Файл: Сабаты таырыбы Жаа птерге паркет салу жмыстарыны технологиясы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 112
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
“Ел іші-өнер кеніші” дегендей біздің өлкемізде де ағаштан түйін түйетін небір атақты шеберлеріміз болған.Мысалға,соның бірі жерлесіміз белгілі қолөнер шебері-Айдос Мұратұлы атамыз.Халық шеберлерінің ағаштан жаса-ған,кең тараған бұйымдарының бірі-сандық.Оған киім-кешек т.б. заттарды салуға арналған.Қыз ұзатқанда қыз жасауы сандық болған.Ағаштан жасалған үй жиһаздарының безендіру тәсілдерінің де ерекшеліктері бар.Мысалы: Оңтүстікте бояумен сәндеу,ою жүргізу басымырақ болса,Солтүстік,Орталық, Шығыста түсті металдар мен әсемдеу жиі кездеседі.Ал,Батыста бедерлеп ою ойылып,қосымша түрлі-түсті бояулар жағылып үйлесімді көркемделеді.
Үй жиһаздарына салынатын ою-өрнек мотиві де әр түрлі.Оңтүстікте геометриялық фигурада пайдаланса,Солтүстік,Орталық,Шығыс аймақтарда жануар стилі (зооморфты) және өсімдіктер стилін жиі пайдаланады.Ертеде қазақ халқы үй жиһазының әдемілігіне ерекше көңіл бөлген.Әсіресе өрнегі-не.Ежелгі шеберлер үй жиһаздарының бетіне нақыштап сүйектен,күмістен, алтыннан оюлармен әшекейлеген.Мысалы:сандықтың,ағаш төсектің беттері-не.Қолөнерге бай қазақ халқының үй жиһаздарының ішінде сандықтың ежелден үш түрде жасалып келген киім-кешек,әр түрлі ұсақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді-кішілі қолсандық,жағлан және әбдіре пайдаланған.Үлкен әбдіре-сандықтың ұзындығы 90-100 см,биіктігі мен ені 45-50 см шамасында жұқа қарағай тақтайлардан жасалады.Жағландар әбдіре-сандық сияқты үлкен емес.Оның ұзындығы 60-70 см,ені мен биіктігі 30-35 см шамасында. Қол сандықтарды бойжеткен қыздарға арнап жасатады.Оның көлемі де шағын,ұзындығы 45-50 см,ені 25-30 см,биіктігі 15-20 см шамасында болады.
Жасалу ерекшеліктеріне байланысты да әрқилы.Мысалы:ағаштан ойған сандықтар,терімен қапталған жағландар,сүйек сандықтар,жұмсақ қаңылтырмен әсемделген сандықтар.Олардың аяғы болмаған.Қазіргі жағ-дайда сандық жасағанда,жерге қойғанда түбі дымқыл тартпау үшін оның астыңғы төрт бұрышына үйлестіре тақтайдан бұрыштап аяқтар орнатамыз (1-сурет).Екі қапталына екі тұтқа орнатылады және төмендегідей үлгіде жасалы-нады (3-сурет).Тұтқаларды қалың сым темірден немесе қалың қаңылтырдан дайындауға болады.Сандықшаның алдыңғы қабырғасының дәл ортасынан қақпағына кекіл орнатылады.Кекіл сандықшаны құлыптап қою үшін қажет (2-сурет).Жасалынатын сандықшаның қарама-қарсы қабырғалары бірдей болғандықтан,олар бірге дайындалады.Бұл екі беті бірдей сүргіленген қара-ғай тақтайларды бір-біріне қапсырып қағуымыз керек немесе желім жағып желімдеуге болады (4-сурет).Қақпағын екі жерден топсамен (5-сурет) бекітіп, тұтқасы мен кекілін орнатамыз.Сандықшаның даярлама бөлшектері дайын болғаннан кейін 6-суреттегідей етіп,ретімен мұқиаттап қағамыз.Енді сандық-шамыз әзір болғасын, оның бет жағын әсемдеуді жасаушы оқушылардың өзіндік логикалық ойлау ерекшеліктері мен (фантазиясы) шеберліктеріне байланысты.Сонымен,оқушылар,біздер сандықтыңшығу тарихын,түрлерін, оның беті қандай және қалай өрнектелетіні туралы біраз ой қозғадық,ерек-шеліктері мен жасалу технологиясына тоқталдық.Қазіргі сабақта қол сандық-ты жасап үйренеміз.Қол сандықты жасауды нұсқау картасына сүйене отырып дайындаймыз.Әрі қарай ендігі жұмысты техника қауіпсіздігі ережелерін есте сақтай отырып, сарамандық жұмысты жүргіземіз.
