ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 946
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өкпе рагының жиілігіДүниежүзінің өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде өкпе рагы басқа қатерлі ісіктер арасында1-ші орында және жылдан-жылға аурушылық көрсеткіштері өсуде. 2008 жылғы деректербойынша дүниежүзінің 59 мемлекетінде аурушылық көрсеткіші – 46,0%ооо, ерлер арасында31,9%ооо, әйелдерде – 14,1%ооо, яғни – 3:1.Өте жоғарғы аурушылық көрсеткіштері (100 000 адамға шаққанда) Венгрияда (59,0), АҚШ-та (58,6), Канадада (55,1), Польшада (45,5), төменгі – Тайванда (0,47), Малида (2,5), Үндістанда(5,4), Мысырда ( 7,0) тіркелген ( Ferley J. et al, 2010ж.).2008 ж. ТМД құрамындағы мемлекеттерде жоғарғы аурушылық көрсеткіші (100 000 адамғашаққанда) – Украинада (46,4), Белоруста (42,9), Ресейде (40,2), орташа – Қазақстанда (23,8),Молдовада (21,7), Грузияда (17,2), төменгі – Қырғызстанда (6,9), Әзірбайжанда (9,7) тіркелді(М.И. Давыдов, М.Е. Аксель , 2010).1970 – 2010 жылдар аралығында Қазақстанда өкпе рагымен аурушылық көрсеткіші(100 000 адамға шаққанда) 15,2-ден 21,7- ке дейін өсті, 1985 жылдан бастап басқа қатерлі ісіктерарасында 1-ші орынға шықты. 2010 жылы Республикада 3535 адамда өкпе рагы анықталды, олбарлық қатерлі ісіктің 17,6 %-ын құрады. Жоғарғы аурушылық көрсеткіші: СҚО (39,3), ШҚО(37,3), Павлодар (35,6), Ақмола (33,9), Қостанай (33,0), БҚ (31,2) облыстарында, ал төмен-гі – ОҚО (9,4), Маңғыстау(5,6), Жамбыл (15,2),Қызылорда (15,8), Алматы (13,0) облыстарындатіркелді. 3535 науқастың 21,3%-да өкпе рагы I-II даму сатысында , ал 22,0%- да IV даму са-тысында анықталды. 2010 ж. науқастардың 3\4 бөлігінде ісіктің III -IV сатыда анықталуынабайланысты 959(28,3%) адамға толықтай ем тәсілдері қолданылды (Қ.Ш. Нұрғазиев т.б., 2011)Өкпе рагының пайда болу себептеріФизикалық факторлар:- Атмосфералық ауаның канцерогендік ұсақ дисперсиялы шаң-тозаңдармен ластануы (аз-бест, хром, никель, тас көмір, ваннадий, минералды тыңайтқыштар, т.б.);- Ионизациялық сәулелендіргіштер (радиоактивтік элементтер мен изотоптар);- Сыртқы атмосфералық ауаның күрт құбылмалығы мен ылғалдылығы.Химиялық факторлар:- хош иісті көп циклді көмірсутегі (3-4 бенз(а)пирен, бенз(а)антрацен);- газоаэрозолды қосындылар (сынап буы, қорғасынды альдегид, ауыр радон газы, шалатотыққан азот, күкірт, көмірсутегі, метан, пропан);Поливаленттік фактор – темекі шегу.Темекінің түтіні мен шайырының құрамында 380химиялық заттар бар, олардың ішінде канцерогендік қасиеттері бар екендігі анықталғандар:
