Файл: Баладаы дизартрияны тзетуде ойын мен жаттыуларды олдану жолдары.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 308
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Баладағы дизартрияны түзетуде ойын мен жаттығуларды қолдану жолдары
1 Теориялық бөлім. Дизартрияға физиологиялық сипаттама және бала тіліндегі дизартрияның көріністері
1.1.Сөйлеу тілінің даму кезеңдері
1.2.Дизартриясы бар балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі
1.3.Дизартриясы бар балалардың сөздік қорының дамуы
Тарау ІІ. Дизартриясы бар балаларды ойын арқылы оңалту және эксперименттік негіздеме
Тарау ІІ. Дизартриясы бар балаларды ойын арқылы оңалту және эксперименттік негіздеме
2.1. Эксперименттен өтуші оқушыларға сипаттама және дизартрияны оңалтуда қолданулатын ойын түрлерін сұрыптау
Эксперимент Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының «Балаларды оңалту орталығында» ММ жүргізілді. Сондай-ақ тәжірибеге осы мектепте оқитын 12 оқушы қатысты. Бұлар 0 сыныпта оқитын, яғни бастауышқа дейінгі дайындық тобының оқушылары. Оқушылардың барлығы дизартриясы бар балалар.
Тәжірибеге қатысқан балалардың дизартрияның қайсы түрінде екенін жіктеп шығайық. Зерттеу тобында 12 оқушы.
Эспериментке қатысқан балалардың 2-еуі сопақша ми дизартриясы белгісі кездесетіндер, олар: Баймақов Еркебұлан мен Биахметова Ұлжан.
Қатысқан балалардың 1-еуі ми қыртысы дизартриясы белгісімен, ол Елебекова Бахтыгүл.
6 оқушы жалған сопақша ми дизартриясы белгісімен кездесетін балалар қатысты. Олар: Толғанбай Гулжан, Темиров Нұрсұлтан, Оразалы Аяжан, Кушеков Олжас, Көрпетаев Сағындық, Зарубаева Ақерке.
Экспериментке қатысқандардың 3-еуі тек мишық дизартриясы кемістігі белгілерімен. Олар: Айтбай Бауыржан, Күлменді Нұргүл, Нурсоева Аида.
Осы мағлұматтарды түсінікті болуы үшін кесте түрінде берейік.
Кесте 1- 2011-2012 оқу жылына есепке алынған дизартрия белгісімен тіркелген білім алатын оқушылар жайлы мағлұматтар
р/с | Оқушының аты-жөні | Сыныбы | Диагнозы |
1 | Айтбай Бауыржан | 0 | Мишық дизартриясы |
2 | Баймақов Еркебұлан | 0 | Сопақша ми дизартриясы |
3 | Биахметқызы Ұлжан | 0 | Сопақша ми дизартриясы |
4 | Елебекова Бахтыгүл | 0 | Ми қыртысы дизартриясы |
5 | Зарубаева Ақерке | 0 | Жалған сопақша ми дизартриясы |
6 | Күлменді Нұргүл | 0 | Мишық дизартриясы |
7 | Көрпетаеев Сағындық | 0 | Жалған сопақша ми дизартриясы |
8 | Күшекеев Олжас | 0 | Жалған сопақша ми дизартриясы |
9 | Нурсаева Аида | 0 | Мишық дизартриясы |
10 | Оразалы Аяжан | 0 | Жалған сопақша ми дизартриясы |
11 | Темиров Нұрсұлтан | 0 | Жалған сопақша ми дизартриясы |
12 | Толғанбай Гулжан | 0 | Жалған сопақша ми дизартриясы |
Осы кестедегі жеке-жеке оқушыны талдасақ. Эксперимент 0 сынып оқушыларына, яғни кіші мектеп жасындағы балаларға жүргізілді. Экспериментке тек дизартрия белгісі бар балалар ғана емес, сондай-ақ нерв ошақтары зақымданған, психикалық дамуы тежделген, ақыл-ой жетіспеушілігі байқалған балаларда қатысты. Өйткені осы балалар да оқу-жазу және дыбыстарды дұрыс қою қабілеттерінен айырылған.
1.Айтбай Бауыржан. Аталған мектептің 0-сынып оқушысы. Бұл балаға дизартрия тіл кемістігімен қатар, психикалық дамудың тежелуі, ЗПР, ОД ауыспалы типі (жеңіл түрі) іспеттес диагноздар да қойылған. Дыбыс қою кемшілігі эксперимент барысындағы 2-ойын кезінде анықталды.
