Файл: ЖАартылан білім беру мазмны аясындаЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 81

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Критерий арқылы бағалау қалыптастырушы бағалау жұмыстарын (формативті тапсырма) жүргізуде де үнемі жүзеге асып отырады.  Оқушылар жұмысты орындамас бұрын дескрипторларға назар аударады. Өзінің қандай білік-дағдыны қалыптастыруда жұмыс орындағанын  ұғынып отырады.

Сабақтың тақырыбы:   Төлеу сөз туралы түсінік

Критерий: Тыныс белгілерін және сөйлем құрылымын нормаға сай қолдану

Мақсаты:  Өз ойын еркін жеткізуде төл сөз, төлеу сөз және автор сөздерін орынды қолданады, тыныс белгілерін дұрыс қойып жазады.

Төмендегі тіркестерді пайдалана отырып, «Мейрамханада» тақырыбына шағын мәтін құрыңыз. Төл сөзді, төлеу сөзді сөйлемдерді қолданыңыз.Мейрамханада бас киімді шешу, ас ішерде қол жуу, тамақты тез жеу, майлы тағамды көп жеу, ас дайындаған адамға алғыс білдіру, тамақты төгіп–шашып жеу, қасықты дұрыс ұстау, қасыққа толтыра жеу, сораптап ішу, ас қайыру, даяшыға дөрекілік танытпау.

Сабақ процесінде өтілетін тақырыпқа байланысты немесе топқа орындауға берілген 1 тапсырмаға табыс критерийі құрылады. Табыс критерийі – нәтижеге қол жеткізудің ең тиімді жолы. Табыс критерийін дайындап, берілген тапсырма орындалып болған соң, топ мүшелері өз есімдерін жазып, әрбір критерий бойынша өздерін бағалайды. Жұмысым жүйелі болу үшін табыс критерийінің бірнеше үлгілерін дайындап көрдім. Сабақ барысында дайын үлгілерді топқа ұсынып, бірлесіп критерий құруын тапсырамын. Оқушылар алдымен топта ақылдаса отырып, өз ойларын ортаға салады. Сонан соң сынып оқушыларымен түгел бірлесе отырып, критерийлерді нақтылап аламыз.

Табыс критерийі:  үлгі 1

Кез келген тақырыптың оқушылар тарапынан игерілуі мақсатында сабақтың ережесін топқа бөліп беріп, постер қорғатуға болады. Бұл негізде 3 балдық жүйеден тұратын тұрақты критерийді қолданамыз. Мәселен:

  1. Тақырыптың толық қамтылуы – 1 ұпай;

  2. Таныстырылымның түсіндірілуі – 1 ұпай;

  3. Таныстырылымның безендірілуі – 1 ұпай.

Бұл критерийді топтардың өзара бағалауында «Табыс ағашы» арқылы бағалауға болады. Әр топқа мұғалім тарапынан 3 түрлі түсті қатты қағазға шығарылған жапырақтар ұсынылады. Топтар бірін-бірі бағалар кезде қойған бағаларына сәйкес жапырақтарды көтереді. Жасыл жапырақ – 3 ұпай, сары жапырақ – 2 ұпай, қызыл жапырақ – 1 ұпай. (Бұл әдістің орнына «Бағдаршам», «Бас бармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістерін де қолдануға болады)

Табыс критерийі:  үлгі 2

Сабақтың әр мақсаты бойынша критерий құрастырып, бағалау шкаласын смайликтер немесе жұлдызшалар арқылы беруге болады. Әр критерийдің тұсына өзін бағалау үшін оқушыларға жабыстырмалы смайликтер мен жұлдызшаларды ұсынуға болады.Критерий арқылы бағалау жүйесіне көшу пән мұғалімінен басқа да қызметкерлердің жұмыс міндеттерінің туындауына өз әсерін тигізді немесе олардың білім беру үдерісінде қарастырылған қызметтік міндеттерінің өз мәнінде жүргізілу қажеттілігін тудырды деп айтуға болады. Ең негізгі мәселе болып, пән мұғалімінің сабақта оқу материалын таңдап, іріктей білу біліктілігі күн тәртібіне қойылды.


