Файл: MatLab ортасында сандарды онды жне екілік санау жйесіне айналдыру алгоритмін жзеге асыру Жмысты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 261

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


J

K

Q

0

0

Q

0

1

0

1

0

1

1

1

Q

Бұл кестеден алғашқы бастапқы үш кіріс сигналдар комбинациясы үшін J және К кірістері RS-триггерінің S және R кірістерінің релін атқаратының көреміз. Бірақ айнымалылардың төртінші жиыны үшін J = К = 1 болғанда, триггер күйі RS-триггер күйінен ерекшеленеді. RS -триггері үшін - бұл тыйымсалынған кіріс айнымалыларының комбинациясы, ал -триггерінде триггер күйі қарама-қарсыға өзгереді.



9.7-сурет. JK-триггерінің құрылымдық сұлбасы

Триггердің жұмысын төмендегідей аналитикалық функциямен сипаттауға болады:



Екі сатылы JK - триггер және оның шартты белгіленуі 9.8-суретте көрсетілген.



9.8-сурет. Eкісатылы JK-триггерінің шартты белгіленуі (а) мен

құрылымдық сұлбасы (ә)

Қайта жазу синхронизация кірісіндегі импульстін төмендеуінде орындалады. Егер С кірісін инверсті етсек, ақпарат фронт бойынша жазылатын болады.

ЖӘНЕ-ЕМЕС элементтері негізіндегі JК-триггерінің сұлбасы 9.9-суретте келтірілген.

9.9-суреттегі 1, 2, 3, 4-элементтер - триггердің бірінші сатысын, ал 5, 6, 7, 8 элементттер екінші сатысын құрайды. 1, 2-элементтері - бірінші, ал 5, 6 - екінші сатының басқару сұлбасы оның элементтері болып табылады.



9.9- сурет. ЖӘНЕ – ЕМЕС элементтеріндегі екісатылы JK – триггерінің сұлбасы

Зертханалық жұмыстың орындалу реті:

1. Асинхронды және синхронды RS, JK триггерлердің сұлбасын MultiSim ортасында жинап, ақиқат кестесін тексеріңіз.

2. 9.1-кестеде көрсетілген нұсқа бойынша асинхронды және синхронды RS, JK тригтерлердің уақыттық диаграммасын дәптеріңізге сызып көрсетіңіз.

3. MultiSim ортасында 9.11-суретте көрсетілгендей сұлбаны жинаңыз, тәжірибеде алынған уақыттық диаграмманың 2 пункте алынған уақыттық диаграммамен сайкестігіне көз жеткізіңіз.

9.11-суретте асинхронды RS триггердің уақыттық диаграмммасын алу үшін жиналатын сұлба келтірілген. Қажетті сұлбаны жинаған кезде, триггердің сәйкесінше түрін таңдау үшін «Select a Component» бөліміне кіріп, Group ­­
Misc Digital TIL ары қарай қажетті триггерді таңдаймыз. Сонымен қатар зертханалық жұмысты орындау үшін сөз генераторы "Word Generator» және төрт кірісті осциллограф қажет. Сөз генераторы арқылы триггерлердің кірісіне сигналдар береміз, ал осциллографтан уақыттық диаграммасын көре аламыз. Сөз генераторына сигналды беру үшін 9.12-суретте көрсетілгендей «Binary» командасын таңдап, вертикаль осі бойынша сигналдарды орнатамыз. Мысалы, асинхронды RS тригтерінін Reset кірісіне R = {01001} сигналы, ал Set кірісіне S = [10110] сигналдары берілсін.8.11-суретте көрсетілгендей, Sкіpici сөз генераторының бірінші каналына қосылған, ал R кірісі сөз генераторының бесінші каналына қосылған. Сәйкесінше, R және S сигналдарының мәндері 9.12-суреттегідей берілетін болады. Асинхронды RS триггерінің уақыттық диаграммасы, яғни шығыс сигнал 8.13-суретте көрсетілген.





9.13 – сурет.Асихнронды RS триггерінің уақыттық диаграммасы

9.1 кесте



Бақылау сұрақтары:

1. Триггер дегеніміз не?

2. RS және триггерлерінің айырмашылығын анықтаңыз.

3. Синхросигнал шығыс сигналға калай әсер етеді.

