ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 369

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. Ректороманоскопия

  2. Іш қуысының рентгенографиясы

  3. Колоноскопия биопсиямен

  4. құрсақ қуысы ағзаларының КТ

  5. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ




  1. Науқас М,, 30 жаста, бір ай бұрын қан аралас сұйық нәжіс, оң жақ мықын және кіндік аймақтарында толғақ тәрізді ауырсыну пайда болған. Кешке қарай дене қызуы 37-37,5-қа градусқа көтерілген. Үйде емделген, левомицетин мен мезим форте ішкен. Жағдайы жақсармаған. Қарауда: науқас арық. Дене қызуы = 37,2. Іші жұмсақ, кіндік және оң жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Оң жақ мықын аумағында ауырсынулы әрі ісіңкі ішектен медиальды шұжық тәрізді, аз қозғалатын ауырсынулы инфильтрат анықталды. Шұғыл түрде жасалған қан анализінде аздаған лейкоцитоз бар. Осы патология кезіндегі дәрігердің тактикасын анықтаңыз:

  1. санаторлы-курорттық емдік шара

  2. күндізгі стационар жағдайында емдеу

  3. гастроэнтерологиялық бөлімшеге жатқызу

  4. хирургиялық бөлімшеге жатқызу

  5. инфекциялық ауруханаға жатқызу




  1. 56 жастағы науқас, терісінің қышуына, сарғаюға, оң қабырға астының ауырсынуына арықтауына, жауырын арасындағы және иық аймақтарындағы қара дақтарға шағымданды. Анамнезінен: 7 жыл бұрын жауырын арасындағы және иық аймақтарындағы дақтанудың пайда болғаны анықталды. 2-3 жылдан бері тері қышуы мазалайды. Дерматологтан ем алған, нәтижесі болмаған. Соңғы кездерде қышыну күшейіп, сарғаю пайда болған. Анализдерінде: гипербилирубинемия тікелей фракциясы бойынша, СФ, ГГТП, трансаминазалардың аздап жоғарылауы. Ең ықтимал диагнозды көрсетіңіз:

  1. Өт тас ауруы

  2. Вильсон-Коновалов ауруы

  3. Антитрипсиндік жетіспеушілік

  4. Біріншілік билиарлы бауыр циррозы

  5. Вирусты этиологиялы созылмалы гепатит




  1. Науқас А, 25 жаста, ЖТД-не тәулігіне 4-5 рет болатын сұйық, қан аралас нәжіске, іштің толғақтәрізді ауырсынуының тамақ ішкеннен кейін күшейіп, дефекациядан кейін азаюына, салмақ жоғалтуына, буындарындағы ауырсынуға шағымданып келді. Болжам диагнозды қандай аспаптық зерттеу растайды?

  1. иригоскопия

  2. бронхоскопия

  3. колоноскопия

  4. Эхо-кардиография

  5. эластография




  1. Жанұялық дәрігерге 56 жастағы ер адам тамақ қабылдағаннан кейін төс артының күйдіріп және аурысынуына, алдыға иілгенде, жатқан кезде пайда болатын ауырсынуға шағымданады. Төс артында тұрақты «түйіншек» тұрғандай сезім болады. ЭФГДС кезінде өңештің төменгі 1/3нде эрозия және қабыну анықталды, кілегейі контакт кезінде артқы көкірекаралыққа жылжыған асқазанның бөлігі көрінеді, жанында өңеш саңылауыкөрінеді. Емдеу тактикасын таңдаңыз?
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


  1. хирургиялық ем

  2. медикаментозды терапия

  3. санаторлы-курортты ем

  4. физиотерапевтикалық процедуралар

  5. өмір сүру салты мен тамақтану режимін өзгерту




  1. Сұрастыру, қарау, аспаптық және клинико-лабораторлық зерттеу нәтижесінде науқасқа «Созылмалы рецидивті панкреатиттің өршуі, ауырсыну түрі» диагнозы қойылды. Осы науқастың емін жүргізуде ең басты міндетті анықтаңыз:

