ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 370
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Қыз бала 7 жаста. Мектепте оқиды. Соңғы 6 айда бас ауыруына, әлсіздікке, тамақ жеумен байланыссыз эпигастрий аймағындағы ішінің ауырсынуына шағымдана бастады. Қандай диагностикалық шараны бірінші ретте жүргізу қажет?
-
асқазанның РН-метриясы -
1 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 ... 22
асқазанның рентгенографиясы
асқазанның рентгеноскопиясы
фиброгастродуоденоскопия
дуоденальды зондттау
-
1 жасқа дейінгі балаларда бұлшық етке жасалатын вакциналарды енгізу орнын көрсетіңіз:
-
санның қаптал бетіне -
иықтың төменгі үштен біріне -
санның алдыңғы-латеральды бетіне -
иықтың дельтатәрізді бұлшық етіне -
санның артқы-латеральды бетіне
-
Аурудың жедел басталды. Қысқа уақытқа субфебрильді температура. Құрғақ «үрлемелі» жөтел, дауыс қарлығуы, мазасызданғанда ентігуі пайда болды. Қандай емді қолдану негізделген болып саналады?
-
шөптік -
вирусқа қарсы -
бактерияға қарсы -
гормональдық -
паразитке қарсы
-
Жүктіліктің ІI жартысының гестозымен жүрген 5-ші жүктіліктен, II босанудан туылған бала. Алдыңғы жүктіліктері - медициналық түсіктер. Босану кезінде кіндік бауы баланың мойынына оралған. Салмағы 3000,0, бойы 50 см. Қауіптіліктің бағытын анықтаңыз
-
рахит -
анемия -
дистрофия -
ОЖЖ патологиясы -
іріңді -септикалық аурулар дамуы
-
Қыз бала, l4 жаста. ГЭРА бойынша бақыланады. ФГДС-те: өңештің төменгі бөлігінде гиперемия, эрозия анықталған. Емінде ең бірінші тағайындалатын препарат
-
антацид -
прокинетик -
Н2-блокатор -
висмут препараты -
протон помпасының ингибиторы
-
жастағы ер бала 3 жыл бойына ревматикалық қызбамен бақылауда тұрады.Соңғы 3 айда эпигастрий аймағында тамақтанған кезде және тамақтан соң ауырсыну және ауырлау сезімі пайда болды, қайталанып жүрек айну, қыжылдау мазалайды.ФГДС-те: асқазанның антральды бөлімінің кілегей қабығының гипертрофиялық түрімен зақымдануы, гастроэзофагальды рефлюкс. Ең алдымен қолданылатын қосымша зерттеу тәсілін көрсетіңіз
-
жалпы қан анализі -
асқазанды зондтау -
дуоденальды зондтау -
іш қуысының УДЗ-і -
Helicobacter pylori-ге тексеру
-
Хеликобактерлі этиологиялы созылмалы гастродуодениті бар балада эрадикация фонында күніне 4 рет диарея түрінде іш бұзылысы мазалаған. Копрограммада лейкоциттер 2-3-ке дейін к/а, кілегей - ++. Осы ішек дисфункциясының емінде ең бірінші тағайындалатын препарат
-
адсорбент -
антибиотик -
биопрепарат -
ішектік антисептик -
полиферментті препарат
-
6 айлық бала, профилактикалық қарау келді. Бала І-ші жүктіліктен, І-ші босанудан. Мүшелер бойынша ерекшеліксіз. Қан және зәр анализі қалыпты. «Гипоксиялық-ишемиялық генезді энцефалопатия» диагнозы бойынша неврологтан ем алған. Баланы қай денсаулық тобына жатқызасыз?
