ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 83
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
АҚШ-тағыбағалау әріптік жүйеде жасалған. Сыныптан-сыныпқа көшу үшін оқу үлгерімі С бағасынан төмен болмауы керек. В бағасы мектеп бітірушілер үшін міндетті.
A - оқу деңгейі қалыпты өте жақсы: білімі терең, дайындығы мықты (90-99 %)
В - орташадан жоғары саналады (жақсы 80-90 %)
С - тапсырма орындауы орташа (орташа 70-80%)Д - қанағаттанарлық, оқуы төмен (орташадан төмен 60-70%)
Е - қанағаттанарлықсыз немесе оқу бағдарламасын мүлдем білмейді (0-59%).
Американдық мектептерде семестрлік жүйе қабылданған, яғни, оқушылар мен олардың ата-аналары оқу үлгерімі жайлы ақпаратты жарты жылда бір рет хабардар бола алады. Семестрдің нәтижелерін мектеп интернет-порталындағы ата-ананың жеке кабинетінен көруге болады. Баллдық жүйеден басқа, тәрбиешілер қосымша қысқаша түсініктеме беру мүмкіндігін пайдаланады, оған әдетте мадақтау немесе одан әрі оқу бойынша ұсыныстар кіреді. Түсініктеме, сонымен қатар, ерекше назар аударуды қажет ететін тармақтарды көрсете алады.
Басқа елдердің білім беру жүйесіндегідей американдық мектептердегі мұғалімдер бағалауға «+» және « - « қосуы мүмкін, бірақ мұндай белгілер ресми көрсеткіштерге әсер етпейді және оқушыны ынталандыру мақсатында қойылады. F орнына E бағасын табуға болады, бірақ олардың мәні бірдей — "қанағаттанарлықсыз", жай F — Fail дегенді білдіреді немесе сәтсіздік оқушының тапсырманы орындаудағы толық сәтсіздігін көрсетеді.
Американдық мектептердің айырмашылығы тек оқу үлгерімінің әріптік белгісінде ғана емес. Олар «мектеп сыныбы» ұғымын оқушылардың бірлестігі ретінде қабылдайды. Әрбір оқушы оқу пәндерінің тізімін өз бетінше таңдайды: математика және ағылшын тілі сияқты міндетті пәндер жиынтығы бар, ал музыка, дизайн, экономика сияқты элективті пәндер бар. Сондықтан әр оқушы жеке жоспармен, өз кестесімен және көбінесе әртүрлі топтарда айналысады. Оқушылар ресми түрде бекітілген сыныптар әлі де бар, бірақ олардың құрамы жыл сайын өзгеріп отырады.
Барлық қабілеттер баланың жетістікке жетуіне кепілді бола алмайды. Қажетті мотивацияның баланың бойында болмауы оқу әрекетіне бейімделмейді және сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда да аз белсенділік көрсетеді. Мотивацияның тапшылығы болған жағдайда бар мүмкіндіктері қабілетке айналмайды, интеллектуальді және жеке қабілеттері өте бояу дамиды. Қолайлы жағдайдың болмауы да әсер етеді. Қорытынды нәтижесінде баланың жеке дамуы қалыптасып, жаңа біліммен, әдеттерді қажеттілік ретінде сезіп, өзін-өзі жетілдіруге және дербес дамуын жетілдіруге тырысады.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды қорлардың болғанымен, бірақ тәжірибиеде мотивацияның жеткіліксіздігінен барлығы қолданылмайды. Мұндай жағдайлардың себептері әртүрлі.
Біріншіден, барлық мотивтердің белгісіздігі, балалардың әртүрлі жасы, әртүрлі индивидуальді ерекшеліктері оқуда қалыптасады. Жеке, сапалы, жаңа қарым-қатынастар, білім, дағды және әдеттер қызығушылықтың негізінде байқалады.
Екіншіден, біздер өсіп жетіліп және педагог қызметін атқарғаннан кейін барып алғаш рет балалардың оқу мотивтері жөнінде ойлана бастаймыз, бала бақшадан шыққанымыздан соң барып балалардың тәртібі жөніндегі мотивтер, түпнұсқалар мен болжамдар туралы ойланамыз. Біздің берген болжамдарымыз бен ойларымыз дұрыс шығуына кепілдік бере алмаймыз. Біз негізінде балалардың бойында жоқ нәрсені бар деуіміз мүмкін және оларға ненің маңызды екеніне мән бермеуіміз де мүмкін, оқыту және тәрбиелеуде дәлеліміз дұрыс болуы да мүмкін.
Үшіншіден, балалар арасында әртүрлі индивидуальді айырмашылықтар болады, бір балаға бір нәрсенің оған маңызды болуы, келесі балаға мүлдем қызықсыз болуы да мүмкін.
Ең соңында төртіншіден, мотивацияның өзі, жинақталған мотивтің өзі де кейде бір жағдайға орай өзгермелі болады. Бұл себепке орай оқыту және тәрбиелеу негізінде жағдайдың бірі қызықты болып келесі біреуіне қолайсыз болады.
Білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді, яғни бағалау- білім сапасын басқарудың негізгі критерийі. Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады.
Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині«жақын отыру» латын тіліндегі мағынада - бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Бағалау деп жұмыс жасаудағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады.
Үлгерімді бағалаудың білім беру және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру мен биелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады, ой-өрісі кеңейді, ғылыми көзқарасы қалыптасады. Іскерлікті, дағдыны игереді. Тәрбиелік мағынасы жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастырудағы құрал. Білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат - оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және кері байланысын есепке алу.
Мұғалім оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеру сапасын тексеріп қана қоймайды, ол оларды ойлау тәсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді. Білімдегі кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді.Әр сабақта бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындыққа кездесуі мүмкін екенін анықтау қажет.
Оқыту мен тәрбиелеудің ең басты міндеті осы негізгі айтылған төрт мотивацияның өзгеру себебіне байланысты. Мотивацияның төмендеуіне жол бермей тәжірбие жүзінде тиімді шартты қолдана білуге үйрену. Балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде қандайда бір шартты немесе қызығуды қарастырсақта нақты қарағанда мадақтау мен жазалау жүйесіне негізделеді. Мадақтау психологиялық ерекшеліктің ұнамды қасиетінің дамуына ынталандырса, ал, жазалау теріс қылықтың шығуына кедергі болады. Егер тәжірбие жүзінде тек қана мадақтау қолданылып, жазалау қолданылмаса, онда баланың бойында сапалы, ұнамды қасиеттермен қатар, теріс қылықтар дамиды. Егер де керісінше оқу-тәрбие процесінде тек жазалау ғана қолданылса мұндай жағдай балалардың теріс қасиеттерінің шығуына жол бермеуі де мүмкін. Сонымен бірге ұнамды, сапалы қасиеттердің дамуына кедергі келтіреді.
Мадақтау мен жазалауды бір-бірімен байланыстыра білсе ең қолайлы мотивацияны қамтамасыз етіп, ұнамды қасиеттердің дамуына жағдай тудырады, ал, бір жағынан теріс қылықтардың тууына кедергі жасайды. Ұстаз шәкәрттің теріс істері мен қылықтарын дер кезенде көре біліп, ретті жерінде оған түрлі жазалау шараларын да қолданып отырғаны дұрыс.
Жазалаудағы негізгі мақсаты - теріс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой ұсындыру. Мұның мәні де осында. Жазалауды да мадақтау сияқты аса ептілік, ерекше байсалдылықпен пайдалану қажет. Тіпте төменгі сынып оқушыларының да өздерінің тәртіпсіз істерінен ұялатын, жапа шегіп, қапаланатын кездері болады. Адамның кінәсі үшін әділ жазалау кісіні қатты ойландырып, бұл оның мінез-құлқын түзете бастауға себепші болады.
1.2 Оқыту үдерісінде қолданылатын бағалау түрлері
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды.
Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін
Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын. Оқушылардың сабаққа даярлығының, қабілеттінің көрінісі бағамен есептеді. Кейде оқушылар және мұғалімдер арасында "баға үшін оқисың ба" деген сияқты сөздерді естеп қаламын. Бұл дұрыс түсінік емес, баға ол білімнің, жұмыстың нәтижесінің көрінісі, алған білімінің дәрежесін көрсетеді.
Сонымен бағалау дегеніміз -одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (мұғалімге арналған нұсқаулық 56–бет).«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет.
Бағалау оқыту мәселесінде ғана емес, өмірдің барлық саласында маңызды қызмет атқаратын ұғым. Белгілі бір затқа не оқиғаға деген сіздің көзқарасыңыз бағалау түрінде көрініс табады. Жалпы бағалау деген не? Ол не үшін керек? Осыдан біраз уақыт бұрын бағалау ынталандыру үшін керек пе, әлде жазалау үшін керек пе? деген сұрақтар да қойылған еді. Әрине, бірінші кезекте бағалау білімнің сапасын анықтау үшін қажет.
Бағалауға қатысты көптеген анықтама, пікірлер бар. Мәселен, Пофам өзінің еңбегінде: «Бағалау дегеніміз – оқушылардың мәртебесін ресми түрде анықтауға тырысу», – дейді.
Ал қазақстандық ғалым С. Мирсеитова бағалау терминінің ағылшын тіліндегі үш мағынасын келтіреді.
Бағалау (Evоlutation). Мұнда бағалау талдау ретінде. Бұл тұрғыда бағалау – үйренушілердің оқу жетістіктерін белгілі бір талаптармен (критерийлер, стандарттар, үлгілер, эталондар) салыстыру, сол тұрғыдан нақты өлшемдер (балл, пайыз) көмегімен оларды тексеріп, қорытынды шығару;
Мониторинг (Assesment). Бағалау – бағалау құралы ретінде. Мұнда студенттердің немесе оқушылардың әрекеттері нақты құрал арқылы: тест, эсссе, басқа жазба жұмыстары, жоба, интервью, портфолио, т.б. көрсетеледі.
Баға (Grade немесе Mark). Бағалау– сандық құралы ретінде. Бұл бағалау біздің қолданыстары «баға қою» ұғымымен байланыстырылады. Емтихан, тест, жазба жұмысы, жоба жұмысы, т.б. бойынша балдық (мәселен, 100 балдық) немесе сандық (дәстүрлі 5 балдық) негізде қойылатын баға.
Бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау.
«Оқыту дедуктивті сипатта болғандықтан, біз оны тікелей бақылай алмаймыз», – дейді Дейл Шунк өзінің «Оқыту теориясы» еңбегінде. Ол тек нәтиже арқылы, яғни оқушылар не істеді, не айтты – сол арқылы ғана анықталады. Оқушылармен жұмыс жүргізетін зерттеушілер мен практик-мамандар оқушылардың білім алатынына шек келтірмесе де, нақты нені үйренгеніне көз жеткізу үшін олардың жетістіктерін бағалауы тиіс.
Бағалау термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандықтан, бір адам келесі адамның не айтып, не істегенін немесе өзінің іс-әрекетін бақылауы деуге болады. Бүгінде жыл соңында әрбір мектеп, ЖОО өзінің үлгерім нәтижесін анықтап, есеп береді. Бұл да бағалаудың бір түрі. Бұл мәселеге қатысты екі нәрсені айта кеткен жөн:
Бірінші – мектептердің осылайша есеп беруінің нәтижесінде емтихан білімді бағалау тәсіліне айналса, білімді бағалау, өз кезегінде, тестілеуден басқа да білімді өлшеу тәсілдерін қамтиды. Зерттеушілер мен практикмамандар «оқытудың нәтижесі болды ма, жоқ па?» деген сауалдың жауабын білгісі келеді. Осы орайда студенттердің білім нәтижелерін бақылаудың тестілеуден басқа да тәсілдері бар екенін айта кеткен жөн.
Екінші, контенттік тұрғыдан қарастырар болсақ, негізгі бағалануы қажет нәтиже – оқушылардың дағдысы. Бірақ зерттеушілер мен практик-мамандарды оқытудың басқа түрлері де қызықтыруы мүмкін. Мысалы, «оқушылар жаңа көзқарастар мен өзіндік бақылау жолдарын үйренді ме немесе контенттік оқыту нәтижесінде олардың мүдделері, құндылықтары, өзіндік тиімділігі мен ынтасы артты ма?» деген сауалға жауап іздеуі ықтимал.