ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 368
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
47 жастағы науқасты 2 айдан бері жағымсыз иісті іріңді қақырықпен жөтел, субфебрильді қызба, әлсіздік мазалайды. Анамнезінде: көп темекі тартады,бір ай бұрын ұзақ қызба болып, амбулаторлық жағдайда цефазолин қабылдаған. Жұмысқа шығып кетуіне байланысты емді аяғына дейін қабылдамаған. Объективті: тері жамылғысы цианозды, саусақтары «дабыл таяқшасындай» қалыңдаған, тырнақтарының түрі «сағат әйнегіндей». Перкуссияда –тимпанит. Ұсақ көпіршікті сырылдар мен амфоралық дыбыс естіледі. Клиникалық хаттамаға сәйкес қандай диагностикалық тексеру әдісі осы аурудың диагностикасына көмектеседі:
-
бронхографиялық -
рентгенологиялық -
томографиялық -
спирографиялық -
бактериологиялық
-
Шоколад түсті, күйген ет иісті қақырықтың бөлінуі, өкпе деструкциясының дамуы, таяқша ядролық лейкоциттердің көбеюімен лейкоцитарлық формуланың ығысуымен нейтрофильді лейкоцитоз. Бұл көріністер қандай пневмонияға тән екенін анықтаңыз:
-
гонококкті -
стрептококкті -
клебсиелді -
пневмококкті -
стафилококкті
-
29 жастағы науқасты аптасына 1 реттен кем күндізгі тұншығу ұстамасы, айына 1 реттен кем түнгі тұншығу ұстамасы мазалайды. Ұстамалар көбінесе өздігінен басылады немесе сальбутамол ингаляциясын қолданады. Ұстама аралық кезеңде өзін жақсы сезінеді, ТСТ1 – тиістіден 80-85 % . Сіздің диагнозыңыз:
-
бронхиальды астма, орташа ауыр -
бронхиальды астма, жеңіл интермиттерленген -
бронхиальды астма, жеңіл персистирленген -
созылмалы обструктивті өкпе ауруы, жеңіл ағым -
созылмалы обструктивті өкпе ауруы, орташа ауыр
-
52 жастағы ішімдікке әуес ер адам кенеттен ауырып қалды: жоғары қызба, тұтқыр қоңыр қақырықты жөтел, рентгенологиялық зерттегенде оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде қараю байқалады. Осы пациентте қандай этиологиялы пневмония болуы мүмкін?
-
микоплазмалы -
бактериальды -
вирусты -
хламидийлі -
саңырауқұлакты
-
46 жастағы науқас делсалдыққа, ақшыл аз мөлшерлі қақырықты жөтелге субфебрильді қызуға шағымданады. Ауырғанына 10 күн болған, салқын тиюмен байланыстырады, 6 күн амбулаторлық жағдайда жедел респираторлық ауруға байланысты емделіп,аздап жақсарған. 3 күнненн кейін дәрігерге көрінген. Объективті: температурасы -370С. Тері жамылғысы мен кілегей қабатының түсі қалыпты. Перкуторлы оң жақта жауырын астында аздап перкуторлы дыбыс қысқарған. Аускультативті:бірең сараң үнді ылғалды сырылдар, қалған жерде везикулярлы тыныс. Қандай ауру туралы ойлау керек:
-
жедел бронхит -
жедел трахеит -
жедел пневмония -
крупозды пневмония -
экссудативті плеврит
-
Жедел өкпе қабынуының созылмалы қабынуға ауысуын анықтайтын жетекші фактор:
-
бронхиалды обструкция -
кеш басталған және жеткіліксіз ем -
алдыңғы вирустық респираторлық зақымдану -
микрофлораның қасиеттерінің өзгеруі -
жоғарғы тыныс жолдарының созылмалы қабыну процестері
-
Егде жастағы адамдарда Созылмалы обструктивті өкпе ауруында бастапқы терапиясына препараттардың қандай тобы ұсынылады:
-
метилксантиндер -
β–адреномиметиктер -
жүйелі глюкокортикоидтар -
ингаляциялық холинолитиктер -
мес клеткаларының мембрана стабилизаторлары
-
Максимальді қабынуға қарсы белсенділігі бар ингаляциялық глюкокортикоидты көрсетіңіз:
-
мометазон -
флютиказон -
беклометазон -
триамцинолон -
флунизолид
-
Тыныс демікпесімен ауыруына қатысты будесонид тобынан ингаляциялық глюкокортикоидын қабылдап жүрген науқастың жүктілік кезіндегі тактикасын таңдаңыз:
-
препаратты тоқтату -
препаратты жалғастыру -
I триместрде ғана ұсыну -
III триместрде жалғастыру -
тек II триместрде ұсыну
-
55 жастағы ер адам. Анамнезінде СОӨА. Емдік мақсатта аэрозоль түрінде сальбутамол 2,5 мг қолданады. Дәрігер емнің тиімділігін бағалау үшін бронходилатациялық тест жүргізуді тағайындады. Сальбутамолдың фармакокинетикалық қасиетін ескере отырып тестті дұрыс жүргізу және нәтижесінің дұрыс болуы үшін дәрігер науқасқа сальбутамолды қолдануын тест алдында неше сағат бұрын тоқтатуы керектігін ескертуі керек:
-
2 -
4 -
6 -
8 -
10
-
Интермиттирленген бронхиалды астмаға(GINA, 2006) төменде көрсетілген белгілердің қайсысы тән:
-
астма белгілерінің тұрақты болуы -
түнгі симптомдар айына 2 реттен аз -
түнгі симптомдар аптасына 1 реттен көп -
түнгі симптомдар айына 2 реттен көп -
жиі (әр түнде дерлік) түнгі симптомдар
-
Персистерленген бронхиалды астмаға (GINA, 2006) төменде көрсетілген белгілердің қайсысы тән:
-
астма белгілерінің тұрақты болуы -
түнгі симптомдардың 1 реттен көп -
астма белгілері күнделікті бірақ тұрақты емес -
астма белгілерінің аптасына 1 реттен кем болуы -
астма белгілерінің аптасына 1 реттен куніне 1 ретке дейін
-
СОӨА науқастарында өкпе текті жүректің қалыптасуындағы ең бастысы:
-
пассивті, посткапиллярлық өкпе гипертензиясы -
белсенді, прекапиллярлы өкпе гипертензиясы -
кіші қан айналымы капиллярларының облитерациясы -
орта және ірі бронхтарды қайта құру (ремоделирование) -
қайталанатын өкпе артериясының тромбоэмболиясы
-
65 жастағы, 3 жыл бұрын миокард инфарктісін бастан өткерген 30 жыл темекі шеккен науқаста бірте-бірте ентігу күшейе бастаған , плевра қуысында екі жақта сұйықтық анықталған ,кеуде қуысының ауыруы, қызба және қан анализінде өзгерістер болмаған Сұйықтық жиналуының ең ықтимал себебі:
-
пневмония -
өкпе рагы -
созылмалы жүрек жеткіліксіздігі -
инфаркттан кейінгі Дресслер синдромы -
өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
-
Әскери бөлімшеде әскери қызметшілердің пневмониямен жаппай ауруы байқалды, ол мардымсыз (непродуктивный) жөтелмен және интоксикацияның айқын құбылыстарымен жүреді. Рентгенологиялық – түбір маңы аймағында екі жақты өкпе суретінің күшеюі, қабыну инфильтрациясының полиморфты ошақтары. Амоксициллинмен, цефалоспориндермен антибиотикалық терапия тиімсіз. Пневмонияның ықтимал этиологиясы:
-
пневмоциста -
пневмококк -
стрептококк -
микоплазма -
алтын түсті стафилококк
-
67 жастағы науқас үйіне дәрігерді шақыртты. Шағымдары: азөнімді қақырық,ентігу, әлсіздік, дене температурасының көтерілуі. Жоғарыда көрсетілген шағымдар науқасты екі күннен бері мазалайды, салқын тиюмен және ЖРВИ-мен ауырған науқаспен контакт жасаумен байланыстырады. Объективті: оң жақта дыбыс дірілі күшейген, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, аускультативті қатқыл тыныс фонында орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Сіздің алғашқы диагноз:
