Файл: ЖАартылан білім беру мазмны аясындаЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 80

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ

3

I

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖҮЙЕСІ: ЖАҢА ТӘСІЛДЕР, ЖАҢА ШЕШІМДЕР


5


1.1


Білімді бағалау формаларының қалыптасу мен даму тарихы......


5


1.2


Оқыту үдерісінде қолданылатын бағалау түрлері.........................


8


1.3


Білім беру мазмұны аясында бағалауға қойылатын талап.............


13


II


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ......................................................................................


15

2.1

Оқушы білімін бағалау форматтарының заманауи түрлері мен тәсілдері...........................................................................................


15


2.2


Білім беру мазмұны жағдайындағы бағалаудың тиімділігі........


17


ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................


28


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................................


30


ҚОСЫМША......................................................................................


31





КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда педагогика ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат «Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында» бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: «Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет». Бұл талаптардың жүзеге асуы осы таңдағы оқушылардың білімін бақылау жүйесіне жоғары сын қоя отырып, жан-жақты талдау жүргізуді қажет етеді.


Қазіргі қалыптасқан білімді бақылау-тексеру жүйесіне қанағаттанбау (білім көрсеткіштері және оны тексеру тәсілімен қоса) мәселелері дидактикалық материалдар бетінде жиі ескеріліп, әрі айтылып жүр. Осы күндегі білім бағасы жүйесінің бірден-бір кемшіліктерінің бірі ғалымдар пікірінше, айрықшаланған көрсеткіштердің көптігі, көпжақтылығы және немғұрайлығы. Бұл көрсеткіштердің осындай қыры білім бағасының мазмұндық сипатының жойлмауына, әрі осы мазмұнға сәйкес бағаға практикалық тұрғыда бағдарлануға қиындық туғызады. Сондықтан да, білім сапасының теориялық негізделген принциптерін жасау мәселесі және соған сай психологиялық тұрғыда оқушылардың білімін тексеру тәсілдері қазіргі таңда ерекше қиын әрі күрделі болып отыр.

Тәжірбиелі әдістер мен оқушылардың білім сапасын бағалау критерийлерінің соған сәйкес оқыту, меңгеру теориясымен органикалық байланысын талап ету мәселесі-педагогикалық психологияда диагностиканың негізін құраушы принцип болып табылады. Білім сапасының психологиялық диагностиканың бұл шектеулі оқу әрекетінің процесі дамыған, толыққанды сипаттағы оқытудың теориясына сүйенген жағдайда ғана жойылды.Оқушылардың білім сапасына қазіргі таңда қойылар талаптың өсуі білімді игеру көрсеткіштері құрылымының өзгерісінде көрініс табуда, әрі осы мәселенің дидактиктер мен педагогтар зерттеулерінде көп қарастырылуы да септігін тигізіп отыр.Мотивация – психология ғылымындағы өте бір күрделі ұғым болып табылады. С.Л. Рубинштейннің айтуынша іс-әрекеттің өзінде бағытталуына орай мақсаты нақты көрінеді және әрекет орындалуына қарай мотивтері белгілі болып отырады. Әрекет мотивтері өте күрделі, олар түрлі қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде дамиды.

Адамзатқа мотивтер арқылы қоғамның жері көп жағдайларда бағалау әрекеті көмегімен беріліп, жүзеге асып отырады.

Оқу мотивтерінің даму мәселесі үнемі психолог-ғалымдарды қатты толғандырып келген жәит. А.Н. Леонтьев, М.И. Божович, Н.Г. Морозова, Л.С. Славиналар өз еңбектерінде оқу мотивтерінің дамуы туралы зерттеді. Мектеп оқушылары үшін мотив жәй ғана оқу, үшінші, төртінші сынып оқушыларыүшін бағаның рөлі жоғарылайды. 6-7 сыныптарда оқушылар үшін басты мотив-болашаққа дайындық болады.

Зерттеудің мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде  оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа тәсілдердің тиімді жақтарын көрсету, оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу, олардың функционалдық сауаттылығы мен  танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету.



Зерттеу нысаны: Сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру» деген. Заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру,тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мол мүмкіндік бар. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдап алу тиімді оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу пәні: Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа тәсілдердің тиімді жақтары оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс. Білім беру жүйесін дамыту жағдайында мұғалімдерді заманауи әдістермен, жаңа технологиялармен жаңаша жұмыс жасауға бейімдеу, педагог мәртебесін көтеру өте маңызды

Зерттеудің болжама: Зерттеудің мақсаты мен жұмысты үйлестіру барысында тұжырымдалған зерттеу болжамына сәйкес келесі зерттеу міндеттері айқындалды: Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасау.

I ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖҮЙЕСІ: ЖАҢА ТӘСІЛДЕР, ЖАҢА ШЕШІМДЕР

1.1Білімді бағалау формаларының қалыптасу мен даму тарихы

Бағалау (ағылш. – assessment →size (көлемін анықтау, көбінде салықтың) →sed/sit – отыру (соттың қасында ақпарат беріп көмектесу) – бұл оқыту нәтижесінде оқушылар нені біліп түсінді және осы білімтүсініктерін қалай қолдана алатынын терең түсіну үшін түрлі дерек көздерінен ақпаратты жинақтау және талдау үдерісі.

Бағалау мақсаты Оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың негізгі мақсаты – алынған білімдік нәтижелердің алдын ала жоспарланған нәтижелерге сәйкестік дәрежесін анықтау.

Бағалауда оқушының өзі емес, оның жұмысы бағаланатынын ұмытпауымыз керек. Сонымен бірге, бағалауда басты назарды жұмыстың кемшіліктеріне емес, жетістіктеріне аудару керек. Кемшіліктер екінші кезекте қарастырылады.

Бағалаудың алғашқы жүйесі Германияда пайда болған. Ол үш ұпайдан тұрған, әрқайсысы разрядтарды білдірген. Осы разрядтар бойынша оқушылар үздіктер, орташалар және нашарларға бөлінген. Уақыт өте орташа разрядты екі класқа бөледі, өйткені оқушылардың көпшілігі осы разрядта болған. Осылай бес ұпайлық шкала пайда болған.


Орта ғасырда Германия мектептерінде алғаш рет үш баллды бағалау жүйесі пайда болған. Әр балл сынып оқушыларының үлгерімін, басқа оқушылардың үлгерімімен алатын орнымен, дәрежесін білдірген. /1-ші-өте жақсы, 2-ші орташа, 3-ші нашар/. Кейін орташа дәрежені иеленген оқушыларды сыныптарға бөлген. Баллдың көмегімен оқушылардың дүниетанымын бағалауға тырысқан. Мұндай көзқарас негізінде Базедовтың 12 баллдық бағалау жүйесі орнайды. Базедов Иоганн-Бернгард /1724-1790/ неміс педагогы, филонтропизмнің педагогикалық ағымының негізін салған.

1774 жылы Дессау қаласында тәрбиелеу мектебін ашқан. Бұл мекемеде тәрбиеленушілерді мадақтау үшін өзіндік ерекше бір мадақтау жүйесін қолданған. Мақтау негізінде арнаулы тақта болған. Осы тақтаға оқушылардың аты-жөні жазылған. Аты-жөндерінің жанына нүктелер қойған. Осы нүктелердің санына қарай тәрбиеленушілерге жеңілдіктер мен жетістіктерді тағайындаған. Жинақталған нүктелер санына қарай тәрбиеленушілерді қандайда бір үздік белгімен немесе тәттілермен марапаттаған. Нүктелердің саны он екіге шектелген. Кейінірек нүктелерді жеке жауаптарға және оның сапасы мен дұрыстығына қарай қойылған. Мектеп тәжірбиесіне енген әртүрлі елдердің бағалары әлеуметтік маңыздылығына ие болған.

Оқытудың бағалау жүйесінің кемшілігі XIX ғасырда орта кезінде байқалған. Баллдық бағалау жүйесіне көптеген педагогтар қарсы болған. Себебі олардың ойынша балл /сан/ арқылы баланың адамгершілік сапалары мен баланың еңбек жағдайы бағаланбайды деп санаған. Педагог тек қана әр оқушының білім деңгейін, дағды мен іскерлігін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар әр оқушыға және олардың ата-аналарына оқытудың жетістіктерін оқуға үлгермеушілік жағдайларын түсіндіре отырып меңгерту қажет. Осының негізінде үлгермеушіліктің себебін анықтап беру міндеті жүктелген.

1917 жылы Ресейде бағасыз оқыту идеясы әрі қарай өз дамуын жалғастырды. Баланың оқу және тәрбие саласындағы жетістігі тікелей мотивацияға байланысты.

