ – 12 мм/с., рентгенограммада – өкпе түбірінің аймағында өкпе суретінің күшеюі. Қандай шұғыл ем препаратына мұқтаж?

  1. аугментин

  2. амброксол

  3. сальбутамол

  4. преднизолон

  5. оттегімен ем




  1. Д витаминін алдын алу дозасын тағайындау үшін қарсылық болуы мүмкін

  1. қосымша тамақ енгізу

  2. темір жетіспеушілік анемия

  3. дене салмағы төмен балалар

  4. микроцефалия және краниостеноз белгілері

  5. дене салмағы артық балалар




  1. 3-жасар балада аздаған катаральды белгілер фонында субфебрильді көрсеткішке дейінгі қызбаның болуы 4 күн бойы мазалайды. ЖТД ЖРВИ диагнозын қойып, симптоматикалық ем жүргізген. Баланың жағдайы жақсармаған (әлсіздік, мазасыздық, тәбет төмендеуі сақталған). Сол себепті жалпы қан және зәр анализдеріне жолдама берілген. ЖҚА: эритроцит – 3,5х1012/л, Нв- 100г/л, Реңдік көрсеткіш – 0,7, лейкоцит – 20х109/л, т/я – 4%, с/я – 65%, моноцит – 5%, лимфоцит – 25%, эозинофиль – 1%, ЭТЖ – 40мм/сағ. ЖЗА: салыстырмалы тығыздық – 1010, белок – 0,09 г/л, лейкоцит – жаппай, бактерия - көп. Алғашқы диагноз және ЖТД тактикасы:

  1. жедел цистит, амбулаторлы жағдайда емдеу

  2. жедел цистит, аурухана жағдайында емдеу

  3. жедел пиелонефрит, флораға зәрді себу, нәтижесі бойынша емдеу

  4. жедел пиелонефрит, аурухана жағдайында емдеу

  5. жедел пиелонефрит, санаторлы-курорттық ем




  1. Мектепте туберкулезге қарсы жоспарлы ревакцинация жүргізіледі. 6 жасар ер бала. Баланың анамнезінде күйіктен кейін диаметрі 25 мм болатын келлоидты тыртық қалыптасқан. БЦЖ ревакцинациясы бойынша дәрігер қорытындысы

  1. 6 айға дейін мед.қарсылық

  2. 1 жасқа дейін мед.қарсылық

  3. 2 жасқа дейін мед.қарсылық

  4. ревакцинация жасалмайды

  5. КР күнтізбе бойынша егу




  1. 2 айлық бала. Невролог қарауынан кейін – Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия диагнозы қойылған. Перзентханада ВГВ, БЦЖ екпелері алынған. Реакция болмаған. Кейінгі вакцинациясы бойынша сіздің тактикаңыз:


  1. Ұлттық күнтізбе бойынша екпелермен егіледі

  2. бір жасқа дейін медициналық қарсылық

  3. невролог емі аяқталғанға дейін медициналық қарсылық

  4. кейінгі вакцинациялар үшін тұрақты қарсылық

  5. невролог емінің фонында екпелері егіледі




  1. Өмірінің 1-ші жылында балаларға гимнастикалық кешендер ұсынылады:

  1. алғашқы күндерден

  2. өмірінің 10-шы күнінен

  3. өмірінің 20-шы күнінен

  4. 1 айлығынан

  5. 1,5 айлығынан




  1. 6 жасар ер бала. Мектепте туберкулезге қарсы жоспарлы ревакцинация жүргізілді. Папула диаметрі 7 мм болда. Манту сынамасының нәтижесін бағалаңыз:

  1. оң

  2. теріс

  3. күмәнді

  4. гиперергиялы

  5. жаралы-некротикалық




  1. Бала 5 жаста. Анамнезінде атопиялық дерматит. Қарау кезінде құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі, ұзарған ысқырықты дем шығару; аускультативті – дем алу кезінде ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар және дем шығарғанда құрғақ сырылдар естіледі. Ең ықтимал диагноз және дәрігер тактикасы:

  1. пневмония, ауруханада емдеу

  2. бронхиолит, ауруханада емдеу

  3. тыныс демікпесі, ауруханада емдеу

  4. обструктивті бронхит, үйде емдеу

  5. созылмалы бронхит, үйде емдеу




  1. Ер бала 8 айлық. Дене салмағы – 6900,0. Күні жетіп туылған, туғандағы салмағы 3000,0. 3 айға дейін емшек сүтімен, кейін «NAN» қоспасымен тамақтанған. 6 айынан бастап қосымша тамақ ретінде ботқа берілген, бала мазасыз, боз, салмақ қосуды тоқтатқан, нәжісі күніне 2-3 рет, кейде 5 ретке дейін. Ең бірінші қай патологияны жоққа шығару керек?

