Файл: Сабаты таырыбы Жаа птерге паркет салу жмыстарыны технологиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 104

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ағымды нұсқау. Әр оқушының жұмысын қадағалау, техника қауіпсіздігін сақтау. Бағыт беру, жұмыстың нәтижесіне әкелу.

Қорытынды нұсқау.Әр оқушының жұмысынтексеру, кемшілігін анықтап көрсету; Жұмыстың нәтижесін көрсету, мадақтау, бағалау.

Сабақты бекіту. Бағалау.

Үйге тапсырма беру. Жұмыс орнын тазалау.

11-сынып №7сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кескіш құралдарды шарықтау. Қауіпсіздікережелерін сақтау.(практика)

Сабақтың мақсаты: Ағаш өңдеу технологиясын түсіндіре отырып, құрал-саймандарымен жұмыс істеуді меңгерту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі
Қайрау, шарықтау (Заточка) — құралдық материал түпкілікті механикалық қасиеттерге ие болған соң тиісті геометриялық параметрлер мен кескіш жиектердің жасалуын немесе қалпына келтірілуін қамтамасыз ету мақсатында кескіш құралдың алдыңғы, артқы және өтпелі беттерін өндеу процесі. Қайрау әмбебап және арнайы қайрағыш білдектерде қажақ-алмас құралдардың көмегімен, сонымен қатар өндеудің электрохимиялық және электрофизикалық әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жону арқылы өңдеудің өнімділігі, өңделген беттердің кедір-бұдырлығы және құралдың тұрақтылығы Қайрау сапасына байланысты болады. [1]





11-сынып №8сабақ

Сабақтың тақырыбы: Паркеттің күтімі үшін суда ерігіш немесе скипидар мастиктерді әзірлеу технологиясы. (теория)

(Мақсаты: оқушыларға едендік жабындар туралы түсінік бере отырып, онымен жұмыс істеу жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың едендік жабындар туралы білімдерін, қызығушылығын, еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды жинақылыққа, шеберлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу;

Түрі: жаңа білім қалыптастыру;

Көрнекілігі: Линолеум,қыш тақташалар.
Сабақтың барысы:
Мастика – мастика жағылғаннан кейін еденді сүртіп, жылтырату керек. Мастика кепкеннен кейін 20-30 минут өткен соң еденді еденсүрткішпен немесееденді сүртіп жылтыратуға арналған қылшақпен сүрту керек. 1м2 еденге 10-15 грамм мастика қажет.

Жалтырағыш эмульсия - жалтырағыш эмульсияны еденге жаққаннан кейін оны жалтыратып сүртудің қажеті болмайды.Эмульсияны бірінші сулы шүберекпен сүртіп, еденге жағу керек. Эмульсияның жылтырауын күшейту үшін оны еденге арасына 30 минут салып, 2-3рет жағу керек.


Еден тазартқыш - арнаулы тазартқыштарды қолданбас бұрын ыдыстың ішіндегісін шайқап араластыру керек. Содан кейін оны жылы сумен сұйылтып, эмульсияға айналғанша араластырады.Дайын болған эмульсияны еденге жағып, оны 5 минут өткен соңқатты қылшақпен немесе жөкемен сүртеді.теория)



11-сынып №9сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жаңа паркетті төсеу және ламинациялау технологиясы.

1. Жаңа пәтердегі паркет салу жұмыстарының технологиясы.

Паркет жұмыстарының жіктелуі. Паркетті әшекейлеу және оның дизайны. Паркеттің басқа материалдармен үйлесуі. Паркетті төсеу және оның ерекшеліктері.

2. Паркет жұмыстарының материалдары. Жеке паркеттің құрамы.

Паркетті төсеуге қажет мастиктер. Битум мастигін әзірлеу. Мастикті әзірлеу әдістері.


  1. Паркет жұмыстарының құрал-жабдықтары шерхебельмен, сүргімен, арамен және басқа құралдармен жұмыс істеу. Кескіш құралдарды шарықтау. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.