  1. антибактериальды ем

  2. орынбасушы ферментті ем

  3. массивті инфузионды ем

  4. ауырсыну синдромын басу

  5. сыртқысекреторлы функциясын түзету




  1. Жануялық дәрігерге 45 жастағы науқас гастроэзофагальды аурумен ұзақ уақыттан бері ауырады, сол себепті үнемі протон помпасының ингибиторын қабылдайды. Соңғы 2 аптада үлкен дәреті сұйық, көпіршікті, күніне 2-3 рет.Іштің қорылдауы мен толу сезімі байқалады. Емдік мақсаттағы аштық пен левомицетиннен әсер байқалмады. Диагноз қоюға ең ақпаратты әдіс:

  1. копрограмма

  2. колоноскопия

  3. ирригоскопияға

  4. нәжісті бактерияға зерттеу

  5. жасырын қанға нәжіс




  1. Жануялық дәрігерге қабылдануға бөліміне науқас мынадай шағымдармен келді: артық тамақтануға, майлы тағам қабылдаған соң пайда болатын сол жақ қабырға астының ауруына, жеңілдік әкелмейтін үзіліссіз құсыққа. Объективті қарағанда: «Қызыл тамшы», Мейо-Робсон симптомы оң. Қанда амилаза деңгейі жоғарлаған. Сіздің диагнозыңыз?

  1. Асқазан жара ауруы

  2. Созылмалы панкреатит, өршу

  3. Созылмалы холецистит, өршу

  4. Өт шығару жолдарының дискенезиясы.

  5. Гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру




  1. Ер адам, 50 жаста, жануялық дәрігерге қабылдануға келді: алкоголь қолданады, тамақтан кейін күшейетін іштің жоғарғы бөлігінің ауырсынуына, жүрек айну, іштің кебуіне, сұйық нәжіске, арықтауға шағымданады. Зақымдалған мүшенің сыртқы секреторлы функциясының жағдайын қандай диагностикалық зерттеу әдісі бағалауға мүмкінддік береді?

  1. рН-метрия

  2. уреазды тест

  3. эластазды тест

  4. дуоденалды зондтау

  5. глюкозотолерантты тест




  1. Жануялық дәрігерге 47 жаста науқас шағымданады; 1жылдан бері қыжыл мен алкоголь, цитрусты, кофе қабылдағаннан кейінгі кеуде аймағының ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну еңкейгенде күшейеді. Периодты түрде құсу қышқыл және ащы өніммен. Спазмолитиктер мен аналгетиктер нәтиже бермеген. Қандай препараттар комбинациясы ең дұрысы?


  1. домперидон + рабепразол

  2. маалокс + нифедипин

  3. но-шпа + сукральфат

  4. фамотидин + анальгин

  5. омепразол + изомед




  1. Науқас әйел адам 67 жаста, остеоартрозбен ауырады, ұзақ уақыттан бері селективті емес стероидты емес қабынуға қарсы дәрі қабылдайды. Бұл науқасқа асқазан-ішек қан кетуін алдын алу мақсатында қандай топ препараттары тиімді?

  1. Н2 блокатор

  2. антибиотиктер

  3. антацидтер

  4. М-холинолитик

  5. протон помпының ингибиторы




  1. 51 жастағы науқас қыжылға, тамақтан кейінгі эпигастрий аймағы мен төс артындағы ауырсынуға, қышқылмен кекіруге, кейде кекіргенде ауызы тамаққа толып кетуіне, физикалық жүктеме мен еңкейгенде кекірудің күшеюіне және асқазан ішіндегілердің регургитациясына, жүрек аймағындағы қатты ауырсынуға шағымданады. 2 жыл бойына ауырып жүр. Қарауда: тілі қалың ақ-сары жабындымен жабылған. Пальпацияда эпигастрий аймағы аздап ауырсынады. Сіздің алғашқы диагноз?

