Файл: ЖАартылан білім беру мазмны аясындаЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 82

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Біз көп жағдайда бағалау деп - мектепте зерттеліп отырған білім беру факторы деп оқушының әр салада қол жеткізген жетістігін айтамыз (оқу, жазу, есеп шығару, ғылым). Бағалауды оқушы немесе студенттің білімін тексеру үшін керек деп түсінеміз. Тіпті кей жағдайда сол күнгі сабақтағы оқушының білімбілігін емес, оқушының болмысын бағалап жататын сәттер де болады.

Бағалау мен баға қоюды ажырата алмай жатамыз. Психологиялық, педагогикалық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, бағалаудың білім алушының мінез-құлқына, ынтасына, білімге деген құштарлығын арттыруға тигізер әсері өте мол.

А.Әлімов Будапештте өткен семинарда ұсынылған бағалаудың алты қағидасын келтіреді.

Бірінші қағида: «Маңыздылық». Бағалау үшін пәннің ең маңызды, бағалауға тұрарлық күтілетін нәтижелерін таңдап алу керек. Егер оқытушының ойынша нәтиже маңызды болмаса, оны бағаламаса да болады.

Екінші қағида: «Дәлдік» (Адекваттық). Мұнда оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап алуымыз керек.

Үшінші қағида: «Объективтілік» (Дәлелділік). Объективті бағалау болу үшін бағалаудың нақты талаптарын таңдап алу керек.

Төртінші қағида: «Оқудың ажырамас бөлігі». Бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналуы керек, яғни «өзіміз үйретпеген нәрсені бағалау әділдікке жатпайды» (Дайана Хесс).

Бесінші қағида: «Жариялылық». Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушыларға алдын ала хабарлануы керек. Баға жария түрде қойылып, оқушылар қандай жағдайда қалай бағаланатындықтарын білулері керек.

Алтыншы қағида: «Қарапайымдылық».

Бағалау процесі мен оның формалары қолданыста қарапайым және ыңғайлы болуы керек. Бағалау түрлері Оқушының жетістігі мәселесі – қай елде болса да күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселелердің бірі. Қазақстандағы білім жүйесіндегі бағалау төмендегідей іске асуда:

• Не бағаланады? Білім алушының білім-білік, әрекеттері;

• Қандай білім бағаланады? Жұптық, топтық жұмыстары, проблеманы шеше білулері;

• Не үшін бағаланады? Әрі қарай өзін дамыту үшін;

• Қандай тәсілдер арқылы бағаланады? Жазба жұмыстар портфолио, есеп беру.

Қазақстандағы білім беру жүйесінде көптеген уақыт бойы бағалау мен баға қою ұғымы қатар қойылып, екеуінің арасына теңдік белгісі қойылып келді. Осыдан келіп, оқушы немесе студенттің баға үшін оқуы, ана-аналарды баласының не білгендігі емес, қандай баға алғандығы маңызды орынға көтеріліп кетті. Осыдан келіп білім мазмұны емес, бағаға негізделген білім басымдық танытты. Алайда білім сапасының жаңартылған мазмұнға ауысуымен қатар, Қазақстандық мектептердегі бағалау өлшемдері де өзгере бастады. Оқушылар алдын-ала әзірленген критерийлерге сәйкес бағалана бастады, яғни критериалды бағалауға көшірілді.


Критериалды бағалау кезінде:

• оқушы өз оқуының нәтижесінде нағыз субьектіге айналады;

• оқушының мектептегі мазасыздығы төмендейді;

• мұғалім «соңғы инстанциядағы сот» рөлінен кеңес беруші, маман, рөліне көшеді.

Критериалды бағалау мұғалімдер үшін бірқатар қағидалы нұсқауларды ұсынады:

1. Баға көмегімен оқушының тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады.

2. Оқушының жұмысы басқа оқушының жұмысымен емес, үлгісімен тікелей салыстырылады (өте жақсы орындалған жұмыс бейнесімен).

3. Нақты тапсырмалардың әр түрлері қолданылады және дұрыс орындалған тапсырмалардың түрлері нақты және анық сипатталады.

4. Үлгі оқушыларға алдын ала беріледі.

5. Баға қоюдың нақты алгоритмі әзірлену керек, ол бойынша оқушы өзі өзінің жеткен деңгейі мен өз бағасын анықтай алады. Өзіндік бағалау оқушы рефлексиясы оның жұмысын тұспалдайды.

6. Бағалау үрдісіне оқушыларды енгізу, өзіндік бағалауға өтуге ұмтылу.

7. Нені оқығаныңды бағалауға болады, сондықтан да бағалау критерилері – нақты оқу мақсаттарына жету.

8. Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқу пәні бойынша оқу жетістігін бағалау критерилері және оқушылардың жекелеген жұмыстарын анықтау, нәтижелерін қортындылауға мүмкіндік береді

Оқыту үшін бағалау (формативті) және оқытуды бағалау (жиынтық) болып бөлінеді. «Оқыту үшін бағалау» – білім алушылардың өзінің оқуының қандай сатыда екендігін, қандай бағытта даму керектігін анықтау процесі. Мұнда мұғалім жалғыз ғана бағалаушы емес. Білім алушылар бір-бірін бағалауы мүмкін немесе өзін-өзі бағалауы мүмкін. Осы арқылы оқушылар бағалауды үйренеді.

Егер бағалаудың мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқу қорытындысын шығару болса, онда ол жиынтық бағалау немесе оқытуды бағалау болып табылады. Бүгінгі оқушылар білімі критериалды бағалау негізіне қалыптастырушы (формативті) және жиынтық бағалау (суммативті) арқылы бағалануда. Бағалау тәсілдері Дейл Шунк оқыту нәтижесін бағалау жолдарына: тікелей бақылау, жазбаша жауап беру, ауызша жауап беру, өзгенің бағалауы және өзіндік есеп секілді жұмыстарды жатқызады. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды: — қадағалау; — алынған мәліметтердің интерпретациясы; — бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды;

Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті , яғни білім алушылардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырма- ны орындап отырған білім алушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып немесе үй жұмыстарын тексеру Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті , яғни білім алушылардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырма- ны орындап отырған білім алушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып немесе үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпарат ты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін.



Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге мысалы, ерекше дағдылар көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі.  Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. 



    1. Білім беру мазмұны аясында бағалауға қойылатын талаптар

Бөлім бойынша жиынтық бағалау:

  • БЖБ саны оқу бағдарламасына сәйкес анықталады

  • БЖБ өткізу ұзақтығы 15-20 минуттан артық болмағаны ұсынылады. 15-20 минуттық шектеу – шартты болып келеді, бұл – сабақтың бір бөлігін қамтитын, шағын тапсырмалардан тұратын бағалау жұмыстарын қолдану қажет екендігін көрсетеді;

  • БЖБ-ды қандай түрде (бақылау, практикалық, шығармашылық жұмыс, проект, ауызша сұрау, эссе және т.б.) және қай сабақта өткізетінін мұғалім өз бетінше анықтайды;

  • БЖБ тапсырмаларын құрастыру кезінде тек өтілген материалдарды ғана қамту керек;

  • БЖБ үшін тапсырмалар мен дескрипторларды мұғалім өз бетінше құрастырады (әдістемелік нұсқаулықта берілген тапсырмаларды қолдануға рұқсат етіледі);

  • БЖБ-да максималды балды дескрипторларды ескере отырып, мұғалімнің өзі анықтайды;

  • БЖБ өткізу тоқсан аяқталғанға дейін кемінде 1 апта бұрын жоспарланады;

  • Мұғалімге кез келген қолжетімді және қолайлы формада (электрондық күнделік арқылы ақпараттандыру қарастырылуда) БЖБ нәтижелері туралы оқушыны, ата-ананы ақпараттандыру қажет.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау:

  • Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады

  • Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т.б.)

  • Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.

  • Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі

  • Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды

Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады. Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады
.Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

  • тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

  • пән бойынша күтілетін нәтижелер;

  • пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;

  • ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу;

  • тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;

  • тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;

  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;

  • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

  • тапсырмалардың балл қою кестелері.Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетінше тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар.

Қалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргіліп отырады, балл мен бағақойылмайды, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекетіарқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға,сабақты ары қарай жоспарлауға ықпал етеді.Жиынтық бағалау мұғалімдер мен оқушыларға белгілі бір оқу кезеңінаяқтағанда (әр бөлім немесе ортақ тақырып бойынша, тоқсан соңында,триместр немесе оқу жылының соңында) оқушыға балл және баға қою арқылыоқу нәтижесінің ілгерілеуі туралы ақпарат беру үшін өткізіледі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша өткізіледі. Дегенмен, бағалау жолдары оның мазмұны мен түріне сай әртүрлі болады. Бұл жинақта қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар үлгілерімен әр пән бойынша тапсырманы орындау үшін нақты қадамдарды анықтайтын дескрипторлар көрсетіледі.

II ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

2.1Оқушы білімін бағалау форматтарының заманауи түрлері мен тәсілдері

Бағалау ақпараттық-диагностикалық рөл атқарады. Ол мұғалімге, оқушыға және оның ата-анасына жетістіктері мен кемшіліктері туралы хабарлайды. Ешқандай нормативтер мен нұсқаулар оқушыларды бағалау процесінің толықтығын сипаттай алмайды. Мұғалім әр оқушының даралығын түсініп, бағалауға жеке көзқараспен қарауы керек. Бағалау принциптері:

- бағалау-оқу процесінің маңызды бөлігі және тиімді мектеп тәжірибесі;

- бағалау әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылуы керек;

- бағалау оқыту сапасы туралы ақпаратты қамтитын түзету процесі болуы керек;

- бағалау оқудың өзін-өзі дұрыс бағалау қабілетін және оқу нәтижелерін үнемі жақсартуға деген ұмтылысын дамытуы керек;


- бағалау оқытудың түпкілікті нәтижесіне және қоғамдық өмірге кіруге бағытталған алдын ала стандарттарға негізделеді.

Сапалы бағалау:

- әр оқушының мүмкіндіктерін анықтау, оның қателіктерін емес;

- оқу процесіне қатысушыларды нені және қалай оқыту керектігі туралы хабардар ету;

- көпжақты болу және оқушының әлеуметтік және эмоционалды эволюциясына, сондай-ақ оның танымдық қызметіне бағытталған;

- мұғалімдер мен оқушылардың ынтымақтастығына ықпал ету;

Бағалаудың алғашқы жүйесі Германияда пайда болған. Ол үш ұпайдан тұрған, әрқайсысы разрядтарды білдірген. Осы разрядтар бойынша оқушылар үздіктер, орташалар және нашарларға бөлінген. Уақыт өте орташа разрядты екі класқа бөледі, өйткені оқушылардың көпшілігі осы разрядта болған. Осылай бес ұпайлық шкала пайда болған.

Ресейде алғашқы рет 1737 жылдан бастап білімді бағалай бастаған. Бағалар ол кезде сөздік түрде, «жақсы-жаман» ұғымдары шеңберінде болған. Кейінгі уақыттарда ресейлік бағалау 3-, 5-, 8-, 10-, 12-ұпайлық жүйеден өткен. Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор.

Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі; қаласының рейтинг.

Диагностикалық бағалау – бұл оқушының білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктері қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдеттегідей оқу жылының басында немесе жаңа тақырыптың, бөлімнің, тараудың бірінші сабағында өткізіледі.

Қалыптастырушы (формативтік) бағалау – бұл баланың оқуын үздіксіз бақылау үдерісі. Қалыптастырушы бағалау бағасыз бағалау болыптабылады, ол критерийлерге сәйкес бағалауға негізделеді және кері байланысты меңзейді.

Қалыптастырушы бағалау мақсаты – оқу үдерісінің барысында мұғалім мен оқушы қызметін түзету. Қалыптастырушы бағалау оқу нәтижесін жақсартуға бағытталған.

Критериалды бағалау