-
бірінші -
екінші -
үшінші -
төртінші -
бесінші
-
12-жасар бала. Эпигастрий аймағындағы,әсіресе тамақтан соң ауырсынуға шағымданады. Тері жамылғысы қалыпты. Тыныс және жүрек-тамыр жүйесі бойынша ерекшеліксіз. Іші жұмсақ, эпигастрий, кіндік аймағында ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы ұлғаймаған. ФГДС: асқазан мен он екі елі ішек кілегей қабатында гиперемия анықталады. Хеликобактер пилориға биопсиялық тест ++. Бұрын тексерілмеген және емделмеген. Бұл пациентке ем нұсқасын таңдаңыз:
-
үш компоненттік ем -
төрт компоненттік ем -
протон помпасы ингибиторымен монотерапия -
Н2 гистамин блокатарларымен монотерапия -
екі антибактериальды препаратты қосу
-
10-күндік жаңа туған нәрестеде мойнында, шап және қолтық асты қыртыстарында сулану белгілері байқалады. Нәрестенің жалпы жағдайы бұзылмаған, дене қызуы қалыпты. Болуы мүмкін белгі
-
пысынау -
дерматит -
есекжем -
баздану -
везикулопустулез
-
Бала 2 жаста. Анасының айтуы бойынша балада дене қызуының көтерілуі, тыныс жиілеуі, жөтел бар. Қарау кезінде дене қызуы – 36,7 ˚С. ТЖ – минутына 50 рет. БЖАИЖ бағдарламасы бойынша осы баладағы кеуде клеткасының кірігуінсіз ентігу жағдайы қалай бағаланады және дәрігер тактикасы қандай?
-
пневмония жоқ, бақылау -
пневмония, үйде емдеу -
пневмония, ауруханаға жатқызу -
ЖРИ, антибиотик тағайындау -
астмоидты тыныс, емдеу
-
Бала 3 жаста. Дене қызуының 39ºС дейін көтерілуі, жайсыздық, тәбеті төмендеуі, қабағының түсуі, дәретінің жиілеуі байқалады. ЖҚА – лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ 30 мм/сағ, в ЖЗА лейкоцит 20-25 к/а, эритроцит 2-4 к/а, шырыш ++, бактерия +++. Бірінші кезекте қандай зерттеу жасау қажет?
-
цистография -
цистоскопия -
шұғыл урография -
қанның биохимиялық анализі -
зәрді бактериялық себіндіге алу
-
Қыз бала 12 жаста, жауырын астына және бел аймағына таралатын оң жақ қабырға астының өткір ауырсынуына, жүрек айнуға және жеген тамағын құсуға шағымданады. Ауырсыну таңертең нан мен май, жұмыртқа жегеннен кейін 15 минутта пайда болған. Осыған ұқсас ұстама 3 ай бұрын болған. Нәжісі ауық-ауық түссізденген. Қандай диагноз туралы ойлауға болады?
-
гепатит -
панкреатит -
өт-тас ауруы -
жедел холецистит -
елі ішектің жара ауруы
-
1 жасар қыз бала қабылдауда. Жалпы тәжірибе дәрігері анасының шағымы мен объективті мәліметтерге қарап «Жедел пиелонефрит» диагнозына күдіктеніп тұр. 1 жасар балаларда жедел пиелонефритке тән клинико-лабораторлық көрсеткіштер:
-
фебрильді температура + пиурия -
диарея + гематурия -
дизуриялық бұзылыстар + гематурия -
артериальды гипертензия + протеинурия -
субфебрильді темапература + лейкоцитурия
-
Балалардағы жедел панкреатиттің негізгі себебін көрсетіңіз
-
билиарлы жолдың дисфункиясы -
ішектің әртүрлі патологиялары -
он екі елі ішек аурулары -
майлы тағамдарды мол тұтыну -
эндокриндік жүйе аурулары
-
5 күндік балаға дәрігерлік біріншілік патронаж. Әңгімелесу барысында анасы физиологиялық және патологиялық сарғаю туралы сұрады. Анасына шұғыл ауруханаға салынатын туғаннан бастап 2 айға дейінгі баладағы ауыр сарғаюдың белгілерін түсіндіріңіз.
-
алғашқы тәулікте сарғаюдың болуы, сарғаюдың алақаны мен табанына тарауы -
өмірінің 3-4-ші күні сарғаюдың болуы, сарғаюдың денесіне тарауы -
өмірінің 3-4-ші күні сарғаюдың болуы, сарғаюдың көзі мен бетіне тарауы -
өмірінің 3-4-ші күні сарғаюдың болуы, сарғаюдың іші мен кеудесіне тарауы -
өмірінің 3-4-ші күні сарғаюдың болуы, сарғаюдың денесі мен көзіне тарауы
-
Мектепте туберкулезге қарсы жоспарлы вакцинация қарастырылып жатыр. Қыз бала 6 жас 4 айда. Осы қыз балаға ревакцинация жасауға қатысты тактиканы таңдаңыз:
-
Манту сынамасының күмәнді нәтижесінде 2 апта ішінде -
Манту сынамасының теріс нәтижесінде 2 апта ішінде -
Манту сынамасынсыз ҚР Ұлттық күнтізбесі бойынша -
Манту сынамасының оң нәтижесінде 2 апта ішінде -
Манту сынамасының теріс нәтижесінде 3 аптадан соң
-
Бала І жүктіліктен, анасы жедел босанған; дене салмағы 3000 г, ұзындығы 50 см. Үшінші күні тері түсінің аздаған сарғаюы пайда болды. Анасында А(ІІ) қан тобы, резус-оң, баласында В(ІІІ). Баланың жағдайы қанағаттанарлық, белсенді емеді, рефлекстері қалыпты. ЖҚА-де Э-4,5*1012/л, БҚА: билирубин-98 ммоль/л, тіке емес билирубин 78 ммоль/л. «Неонатальды сарғаю» диагнозы қойылған. Емдеу тактикасын анықтаңыз
-
фитотерапия -
фототерапия -
холосас -
фенобарбитал -
магний сульфаты
-
Аурудың жедел басталуы. Қысқа уақытқа субфебрильді гипертермия. Ауруының 3-ші күні үрмелі жөтел, дауыс қарлығуы, мазасыздық кезінде ентігу пайда болды. Ең ықтимал диагноз қандай?
-
бронхит -
трахеит -
ларингит -
фарингит -
пневмония
-
7 жасар бала. Қарау кезінде шағым айтпайды. Медициналық қарау кезінде жалпы зәр анализінде лейкоциттердің көру аймағында 7-8-ден асуы байқалды. Осы балаға қатысты дұрыс тактиканы таңдаңыз:
-
фурагин препаратын тағайындау -
бүйрек УДЗ-і және уролог кеңесі -
экскреторлы урография жүргізу -
зәр анализін қайта тапсыру және бак.себінді -
шұғыл түрде б/е цефтриаксон тағайындау
-
30 жастағы науқас, ішінің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне және жыныс жолдарынан жағынды бөліністер пайда болуына шағымдарымен ауруханаға түсті. Анамнезінде екі өздігінен түсік болған. Қынаптық тексеру: жатыр мойнының ұзындығы өзгермеген, цианозды, «қарашық» симптомы теріс, сыртқы өзектен саусақ ұшы өтеді; жатыр - жұмсақ консистенция, жүктіліктің 8 аптасына дейін өсті; қосалқылар анықталмаған; қоймалары терең. Соңғы етеккір 2 ай бұрын. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?
-
Толық емес түсік -
Жолдағы түсік -
Түсік тастау қаупі -
Аналық бездердің дисфункциясы -
Жатырдан тыс жүктілік.
-
35 жастағы жүкті әйелде артериялық гипертензия, III сатысы, АҚ=180/110 мм с.б.б. Гинекологиялық тексеруде 10 апталық жүктілік анықталды. Дәрігердің одан әрі тактикасын таңдаңыз:
-
кардиологиялық стационарда емдеу және жүктілікті жалғастыру -
2-ші триместрде жүктілікті медикаментозды әдіспен үзу -
күндізгі стационарда емдеу және жүктілікті жалғастыру -
1-ші триместрде жүктілікті жасанды үзу -
жүктілікті терапевттің бақылауымен жалғастыру
-
22 жастағы науқас әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге етеккірдің 1,5 ай бойы кешігуіне, жүрек айнуына, шаршағыштыққа, ұйқышылдыққа, ашушаңдыққа шағымданып келді. Бет пен емізікке қараған кезде пигментация көрінеді. Ішкі ағзалар жағынан патология анықталмады. Айнаға қараған кезде қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабатының цианозы анықталады; бимануальды тексеруде – жатырдың 6 аптаға дейін ұлғаюы, оның гиперантефлексиясы және асимметриясы. Бимануальды зерттеудің аталған шағымдары мен деректері немен байланысты болуы мүмкін?
-
Гормон түзетін аналық без ісігі -
Жатырдан тыс жүктілік -
Жатыр ісігі -
Етеккірдің ретсіз келуі -
Жатырдағы жүктілік.