ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 366

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 4

  5. 5




  1. 22 жастағы әйел жыныс жолдарынан шіріген балықтың иісі бар бөлінділердің бөлінуіне шағымданып келді. Қынаптың тазалық дәрежесін анықтау жағындысында лейкоциттер көп мөлшерде, кілтті жасушалар анықталды. Аммиак тесті оң мәнді. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

  1. Атрофиялық вагинит

  2. Аллергиялық вагинит

  3. Бактериальды вагиноз

  4. Бейарнамалы вагинит

  5. Кандидозды вагинит




  1. 5-ші мерзімінде босанудан кейінгі босанушы әйелдің 6-шы тәулігі. Нәресте салмағы – 3600гр. Диагноз: Жатырдың субинволяциясы. Бұл босанушы әйелдегі жатырдың субинволюциясының себебін анықтаңыз:

  1. ірі ұрық

  2. көп ұрықтық

  3. кесар тілігі

  4. су аздық

  5. көп босану




  1. 62 жастағы науқаста 14 жыл менопаузадан кейін жыныс жолдарынан 1 апта бойы жалғасатын аз, қанды бөлініс пайда болды. Бимануальды тексеруде жыныс жолдарынан қан бөлінуі көбейген, жатыр көлемі қалыптыдан біршама үлкен, ауырсынусыз, екі жақтағы қосалқылар ұлғаймаған, олардың аймағы ауырсынусыз. Жатыр мойны айнадан қараған кезде таза. Бұл жағдайда қандай патология сөз болады?

  1. жатыр мойнын полипі

  2. эндометрий гиперплазиясы.

  3. Аденомиоз.

  4. Жатыр денесінің қатерлі ісігі.

  5. Жатыр лейомиомасы.




  1. 60 жастағы әйел жиі зәр шығаруға, іштің төменгі бөлігіндегі, бел аймағындағы тартылатын ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: 2 рет босану (салмағы 4500 және 4800 г балалар), ауыр дене еңбегі. Физикалық жүктеме кезінде жыныс мүшелерінің аралығынан ісік тәрізді түзіліс шығады, ол оңай азаяды. Саусақтарды қынаптың қабырғалары арқылы өткізу мүмкін емес (вульвар сақинасының жанында). ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

  1. Жатырдың толық пролапсы.

  2. Хартнер трактінің кистасы.

  3. Лейомиоматозды түйін туады.

  4. Жатырдың толық емес пролапсы, цистоцеле.

  5. Бартолин безінің кистасы.




  1. 20 жасар алғашқы жүктілікті әйел адам жалпы тәжірибе дәрігеріне жүрек айнуы, 10-15 ретке дейінгі құсыққа шағымданады. Жалпы тәжірибе дәрігерінің тактикасын таңдаңыз:

  1. гастроэнтеролог кеңесі

  2. стационарлық емге жолдау

  3. кетон денелерге зәр тапсыру

  4. күндізгі стационарға жолдау

  5. глюкозаға қан тапсыру




  1. Соматиялық дені сау, 3 баласы бар 40 жастағы әйелге қолайлы контрацепция түрін атаңыз:

  1. хирургиялық стерилизация

  2. гормональды контрацепция

  3. презервативтер

  4. жатырішілік спираль

  5. постинор





  1. Жатыр түтіктерінің бітелу себептерін нақтылау үшін ең сенімді зерттеу:

  1. ультрадыбысты зерттеу

  2. кольпоскопия

  3. кульдоцентез

  4. гистеросальпингография

  5. гистероскопия




  1. Жүктілікті жасанды үзуден кейін 3 күннен соң аздаған қанды бөліністерімен әйел стационардан шығарылды. Үйде бөліністері көбейіп, іштің төменгі жағында ауырсыну пайда болған.Осы шағымдармен пациент жалпы тәжірибе дәрігеріне қелді. Дәрігердің тиімді тактикасын таңдыңыз:

  1. іштің төменгі бөлігіне салқын басу

  2. жатыр жиырылтатын дәрі тағайындау

  3. антибактериальды ем жүргізу

  4. гинекология бөліміне жатқызу

  5. қосарланған оральды контрацептивтер беру




  1. ЖТД қабылдауына 27 жастағы көпжүктілі әйел келді. Анамнезінде 2 асқынусыз жедел босану. Бұл жүктілік үшінші. 24-25 апта аралығында жалпы зәр анализінде лейкоциттер 9-10, эпителий 1-3, белок теріс, бактериялар +++ анықталды. Ең ықтимал диагноз:

  1. несепте тас бар ауру

  2. жедел пиелонефрит

  3. жедел гломерулонефрит

  4. созылмалы пиелонефриттің өршуі

  5. созылмалы гломерулонефриттің өршуі




  1. ЖТД, 24 жаста, көп жүкті әйел, әлсіздікке, тәулігіне 15-20 рет құсуға, 1-2 аптада 5 кг-ға дейін арықтауға шағымданады. Анамнезінде асқынусыз бір жедел босану. Қарап тексергенде жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары сарғыш. Пульс 86-90 соққы. 1 минутта. Зәр анализі: ацетон (+). Ең ықтимал диагноз:

  1. жеңіл ауырлықтағы құсу

  2. орташа ауырлықтағы құсу

  3. қатты ауырлықтағы құсу

  4. созылмалы гастрит

  5. созылмалы гепатит




  1. ЖТД-ға 25 жастағы алғашқы босанушы келді. Ұрықтың 12 апта 3 күндік ультрадыбыстық зерттеуінде жаға аймағының қалыңдығы 2,0 см. Ұрықтың ультрадыбыстық нәтижесін интерпретациялаңыз

  1. күмәнді

  2. шекаралық сызық

  3. даму ақауларына күдік

  4. қалыпты шектерде

  5. күдікті Даун синдромы




  1. ЖТД қабылдауына 27 жастағы алғашқы босанушы, 40 апталық жүктілік кезінде келді. Шағымдары: кешкі уақытта төменгі жақтың ісінуі, АҚ 130/60 мм сын.бағ дейін көтерілуі. екі қолда. Жалпы зәр анализінде ақуыз жоқ. Ерекшеліктері жоқ акушерлік статус. Ең ықтимал диагнозды қойыңыз:

  1. жеңіл преэклампсия

  2. гестациялық гипертензия

  3. артериялық гипертензия

  4. жүктіліктің 40 аптасы

  5. жүктіліктің ісінуі





  1. ЖТД қабылдауына 36 жаста, жүктілік 19 апталық алғашқы босанушы келді. Шағымдары: АҚҚ 160/90 мм сын.бағ. дейін жоғарылаған. екі қолға. Жалпы зәр анализінде белок 0,033 г/л. Ерекшеліктері жоқ акушерлік статус. Ең ықтимал диагнозды қойыңыз:

  1. жеңіл преэклампсия

  2. гестациялық гипертензия

  3. орташа преэклампсия

  4. созылмалы артериялық гипертензия

  5. жүктіліктің ісінуі




  1. ЖТД қабылдауына 26 жастағы алғашқы босанушы, жүктіліктің 38 аптасында келді төменгі аяқ-қолдардың ісінуіне шағымданып. Қан қысымы 180/60 мм рт.ст. екі қолда, жалпы зәр анализінде белок 0,3 г/л. Ерекшеліктері жоқ акушерлік статус. Ең ықтимал диагнозды қойыңыз:

  1. жеңіл преэклампсия

  2. ауыр преэклампсия

  3. гестациялық гипертензия

  4. артериялық гипертензия

  5. жүктіліктің ісінуі




  1. 26 жастағы науқас сүт бездерінің толып кетуіне және ауру сезіміне, бетінің және аяқтарының ісінуіне, ісінуге, ашушаңдыққа, тершеңдікке шағымдарымен гинекологқа қаралды. 3 жыл бойы өзін ауру деп санайды. Бұл белгілер етеккір циклінің екінші кезеңінде пайда болады және келесі етеккірден кейін тоқтайды. Жылдар бойы клиникалық симптомдардың ауырлығы артпайды. Гинекологиялық тексеруде патологиялық өзгерістер анықталмады. Бұл жағдайда предменструальный синдромның қандай түрі ЕҢ ықтимал?

  1. Дағдарыс

  2. Цефалгиялық

  3. Ісіну.

  4. Нейро-психикалық.

  5. Атипті.




  1. ЖТД босанушының үйіне 3-ші күні келді. Шағымдары қызбаға, іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне. Қарап тексергенде: жатыр кіндік деңгейінде жұмсақ, пальпацияда ауырсынады, жыныс жолдарынан іріңді бөліністер. Ең ықтимал диагнозды қойыңыз:

  1. пиелонефриттің өршуі

  2. плацентарлы қалдықтар

  3. хориоамнионит

  4. босанғаннан кейінгі эндометрит

  5. лохиометр




  1. 25 жастағы әйел ЖТД-не босанғаннан кейін 10 ай бойы етеккірінің жоқтығына шағымданып келді. Бала емшекпен емізіледі. Аменореяның түрін анықтаңыз:

  1. физиологиялық

  2. гипоталамиялық

  3. гипофизарлы

  4. патологиялық

  5. жатырлық




  1. Жыныстық қатынастағы серіктестерін жиі ауыстыру кезіндегі контрацепция түрін атаңыз:

  1. презервативтер

  2. оральды контрацептивтер

  3. ритмді әдіс

  4. жатырішілік контрацептивтер

  5. хирургиялық стерилизация




  1. Пациент жүктіліктің 10-аптасында тіркеуге тұру үшін ЖТД барды. Анамнезінен: балалық шақта туа біткен жүрек ақауы – жүрекшелер қалқасының ақауы анықталды. Оған ота жасалмаған, денсаулығы сыр бермеген, бірақ мектепте дене шынықтыру сабағынан босатылған. Қарап тексергенде: АҚ 110/60 мм с.б.б. Арт., пульсі 84 ​​рет минутына, ритмді, терісі қалыпты түсті. Берілген жүкті әйелдін жүргізу тактикасы?


  1. Жүктіліктің ерте үзілуі.

  2. Туа біткен жүрек ақауын хирургиялық емдеу.

  3. Кесар тілігі арқылы ерте босану.

  4. Кешенді тексеру және жүктілік мәселесін шешу.

  5. Гинекологта бақылау және амбулаторлық тексеру.




  1. Қыныптан алынған жағындыны сипаттаңыз: лейкоциттер 6-8, эпителий 3-4, трихомонада мен гонококк табылған жоқ:

  1. қалыптыдан көп

  2. қалыпты жағдай

  3. шекаралық

  4. қалыптыдан төмен

  5. патология




  1. 20 жастағы босанушы, босанғаннан кейін 5 күннен кейін екі сүт безінің біркелкі ұлғаюына шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 36,8 градус. Жатыр қатты, ауырсынусыз, жатыр тұбі кіндіктен 10 см төмен. Лохия қанды. Нәжіс пен диурез қалыпты. Ең ықтимал диагнозды қойыңыз:

  1. лактостаз

  2. фиброаденома

  3. мастопатия

  4. аденома

  5. мастит




  1. Сыртқы акушерлік тексеруде анықталды: жатырдың пішіні көлденең бағытта ұзарған, жүктілік мерзімі 40 апта, жатырдың сол жағында басы пальпацияланады, ұрықтың жамбасы оң жақтан пальпацияланады, ал кіші жамбас кіреберісінін үстінде көрінетін бөлігі жоқ. Ұрықтың жүрек соғысы кіндік деңгейінде анық естіледі. Ұрықтың орналасуы мен позициясы қандай?

  1. көлденен орналасу, I позиция

  2. Қиғаш орналасу, II позиция

  3. ұзынан орналасу, II позиция, бас презентация

  4. көолденең орналасу, II позиция

  5. жамбаспен орналасу




  1. Босанған әйелде 3-ші тәулікте дене қызуы көтеріліп, ішінің төменгі жағы ауырған, жатыры кіндік аймағында жұмсақ консистенциялы, пальпацияда ауырсынады, жыныс жолдарынан іріңді бөліністер бөлінеді. Босанушы әйелдің жағдайын түсіндіріңіз:

  1. пиелонефриттің өршуі

  2. хорионамнионит

  3. жатыр субинволюциясы

  4. босанудан кейінгі эндометрит

  5. лохиометра




  1. 22 жастағы пациент әйел, босанудан кейінгі 4-ші тәулік, екі сүт безі де бірдей ұлғайған. Жалпы жағдай қанағаттанарлық. Дене қызуы 36,6 градус. Жатыры тығыз, ауырсынбайды, кіндігінен 8 см-ге төмен. Лохия аздаған. Нәжісі мен несебі қалыпты. Ең ықтимал диагнозды қойыңыз:

  1. фиброаденома

  2. мастопатия

  3. аденома

  4. лактостаз

  5. мастит




  1. 37 жастағы науқас ЖТД-ға қынаптағы жайсыздыққа, жану сезіміне, қышынуға, бөліністер шағымдарымен жүгінді. Қарап тексеріліп, жедел кандидоз диагнозы қойылды. Жедел кандидозда қынаптан бөлініністер қандай тұсті?


  1. сүзілген

  2. іріңді

  3. серозды

  4. серозды-іріңді
  5. 1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22