2. Баймақов Еркебұлан. Аталған мектептің 0-сынып оқушысы. Бұл балада оқу-жазу кемшіліктері мен дыбыс қою кемшіліктері де анықталды. Қойылған диагноз-сопақша ми дизартриясы (булбарная). Яғни артқы мидық құрамына кіретін сопақша мидың қабыну немесе ісіну ауруларына шалдыққан кезде байқалады. Сопақша миға орналасқан бас сүйек пен миға қатысты қимылдатушы тіл асты, тіл жұтқыншақ кейде үш жақты, кезде нервтердің маңызды бөліктері немесе ядролары бұызалды.
Дизартрик балалар педагогика тұрғысынан әр текті болып көрінеді де, ақаулықтары айқындық дәрежесі мен түзету жұмысының өнімділігі бойынша ажыратылады.
Баланың мүлде сөйлей алмауы оның дұрыс жетілуін күрт тежейді және айналысындағылармен қарым-қатынасына нұқсан келтіреді. Осы жағдай қосымша сипат беретін ақыл ойының дамуын біртіндеп кешеуілдеуге әкеп соғады.
3.Биахметқызы Ұлжан- Аталған мектептің 0-сынып оқушысы. Бұл балада оқу-жазу кемшіліктері мен дыбыс қою кемшіліктері де анықталды. Қойылған диагноз-сопақша ми дизартриясы (булбарная). Яғни артқы мидық құрамына кіретін сопақша мидың қабыну немесе ісіну ауруларына шалдыққан кезде байқалады. Сопақша миға орналасқан бас сүйек пен миға қатысты қимылдатушы тіл асты, тіл жұтқыншақ кейде үш жақты, кезде нервтердің маңызды бөліктері немесе ядролары бұызалды.
4. Елебекова Бахтыгүл. Аталған мектептің 0-сынып оқушысы. Бұл балада оқу-жазу кемшіліктері мен дыбыс қою кемшіліктері де анықталды. Қойылған диагноз- ми қыртысы дизартрия.Сөйлеу мүшелерінің интервациясының жеткіліксіздігінен байланысты сөйлеу тіл дыбыстардың айтылу кемістіктері.
Ми қыртысы дизартриясында сөйлеу мүшелерінің дыбыстарының айтылу кезінде еркін қозғалу бұзылады. Көріністері алалияға өте ұқсас, себебі ең алдымен сөздің буындық-дыбыстық айтылуы бұзылады. Балалардың бір дыбыстан екінші дыбысқа, сөйлеу тілі мүшелерінің бір қалыпты түрінен екіншісіне қозғ,алып қимылдау қиындайды.
Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тіл дыбыстарының бұзылыстары, дауыстың пайда болуындағы кемістіктер, сонымен бірге сөйлеу тілінің шапшаңдығы, сарынындағы өзгерістер жатады.
5.Зарубаева Ақерке. Аталған мектептің 0-сынып оқушысы. Бұл балада оқу-жазу кемшіліктері мен дыбыс қою кемшіліктері де анықталды. Қойылған диагноз- Жалған сопақша ми дизартриясы. Ымдау, сөйлеу тіліндегі дыбыстар шығаратын мүшелердің тұсындағы бұлшық еттердің бұзылуының клиникалық көріністері бойынша сопақша ми дизартриясына ұқсас. Дыбыстарды толық меңгеру мүмкіншілігі әлдеқайда жоғары дизартрияның түрі. Жеңіл жалған сопақша ми дизартриясы түрінде.
6.Күлменді Н. Аталған мектептің 0-сынып оқушысы. Бұл балада оқу-жазу кемшіліктері мен дыбыс қою кемшіліктері де анықталды. Қойылған диагноз- психикалық даму тежелген, ақыл-ой жетіспеушілігі, мишық дизартриясы. Сонымен бірге бұл балада дыбыс қою кемшіліктері де кездеседі. Оның ішінде «р», «ж» және «с» дыбыстарын шашыраңқы түрде қоя алады. Бұл дыбыс қою кемшілігі эксперимент барысындағы 3-жаттығу кезінде анықталды.
7.Көрпетаеев Сағындық. 0-сынып оқушысы. Диагнозы- органикалық ошақталу сөйлеу қабілеті бұзылған өмірлік дизартерия.