Мәселе баланың білімін бағалау ғана емес, әр баланың қабілет-мүмкіндігін зерттеу, мүмкіндігін дұрыс пайдалануға бағыттау, бағалаудың жаңа жүйесіне көшкен өтпелі кезеңдегі баланың көңіл-күйін реттеу сияқты міндеттер өз шешімін тапқанда ғана критерий арқылы бағалаудың мақсатына жете алатындығына көзіміз жетті.Бағалау жүйесінің өзгеруімен оқушыларда тиянақты оқуға деген дағды пайда болуымен қатар, проблемалар да туындамай қалған жоқ. Бұрынғы оқушыларды бір-бірімен салыстырмалы бағалаудан өлшемдік бағалау жүйесіне көшкен кезде, кейбір оқушылар 5 балдық бағалау өлшеміндегі бұрынғы көрсеткіштеріне жете алмады. Соның нәтижесінде 2022--2023 оқу жылының І оқу тоқсанындағы 45 үздік оқушымыз ІІ оқу тоқсанында 34-ке түсті.Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.

Тәжірибелік маңыздылығы:

- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;

- оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.

- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі.

- оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

Критериалды бағалау

Мұғалімдерге:

1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

3. Білім беру сапасын арттыруға;

4. Оқытудың сапасын жақсартуға;

5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;

6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

Оқушыларға:

1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;

2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;

3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.

Ата-аналарға:

1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;

2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;



4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді қолдана аламыз. Осы әдістерді қолдана отырып оқушылардың оқуға деген ынтасының, қызығушылығының арта түскенін байқауға болады.

Критериалды бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады.Өз кезегінде, білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлерін жасауды талап етеді. Бағалаудағы ерекше амал критерий арқылы бағалау болып табылады.

Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі  бір  критерийлер  арқылы бағалау болып табылады.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:  1.Мектепте оқыту сапасын жоғарылату 2. Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады.

Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:

1. Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы 2. Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар 3.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі


Ұстанымдар негіздері:

1.  Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.  2.  Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт. 3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет. 4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

1. алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; 

2. анық, айқындылығы;

3. бағаның әділдігі;  

4. өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:

- сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.

- сабақтың/бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.

- алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау.

- критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.

- критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту.

- белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.

- оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.

Критериалды бағалаудың функциялары:

Ынталандыру   Белсенділік   Түзету    Дамытушы

Принциптері:  Нақтылық        Әділдік          Жүйелік

Критериалды  жүйе арқылы бағаның  қойылуы:

Оқытуда зерттеушілік іс - әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді.

Критериалдық бағалау жүйесі  арқылы:

1.  Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау;

2. Тұлғаны нәтижеге жеткізу;

3. Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;

4. Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы  білімін анықтауға болады.

Қалыптастырушы  бағалау- Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды; негізгі бақылау жұмысына  дейін білімін жүйелейді;  кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді. Негізгі бағалау белгілі бір  тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады; бір тарауға  байланысты   қалыптастырған білім деңгейін анықтайды және мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Негізгі бағалауда барлық критерийлер   барынша қолданылуы керек.  Критерий оқушының жас ерекшелігіне,  бағдарламаға сай алынады.

«Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя біледі» деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп,  оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізу, ал оқушыларымыз  әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету барысында еңбектенсе, оқушы да,  мұғалім де  өз еңбектерінің табысын көре алады деп ойлаймын.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасының атап өтерлік тұсының бірі жетілдірілген критериалды бағалау моделі, яғни оқуды және оқу үшін бағалау жүйесі.

1) бағалау критерийі – оқушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі, тиімді құрастылған бағалау критерийлері, оқушының тапсырмаларды нақты және дәл орындауын жеңілдетеді;

2) балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте. Кесте мұғалімге оқушы білімін әділ бағалауға көмектеседі;

3) дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама, сауатты құрастырылған дескрипторлар оқушыны тақырыптан ауытқымай жұмыс жасауына бағыттайды;

4) критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде оқушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.

Критериалды бағалау бойынша электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеу мен балды бағаға айналдыруды жүзеге асыратын электрондық құжат. Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету.

Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету. Коммуникация және рефлексияӘр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактілер мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.