бенз(а)пирен, толуидин, альфанафталамин, радиоактивті полоний - 210 және улы актиний,күшала, азот қышқылының қоспалары улы. Британияда (2004) 100 000 адамға шаққандатемекі шекпейтін адамдар арасында өкпе рагымен аурушылық көрсеткіші 1,4 % болған, алтәулігіне 6-16 шылым шегушілерде 13,5% , 20-25 шылым шегушілерде 29,5%, ал 40 шылымшегушілерде 47,5% дейін жиілеген.Биологиялық факторлар (пневмококк, стрептококк, стафплакокк, туберкулез таяқшалары,вирустар).Өкпенің ракалды ауруларыФакультативтік ракалды аурулар:- бронхтар саңылауының ішкі кілегей қабықшасының І-ІІ дәрежеде дамыған диспластикалықөзгерістері бар созылмалы бронхит;- өкпенің кәсіби аурулары немесе пневмонокониоздар (азбестоз, силикоз, антракоз, бирю-лез, т.б.);- өкпенің бейспецификалық созылмалы қабыну аурулары (бронхоэктазиялық ауру, абцесс,гангрена);- өкпенің спецификалық созылмалы қабыну аурулары (туберкулез, каниотуберкулез).Облигаттық ракалды аурулар:- жиі қайталанып тұратын III дәрежеде дамыған диспластикалық өзгерістері бар созылма-лы бронхит;- бейспецификалық, спецификалық созылмалы қабыну үрдістерінен пайда болатын өкпетіндерінің тұрақты беріштенуі, тыртықтануы (пневмосклероз,пневмофиброз);- саrсіnоmа іn Situ.Өкпенің облигаттық аурулары анықталған науқастар І «б» диспансерлік клиникалық топқажатқызылып, олар әрбір 6 ай сайын диспансерлік тексеруден өтіп тұрулары керек.Жоғарғы онкологиялық қауіпті топ құруӨкпе рагымен ауыруға бейімді қауіпті топқа жататындар:1.Өкпенің ракалды науқастарымен сырқаттанушылар (созылмалы, жиі қайталаныптұратын абструктивтік бронхит, өкпенің кәсіби, бейспецификалық, спецификалық созылмалықабынулары, тыныс жолдарының аденомасы).722. Жасы 40-тан асқан, тәулігіне 20-данадан артық темекі шегетін адамдар.3.Ұзақ уақыт атмосфералық ауасы әртүрлі физикалық, химиялық канцерогендік заттарменластанған өндіріс, кәсіпорындарында жұмыс жасайтын немесе солардың маңайында тұратынадамдар.Жоғарғы қауіпті топтағы адамдарды емханаларға келгенде, профилактикалық тексерулердіөткізгенде және скрининг тәсілімен анықтап, оларды диспансерлік І «б» клиникалық топқаесепке алып, міндетті түрде зиянды факторлардан қорғану және ракалды науқастарды емдепжазу жұмыстарын жүргізу керек. Негізі бұл жұмысты пульмологтар жүргізеді.Өкпе рагының клиника-анатомиялық жіктелуі(А.И.Савицкий, 1957)
Орталық рак:- эндофитті (бронхтың ішкі саңылауына қарай өсетін рак);- экзофитті (бронхтың сыртын қаптай түйін тәрізді өсетін рак);- экзофитті (бронхтың сыртын қаптай тарамдалып өсетін рак).Шеткі рак:- дөңгелек немесе шар тәрізді түйіншек рак;- пневмония тәріздес рак;- өкпенің жоғарғы ұшының рагы (Пенкост рагы).Атипиялық өкпе рагы (ең алғашқы клиникалық белгілер рактың метастаздарыныңорналасқан ағзалардан білінеді де, ал өкпедегі рактың белгілері болмайды, егер болса, әліонша анық емес).- Милық түрі;- Сүйектік түрі;- Бауырлық түрі;- Медиастинальдық түрі;- Өкпенің милиярлық карциноматозды плевриті.Өкпе рагының және ісік тәріздес өкпе ауруларыныңгистологиялық жіктелуі (ДДСҰ, 1999)1 Жалпақ жасушалы рак (эпидермоидтық, ұшықсап тәрізді жасушалық)2. Ұсақ жасушалы рак- сұлы тәрізді жасушалы рак- лимфоцит тәрізді жасушалы рак-көп түрлі құрамды жасушалы рак3. Бездік рак (аденокарцинома )- альвеолярлық аденокарцинома;- папилярлық аденокарцинома;4. бронхоальвеолаларлық рак;- шырыш түзілісін құрайтын солидті аденокарцинома5. Аралас жасушалы