Файл: Баладаы дизартрияны тзетуде ойын мен жаттыуларды олдану жолдары.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 300
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Баладағы дизартрияны түзетуде ойын мен жаттығуларды қолдану жолдары
1 Теориялық бөлім. Дизартрияға физиологиялық сипаттама және бала тіліндегі дизартрияның көріністері
1.1.Сөйлеу тілінің даму кезеңдері
1.2.Дизартриясы бар балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі
1.3.Дизартриясы бар балалардың сөздік қорының дамуы
Тарау ІІ. Дизартриясы бар балаларды ойын арқылы оңалту және эксперименттік негіздеме
Бөбек бір жарым жаста 200-дей сөз біледі. Осы кезден бастап, игерген сөздерден сөйлем құрауға талпынады. Меңгерген сөздік қорынан бала 1000-ға тарта сөйлем құрастыра алады.
Бала, үш жасқа жеткенде 1200-1300 сөз біледі. Бұл жастағы балалардың сөйлем құрауы ересектерден кем болмай, тіпті aнa тілінде кездеспейтін жаңа сөйлемдер құрастырады. Мұның себебі бөбек қандай сөздер айтуға болатынын, не болмайтынын біле бермейді. Бұрын соңды іс-тәжірибеде өткізбегендіктен қателіктерге жол береді. Мұндай сәтсіздіктер үлкендер көмегімен түзетіліп отырылады.
Үш жасар баланың сөздік қоры өте тез молайып, 400-600 сөзге жетеді. Төрт жаста бұл сөздер екі есеге дейін, ал бес жаста 1500-2000 сөзге жетеді.
5-7 жас аралығында балалар тек үй ішіндегілермен ғана сөйлесіп қоймай, аулаға шығып құрбыларымен ойнайтын болғандықтан әрқайсысының сөздік қоры бірінің білмегеніп бірі үйрену арқылы бөбекке қарағанда 3 есе арта түседі. Атап айтқанда, 3200-3800-дей, сөздік қорға ие болады. Мектепке дейінгілер есінде бар сөз қорына негіздей отырып, тілдің қалыптасқан ережелерін білмесе де, үлкендердін, сөйлеу әрекетіне еліктей отырып, мыңдаған сөйлем құра бастайды. Мектепке дейінгі бала тілінің тағы бір ерекшілігі сөздік қорында бар морфемалар арқылы сөздерге жаңа жұрнақтар «желімдей» алу қабілеті.
Егер бөбектің сөздерден сөйлем құрастыру мүмкіндігі шектеулі болса, (сөйлемнің құрамы 2 сөзден артпайтын болса) енді бұл мүмкіншілігін есейген сайын арта түседі. Сөйлем құрау тек сан жағынан емес, сапа жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Мектепке асырылса, онда мұндай жағдайда толық, кең түрде байланыстырып айтып берудін, қажеттілігі шамалы, оның орнына көбіне қол қимылы, лепті дауыс және сілтеу есімдіктері мен үстеулер алмастырған ситуациялық сөйлеу формасы пайда болады.
Егер баланың айтайын деген оқиғасы жайында тыңдаушы хабардар болмаған жағдайда қарым-қатынас жасалатын: болса, онда кең көлемде, логикалық жүйеде сөйлеу формасын пайдалану қажеттілігі туады. Алайда мектепке дейінгі баланың контекстік тілі, оның ситуациялық тілін ығыстырып шығармайды.
Ситуациялық тілмен қатар контекстік тіл де мектепке дейінгі жас кезеңде арнаулы жағдайларда пайда болып, шапшаң дамиды. Көбінесе мынандай да болады, бала белгілі бір оқиғаны хабарлау барысында ересек кісінің біріне сөйлеудің ситуациялық формасын, екіншісіне контекстік формасын пайдалануы мүмкін.