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегітехника қауіпсіздігі ережелері:
1. Жұмысты бастамас бұрын құрал-саймандарды түгендеп,мұқият тексеру керек(верстактың қысқыш қораптары т.б.)
2. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдаушы болма және басқаға кедергі жасама.
3. Кесу,сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықтап бекітілуге тиіс және сол қолды араға жақын ұстамаңдар.
4. Жұмыс соңында жасап жатқан бұйымыңды,материалынды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
Металмен жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздігі ережелері:
1. Қаңылтырдың бетін,жиегін саусағыңмен сипама.
2. Қаңылтырмен жұмыс істегенде,міндетті түрде қолғап кию қажет.
3. Сым темірмен жұмыс жасағанда,оның екінші ұшына сақ болған жөн.
Сарамандық жұмыста сынып оқушыларын 5 топқа бөліп,әр топтың тапсырмаларын түсіндіру.Сандықшаны жүйелі түрде жасап шығару үшін,жасалу технологиясын 5 кезеңге бөлеміз.Әр кезеңнің жұмысын әр топ жасайды.
Сандықшаның жасалу технологиясы:
1 кезең /І топ/.Өлшемі бойынша бет жағын және артқы жағын,екі жанын жасайды.
2 кезең /ІІ топ/.Өлшем арқылы қақпақтың екі жанын бірдей жасайды.
3 кезең /ІІІ топ/.Сандықшаның бет жағына түсетін оюды қағаздан ойып,қаңылтырға түсіреді.Қаңылтырды өлшемі арқылы қию.
4 кезең /ІV топ/.Шеку шегесі (чекан) және балғамен алдын ала қаңыл-тырға түсірілген өрнекті бедерлеп шеку,түзету.
5 кезең /V топ/.1,2,3,4 топтар жасаған бөлшектерді құрыстырады. Алдымен қорабы мен қақпағын жинап,шегелеп,содан кейін қораптың бет жағына чеканка орнатады.Екі бүйіріне тұтқа қағып,топсаларымен кекілін бекітеді.
Сарамандық жұмыс
Оқушылардың жұмыс жасауы үшін құрал-жабдықтарды,халаттарды үлестіреді.Әр топтың жетекшілеріне тапсырылады.
Қорытынды бөлім
5 кезеңнің жұмыстары 5 топтың мүшелерінің көмегімен аяқталған соң, әр топ өздерінің жасаған жұмыстарын қорғап,қорытынды жасайды. Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қателерін талдап, білім-дерінбағалау.
Үйге тапсырма: Сандықтың түрлері туралы мәнжазба жазып келу. Топтыңжетекшісі еңбек құралдарын жинап мұғалімге тапсырып,кезекші шеберхананы жинастырады.
11-сынып №12сабақ
Сабақтың тақырыбы: Үй жиһаздарының негізгі бөліктерін,жиһазды құрастырғанда
қолданылатын біріктірушілерді дайындау.(практика)
Мақсаты: Білімділік: Киіз үй тарихынан және киіз үйдің атаулары мен құрам-бөлшектерінен мағұламаттар беру. Киіз үй туралы түсінік-ұғымдарын молайтып, білімділікке жетелеу;
Тәрбиелік: адамгершілікке баулу, еңбекке сүйіспеншіліктері мен қабілеттерін арттыру, әрбір еңбекпен жасалған бұйымдарға ұқыптылықпен қарауға және қастерлеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойларын жетілдіріп, дүниетанымдарын молайту. Ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Оқулық, киіз салынған сурет, киіз үйдің макеті, киіз үйдің жеке-жеке бөлшектері: шаңырақ, уық, кереге т.б.