8.Күшекеев Олжас. 0-сынып оқушысы. Қойылған диагноз- Жалған сопақша ми дизартриясы. Ымдау, сөйлеу тіліндегі дыбыстар шығаратын мүшелердің тұсындағы бұлшық еттердің бұзылуының клиникалық көріністері бойынша сопақша ми дизартриясына ұқсас. Дыбыстарды толық меңгеру мүмкіншілігі әлдеқайда жоғары дизартрияның түрі. Жеңіл жалған сопақша ми дизартриясы түрінде.
9.Нурсаева Аида. Аталған мектептің 0-сынып оқушысы. Бұл балада оқу-жазу кемшіліктері мен дыбыс қою кемшіліктері де анықталды. Қойылған диагноз- психикалық даму тежелген, ақыл-ой жетіспеушілігі. Сонымен бірге бұл балада дыбыс қою кемшіліктері де кездеседі. Оның ішінде «р», «ж» және «с» дыбыстарын қойылмаған.
10.Оразалы Аяжан. 0-сынып оқушысы. Қойылған диагноз- Жалған сопақша ми дизартриясы. Ымдау, сөйлеу тіліндегі дыбыстар шығаратын мүшелердің тұсындағы бұлшық еттердің бұзылуының клиникалық көріністері бойынша сопақша ми дизартриясына ұқсас. Дыбыстарды толық меңгеру мүмкіншілігі әлдеқайда жоғары дизартрияның түрі. Жеңіл жалған сопақша ми дизартриясы түрінде.
11.Темиров Нұрсұлтан. Аталған мектептің 0-сынып оқушысы. Бұл балада оқу-жазу кемшіліктері мен дыбыс қою кемшіліктері де анықталды. Қойылған диагноз- Жалған сопақша ми дизартриясы. Ымдау, сөйлеу тіліндегі дыбыстар шығаратын мүшелердің тұсындағы бұлшық еттердің бұзылуының клиникалық көріністері бойынша сопақша ми дизартриясына ұқсас. Дыбыстарды толық меңгеру мүмкіншілігі әлдеқайда жоғары дизартрияның түрі. Орташа дәрежелі жалған сопақша ми дизартриясы түрінде.
12. Толғанбай Гулжан. Аталған мектептің 0-сынып оқушысы. Бұл балада оқу-жазу кемшіліктері мен дыбыс қою кемшіліктері де анықталды. Қойылған диагноз- Жалған сопақша ми дизартриясы. Ымдау, сөйлеу тіліндегі дыбыстар шығаратын мүшелердің тұсындағы бұлшық еттердің бұзылуының клиникалық көріністері бойынша сопақша ми дизартриясына ұқсас. Дыбыстарды толық меңгеру мүмкіншілігі әлдеқайда жоғары дизартрияның түрі. Орташа дәрежелі жалған сопақша ми дизартриясы түрінде.
Аталған кемістіктер орталық немесе шеткі нерв жүйелерінің зақымдануының түрліше қисынданып жинақталуына кемістіктердің ауырлығына, ақаулықтардың пайда болған уақытына болған уақытына байланысты әр түрлі дәрежеде көрінеді[53, 280 б].
Балалардың «дыбыс» және «буын» түсінігін қалыптасқанын; сөздердің дыбыстық-буындық құрамын талдауды қалыптасу деңгейін және бұл балалардағы тіл кемістіктерінің дислалияның қайсы түріне жататындағын, ол дислалия белгілерін түзетуде қайсы әдісті қолдану тиімді екенін анықтау үшін түрлі бақылау тапсырмалары берілді. Тура осы тапсырмалар эксперимент жүргізілмеген сынып оқушыларына да берілді.
Талдау барысында біз ойын тапсырмаларды орындаудың нәтижесінде оқушылардың басым көпшілігінде дизартрияның мына түрлері жиі кездесетіндігін көрдік:
-ми қыртысы дизартриясы;
-жалған сопақша ми дизартриясы;
-мишық дизартриясы.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларының сөйлеудегі дыбыстық қателер өте кең және күрделі болып келеді. Оқушылардың көпшілігіне дизартрия тіл кемістігі қойылады. Мұның себебі, біздің ойымызша, біріншіден, сөйлеу бұзылыстарын алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі.