Балаларда мектепке дейінгі кезеңде ана тілінің жүйесіне бейімделу жүзеге асады. Тілдің дыбыстық үні алты жасар бала үшін оның табиғи әрекетіне жарасатын ең басты алғы шарт. Алты жаста бала ауызекі сөйлеу тілінің күрделі грамматикалық жүйесін едәуір жақсы дәрежеде меңгеріп алатыны соншалық, оның сөйлеп жүрген тілі ол үшін шын мәнінде ана тіліне айналады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың тағы бір ерекшелігі олар көбінесе сөзді өзіне қарап айтады. Яғни бала кезде өзімен-өзі сөйлесіп отырады. Сөйлеудің бұл түрін Ж.Пиаже эгоцентрлік (лат - ego sentrum - өзіне) сөйлеу деп атаған. Әдетте ересектер ойлау процесін іштей сөйлеу нәтижесінде іске асырады. Іштей сөйлеу мектеп жасына дейінгі балаларда әлі қалыптаспағандықтан, өз ойын өзіне естіртіп айтады. Демек эгоцентрлік сөйлеу өзгеге арналмай, өзіне бағытталған ойды жеткізудің ерекше түрі. Бала ойы өзіне түсінікті болса, өзіне естіртіп айту не үшін қажет? Бала ойлау процесі жүзеге асуы үшін сол сөзді тірек ретінде пайдаланады. Әйтпесе оның ойлауы мүмкін емес[3, 216 б].
Балаларда мектепке дейінгі кезеңде ана тілінің жүйесіне бейімделу жүзеге асады. Тілдің дыбыстық үні алты жасар бала үшін оның табиғи әрекетіне жарасатын ең басты алғы шарт. Алты жасқа қарай бала ауызекі сөйлеу тілінің күрделі грамматикалық жүйесін едәуір жақсы дәрежеде меңгеріп алғаны соншалық, оның сөйлеп жүрген тілі ол үшін ана тіліне айналады.
Ересектер күнделікті іштей сөйлегенде ойын соған тіркейді. Бала мұндай операция жасауға дағдыланбағандықтан, ойын үнемі естіртіп айтады. Сондықтан эгоцентрлік сөйлеу бөгде біреумен қатынастың түрі емес, өз ойын өзіне жеткізу болып табылады. Ж.Пиаже эгоцентрлік сөйлеу балада 7 жасқа дейін сақталынады да кейін мүлдем жоқ болып кетеді дейді. Бұған Л.С.Выготский қарсы шығып, бала жеті жасқа толғанда эгоцентрлік сөйлеу мүлдем жойылып кетпей, оның іштей сөйлеуіне айналатынын дәлелдейді. Л.С.Выготскийдің пікірінше, іштей сөйлеу сырттай сөйлеу нәтижесінде дамып шығады. Сырттай сөйлеу бірден іштей сөйлеуге айналмайды, эгоцентрлік сөйлеу бұл екеуінің арасын ұштастырып, өзі кейін жоқ болып кетеді дейді.
Бұл пікірді А.А.Степанов қолдайды. «Іштей сөйлеу сырттай сөйлеудің негізінде қалыптасады. Мұндай ауыстыру балаларда үш жаста байқалады. Яғни балалар өзімен-өзі күбірлеп сөйлесе бастайды. Бұл сөйлеу бірте-бірте азая келіп, іштей сөйлеу формасына айналады» дейді.
Ал, М.М.Мұқановтың пікірінше, мектепке дейінгілерде іштей сөйлеу болмайтынын, сөйлеудің тек сырттай сөйлеу түрін ғана пайдалануға қабілетті екенін айтады. Мұнан шығатын қорытынды, мектепке дейінгі балалар сырттай сөйлеуді меңгеріп, бұл интериоризация процесі (сыртқы сөйлеудің ішкі сөйлеуге айналуы) қалыптасу кезеңін бастан кешіреді.
Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінін, қалыптасуына ересектердің сөзінің әсері өте күшті екендігі белгілі. Бала оларға үнемі еліктеп, сөз арқылы қарым-қатынас жасауға талпынады. Өз бетінше сөз шығарып, басқа балалардың тіпті үлкендердің сөзінде байқалатын қателіктерді көргің келеді, яғни баланың тіл сезімі күшті болады[4, 270 б].
Отбасында баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті көңіл бөлінсе, ана тіліндегі сөз қоры 4000-ға дейін жетіп отырады. Тілі дамыған баланың тілдік құралдарды үлкендерден қабылдап, оны өзі қолданатын контекстік тілде пайдаланатындығын жоғарыда айттық. Әрине мектепке дейінгі балалардың тілі жақсы жетілген дей тұрсақ та, ол бала тілі. Контекстік тілді әрі дамытып, жетілдіруге іргетас қаланды деп айтуға болады.
