Файл: ЖАартылан білім беру мазмны аясындаЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 85

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

- оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін алдын-ала нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады.

Оқу нәтижелерін бағалау оқу үдерісінің бір жақты сипаты болып табылады:

      • баға қоюда қолданылатын меже;

      • баға қою мерзімділігі;

      • білім беру үдерісі субъектілері арасындағы байланыс механизмі;

      • оқушылардың қаншалықты табысты оқитындығын өз бетімен анықтау механизмі.

Бағалау жүйесі – бұл білім беру үдерісін өз бетімен реттеудің табиғи ішкі механизмі; субъектілік оқу үдерісінің сәттілігіне барынша кері әсерін тигізеді.

Оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау. Алынған білімдік нәтижелердің алдын ала жоспарланған нәтижелерге сәйкестік дәрежесін анықтау. Қатысушыларға оқытуды бағалау суммативті, формативті, критериалды бағалаудың сабақ үрдісіндегі маңыздылығын көрсету.

Бағалаудың жариялылығы білім алушылар және ата - аналар арасындағы, білім алушылар және мұғалімдер арасындағы, ата – аналар мен мұғалімдер арасындағы психологиялық сипаттағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Бастауыш мектептің 1-ші сыныптарында білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерінің сандық формасы ретіндегі баға болмайтын бағасыз оқыту жүзеге асырылады. Бағасыз оқыту барысында бақылау және бағалау білім алушының пәндер бойынша білім, білік және дағдыларды меңгеру деңгейі мен оның даму деңгейімен анықталатын оқу үрдісінің сапалық нәтижесін бейнелейтін мазмұндық – бағалық негізде құрылады.

2.2 Білім беру мазмұны жағдайындағы бағалаудың тиімділігі

Бағалауда қолданылатын құжаттар:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім)

  2. Оқу бағдарламасы (пән бойынша)

  3. Оқу жоспары (пән бойынша)

  4. Жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау ережесі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру);

  5. Бастауыш/Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық

  6. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

  7. Жиынтық бағалауға арналған ұсыныстар

  • Бағалау критерийлері, тапсырмалар үлгілері, дескрипторлар, балл, бөлім бойынша рубрикалар

  • Бағалау критерийлері, тапсырмалар үлгілері және тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


Бағалаудың  бүгінгі  жаңаша  түрлері: «Қалыптастырушы  бағалау»  және «Жиынтықты бағалау» болып іске асады. Қалыптастырушы бағалау – күнделікті оқудың алға жылжуына әсер етсе, жиынықты бағалау-оқушының бөлімдер бойынша берілген сабақтан алған білім нәтижесін көрсете алады. Осындай  бағалау  тәсілдерін  бала  белсенділігін  арттыруда  түрлендіріп  қолдану  немесе  жаңаша  қырда  өңдеу  немесе  авторлық ұсыныстар арқылы бағалау,жаңашыл педагог мамандардың бүгінгікүн талабы.  Осы  мақсатта  жүргізілген мектеп жұмысында  бүгінгі  таңда   екібағалаудың   жаңа  үрдісі   ұсынылып, «Серпін» кәсіби қоғамдастығы аясында мектепішілік пән  мұғалімдерінің  қолданысында   жүзеге  асырылуда.

1. «Нысаналы  бағалау  әдісі» (ұсынушы- А.Қасымбек)- сабақтың  әр  кезеңін  оқушылар  өзара   білім  деңгейін   шеңбер  өзегінің    радиуысы  бойында  төменгі  шектік 0 балдық  бағалаудан  бастап, жоғары  шектік деңгейі 7 балға   дейін   нысаналы   белгілеу  арқылы айқындайды;

2. «Иерархиялық бағалауәдісі» (ұсынушы Қ.Озықбай) оқушылар  өзара  оқу  белсенділігін  әр  кезеңдер  бойынша  түсті  қағаздары  арқылы  жапсырмалы түрде  пирамидалық  өсушыңындабелгілейді.Бұл  екі  әдіс  те  бүгінгі  уақыт  өзіндік  тиімділігімен  мектеп  кәсіби  қоғамдастығында   таратылса,  аудан деңгейінде   өтілген қазақ  тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері семинарында аудандық  деңгейде  ұсынылып,  пән  ұғалімдері  тарапынан  сұранысқа  ие  болды.

Оқушы  қашанда өсу, тану,білу  объектісі  тұлғасында  қаралады. Сондықтан  да, мұғалім -  сол  оқушының көзқарасындағы жанарды  оқу арқылы, оқушының  оқу  белсенділігін арттыру үшін тақырыптық  жүйелі  жұмыстар барысына түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бағытына басымдықберу  қажет.  Өзінің   бағалануы  арқылы  өз  білімінің нақты деңгейіне  көз жеткізген жағдайда ғана, бала ықпалды, белсенді, ізденімпаз  бола  алады. 