І. Кіріспе:
Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз киіз үй туралы болмақ. Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.Мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі өмір сүретін адамдар үшін киіз үй қыста да, жазда да қолайлы баспана болып саналған. Ең басты кереметі: көшіп жүруге ыңғайлы, әрі жеңіл. Оны тез жығып, тез құрастырып тігіп алуға болады. Халқымыз киіз үйді «қасиетті, киелі қара шаңырағымыз» деп дәріптеген, өйткені ол – ұлтымыздың баспанасы, мәдениеті, шежірелі тарихы, әрі өткенін ұмыттырмас маңызды ескерткіші. Киіз үйде ата-бабамыздың түсінік-түйсігі, ұғымы, таным-талғамы, өнер тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жинақталған. Бір ғана киіз үйден сәулет, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туындыны көре аламыз.
Құрметті оқушылар, біз білеміз: киіз үйдің киіз бен ағаштан тұратынын. Бірақ оның түрлерінің қанша екенін білеміз бе? Ендеше сабағымызды да осыдан бастаймыз!
ІІ. Негізгі бөлім. «Кім көп біледі?»
(Әр сұрақтың тұсында ұпай сандары жазылып тұр. Сол арқылы қорытынды жасалынады. Әр дұрыс жауаптың ұпайы есептеліп отырады.)
А) «Киіз үй атаулары»
-
Абылайша, жолым үй, жаппа үй. (Уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер) 4 ұпай -
Қараша үй. (Қоңыр түсті, жыртық-тесік, ескі, кедей үйі) 3 ұпай. -
Орда. (Еңселі, салтанатты киіз үй) 5 ұпай. -
Ақ шаңқан үй. (8 қанатты ақ орда, байлар, билер тұратын үй). 4 ұпай
Ә) «Киіз үйдің сүйектері қалай аталады?»
№ | Сүйегінің бөліктері | Құрамдас бөлшектерінің атауы | Ұпайы |
1 | Шаңырақ | Бақалақ, күлдіреуіш, қаламдық, табақ, тарам, тоғын | 5 ұпай |
2 | Уық | Қалам, қары, иін, уық бау | 4 ұпай |
3 | Кереге | Балашық, ерісі, желі, көк, қанат, сағанақ | 4 ұпай |
4 | Сықырлауық (Киіз үйдің әшекейлі сәнді есігі) | Босаға, жарма бет, маңдайша, табалдырық | 3 ұпай |
Б) «Киіз үй жабдықтары қалай аталады?»
1. Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяғын буып байлайтын жіп. 4 ұпай.
2. Бақан. Киіз үй тіккенде шаңырақ көтеруге, үзікиер мен түндіктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш. 5 ұпай.
3. Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз. 5 ұпай.
4. Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз. 4 ұпай.
5. Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз. 3 ұпай.
В) «Киіз үй жиһаздары қалай аталады?»
1. Киім және тағы басқа үй мүліктерін ілуге арналған жиһаз. (Адалбақан) 5 ұпай.
2. Тамақ пен ыдыс – аяқ сақтауға арналған үй жиһазы. (Асадал) 4 ұпай.
3. Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым. (Жүкаяқ) 4 ұпай.
4. Ас, тағам салуға арналып ағаштан жасалған үлкен сандық. (Кебеже) 3 ұпай.
5. Әр түрлі бұйым салуға арналып ағаштан немесе металдан
жасалған үй жиһазы. (Сандық) 5 ұпай.
ІІІ. Бағалау. Оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділігі мен жауап парақшадағы ұпайларын есептеп бағалаймын.
ІҮ. Қорытынды.
Міне, біз бүгінгі сабағымызда ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы пайдаланған киіз үй туралы білдік, әрі біраз мағұламаттарға қанықтық. Киіз үйдің атауларынан бастап, құрылымы мен оның жабдықтары және жиһаздары жайында үйрендік. Ұлтымыздың сәулет өнері мен мәдениетінен хабардар болдық. Бұрынғы шеберлердің жасаған бұйымдарын да біліп, өзіміз куә болдық. Олай болса, біз де үйден қатырма қағаздан үй жиһаздарын жасап әкелейік.
Ү. Үйге тапсырма: Қатырма қағаздан үй жиһаздарын (сандық, жүкаяқ, кебеже) жасап келу тапсырылады.