Мәдениетті тіл үшін сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің қалай қолданылатындығы мен баяндалатын ойдың айқындығы ғана маңызды емес, сондай-ақ баламен, басқа адаммен қалай сөйлескені, сөзді қандай нақышпен айта алатындығы да маңызды. Адам тілі ынтықтырмас әншейін бір жылуы жоқ нәрсе емес, тілде әрқашанда сезім күйін шертетін бейнелі мәнерлілік болады.
Біз үшін баланың сөздік қоры және оның контекстік тілді құра білуі қаншалықты маңызды болса, оның өз ойын қалай, қайтіп айтып жеткізе алуы да соншалықты маңызды болуы тиіс. Тілдің эмоциялық мәдениетінің адам өміріндегі маңызы зор. Тіл жатық және мәнерлі айтылуы мүмкін. Сонымен бірге оның кейде қалай болса солай аса жылдам немесе баяу, жабырқау түрде мүлде сылбыр да ақырын айтылуы ғажап емес. Баланың, қалай сөйлегеніне, тілінің қалай дамығанына қарай, оның тілін қалыптастыратын ортаға баға бере аламыз.
Мектепке дейінгі бала тілінің дамуы мынадай үш кезеңнен тұрады- Бірінші кезең: сөйлеуге дайындық кезеңі. Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылу, інгалау т.б.) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды, жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың үілдеуінен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Үілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздерін, дыбыстарына орайлас жасайтын реакциялар. Бұл кезең шамамен 2 айдан 11 айға дейінгі мезгілді қамтиды. Екінші кезең тіл құралдарын алғаш меңгерумен сипатталады. Бұл кезең 11 айдан 1 жас жеті айлық мезгілде қамтиды. Үшінші кезең тілдің грамматикалық жүйесін игерумен ерекшеленеді. Бұл мезгіл бір жыл жеті айдан шамамен үш жасқа дейінгі уақытты қамтиды. Баланың жасы ұлғайған сайын қарым-қатынасқа пайдаланатын грамматикалық формалардың саны бірте-бірте молая түседі.
Бала тілінің дамуына аса нәтижелі және нәтижесіз кезеңдер болатынына келейік. Адам психикасының дамуының аса табысты мезгілін психологияда сензитивтік кезең деп атайды. Әр жылда егіннің жақсы немесе өнімсіз болатыны сияқты, адамның да оның ішінде баланың әр нәрсеге қабілетті, сезімталдығы, қабылдау түрліше болып келетін кезеңдері болады. Бұл жөнінде тұңғыш пікір айтқан Италияның дарынды педагогі Мария Монтессори болды. Бұл көзқарас жөнінде Л.С.Выготский мен А.С.Лейтестер құнды пікірлер айтты.
Сензитивтік көзге неге мән берілуі тиіс? Өйткені бала қабілеті мен қабылдауы үнемі прогресспвтік жолмен дамымай, есейген сайын бұл қасиеттер көмескіленуі мүмкін, тіпті жоғалып кетуі де ықтимал. Ұстаз бала қабілетінің мол кезін пайдаланбай мезгілінен кешігіп қалса, даму өз дәрежесінде болмайды, ол дамыта алған күннің өзінде де оған көп уақыт, көп қаражат шығару қажет[5, 234 б].
Ғалымдардың пікірінше, ана тілін меңгерудің сензитивтік кезі мектепке дейінгі кезең. Бұл жаста бала ана тілінің грамматикалық құрылысын толық игеріп, ересектер және құрдастарымен пікір алысу дәрежесіне дейін көтеріледі. АҚШ-тың лингвист ғалымы Э.Пульгремнің айтуынша, егер баланы шет тілінде 4-5 жастан оқытса, тез үйреніп жақсы меңгерген болар еді. Ал тілді балалардың сензитивтік кезі сөнгеннен кейін меңгертетін болса, оған көп уақыт және мол қаражат жібергенімен нәтижесі аз болады.
Бала ақыл-ойының даму кезі тілді меңгеруге қарағанда кеш дамиды. Егер бала 10 жасында ана тілін өз дәрежесінде меңгерсе, ақыл-ой тек 40 жасқа келгенде толығады. Демек тіл мен ойлаудың сензитивтік кездері түрлі уақыттарға сай келеді.