  2. Паркеттен жасалған едендердің күтімі және оларды жөндеу. Еденнің бетін тегістеу. Паркет планкаларын бекіту. Планкаларды ыстық мастиктермен жабыстыру. Паркетті сүргілеу. Паркеттің күтімі үшін суда ерігіш немесе скипидар мастиктерді әзірлеу технологиясы.


5. Жаңа паркетті төсеу және ламинациялау технологиясы. Ағаш

н емесе бетон үстіне паркет төсеу. Паркетті «шырша» әдісімен шегелеу. Ламинация ланган едендердің түрлері, олардың күтімі және ерекшеліктері.

6. Үй жиһазын құрастырудың, жобалаудың негізгі ерекшеліктері.
Үй жиһаздарының негізгі бөліктері. Жиһазды құрастырғанда
қолданылатын біріктірушілер. Жиһаздың бөлшектенбейтін элементтері.

7. Қораптық (қатты) үй жиһазын жобалау ерекшелігі. Киім салатын

шкафтар мен секциялық жиһаздарды құрастыру технологиясы.

8. Жұмсақ және жартылай жұмсак үй жиһазын жобалау ерекшелігі.

Диван-кровать, қресло-кровать т.с.с. жиһаздарды құрастыру технологиясы.

9. Қонақ үй мен демалыс бөлмесін жобалау ерекшелігі. Орындықтар

жинау, оған қажетті бөлшектер мен саймандар. әртүрлі орындықтардың құрастыру технологиясын меңгеру.

10. Тұрғын үйдің мекен-жай алаңын жоспарлау. Алаңның дренаш
жүйесін жоспарлау. Бау-бақша жолдарының қызметі, түрлері


  1. Тұрғын үйдің мекен-жай алаңындағы жолдарды әшекейлеу. Оның түрлері. Асфальт жол, тас теселген жолдардың ерекшеліктері, технологиясы


  2. Мекен-жай алаңын әшекейлеп, безендіру технологиясы. Гүлзардың түрлері. Тастан жасалған әсем таушықтар, үлкен тастарды жылжыту, оларды әшекейлеп, безендіру технологиясы, гүлзардың күтімі, оған қажет құрал-саймаңдар.


  3. Тұрғын үйдің немесе пәтердің электр жүйесін жөндеу. Электр жүйесіне изолятормен оның ілмектерін орнату. Жарықтандыру қорабындағы электр сымдарды жалғау. Сымдарды ию, жалпақ сымдарды шегемен бекіту. Пәтердегі электр жүйесінің сұлбалары, оның сымдарының түрлері.


  4. Электр жүйесін жөңдеуге қажет құрал-жабдықтар. Құрал-саймандардағы ойма біріктірмелерді бөлшектеу, қайта құру сыртқы электрөлшегішпен жұмыс істеу.



15. Тұрғын үйдің электр жүйесін жөндеу барысында қолданылатын
техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау. Ток жүретін сымнан
ажырату ережесі. Электр тогынан немесе найзағайдан сақтану
жолдары. Техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері.

1 6. Электр құралдарын жөндеу. Тұрғын үйді салғанда
қолданылатын тұрмыстық электр құралдарды (тоңазытқыш,
кір жуу машинасы, микротолқынды пеш, электр үтігі,
шаңсорғыш) жөндеу технологиясы. Тұрмыстық электр
жабдықтарын күту. Техника қауіпсіздігі ережелері.

11-сынып №10сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ағашнемесе бетон үстіне паркет төсеу. Паркетті «шырша» әдісімен шегелеу.(практика)

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ағаш  діңінен өңделетін материалдармен  олардан жасалатын өнім түрлерімен танысу.

ә) тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық: ағаш кесінділерінің алуан түрлі  болатынын, оның  қолдану салаларының да өте кең екенін түсіндіре отырып,  оқушылардың    ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пән аралық байланыс : математика,биология

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жүргізу.