-
өкпе абсцессі -
жедел жүрек жетіспеушілігі -
ауруханадан тыс пневмония -
өкпенің созылмалы обструктивті ауруы -
өкпе артериясының тромбоэмболиясы
-
67 жастағы науқас үйіне дәрігерді шақыртты. Шағымдары: азөнімді қақырық,ентігу, әлсіздік, дене температурасының көтерілуі. Жоғарыда көрсетілген шағымдар науқасты екі күннен бері мазалайды, салқын тиюмен және ЖРВИ-мен ауырған науқаспен контакт жасаумен байланыстырады. Объективті: оң жақта дыбыс дірілі күшейген, перкуторлы дыбыстың тынықталуы, аускультативті қатқыл тыныс фонында орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз:
-
физиоем -
амбулаторлы ем -
ауруханаға жатқызу -
санаторлы-курорттық ем -
алдын алу шаралары
-
43 жастағы науқас, жұмыста ауырып қалған, дене температурасының 38 градусқа дейін жоғарлауы, бұлшық еттік ауырсыну, әлсіздік, делсалдық. Кешке қарай дене қызуы 39 градусқа дейін көтірлген, қалшылдау, кеуде торында шаншып ауыру қосылған, жөтелгенде күшейеді, жөтелі құрғақ, азөнімді қақырық, ентігу пайда болған. Объективті: жағдайы ауыр, тері жамылғысы гиперемияланған. Тынысы жиілеген минутына 26 рет, оң өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыс тынықталған, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі; жүрек тондары тұйықталған. Қандай ауруды ойлауға болады?
-
жедел бронхит -
бронхэктаз ауруы -
тыныс демікпесі -
ауруханадан тыс пневмония -
созылмалы бронхит, өршуі
-
Ер адам 47 жаста, ентігу, ісіктердің пайда болуы, оң қабырға астының ауыруына шағымданып ЖТД-не келді. Анамнезінде СОӨА-мен ауратынын белгілі болды. Дәрігер тағайындауларын орындамайды, шылым шегеді. Құрылысшы болып жұмыс жасайды. Қарағанда; оң иығында татуировкабар, мойын веналарының ісінуі байқалады. Плеша сипмтомы оң мәнді. ТЖ – 25 рет минутына. Аяқтарында ісік. Пациенттің проблемасын анықтаңыз:
-
өкпелік жүрек -
тыныс жетіспеушілігі -
СОӨА-ның өршуі -
жүрек жетіспеушілігі -
вирусный гепатит
-
Ер адам 47 жаста, ентігу, ісіктердің пайда болуы, оң қабырға астының ауыруына шағымданып ЖТД-не келді. Анамнезінде СОӨА-мен ауратынын белгілі болды. Дәрігер тағайындауларын орындамайды, шылым шегеді. Құрылысшы болып жұмыс жасайды. Қарағанда; оң иығында татуировкабар, мойын веналарының ісінуі байқалады. Плеша сипмтомы оң мәнді. ТЖ – 25 рет минутына. Аяқтарында ісік. Науқасты қандай бөлімшеге жатқызу дұрыс болады?
-
терапиялық -
кардиологиялық -
пульмонологиялық -
инфекциялық -
нефрологиялық
-
Егде жастағы науқастарда нозокомиальды (госпитальды) пневмонияның ең жиі қоздырғышы:
-
хламидиа -
микоплазма -
пневмококк -
клебсиелла -
герпес вирусы
-
2019-nCoV асқынған ағымында вирустық пневмония (бастапқы)дамиды :
-
аурудың 5-ші күні -
аурудың 10 күніне -
аурудың басталуынан 14-күнге -
ауру сәтінен бастап 7 күннің соңына қарай -
аурудың басталуынан 1-3 тәулікте
-
Сатурация < 80-90% кезіндегі оксигенация нені қолданудан басталады
-
маскаларды -
ӨЖЖ аппаратын -
мұрын канюласын. -
резервуары бар маскаларды -
наркоз-тыныс алу аппаратын
-
Коронавирустық инфекцияның ең көп кездесетін асқынуы
-
вирустық пневмония -
кератоконьюнктивит -
менингоэнцефалит -
вирустық-бактериялық пневмония1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 22