  1. целиакия

  2. муковисцидоз

  3. ішектік инфекция

  4. лактазды жетіспеушілік

  5. экссудативті энтеропатия




  1. Бала 7 айлық, 6 айлығында жеміс шырының қосқаннан кейін іш өту, құсу пайда болған. Тексеру барысында II дәрежелі салмақ жетіспеушілік анықталған. Ең ықтимал диагноз қандай?

  1. целиакия

  2. муковисцидоз

  3. сахароза жетіспеушілігі

  4. экссудативті энтеропатия

  5. лактаза жетіспеушілігі




  1. Дене қызуының 38,7°С-қа көтерілуі, тәбет төмендеуі, мұрын-жұтқыншақта айқын катаральды белгілері, мұрын бітелуі, жөтел көріністерімен жедел ауырып қалған балаға диагноз қойып, вакцинациясы бойынша дәрігер тактикасын анықтаңыз:

  1. гипертермия, медициналық қарсылық 3-6 күн

  2. катаральды баспа, медициналық қарсылық 1-2 апта
    1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22


  • ЖРА, жеңіл дәрежесі, медициналық қарсылық 7-10 күн

  • ЖРА, орташа дәрежесі, медициналық қарсылық 2-4 апта

  • ЖРА, ауыр дәрежесі, медициналық қарсылық 1 ай




    1. Бала 2 жаста, ЖРВИ бойынша ем алуда, бірақ 3 күн бойы дене қызуы көтерілуі тұрақты. Жағдайы ауыр, терісі бозғылт, әлсіз, тәбеті төмендеген, тыныштық жағдайындағы мұрын-ерін үшбұрышы цианозы, мұрын қанаттарының желбіреуі, ылғалды сирек жөтел; өкпеде оң жақ жауырын асты аймағында перкуторлы дыбыстың қысқаруы, сол аймақта әлсіз дыбыс фонында ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Алғашқы диагноз және емдік тактиканы анықтаңыз:

    1. Жедел бронхит, антибактериальды ем

    2. Жедел бронхиолит, антибактериальды ем

    3. Ауруханадан тыс пневмония, антибактериальды ем

    4. Жедел респираторлы вирусты инфекция, вирусқа қарсы ем

    5. Жедел трахеобронхит, вирусқа қарсы ем




    1. 1,5 жастағы балаға жалпы тәжірибелік дәрігер шақырылды. Ауырғанына екінші күн; ауру мұрын-жұтқыншақтағы катаральды белгілермен, дене қызуының 38,5ºС көтерілуімен жедел басталған. Қарағанда әлсіз байқалатын интоксикация, «үрлемелі» жөтел, қарлыққан дауыс, тынысы шулы, инспираторлы ентікпе, мойындырық ойығының тартылуы. Ең ықтимал диагноз

    1. жедел эпиглоттит

    2. жұтқыншақ артылық абсцесс

    3. жедел стенозды ларингит

    4. жедел бронхиолит ТЖ 2 дәр.

    5. бөгде затпен аспирация ТЖ 2 дәр.




    1. 1,5 жастағы балаға жалпы тәжірибелік дәрігер шақырылды. Ауырғанына екінші күн; ауру мұрын-жұтқыншақтағы катаральды белгілермен, дене қызуының 38,5ºС көтерілуімен жедел басталған. Қарағанда әлсіз байқалатын интоксикация, «үрлемелі» жөтел, қарлыққан дауыс, тынысы шулы, инспираторлы ентікпе, мойындырық ойығының тартылуы. Инфекцияның ең ықтимал қоздырғышы

    1. тұмау

    2. аденовирус

    3. риновирус

    4. парагрипп

    5. респираторлы-синцитиальды вирус




    1. Желшешекте медициналық бақылаудың ұзақтығы соңғы науқасты анықталғаннан бастап мына уақытты құрайды (күнмен):

    1. он төрт

    2. он бір

    3. он жеті

    4. жиырма бір

    5. отыз бір




    1. Балалардың денсаулық жағдайы мен дамуын бағалау неше негізгі шектерге негізделген?

    1. 3

    2. 4

    3. 5

    4. 6

    5. 7