Көрнекіліктер: ағаш кесіндісінің суреттері, плакаттар, интерактивті тақта, кітаптар, журналдар, сөзжұмбақ, кесте, ағаш туралы әзіл өлеңдер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру

Едендер

Едендерді пайдалану кезінде келесі талаптарды сақтау керек:

- цоколь жылуоқшаулауы мен техникалық еденасты техникалық түзу жағдайда болу керек (үй саңырауқұлақтардан құтылу үшін);

- еден тақтайларында табиғи желдету желдеткіш торлар немесе ірге бастырғылар жарықтары арқылы қамтылуы керек;

- едендердің конструкциясына ұзақ әсер ететін ылғалды жою шаралары қабылдануы тиіс;

- еденнің қорғау - әрлеу жабындары қалпына келтіріліп отыруы керек.

Пайдалану барысында пайда болатын ағаш едендердің негізгі ақауларына келесілер жатады: уатылу, кебу және бырысу, аймақтық шөгу, сықыр, қалтылдақтық, беттің тегіс болмауы, тақтай және паркетті едендердің шіруі, жабын негізінің қыртысталуы, бояу қабаттың бұзылуы.


Барлық зақымдалған паркеттің жабыстырғыштары жаңасына ауыстырылуы керек.

Жаңадан қаланған жабыстырғыштар тұрған еденнің деңгейінен 0,5-1,0мм жоғары жатуы керек. Жөндеу жұмыстары біткенен кейін жаңа жабыстырғыштар тізіліп, еденге жаппай циклевка жайылады.

Паркетті едендерді екі айда бір рет мастикамен қашау керек немесе арнайы тозуға төтеп беретін лакпен бояу қажет. Егер паркет жабыстырғышы негізгі битумді мастикамен жабыстырылса, еденді скипидарлы мастикамен қашау тиым салынады, себебі ол битумді ерітіп жібереді де, паркетті қарайтады. Мұндай едендерге тек сулы мастикаларын ғана қолдану керек.

Еден тақтайларын механикалық тозудан, ылғалдың зиянды әсерлерінен сақтау үшін оларды үш жылда бір рет майлы бояулармен бояған жөн болады.

Жаңа еден тақтайлары қатты кеуіп қалған кезде, оларды қорытып, бояу керек.

Қатты тозған немесе зақымдалған бөлек тақтайларды жаңасына үш жағынан ауыстыру керек. Жөндеу жұмыстары біткеннен соң жаңа тақтайларды грунттайды, сылап екі рет бояп шығады.

Линолеумнан және синтетикалық материалдардан жасалған едендердің пайдалану барысында міндетті түрде жоятын негізгі ақауларына келесілер жатады: жарылулар, қабарулар, қирату, негіздің қыртысталуы, отырғызу процесстері.

Цементті-құмды қабатпен жабылған едендегі тозған линолеумді ауыстыру кезінде, еден астын цементті ертіндісімен тегістеп, жөндеуден өткізу қажет, содан кейін линолеум төсеу керек. Еден астындағы негіз қатты, тығыз, жақсы бетпен тегістелуі керек. Басқа жағдайларда тегістеу үшін қалау материалдарын – жартылай қатты ағаш тақтайларын және басқа да материалдарды қолдануға болады.

Линолеум жабынындағы жергілікті қабынуларды тесу және жүк салу арқылы жоюға болады.

Ксилолитті едендердің бөлек бөліктері бұзылған жағдайда, сол бөліктер алынып, орнына ксилолитті масса жағылады. Басқа жағдайларда ксилолитті еденді басқа материалдардан жасалған жабындардың төсем қабаты ретінде қолдануға болады.

