ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 374
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
10 жасар қыз бала, түссіз қақырықты жөтелге шағымданады. Түссіз қақырық қандай ауруға тән болады?
-
пневмония -
бронхиолит -
тыныс демікпесі -
бронхоэктаздар -
жедел бронхит
-
Бір мезгілде алақанды басқанда нәресте аузын ашады, басын сәл бүгеді, кейде тілін шығарады және көзін жұмады. Автор бойынша физиологиялық рефлекстің нұсқасын анықтаңыз:
-
Бабкин -
Моро -
Бауэра -
Робинзон -
Бабинский
-
Балалардағы атопиялық дерматиттің жеңіл көрінісінің белгісі:
-
бетінде есекжем -
терідегі қабықшақтар -
терідегі жарықтар -
басында себореялық қабыршақтар -
кішігірім папулезді бөртпе
-
Нәрестені туғаннан кейін анасынының кеудесіне салған кезде байқалатын диагностикалық маңызды физиологиялық рефлексті көрсетіңіз
-
Перес -
Бауэр -
Галанта -
іздеу -
Робинзон
-
2 апталық бала. Гестозбен өткен ІІ жүктіліктен 3000 г салмақпен туылған. Ана сүтімен қоректенеді, туылған кезінен бастап мазасыздық, лоқсу, ірімшіктенген сүтпен құсу байқалды. Қарағанда дене салмағы 3400 г, нәжісі күніне 1-2 рет, сарғыш түсті. Алғашқы диагноз?
-
пилоростеноз -
пилороспазм -
шамадан тыс тамақтану -
өңеш атрезиясы -
мекониялды илеус
-
Қыз бала 13 жаста, мазасыздық, әлсіздік шағымдарымен келді. Оң жақ қабырға асты аймағындағы тұйық, сыздап, басып ауыратын тұрақты ауырсыну мазалайды, майлы және қуырылған тамақтар жегеннен кейін мезгілді күшейіп отырады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Өкпесінде везикулярлы тыныс. ТАЖ- 20 рет/мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ- 76 рет/мин. АҚҚ-100/60 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, өт қабы аймағында ауырсыну, бауыр мен талақ ұлғаймаған. Алғашқы диагноз?
-
жедел панкреатит -
жедел аппендицит -
созылмалы гепатит -
асқазан жара ауруы -
билиарлы жолдың дисфункциясы
-
7 күндік нәрестенің патронажы: ішінің төменгі жағында, аяқ-қолдарында көпіршіктер, қыртыстарында әртүрлі даму сатысында (көлемі 0,5-тен 1,5 см-ге дейінгі диаметрі, ішінде серозды-іріңді құрамы бар, эритематозды дақтар фонында көпіршіктер негізі аздап инфильтрацияланған). Никольский симптомы теріс. Көпіршіктер жарылғанда эрозия қалады. Бұрынғы көпіршіктер орнында қабыршақтар қалмайды. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған. Дене температурасы субфебрильді. Ықтимал диагноз
-
Лайел синдромы -
туа пайда болған сифилис -
Риттердің эксфолиативті дерматиті -
пемфигус (нәресте пузырчаткасы) -
туа пайда болған буллезды эпидермолиз
-
Нәрестелердің зәр шығару жолдарының инфекциясындағы жиі кездесетін флора
-
кандида -
хламидия -
грам теріс -
бифидумбактерия -
грам оң
-
Ересек жастағы балаларда пиелонефрит кезінде инфицирленудің негізгі жолы
-
өрлемелі -
гематогенді -
лимфогенді -
контактты-тұрмыстық -
ауа-тамшылы
-
2,5 жастаға балада ЖРВИ фонында қосымша бұлшық еттердің қатысуымен экспираторлы ентігу пайда болды, аускультацияда – қатқыл тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар, мұрын-ерін үшбұрышында аздаған цианоз. Осы ауруда жалпы қан анализінде болуы мүмкін өзгерістерді таңдаңыз:
-
абсолютті моноцитоз -
салыстырмалы эозинофилия -
салыстырмалы лимфоцитоз -
нейтрофильді лейкоцитоз -
абсолютті лейкоцитоз
-
13 жасар қыз бала. Делсалдыққа, әлсіздікке, оң қабырға астының тұрақты тұйық, сыздап ауырсынуына, оның майлы, қуырылған тағамдардан кейінгі күшеюіне шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Бауыры қабырға доғасынан +1,5 см, жұмсақ, эластикалы. Басқа мүшелер бойынша ерекшеліксіз. Нәжісі мен несеп бөлінуі еркін. ЖҚА: эр — 4,6х1012/л, Нв — 130 г/л, РК — 0,93, лейк. — 7,0х109 /л, ЭТЖ — 7 мм/час. ЖЗА: түсі – ақшыл-сары, мөлдір, меншікті салмағы – 1020, белок – жоқ, лейк. — 1–2 көру аймағында. Копрограмма: түсі - қоңыр, қалыптасқан, рН — 7,3, бұлшықеттік талшықтар — бірлі-жарым, лейкоцит –1–2 в к/а. УДЗ: бауыры — шеттері тегіс, паренхима гомогенді, эхогенділігі күшейген, тамырлары кеңеймеген. Өт қабы - 85x37 мм, қабырғасы қалыңдамаған. Холедох -3,5 мм-ге дейін. Сынамалы таңғы астан кейінгі өт қабының кішіреюі - 10%. Сіздің диагноз және емдеу тактикаңыз:
-
билиарлы жолдың дискинезиясы, гипотониялық тип; сорбитпен тюбаж -
билиарлы жолдың дискинезиясы, гипотониялық тип; іш массажы -
билиарлы жолдың дискинезиясы, гипертониялық тип; сорбитпен тюбаж -
билиарлы жолдың дискинезиясы, гипертониялық тип; спазмолитик тағайындау -
созылмалы холецистит, өршу кезеңі,жылы процедуралар және ферменттер
-
Өт айдаушы (сынамалы) таңғы астан кейінгі өт қабының 2 есе азаюы нені көрсетеді
-
гипотониялық функцияны -
гипертониялық функцияны -
физиологиялық фунцияны -
қабынған өт қабын -
өт қабының «жұмыс жасамауын»
-
Анасы 4 айлық қыз баласының дене қызуы 38,7С0 көтерілуіне, мазасыздыққа, құрғақ жөтелге, тынысының жиілеуіне, лоқсуына шағым айтады. Қарағанда: ТЖ – минутына 72 рет, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, жиі емес аз өнімді жөтел; емшекті әлсіз емеді, шаршап қалады; аускультацияда өкпеде – оң жауырын асты аймақта ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЖСЖ – минутына 156 соққы. Бауыр мен талағы ұлғаймаған. Бірінші рет ауырып тұр. ЖТД-нің ұтымды тактикасы:
-
ауруханаға жатқызуға жолдау -
клиникалық анализге жолдау -
парацетамол және жиі сұйықтық беру -
амоксициллин тағайындау, үйде бақылау -
кеуде қуысы мүшелерінің R-графиясына жолдау
-
Муковисцидозға тән симптомдар триадасы:
-
респираторлық, ішектік, дене дамуының қалыс қалуы -
кардиалдық, буындық, респираторлық -
ангионевротикалық, респираторлық, буындық -
интоксикациялық, респираторлық, кардиалдық -
лимфопролиферативті, гепатолиенальды, буындық
-
ЖРВИ-мен 6 күн бойы ауырып жүрген 1 жас 10 айлық балада ылғалды сырыл күшейіп, дене қызуы 37,5-37,60С-қа дейін көтерілген, өкпеде қатқыл тыныс, ұсақ-орташа көпіршікті сырылдар естіледі, айқын перкуторлы дыбыс анықталады. Ең ықтимал диагноз және дәрігер тактикасы:
-
обструктивті бронхит, амбулаторлы ем -
стенозды ларинготрахеит, госпитализация -
жедел жәй бронхит, амбулаторлы ем -
ауруханадан тыс пневмония, госпитализация -
жедел фаринготрахеит, амбулаторлы ем
-
Перкуторлы өкпелік дыбыстың аймақтық қысқаруы қай ауруға тән:
-
бронхиолит -
жедел бронхит -
пневмония -
бронхиальды астма -
рецидивті бронхит
-
Экссудативті-катаральды диатезге тән бөртпе
-
уртикарлы -
розеола тәрізді -
эритематозды-папулезды -
везикулалы бөртпе -
геморрагиялық бөртпе
-
7 күндік балаға біріншілік дәрігерлік патронаж. Анамнезінде: бірінші жүктіліктен, 18 жастағы, шылым шегетін анадан, жүктілігі І және ІІ жартысының токсикозымен жүрген. Стимуляциямен босандырылған, сусыз кезең 8 сағат, кіндік бауы мойнына бір рет оратылған. Анасы жұмыс жасамаған, тұрмыста жоқ, ата-анасымен тұрады, тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық. Тұқымқуалаушылығы ауыртпалықсыз. Бала ана сүтімен тамақтанады. Осы баланы қай денсаулық тобына жатқызасыз?
-
І -
ІІ -
ІІІ -
ІV -
V
-
Қыз бала 10 жаста, түссіз, қақырықты жөтелге шағымданады. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысына түссіз қақырық тән
-
пневмония -
бронхиолит -
бронхоэктаз -
тыныс демікпесі -
жедел бронхит
-
Нәрестелердің дұрыс күтімі кезінде, тұрақты терінің қабынулы өзгерістерінің пайда болуы ненің белгісі:
-
ихтиоз -
сепсис -
атопиялық дерматит -
эритродермия -
гиповитаминоз
-
Ер бала, 14 жаста. Артық тамақтанғаннан кейін шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі байқалады. Обьективті: склераның сарғаюы, тері жамылғыларының аздап сарғаюы, вегетативті лабильділік байқалды. Бауыры +2см-ге ұлғайған, биохимиялық анализінде: тікелей емес билирубин 68 мкмоль/л, трансаминаза деңгейі қалыпты. Дәрігер қандай синдром туралы ойлауы қажет?
-
Жильбер -
Ротор -
Дрискол -
Криглер-Найяр -
Дабин Джонсон
-
Жүректің қандай ақауында айқын жалпы цианоз байқалады
-
үшжармалы қақпақтың атрезиясы -
аорта коарктациясы -
ашық артериальды өзек -
жүрекшеаралық перденің ақауы -
қарыншааралық перденің ақауы
-
10-айлық бала. Анасы тамақтандыру кезінде баланың шамадан тыс тершеңдігін, емізудің қиындығын байқайды. Бір күні анасы тамақтандыру кезінде баланың аяғының қысқа уақытты «көгергендігін» байқайды. Балада дене дамуы қалыс екені анықталды. Тері жамылғылары бозғылт түсті, аускультацияда төстің сол жағында, 2-ші қабырғааралықта punctum maximum-де систола-диастолалық «машиналық» шу естіледі; шу сол жақ бұғана астына және жауырынаралыққа тарайды. Өкпе артериясының тұсында 2-ші тонның кенет күшеюі анықталады. Айтылған белгілер қай жүрек ақауына тән
-
магистральды тамырлар транспозициясы -
жүрекшеаралық перденің ақауы -
қарыншааралық перденің ақауы -
ашық артериальды өзек -
Фалло тетрадасы
-
5 жасар баланың анасы дене дамуының қалыс қалуына шағымданады. Объективті: жүйке іс-әрекетінің дамуы жасына сәйкес, тері жамылғысы қалыпты түсті, иық аймағының дамығандығы, аяқтарының әлсіздігі, бұлшық еттік гипотония байқалады. Жүрек шекарасы 2 см-ге ығысқан. Жүрек қағысы мен 1-ші тон күшейген, оң жақта 2-ші қабырғааралықта систолалық шу естіледі. АҚ қолдарында 120/70 мм сын.бағ., аяқтарында анықталмайды. Бауыры қабырға доғасынан +1 см. Сіздің болжам диагнозыңыз:
-
Фалло тетрадасы -
Фалло триадасы -
аорта коарктациясы -
ашық артериялды өзек -
Эбштейн аномалиясы
-
5 жасар баланың анасы дене дамуының қалыс қалуына шағымданады. Объективті: жүйке іс-әрекетінің дамуы жасына сәйкес, тері жамылғысы қалыпты түсті, иық аймағының дамығандығы, аяқтарының әлсіздігі, бұлшық еттік гипотония байқалады. Жүрек шекарасы 2 см-ге кеңейген. Жүрек қағысы мен 1-ші тон күшейген, оң жақта 2-ші қабырғааралықта систолалық шу естіледі. АҚ қолдарында 120/70 мм сын.бағ., аяқтарында анықталмайды. Бауыры қабырға доғасынан +1 см.Сіздің болжам диагнозыңызды растайтын клиникалық белгіні таңдаңыз:
-
жүрек шекарасының кеңеюі -
бұлшық еттік гипотонияның болуы -
күшейген жүрек қағысы -
аяқтары мен қолдарындағы қысымның қатынасы -
оң жақта 2-ші қабырғааралықтағы систолалық шу
-
Ер бала 3 айлық. Туғаннан баланың салмақ қосуы нашар, емгенде шаршайды, жиі салқын тиюмен ауырады. Обьективті: мұрын-ерін үшбұрышында аздап цианоз. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, шу жоқ. Рентгенограммада шар тәрізді жүрек анықталды. Болжам диагноз
-
ревматикалық кардит -
туа біткен жүрек ақауы -
эндокард фиброэластозы -
функциональды кардиопатия -
гипертрофиялық кардиопатия
-
Қыз бала 4 күндік, алғашқы дәрігерлік патронаж. Анамнезінен: алғашқы жартысы гестозбен өткен 1-жүктіліктен туылған, мерзімінде босану. Туған кездегі салмағы 3100 г, 51 см. Апгар шкаласы бойынша 9 ұпай. Бірден айқайлаған, ана кеудесіне туғаннан кейін 1 сағат ішінде жатқызылған, жақсы емген. 3-ші тәулікте терінің сарғаюы, 5-ші тәулікте тіке емес билирубин 195мкмоль\л. Диагноз және дәрігер тактикасы:
-
Криглер-Наджар синдромы, госпитализация -
ана сүтінен сарғаю, бақылау -
нәрестелердің физиологиялық сарғаюы, бақылау -
құрсақішілік инфекция, госпитализация -
Дубин-Джонсон және Ротор синдромы, госпитализация
-
Қыз бала 5 жаста, жиі, ауырсынулы кіші дәрет бөлінуіне шағымданады, салқын тиюмен байланыстырады, 2 күннен бері мазалайды. Дизуриялық құбылыстарға байланысты жағдайы орташа ауырлықта. Перифериялық ісінулер жоқ, әлсіз интоксикация. Зәр зерттеуінде лейкоцитурия анықталған. Алғашқы диагноз және дәрігер тактикасы:
-
жедел пиелонефрит, антибактериальды ем -
жедел гломерулонефрит, антибактериальды ем -
жедел цистит, антибактериальды ем -
тубулопатия, қабынуға қарсы ем -
созылмалы пиелонефрит, қабынуға қарсы ем