Зерттеу ойын түрінде жүргізілді. Тапсырылатын ойындар:
-
«Сұр қоян жуын!». -
«Поезд» -
«Құрбақа» -
«Шеңбер бойынша» -
«10 сөзді жаттау» [54, 512 б]
«Сұр қоян жуын!» ойыны. Бұл 3 жастан 7 жас аралығындағы дизартрия белгісі бар балаларға арналған. Ойынға 10 нан 20 аралығында ойыншы қажет. барлық ойынға қатысушы балалар шеңбер құрып, арасынан біреуі қоян деп танылады. Педагогпен балалар ортадағы «қоян» атанған балаға бұйрықтар береді, ол бұйрықтар:
-алақандарыңды таза матамен сүрт!;
-киін!;
-қолыңды және аузыңды жу! Және тағы осы сияқтылар.
Қоян барлық бұйрықтарды орындап, балалар сол қимылдарды қайталайды. «Қоян» қонаққа барған ойыншы келесі қоян атанады. Ойын аяқталғанша 5-6 «қоян» ойыншы ауыстырылады.
Дизартрияда бет мускулдерінің түрлі бұзылыстары байқалғандықтан мимикалық қозғалысты қалпыфна келтіруге бағытталған түрлі ойындар, жаттығулар ұсынылады.
Мимикалық гимнастикаға:
-
Жалпы физикалық жаттығуларды арнайы мимикалық жаттығулармен біртұтастығы қажет; -
Табиғи мимикалық қозғалысты пайдалану; -
Беттің атаулы бұлшықеттеріне тікелей бағытталған жаттығуларды бірегей пайдалану; -
Белсенді, белсенді емес жаттығуларды алмастыра отырып, баланың жас ерекшелігіне қарай пайдалану; -
Ойын және жаттығуларды пайдалануда баланың жас ерекшелігін ескеру: мектепке дейінгі жастағы балаларға күнінен 3-4 рет, ал үлкен жастағыларға күніне 2 ретке жуық. Ұзақтығы 12-15 минут [55, 20-26 бб].
2. «Поезд» ойыны.
Балалар жүріп бара жатқан поезді көрсетеді. (қимыл-қозғалыс арқылы). Екі қолды бір-біріне біріктер отырып, жұдырықтайды. Төрт шеңбер қозғалыс жасап, қозғалыстағы дөңгелектің сипатын береді. Әрбір шеңберлі қозғалыс «ч» дыбысын айту арқылы өтеді.
Біраз уақыттан соң «ч» дыбысына «к» дыбысын қосу арқылы поезд өз жүрісін жалғастырады. Балалар «чк, чк, чк, чк, чк» деген дыбыстарды қолдарын сермеу арқылы қайталайды.
Балалар аяқтарын жерден көтермей, сол бір қозғалысты, сол дыбыспен жалғастырады.
Бұл ойын дизартрик балалардың қимыл-қозғалыс кемістіктерімен қоса дыбыстық артикуляциясын түзеуге көмектеседі[56, 511 б].
3.«Құрбақа» ойыны.
Ортада шеңбер іспеттес жіп қойылады немесе еденге бор арқылы шеңбердің сызығы сызылады. Бір топ балалар шеңберге жиынылып тұрып тұрса, екінші топ отырады. Педаго пен отырған балалар тобы былай дейді: «Міне жолдағы құрбақа, көшеге шығып секіруде. Ква-ква-ква-ква». Тұрған балалар тобы шеңбердің ортасына түсіп, «құрбақаның» ролін салады. Шеңбердің сыртында отырған балалар шапалақ ұрып, «құрбақаларды» шошытады. Құрбақаларды шеңберден шығарып жібермеуі тиіс.
Дыбыс-танымдық қабілеттерді дамыту үшін анық дыбыстардың байланысын табу маңызды [57, 400 б].
-
«Шеңбер бойынша» ойыны.
Балалар бір-бірімен қол ұстасып жіп арқылы жүріп, музыкалық сигнал бойынша былай дейді: «Бір-біріміздің артымыздан жүресміз». Сигнал бойынша педагог немесе жүргізуші тоқтатып, «Тоқтаңдар және мына қимылды қайталаңдар!» дейді. Педагогтың қимылын қайталап, ойын одан әрі жалғаса береді.
Әрбір ойын 3 реттен 6 ретке дейін созылады. 5-6 түрлі қозғалысты көрсететеді[58, 180 б].
5.«10 сөзді жаттау» ойыны.
Мақсаты: балалардың сөз және сөз тіркестері арқылы дыбыстық айтылу деңгейін көтері.