аденокарцинома:- коллоидты аденокарцинома,- сақина тәрізді жасушалық рак;- муциноздық аденокарцинома,6. Ірі жасушалы рак;- алып жасушалы рак,- ашық немесе жарық түсті жасушалы рак7. Безді жалпақ жасушалы (диформды) рак8. Бронхтардың шырышты қабатындағы бездерден өрбитін рак- аденожылауықтық рак;- мукоэпидерменоидтық рак9. Карциносаркома (ракқа, саркомаға тән жасушалардан құралған)10. Сирек кездесетін өкпе қатерлі ісіктері (саркома, меланома).11. Өкпенің қатерсіз ісіктері және ісік тәріздес аурулары: аденома, гамартома,эозинофильдік гранулома, хондрома, туберкулома;Өкпе жылауықтары (эхинококтік, дермоидтық).Метастаздауы. Өкпе рагы лимфогендік жолмен көкірек қуысындағы, бұғана үстіндегілимфалық түйіндерге метастазын таратады. Олар – өкпе тінінің ішіндегі, бронхопульмоналдық,өкпе қақпасындағы (жоғарғы, төменгі кеңірдек бронхтық), көкірек орталығындағы(жүрек қабы,қалқа, кеңірдек бойындағы) және бұғана үстіндегі лимфалық түйіндер.Гематогендік жолмен метастаздар бауырда, бүйрек үсті безге, миға, сүйекке тарайды. Әсіресеөкпе рагының ұсақ, пісіп-жетілмеген жасушалы гистологиялық түрлері аталмыш ағзаларға жиіметастаздар таратады. Қатерлі ісік висцералдық, париеталдық плевраларға имплантациялық
жолмен тарағанда қандық карциноматоздық плеврит өрбиді.Өкпе рагының даму сатыларының ТNМ құрылымбойынша жіктелуі (UICC,2002)0-даму сатысы – TisN0M0 (рак in situ)I«A»-даму сатысы – T1N0M0 (ісік көлемі 3 см-ге дейін, бронхоскопияда ісік висцералдыксірі қабықшаға жабыспаған, аймақтық лимфалық түйіндерде метастаз жоқ).I«В»-даму сатысы – T2N0M0 (ісік көлемі 3 см-ден артық, ісік бас бронхты кеңірдектенбөлінген жеріне 2 см қашықтықта зақымдап, висцералдық сірі қабықшаға жабысқан, ал өкпеніңісікпен зақымданған аймағына ауа кірмей семген ( ателектаз), аймақтық лимфалық түйіндердеметастаз жоқ).II«А» даму сатысы – T1N1M0 (ісік көлемі 2 см-ге дейін, бірақ бронхтардың айналасындағыжәне өкпе түбіріндегі лимфалық бездерде метастаз бар).II«В» даму сатысы – T2N1M0 (ісік көлемі I«В»- даму сатысындағыдай, бірақ бронхтардыңайналасындағы және өкпе түбіріндегі лимфалық бездерде метастаз бар).III«А» даму сатысы – Т1-3N2M0 (ісік көлемі әртүрлі Т-1-3, бірақ ол кеуде қабырғасына,көкетке, орталық сірі қабықшаға, жүрек қабына және бас бронхты кеңірдектен бөлінгенжерінен 2 см-ден аз зақымданған, ал метастазы өкпе түбіріндегі және кеңірдек айналасындағылимфалық түйіндерге тараған).ІII«В» даму сатысы – кез келген T, N3M0 (ісік көлемі әртүрлі Т-1-3, бірақ ісіктіңметастаздары өкпенің түбіріндегі, кеңірдектің екі жағындағы, бұғана үстіндегі лимфалықтүйіндерді зақымдаған).IV «А» даму сатысы T4 кез келген N 1-3 M0N 1-3 MO (ісік көлемі әртүрлі, бірақ ол кеудеқабырғасына, омыртқаға, көкетке, өңешке, жүрек қабына, қолқа тамырға жабысып, кеңірдектіңбас бронхқа бөлінетін жерін зақымдап, кез келген аймақтық лимфалық түйіндерге тараған).IV-даму сатысы – кез келген T, кез келген N, M1 ( өкпеден алшақ дене мүшелеріметастазбен зақымданған.).Өкпе рагының клиникалық белгілеріОрталық эндофитті немесе эндобронхиалдық рак:- жөтел;- қақырықтағы қан жолағы;- қан араласқан қақырық;- дене қызуының көтерілуі;- кеудедегі шаншу, аурулық сезім;- ентігу, алқыну.Орталық экзофитті немесе экзобронхиялдық рак (белгілері көмескі):- құрғақ немесе шырышты қақырықты жөтел;- субфебрильді деңгейде дененің қызулауы;- кеудедегі аурулық сезім;- себепсіз делсалдық, әлсіздік, еңбекке қабілеттің төмендеуі.Шеткі дөңгелек немесе шар тәрізді рактың клиникалық белгілері болмайды, кездейсоқрентген-флюорографиялық тексерулер кезінде табылады.Пневмония тәрізді шеткі рак – шар тәрізді рактың көлемі ұлғайып, висцералдық және
париеталдық плевраларға жабысып, ісік өкпенің бір бөлігіне түгел жайылып, ол крупоздықпневмония немесе абсцесс тәріздес болады. Кейінірек ісіктің орталығы өліеттеніп, үлкенсаладағы бронхтарға тарап жыланкөзденеді, жөтел күшейіп, дене қызулайды, қанды қақырықбайқалады.Шеткі Пенкост рагы – клиникалық белгілері ісіктің өкпемен іргелес орналасқан ағзаларғажабысып, олардың жарақаттануына байланысты.- Ісік симпатикалық нервті зақымдаса: Клод-Бернар-Горнер синдромы (көздіңқарашығының кішірейуі, оның жарыққа әлсіз реакция беруі, көз алмасының төмен қарайтүсуі, көз саңылауының кішірейуі, яғни – птоз, миоз, энофтальм);- Ісік қайталма нервке жабысса, науқастың дауысы қарлығады;- Ісік иық аймағындағы нерв – қантамырлық өрімге жабысқанда – иықтың буыныныңауруы, қолдың бұлшық еттері семе бастауы;- Егер ісік І-ІІ қабырғаға немесе бұғанаға жабысса – осы сүйектерден аурулық сезімбілінеді, тіпті патологиялық сыну болуы мүмкін.Өкпе рагының атипиялық түрлері, клиникалық белгілері ісіктің метастаздарыныңорналасқан жерлеріне байланысты. Олар:- милық – клиникалық белгілер метастаздық ошақтың ми ішінде орналасқан жерінебайланысты (афазия, адинамия, тұрақты түрде бастың ауруы т.б.)- сүйектік – метастаздық ошақ сүйектің қабына жабысқанда аурулық сезім, патологиялықсыну.- бауырлық – метастаздық ошақ бауырдың Глиссон қабына жабысқанда аурулық сезімнемесе кездейсоқ құрсақ қуысындағы ағзаларды УД зерттегенде табылады.- көкірекаралық – өкпе түбірі мен кеңірдек бойындағы лимфалық немесе жоғарғы “қуысвеналық” бездердегі метастаздар және өкпе рагы кеңірдекті, жоғарғы қуыс венаны қатты басып,қалыпты жағдайда дем алуға болмауы, бет пен мойынның ісінуі, білеуленуі.- геморрогиялық плеврит – ісіктің висцеральдық, париеталдық плевраға шашырандытарағанында кеуде қуысында қан араласқан сұйықтық жиналып, шаншу, ентігу, ауру белгілеріпайда болады.75Өкпе қатерлі ісігінің пісіп-жетілу дәрежелері:G 1 – жоғарғы дәрежеде пісіп-жетілген жалпақ жасушалы, бездік рак.G 2 – орта дәрежеде пісіп-жетілген жалпақ жасушалы, бездік рак.G 3 – төменгі дәрежеде пісіп-жетілген жалпақ жасушалы, бездік рак.G 4 – пісіп-жетілмеген рак ( ұсақ, ірі және ашық түсті жасушалы рак).Өкпе рагының даму сатысының TNM жүйесімен жіктелуі7677N-аймақтық лимфалық түйіндерN X - Лимфалық бездерді анықтау мүмкін емес