4. Екі сатылы тригтерлер не үшін қолданылады?

10 Зертханалық жұмыс

D және Т триггерлердің жұмыс істеу принципімен танысу

Жұмыстың мақсаты: Сандық электроника есте сақтау құрылғыларын жобалаудың әдістерімен және олардың сұлбалары мен танысу. D және Т триггерлердің уақыттық диаграммасын анықтау

Қысқаша теориялық кіріспе

D-триггер. Оны, сонымен қатар (ағылшын тілінен Delay - кідіріс) ақпараттық тригтер немесе кідіріс тригтері деп те атайды. D-тригтер тек қана синхронды болып келеді. Ол тактылы импульс денгейімен немесе онын фронтымен қосылуы мүмкін. D-триггер жұмысының уақыттық диаграммалары, оның шартты белгіленуі және жүзеге асырылуы 10.1-суретте керсетілген.



10.1-сурет. D-триггерінің шартты белгіленуі (а), құрылымдық сұлбасы (ә)

және триггердің уақыттық диаграммасы



D кірісі - ақпараттық, С кірісі синхронизациялауы болып табылады. С = 0 болғанда - сақтау режімі, ал С= 1 – жазба режімі іске асырылады. Сонымен, санау уақыттың кез келген кезеңінде, ал жазба тек қана С = 1 болғанда орындалады.Триггер шығыс сигналын өзі жазылған тактының аяғына дейін кідіреді. Сөйтіп, D = 1 кіріс сигналы екінші және үшінші синхроимпульстар аралығында аяқталады, ал Q = 1 жағдайы үшінші тактының соңына дейін сақталады. Осыдан келіп D-триггердің атауы пайда болды. С кірістегі «\» белгісі сигналдың төмендеуімен анықталатынын білдіреді.

Жоғарыда қарастырылған D-триггер синхронды RS-триггер негізінде синтезделген. Оны екі сатылы асинхронды RS – триггер базасында синтездеуге болады.

Т-триггер. Т-триггер немесе есептеу триггері деп аталатын триггерде есептеу импульсі берілетін (9.2-сурет) бір басқару С кірісі бар. 0 және 1-ді еріксіз орнату қосымша кірістері қарастырылмайды.



9.2-сурет. Т-триггерінің шартты белгіленуі

Әрбір синхроимпульсті бергеннен кейін Т-тригтерінің күйі қарама-қарсы күйге өзгереді.

T-триггерлер тек қана екі сатылы RS, D, JK триггерлер базасында кұрылады. Мысалы, синхроимпульс фронтымен басқарылатын D-триггер базасында Т-триггерді жүзеге асыру үшін D триггердің инверсті шығысын оның ақпараттық кірісі мен байланыстыру жеткілікті (9.3-сурет).



9.3-сурет. D - триггер базасында Т - триггерді жүзеге асыру

Есептеу (Т-триггерінің) триггерінің жұмые жасау принципін түсіндірегін диаграммалар 9,4-суретте көрсетілген. Уақыттық диаграммалардың D-триггер негізіндегі есептеу тригтерінің күйінің ауыстырып-қосулуы синхроимпульс алдыңғы фронтының түсу кезеңдерінде орындалалатыны көрінеді. Есептеу триггерінің шығысында импульстердің жиілігі кіріс импульстерінің жиілігінен екі есе кіші болып келеді. Бұл қасиет оларды жиіліктерді бөлгіштер ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Егер бір есептеу триггері жиілікті екіге бөлуге мүмкіндік берсе, онда жиілікті төртке бөлуді жүзеге асыру үшін тізбектей байланысқан екі триггер қажет болады және т. б.



9.4-сурет. Т-триггерінің уақыттық диаграммалары

Зертханалық жұмыстың орындалу реті:

1. 9.1-кестедегі нұсқа бойынша D және Т триггердің уақыттық диаграммасын дәптерге сызып көрсетіңіз.

2. Триггерлердің уақыттық диаграммасын алу үшін MultiSim ортасында №8 зертханалық жұмыстағы 8.14-суретті жинаңыз. Сәйкесінше, RS триггердің орнына D және Т триггерді алыңыз.


9.1-кесте