Ксилолиті едендерді пайдалану және жөндеу кезінде тиым салынады:

- едендерді жиі және мол сулауға (жоғары электр өткізгіштікке ие болып едендер жарамсыз болып қалады);

- негізді тегістеу кезінде ізбес, цементті-әкті ерітінділерін, күйінді цементтерді қолдануға.

Керамикалық тақталардан жасалған едендердің негізгі ақауларына қыртысталу және жабындардың бұзылуы, жергілікті түсу, шұңқырлар, жарылулар және уатылулар жатады.

Бетонды негіздіктен қалған керамикалық тақталар ерітіндіден тазартылып, сумен жуылады. Тақталардың бекітуін цемент ерітіндісімен жүргіземіз, сонымен қатар ауыстырылатын тақтаны коллоидты-цемент, эпоксидты немесе желімнің көмегімен ауыстырамыз.


Цементті едендердің бұзылған орындарын бітеу кезінде оларды сондай материалмен жабу керек. Негіздіктің беті берік, кесілген, шаңнан тазаланған және ылғалды болу керек.

Цементті едендердің жөнделген орындарын екі күннен кейін цементпен қатырып тастау керек.

Бағалау.

Қортындылау:

Үй тапсырмасы:

11-сынып №11сабақ

Сабақтың тақырыбы: Үй жиһазын құрастырудың, жобалаудың негізгі ерекшеліктері (теория)

Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: қазақ халқының қолөнер туындыларының шығу тарихы, жасалу технологиясы мен тұрмыста қолданылуын түсіндіру.
ә) дамытушылығы: оқушыны еңбекке машықтандыру арқылы іске икем-ділігін,іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру.
б) тәрбиелілігі: ұлттық қолөнерді құрметтеуге үйрету және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі:аралас сабақ
Сабақтың түрі:дәстүрлі
Сабақты оқыту әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,сарамандық және өз бетімен жұмыс
Сабақты ұйымдастыру формасы: топқа бөліп оқыту
Қолданылған көрнекіліктер: интерактивті тақта,дайын жасалған сандықша, сандық жасаудың нұсқау картасы, “Ағашты қолмен өңдеу және металмен өңдеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі” плакаты,чеканка,буклет,тірек сызба.
Керекті құрал-саймандар: ағаш,қол арасы,сүргі,егеу түрлері,жұқа қаңылтыр, шекімелеу құралдары, балға,қарындаш,сызғыш т.б.
Пәнаралық байланыс: сызу,тарих,биология,экономика,бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу,сабаққа қатысуын және даярлығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабаққа шолу жасау.
1)Ағашты қол арамен кесудің қандай жолдары мен тәсілдері бар?
2)Ағашты сүргілейтін аспаптардың қандай түрлері бар?
3)Сүргіні кері қозғалтқанда,қалыптың артқы жағын неге көтереді?
ІІІ.Жаңа сабақ /түсіндіру/
Теория бөлімі:
1)Ағаштың тарихы жайлы түсінік беру.
2)Ағаштан жасалатын үй жиһаздары туралы.
3)Қолөнер бұйымдарының өрнек мотивтері.
4)Сандықтың тарихы,түрлері /қолсандық,жағлан,әбдіре/
5)Сандықшаның жасалу ерекшелігі,композициялық көркемдеу стилі.
Оқушылар!Бүгін біздер сабақта үй жиһазы-сандықты /сандықша/ жасап үйренеміз.Ежелден қазақ халқы үй жиһазын ағаштан жасаған.Қазақстанның мына аймақтарында ағаштың түрлері бар:Солтүстік Шығыста,Алтай төңірегін-де қайың,шырша,қарағай; Оңтүстікте терек, жеміс ағаштары; Батыста қара-ғай,қайың,жөке.Ағаш ұқсатумен айналысатындарды үйші,оймашы,балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген.Ағаштың адамзатқа,тұрмыс-тіршілі-гіндегі қолданылатын орнымен қатар ата-бабаларымыз үшін қасиетті де, киелі ағаштың орны бір бөлек екенін байқаймыз.