  1. асқазанның жара ауруы

  2. жүректің ишемиялық ауруы

  3. диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

  4. асқазанның кардиальды бөлігінің қатерлі ісігі

  5. гастроэзофагеальды рефлюксті ауру




  1. Жануялық дәрігерге 54 жаста науқас шағымданады ; эпигастрии аймағындағы 40-60минут тағамнан кейінгі басып ауыруы және ауырсыну сезімі, кекіру қышқылмен, ауамен, әлсіздік,қозғыштық.Обьективті:эпигастрии аймағындағы ауырсыну.Қан анализі: Объективно: эпигастрийде ауырсыну. ЖҚА: Нв – 90 г/л, эритроциттер – 3,8 х 1012/л, жалпы белок – 56 г/л. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иілімі бойында синус маңында қалытқының пролабированиесімен гиганттық қыртыстар анықталды. Диагнозды қоюға ең информативті әдісті тағайындаңыз.

  1. ректороманоскопия

  2. фиброгастроскопия биопсиямен

  3. қарыншаішілік манометрия

  4. ирригоскопия биопсиямен

  5. колоноскопия биопсиямен




  1. Науқас Р. 82 жаста , отбасылық дәрігерге шағымданады: бел аймағына тарайтын іш ауырсыну шағымымен келіп түсті; іш кебуі, іш қатуы, үлкен дәреттің беткейінде шырыш және қан; әлсіздік, арықтау. Анамнезде: тоқ ішек полипі. Қанда: лейкоцит – 10мың, СОЭ – 52 мм/сағ. Ирригоскопияда: сигма тәрізді ішек аймағында 20 см циркулярлы тарылу ортасында барийдің берік депосы. Ең ақпаратты зерттеу тәсілін қолданыңыз:

  1. іш қуысының УДЗ

  2. фиброгастродуоденскопия

  3. асқазанның рентгеноскопиясы

  4. көзделген биопсиямен колоноскопия

  5. асқазан сөлінің фракционды зерттеуі





  1. Науқас Г, 31 жаста, отбасылық дәрігерге шағымданады: қыжылға, эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсынуға, іш қатуға . ФГДС-да - гиперемия, кілегейлі қабаттың ісінуі, асқазанның антральды бөлігінде ұсақ нүктелі қан құйылулар анықталады. Тыныс алу уреазды тест +++ Сіздің диагнозыңыз?

  1. асқазанның жара ауруы

  2. созылмалы панкреатит

  3. созылмалы холецистит

  4. В типті созылмалы гастрит

  5. А типті созылмалы гастрит




  1. Жануялық дәрігерге 69 жастағы науқас шағымданады; эпигастрий аймағындағы тұйық керілген ауырсыну, ұйқы безі аймағындағы тағамнан кейінгі толу сезімі, кекіру, метеоризм, іш қату іш өтумен кезектескен. Обьективті: тамақтану төмендеген, қуқыл тартқан, құрғақ тері, тырнағының сынғыштығы, ангулярлы стоматит байқалады. Ең тиімді ем тағайындаңыз

  1. табиғи асқазан шырыны + панзинорм + мильгамма

  2. сорбифер + алмагель + гепабене

  3. фамотидин + панзинорм + креон

  4. цизаприд + алмагель + мезим-форте

  5. домперидон + креон + омез




  1. 30 жастағы ер адам жануялық дәрігердің қабылдануына қан аралас жие ұлы дәретінің болуына, ұстама тәрізді іштің ауырсынуына, қызбаға шағымданып келді. Ректоманоскопия кезінде: сигма тәрізді ішегінің кілегей қабатында некрозды жаралар мен қанағыштығы анықталды. Берілген жағдайда таңдау препараты болып табылады:

  1. фталазол

  2. месалазин

  3. левомицетин

  4. пробиотиктер

  5. ампициллин




  1. Науқас У, 28 жаста, жануялық дәрігерге қабылдануға келді, бір айдан бері мазалайтын қыжылға, тағам қабылдағанда кеуде артында «түйілу» сезіміне, қышқыл кекірікке шағымданады. ФГДС кезінде: өңештің кілегей қабатының төменгі үштен бірі ісінген және гиперемияланған. Берілген жағдайда таңдау препараты болып табылады:

  1. рабепразол

  2. фамотидин

  3. циметидин

  4. нифедипин

  5. висмут субцитраты




  1. Ер адам 47 жаста, маскүнемдікке шалдыққан, жанұялық дәрігердін алдына, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, жүрек айнуына, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, субфебрильді дене температурасының көтерілуіне, терісінің қышуына, қызыл иектің қанауына, зәр түсінің қарауытуына шағымданып келді. Жағдайының нашарлауы алкоголь қабылдағаннан кейін бір апта ішінде байқалған. Объективті: гепатомегалия, терінің және склераның сарғаюы. Қандай айрықша зерттеу әдісі бұл патологияның нақты себебін анықтауға мүмкіндік береді?


  1. іш қуысының УДЗ-і

  2. радионуклидті сканирлеу

  3. бауырдың пункционды биопсиясы

  4. вирусты инфекция маркерін анықтау

  5. қанның биохимиялық анализі




  1. Науқас 25 жаста ЖДТ дәрігерге каралуғ келді, іштің оң жақ жартысындағы сыздап ауырсынуға, күніне 6-8реттік сұйық нәжіске, соңғы 2 жылда 8 кг арықтауға, үлкен буындардағы ауырсынуға, дене температурасының 37,2˚С қа дейін жоғарлауына шағымданып келді. Бірнеше рет жедел аппендицитке күдіктеніп хирургиялық бөлімшеге госпитализацияланған, бірақ диагноз расталмаған. Тексеру барысында: екі балтырында түйінді эритема, оң жақ мықын аймағында айқын ауырсыну, іш тітіркену симптомы жоқ. Емдеу тактикасы:

  1. преднизолон + сульфасалазин

  2. цизаприд + метилпреднизолон

  3. преднизолон + азатиоприн

  4. дебридат + эспумизан

  5. азитромицин + бускопан




  1. Науқас отбасылық дәрігерге таңертең кенеттен пайда болған жүрек айну, құсуға шағымданып келді. Объективті: тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған, дене температурасы 38˚С, пальпация кезінде іштің ауырсынуы және іштің алдыңғы қабырғасы бұлшық еттерінің жайылған қатаюы анықталды. АҚҚ 90/70 мм.сын.бағ. ЖСЖ 100рет/мин. Берілген нұсқалардың қайсысы науқасты ары қарай жүргізу үшін негізгі болып табылады?

  1. құсыққа қарсы және қызуды түсіретін препараттар беру

  2. дұрыстап қарау және поликлиника шарттарында бақылау

  3. үйде бақылау, қатты ауырсыну кезінде анальгетик тағайындау

  4. хирургиялық бөлімшеге шұғыл түрде госпитализациялау

  5. жағдайы тұрақтанғанша көктамырішілік инфузия қолдану




  1. Науқас Р., 76 жаста, отбасылық дәрігерге ішінің ауырсынуына, іш кебуіне, іш қатуға бейімділікке шағымджанып келді. Анамнезінде геморрой болған. Қан анализінде: лейкоциттер -6,5 мың, ЭТЖ - 12 мм/сағ. Егде жастағы адамдарға созылмалы іш қатуда қадай іш жүргізетін дәрінің ұсынасыз?

  1. магнезия

  2. линекс

  3. маалокс

  4. панкреатин

  5. фестал




  1. Жануялық дәрігерге 32 жаста науқас эпигастрии аймағындағы тағам қабылдағаннан кейін 1,5 сағ соң пайда болатын ауырсыну, кекіру қышқылмен, қыжылға шағымданады. ФГДС асқазанның антральды бөлігінің кілегей қабатында гиперемия,бірен саран эрозия анықталды. Маастрихт IV консенсусіне сәйкес ем тағайындаңыз.

  1. домперидон + алмагель + де-нол

  2. маалокс + фамотидин + домперидон

  3. омепразол + гастроцепин + тетрациклин

  4. амоксоциллин+кларитромицин + рабепразол

  5. амоксиклав + метронидазол + висмут субцитраты