Ресейде бес баллдық шкаланы алып пайдаланған. Осыдан барып баллға басқаша мән бере бастаған.Ресейде алғашқы рет 1737 жылдан бастап білімді бағалай бастаған. Бағалар ол кезде сөздік түрде, «жақсы-жаман» ұғымдары шеңберінде болған. Кейінгі уақыттарда ресейлік бағалау 3 -, 5 -, 8 -, 10 -, 12 -ұпайлық жүйеден өткен. 1939 жылы сөздік бағалау қайта оралды, «қанағаттанарлықсыз» , «қанағаттанарлық» , «жақсы» , «үздік» бағалары қойыла басталды. 1944 жылы ол сөздерге үйреншікті 1 -ден 5 -ке дейінгі ұпайлар қосылды. Осылай 5-ұпайлық бағалау жүйесі заңды түрде енгізіліп, бүкіл совет дәуірінде мүлдем жаңартылмады.


Белоруссияда 2003 жылдан бастап 10 -ұпайлық бағалау жүйесі енгізілген. Молдова, Латвияда да 10 -ұпайлық жүйе, Украинада – 12 -ұпайлық бағалау. 10, 11, 12 ұпайларына оқитын бала бұл жерде үздік болып танылып, мектепті бітіруде алтын медальмен марапатталады. Польшада оқушылар 6 ұпаймен бағаланады. Барлық жинақталған білімді меңгерудегі ынталандырудың әсері, дағды мен әдеттерді қалыптастыруы, өзінің белгілі жеке сапалы қасиеттерін жетілдіруіне байланысты болып келеді. Осы арада біз басқа елдердің білім беру жүйесінде қалыптасқан оқушы білімін бағалау форматтарына назар салып өтсек.

Ұлыбританияда цифрлік бағалаудың орнына сөздік бағалау жүзеге асырылады. Бұл оқушының жұмысын толық және жан-жақты сипаттауға мүмкіндік береді. Бағалау формасының үлгісі: Оқушының аты-жөні. Оқу пәні. Толтыру күні. Сипатталып жатқан уақыт мерзімі (1, 4 немесе 12 апта). Пән бойынша оқушы үлгерімінің жалпы сипаттамасы – мұғалімнің жан-жақты пікірі.

Жапонияның бағалау жүйесі өте қызық. Мұнда 100 -ұпайлық жүйе, бірақ оқушының білім деңгейі жеке бағаланбайды. Тоқсан соңында бүкіл сыныпқа білім сапасының жалпы пайызы мен үлгерімнің орта ұпайы шығарылады. Бірақ соңғы кезде мұндай бағалау шынайы емес деген көптеген пікірлер айтылуда, сондықтан жуырда жапондықтар бұл бағалау жүйесінен бас тартуы мүмкін.

Басқа елдегі оқу саласымен салыстырғанда, Францияның өзгешелігі бар. Мұнда білім  20 балдық  жүйесімен өлшенеді. Шындығына келгенде, бұл жүйе сапалы білім деңгейін көрсетеді және нақтылықты білдіреді, оған «жүрдім-бардым» қарауға болмайды.

Францияда 20 -ұпайлық шкала бойынша оқиды, бірақ ең жоғарғы ұпай бұл жерде – 18 ұпай. Француздардың түсінігі бойынша 20 ұпайды тек Алла тағала жинай алса, 19 ұпайды мұғалім мырза жинай алады екен. 14 -16 ұпай керемет нәтиже болып табылады. Француздік жақсы оқитын оқушылардың көпшілігі 10 -нан 12 -14 ұпайға дейін жинайды екен.

Егер бағалау бес балдық болған жағдайда, онда мұғалім өзінің үздік оқушыларын көтеріп немесе  білімі нашар балалардың бағасын  төмендетуі мүмкін. Францияда балалардың үлгерімі туралы табель әр семестр сайын ата-аналарға пошта арқылы жіберіліп тұрады. Мұнда барлық пән бойынша 20 балдық жүйеде есептелген орташа бағалары көрсетіледі. Мысалы -14,72.

Ата-аналарға тек бұл мәліметтер ғана емес, жеке бағандарда өткен семестрдің барлық пәннен алған бағасы көрсетіліп, оның оқудағы жетістіктерінің қаншалықты өсіп жатқандығы және әр пән бойынша сыныптың орташа бағасына қарап өз баласының басқалармен салыстырып, оқудағы  табыстылық деңгейін көре алады.