Бала, ол-ақ  қағаз  тәрізді. Күнделікті  жұмыс кітапшасына арнаған    дәптер  бетінің  бірін  толық, бірін  жартылай,енді  бірін  жай  ғана  түртіп  немесе  мүлдем  жазбасыз  қалдырып  өтіп  кетіп  жатады. Бірақ, бұл дәптер. Ал, бала  ыждақатсыз   қарауды  қажет  етпейді, оған тиянақтылық, жүйелі   бақылау  мен    шешімді  жұмыс  нәтижесі  керек. 

Бағалау үдерісі – бүгінгі оқыту мен оқудың маңызды элементтерінің бірі. Оқу үдерісін басқарудың тиімділігі бағалауды дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Қазіргі бағалау икемді, бірнеше аспапты, түсінікті, психологиялық тұрғыдан қолайлы, екі бөлікті: формативті және суммативті болуы керек.


Формативті бағалау оқушылардың  қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін  жоспарлау үшін қолданылады. Формативті бағалау:

  • Күнделікті тәжірибеде қолданылады (сабақ сайын);

  • Алға басуды қамтамасыз ететін кері байланыс;

  • Оқушыға да, мұғалімге де қолайлы бағалау формасы;

  • Мұғалімге сыныптың үлгірімін қадағалауға көмектеседі;

  • Қалыптастырушы, ынталандырушы функцияларды атқарады.

  • Нәтиженің дамуы мен өсуіне тікелей әсер ететін үрдіс.

  • Ауызша мадақтаулар, мұғалімнің қолдауы, көтермелеуі және жылы сөздер.

Сондықтан бұл бағалау түрі оқыту мен оқудың маңызды факторларының бірі. Бүгінгі білімде оқушылардың өзін-өзі бақылаулары, өзін-өзі бағалаулары және өзара бағалаулары ынталандырылады. Бағалаудың алуан түрін пайдалану жеке жауапкершілікті көтереді. Формативті бағалау мен оқыту біртұтас. Қалыптастырушы бағалау түрін қолдану тиімді оқытудың болмысы болып табылады, ол оқытуды оңтайландырудың күшті құралы бола алады.

Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны. Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына ықпал ете алады.

Формативті бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім-оқушы арасында кері байланысты орнату. Формативті бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы; білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу; «5» балдық бағалау жүйесінің жақсы қасиеттерін сақтау; оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою; оқушының бағалаудан алған эмоционалды негативінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы; бағалаудың объективтілігі, анықтылығы және ашықтығы; өзін-өзі бағалау дағдылары.

Формативті бағалаудың ең тиімді әдісі оқушыларды критерий арқылы бағалау болып табылады. Критерий арқылы бағалау  бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие.  Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критерий арқылы бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.


Критерий арқылы бағалау сабақтың өн-бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз.

Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады.Тапсырма: Орыс тілі пәнінен 9-сыныпта «Диалог» сабағында оқушылардың сөйлеу дағдысын кеңейту, қызығушылықтарын арттыру мақсатында топтарға  әр түрлі ас мәзірлері беріледі.

Сабақ үрдісінде формативті бағалау (қол шапалақтау, жұлдызша беру)  ынталандыру мақсатында жүзеге асып отыратын сабақтың негізгі бөлшегі болып саналады. Қазақ тілі сабақтарында мұндай бағалау түрлерін грамматикамен байланыстырып жіберу өте тиімді.

Берілген суретке және ас мәзіріне қарап, диалог жазу тапсырылады.

Бағалау парағы: (бос торкөздерге 5 балдық жүйемен баға қойылады).




Критерийлер

Төл сөзді сөйлем қолданды

Төлеу сөзді сөйлем қолданды

Тыныс белгісі дұрыс қойылған

Ойы жүйелі

Сөйлемдердің құрылысы талапқа сай

Қорытынды бағасы

1-топ



















Тапсырма:  8-сыныпта қазақ тілі пәнінде «Күрделі сын есімдер» тақырыбында сабақ бар. Сабақтың мақсаты бойынша оқушылар күрделі сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрау керек. Осы тұрғыда, мынадай тапсырма беруге болады. Үш топқа әр түрлі суреттің сызбасын ғана ұсынып, сол суреттің ішін бояу тапсырылады. Суретке қарап, күрделі сын есім қатыстырып, сөйлем құрау тапсырылады.

Сынып оқушыларының бағалауы: (формативті  бағалау)

Сіздерге сыныптастарыңыздың жұмысты орындауы қаншалықты ұнады? (1 сын есім айту)

Қандай сөз есіңізде қалды?        (1 зат есім айту)

Қандай баға қояр едіңіз?            (1 сан есім айту)