(Үй жиһаздарының аттары жасырылып, топ мүшелеріне беріледі)
Берілген тапсырмалар: (Киіз үйдің суреттерін жекелеп көрсете отырып орындау )
Ә) «Киіз үйдің сүйектері қалай аталады?»
(Кестені толтыру)
11-сынып №13сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қатты материалдан жасалатын үй жиһазын жобалау ерекшелігі (теория)
Мақсаты: Білімділік: )атты ағаш үйдің атаулары мен құрам-бөлшектерінен мағұламаттар беру.Ағаш туралы түсінік-ұғымдарын молайтып, білімділікке жетелеу;
Тәрбиелік: адамгершілікке баулу, еңбекке сүйіспеншіліктері мен қабілеттерін арттыру, әрбір еңбекпен жасалған бұйымдарға ұқыптылықпен қарауға және қастерлеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойларын жетілдіріп, дүниетанымдарын молайту. Ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Оқулық, киіз салынған сурет, киіз үйдің макеті, киіз үйдің жеке-жеке бөлшектері: шаңырақ, уық, кереге т.б.
Ағаштың жылтырлығы әбден кепкен, айнадай болып тазарғанда көрінеді. Бұл құбылыс таза ысқыланып жасалған заттарға жарық сәулесі түскен кезде жақсы байқалады. Жылтырауық қасиеті ағаштың негізгі тегі мен қаттылығына байланысты. Емен, шамшат, шаған ағаштарынан жасалған бұйымдар өте әдемі және жылтыр болады, ал лак ағаштың осы қасиетін күшейте түседі.
Ағаштың табиғи сүрегі-ағаштың бұл қасиеті оның арамен ұзынынан кескеннен кейін кептіріп, тазалап, ысқылап, май жаққан қезде өте жақсы көрінеді, оған бір ерекше көркемдік сән береді. Бұл сүреттің бәрі жылдық сақиналардың сәл көлбеу кесілуінен ерекше әдемілене түседі. Неғұрлым ағаштың жылдық сақиналары бірдей болмай қисық жасалған заттың өң-түсі өрнек-оюсыз-ақ ерекше құлпырады.
Қылқан жапырақты жұмсақағаштардың кесінділерінің табиғи сүректерері өте қарапайым, ал жай жалпақ жапырақтың табиғи сүреті күрделі және қайталанбас таңбалармен берілгендігін байкаймыз.
Ылғалдылық қасиеті - ылғалды ағаштардың салмағы мен кепкен ағаштардың салмағын салыстыру үшін мынадай түсініктемелер беруге болады. Мысалы: көп уақыт суда жатқан ағаштың ылғалдылығы 100%. Жаңа кесілген ағаштың ылғалдылығы 50-100%. Көп уақыт ашық ауада кепкен құргау ағаштың ылғалдылығы 15-20%. Бөлме температурасында кепкен ағаштың ылғалдығы 8-10%. Қақсып кепкен ағашта - 0 %.
Ылғал өткізу түтікшелері ағаштың кебуіне іштен сыртқа қарай булануына әсер етеді.Бұл жағдайлар өткізу түтікшелерінің өлшемдеріне байланысты. Ылғал сіңіру деп ағаштың қоршаған аймақтан ылғалды сіңіру қасиетін айтамыз.Ылғалданған ағаш гигроскопиялық жағдайға жетеді. Гигроскопия дегеніміз-ауадағы ылғалды сіңіру нәтижесінде қатты материалдың өз құрылымын өзгерту қасиеті. әр ағаштың гигроскопиялық жағдайы әр түрлі болады,мысалы еменде тербеліс 23%,ал шамшатта 31% дейін жетеді.Ылғал сіңіру ағаштың жағымсыз қасиеттерінің қатарына жатады. Ол үшін ағашты лакпен ,бояумен,олифпен,шайырмен немесе жасанды шайырмен қаптайды.Бұйым жасауға арналған ағаштарды кептіргенде,жарылып кетпес үшін көлденең басына балшық болмаса сиырдың жас тезегін жағып,не қағаз желімдеп қойған жөн. Тез кебетін ағаштарға шамшат ,қайың,алма;орташа кебетіндерге-шырша,балқарағай жатады.