Кейбір жағдайда баланың алғашқыда белгілі бір нәрсеге ықыласы болмаса, кейін соған қызығушылығы артуы мүмкін. Оның себебі әуелгі кезде бұл іс-әрекет түріне ықыласы да оны қызықтыратын түртікісі де болмауы мүмкін. Демек, сензитивтік кездің болуы кейде түрткінің болуына да тәуелді келеді. Мұнан шығатын қорытынды, баланың сензитивтік кезі белгілі бір жасына ғана сай келмей, оның жеке басының психикалық ерекшелігіне сырттан түрткі әсердің күшіне қарай алдағы өмірінде де кездесуі мүмкін.
Мектепке дейінгі кезеңде тілді практика жүзінде қолдану ауызша сөйлеу тіліндегі сөздерді бөліп талдаудан анағұрлым ерте қалыптасады. Бөбек (1-3 жас) сөйлемнен сөзді мүлдем ажырата алмайды, тек қайталаумен шектеледі. Ал мектепке дейінгілер (6-7 жас) бірте-бірте сөйлем құрамынан заттың мағыналық сөздерді, яғни зат есімді оқшаулай алады, біртіндеп басқа да сөз табына бөлуге өтеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша сөйлеу тіліндегі жеке сөздерде бөліп алу процесі бірнеше кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде бала белгілі бір ойыншықпен ойнайды, ойын барысында ауызша сөйлеу тілінен сөзді бөлу үшін сыртқы тіректі таба алмайды. Екінші кезеңде бұл сыртқы тіректер тіл құрамынан сөзді бөліп алуға көмектеседі, бірақ бұл операция тұрақты сипат алмайды. Үшінші кезеңде мектеп жасына дейінгі балалар (6-7) сыртқы таяныштарға сүйенбей-ақ ішкі іс-әрекет нәтижесінде тілден сөзді бөлу операциясы біршама тұрақты болады[6,340 б].
Мектептегі оқу жүйесінде аса қажетті сөйлем құрамынан сөзді бөліп, оны талдау дағдысы бүкіл мектепке дейінгі кезеңде өте баяу қалыптасады. Жоспарлы түрде оқыту бұл процесті тездетуге ықпал етеді.
Сөйлеу мен сөздің мағынасы табиғи жолмен дамыған және сөздердің мағынасы психологиялық тұрғыдан қалай дамығанының тарихы белгілердің дамуы, балада табиғи түрде алғашқы белгі қалай пайда болады, шартты рефлекс негізінде мән-мағыналар механизмін меңгеру қалай жүреді, осы механизмнен шартты рефлекстен асып түсетіндей жаңа құбылыстар қалай пайда болады-осыларды белгілі деңгейде ашып көрсетуте көмектеседі.
Біз өз сөздеріміздің ойдан құрастырылмағанын білеміз. Алайда балалардың сұрағаны сияқты, біз де кез-келген адамнан бір заттың осы сөзбен қалай аталғанын, мысалы, терезе неге терезе, есік неге есік деп аталғанын сұрасақ көпшілігіміз жауап бере алмаймыз. Тіпті терезе, есік деген дыбыстық кешенмен аталуы мүмкін деп жорамалдауға болады немесе керісінше. Бәрі тек шартқа байланысты. Дегенмен біз тілдің шартты түрде ойлап табылған сөздерден жасалмағанын, мысалы, терезені-терезе деу керек деп шарттас-пағанын білеміз. Тіл табиғи түрде пайда болған, сондықтан психологиялық тұрғыдан тіл-судағы үйректен түймеге ауысқан "квак" сөзі сияқты, шартты рефлекстің даму желісінен толығымен өткен[7, 23-25 б].
Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу аппараты-бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу, артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.
Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады. Дауыс жоғарлығымен, күшімен, екпінімен сипатталады. Дауыстың жоғарлығы дауыс буындарының толқуының жиілігіне байланысты. Ол ұзындығымен жуандығына байланысты болады. Дауыс күші демнің ішке тартылуына байланысты шығады, ал дауыс буындарының қозғалыс қарқынына байланысты болады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді.